Баққожа Мұқай "Өмірзая" романы



Дата19.05.2022
өлшемі18.62 Kb.
#457463
Баққожа Мұқай


Баққожа Мұқай "Өмірзая" романы
роман ХХ ғасырдың 80-жылдардағы қазақ идеясы турасында. Мұнда ажалға қарсы шапқан азамат туралы жазылған. Басты кейіпкері – Аяған Қуатов
Романның ой тұрғысынан тиянақтаушы – Алдияр Ақпанұлы деген қарт. Ескінің сарқыты, тарихшы профессор.
Өмірзая (роман) - Баққожа Мұқайдың орыс-совет кезеңіндегі халқымыздың рухының жанышталуы, құлдық сана туралы жазылған романы.
«Өмірзая» романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілген (2000)

Сондықтан ешкім бел шешіп, бұл жүйеге қарсы тұра алмайтын. Тәуелсіздік алғаннан кейін бұл кезең «тоталитарлық дәуір» деп атала бастады. Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы сол кезеңдегі ұлттық мұрамызды тарихи шындық тұрғысынан қорғауға бар күш-жігерін аямаған екі адамның ауыр тағдыры арқылы дәуір шындығын танытады. Роман «Өмірзая» деп тегін аталып тұрған жоқ.


Өмірзая – босқа өткен уақыт, ал сол уақыт ішінде құрбандық ғұмыр деген астарлы мағына жатыр. Шығарма сюжеті Кеңес өкіметінің таптаурын жүйесі мен ондағы құлдық санаға қарсы тұрған бас кейіпкер – тарих ғылымының кандидаты 35 жастағы Аяған Қуатов пен оның ұстазы – профессор Алдияр Ақпанұлы айналасында өрбиді. Оқиға мың тоғыз жүз сексенінші жылдарды қамтиды. Алдияр Ақпанұлы Кеңес өкіметі кезінде тыйым салынған тақырып Кенесары хан туралы еңбек жазады. Оның шәкірті Аяған да осы жолды әрі жалғап, Кенесары ұлы Сыздық төретуралы көлемді зерттеу жұмысын жүргізеді.


Аяған – ұстазы сияқты адал тарихшы ғана емес, адамды бағалай білетін мейірімді, адамгершілігі мол, ақылды жан, тағы қыры – қызбалығы. Ғалым әділетсіздікке шыдамайды, шындық жолынан тайқымай өмір сүргісі келеді. Оның қайырымы мол адам екенін роман басталған беттен-ақ көруге болады. Аяған – профессор туралы ойлайтын да, жаны ашитын да, іздейтін де жалғыз адам. Алдиярдың ұлы Сыздық ішімдікке салынып кеткендіктен, әкесіне мүлде қарамайды.Профессордың ресми саясатқа қайшы Кенесары туралы зерттеу еңбегі халыққа жат деп жарияланып, жала жабылып, қудалауға ұшырап, психологиялық орасан зор қысым көрген атақты ғалым сал ауруына ұшырайды. Ал оның шәкіртіне жабылған жала романда былай суреттеледі: «Аяған Қуатов мемлекетке қарсы, өмір бойы орыс халқын ұнатпаған, оларды аяусыз қырған Сыздық Кенесарин туралы мадақ мақала жазған. Ол орыс пен қазақ халқының арасына от жағу үшін Сыздық сұлтан туралы мақаласын орысшаға аудартып, көбейтіп, жасырын таратқан. Пиғылы жат, ойы бөтен адам. «Кеңес үкіметінің Ауғанстанға әскер апаруы – үлкен қателік. Бұл ерікті елді күшпен басып алу» деген. Ауғанстандағы соғысқа қарсы үнқағаз таратқан. Мағжан Жұмабаев сияқты халық жауының өлеңдерін студенттер арасында насихаттаған.Кеңес үкіметі басшыларының беделіне нұқсан келтіретін анекдоттар құрастырған. Сібір аймағын бағындырған атақты батыр Ермакты студенттерге қанқұйлы қарақшы


деп дәлелдеуге тырысқан. Ұлтшыл, сенімсіз адам. Жоғарғы оқу орнында қызмет істеуіне болмайды» т.б. Осылайша, Аяған тып-тыныш істеп жүрген қызметінен қуылып кетті. Алдияр Ақпанұлынан іргесін аулақ салып, ректордың ыңғайына көніп, сол кісінің дегенімен қимылдаса, ұрттап ішіп, шайқап төгіп жүрмес пе еді. Бастаған ісінің арты жақсы аяқталмасын біле тұра, сүйекке бітті қыңырлығына басып, ағысқа қарсы жүзді. Жоғарыдан келген тапсырманы әдейі қисайта салды. Шындықты іздеп, ең ақыры сол адамның алдына баратынын білсе, емтихан тапсырған қызына жақсы баға қойып, жақсы атқа ие болар ма еді?!

48. Б.Мұқайдың «Өмірзая» романындағы Аяған ұстаздың аңғалдығын өмірмен байланыстыра талдап жазыңыз.


Өмірзая (роман) - Баққожа Мұқайдың орыс-совет кезеңіндегі халқымыздың рухының жанышталуы, құлдық сана туралы жазылған романы.


Баққожа романы ХХ ғасырдың 80-жылдардағы қазақ идеясы турасында. Мұнда ажалға қарсы шапқан азамат туралы жазылған. Басты кейіпкері – Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы 35-ке жеткен, қалыптасқан азамат. Парасаты, кісілігі, мейірбандығы, бар мінезіне тәнті боламыз. Ең басты қасиеті – туған халқын сүйетіні. Намыс, жігері. Ақыр түбінде мінге айналған, басын құртып тынатын тағы бір мінезі – қызбалығы. Аяған әуел баста Совет үкіметінің қағазға жазылған заңына сенеді. Бұрмалаушылар беріде деп ойлайды. Ұстазы, профессор Алдияр Ақпанұлының жолын әрі қарай жалғастырып, ол Кенесары туралы еңбек жазса, бұл Сыздық төре туралы көлемді зерттеуін тәмамдайды. Бар шырғалаң содан басталған. Әуелі Алдияр ақсақал құлаған. Содан соң өз басына қатер төнеді, жұмыстан шығарады. Бірақ Аяған әділ заңның күшіне сенеді. Ақсақалдың да, өзінің де ешқандай жазығы жоқ. Аяған ең жоғары советтік мекемелерге, ең биік партиялық басшыларға арыз жазады. Жаздым, жаңылдым деп емес, ісім ақ, қазақ тарихына қиянат жасалып отыр деген сарында. Нәтижесінде әуелі түрмеге түседі, одан шығысымен жындыханаға қамайды, ақыр аяғында өлтіріп тынады.


Міне, озбырлық кезең – зобалаң заман шындығы. Романда күрес жолындағы азаматтың барлығы да шейіт болады. Сұмпайылар мен опасыздар ғана қалады. Бірақ халық рухының өлмегені, елінің әлдебір терең қойнауында жаңа ұрпақ өсіп келе жатқаны оймен аңдалып, көңілмен ұғылғандай. Роман-трагедияның ең басты мұраты – отарлық заманның қара түнек зұлматын айғақтау екен. Бұл мақсат өзінің үдесінен шыққан.Романның ой тұрғысынан тиянақтаушы – Алдияр Ақпанұлы деген қарт. Ескінің сарқыты, тарихшы профессор. Атағы алашқа мағлұм адам. Алдияр ақсақал отаршылдық сабағын жақсы біледі, ұлтын жарыққа жетелеу жолындағы күрес құралы – халқының тарихи зердесін ашу деп санайды. Осы орайда Кенесары хан туралы зерттеу жазады. Ресми саясатқа қайшы бұл еңбек халыққа жат деп жарияланып, атақты ғалымның басына қара бұлт орнайды, күштілер тарапынан қудалауға ұшырап, шал ауру болып қалады. Оның түбіне жеткен отарлық саясатының ұраншысы ғана емес, қиын кезде бас сауғалап кеткен шәкіртінің опасыздығы. Ғұлама профессорды оп-оңай құлатқан, институт ректоры Мұса Байларов. Әлдебір жоғары мансапты партия қызметкерінің жекжаты. Сөзде майда, істе аяусыз. Бір көрімге тәуір адам, қулығына құрық бойламайды. Ең ақырында, Желтоқсан дүрбелеңі кезінде өкімет әрекетіне қайшы сөз айтып, көзге шалынып қалған туған әкесін өз қолымен жындыханаға қамайды. Бұл да – отаршылдық сананың жемісі. Бірақ құрбаны емес, құрбан – Алмас деген жас жігіт. Ол қабілетті жігіт, әуелде оң жолда болады. Өзінің жолдастарын жалаға береді, ақыр түбінде ұстазына пәле жабады, жалған куәлік жасайды. Желтоқсанға қатысқан барлық таныстарын түрмеге, бұл оқиғаға мүлде араласпаған ұстазын (Аяғанды) өлімге кесіп береді


Өмірзая (роман) - Баққожа Мұқайдың орыс-совет кезеңіндегі халқымыздың рухының жанышталуы, құлдық сана туралы жазылған романы.


Баққожа романы XX ғасырдың 80-жылдардағы қазақ идеясы турасында. Мұнда ажалға қарсы шапқан азамат туралы жазылған. Басты кейіпкері – Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы 35-ке жеткен, қалыптасқан азамат. Парасаты, кісілігі, мейірбандығы, бар мінезіне тәнті боламыз. Ең басты қасиеті – туған халқын сүйетіні. Намыс, жігері. Ақыр түбінде мінге айналған, басын құртып тынатын тағы бір мінезі – қызбалығы. Аяған әуел баста Совет үкіметінің қағазға жазылған заңына сенеді. Бұрмалаушылар беріде деп ойлайды. Ұстазы, профессор Алдияр Ақпанұлының жолын әрі қарай жалғастырып, ол Кенесары туралы еңбек жазса, бұл Сыздық төре туралы көлемді зерттеуін тәмамдайды. Бар шырғалаң содан басталған. Әуелі Алдияр ақсақал құлаған. Содан соң өз басына қатер төнеді, жұмыстан шығарады. Бірақ Аяған әділ заңның күшіне сенеді. Ақсақалдың да, өзінің де ешқандай жазығы жоқ. Аяған ең жоғары советтік мекемелерге, ең биік партиялық басшыларға арыз жазады. Жаздым, жаңылдым деп емес, ісім ақ, қазақ тарихына қиянат жасалып отыр деген сарында. Нәтижесінде әуелі түрмеге түседі, одан шығысымен жындыханаға қамайды, ақыр аяғында өлтіріп тынады.


Міне, озбырлық кезең – зобалаң заман шындығы. Романда күрес жолындағы азаматтың барлығы да шейіт болады. Сұмпайылар мен опасыздар ғана қалады. Бірақ халық рухының өлмегені, елінің әлдебір терең қойнауында жаңа ұрпақ өсіп келе жатқаны оймен аңдалып, көңілмен ұғылғандай. Роман-трагедияның ең басты мұраты – отарлық заманның қара түнек зұлматын айғақтау екен. Бұл мақсат өзінің үдесінен шыққан.




Романның ой тұрғысынан тиянақтаушы – Алдияр Ақпанұлы деген қарт. Ескінің сарқыты, тарихшы профессор. Атағы алашқа мағлұм адам. Алдияр ақсақал отаршылдық сабағын жақсы біледі, ұлтын жарыққа жетелеу жолындағы күрес құралы – халқының тарихи зердесін ашу деп санайды. Осы орайда Кенесары хан туралы зерттеу жазады. Ресми саясатқа қайшы бұл еңбек халыққа жат деп жарияланып, атақты ғалымның басына қара бұлт орнайды, күштілер тарапынан қудалауға ұшырап, шал ауру болып қалады. Оның түбіне жеткен отарлық саясатының ұраншысы ғана емес, қиын кезде бас сауғалап кеткен шәкіртінің опасыздығы. Ғұлама профессорды оп-оңай құлатқан, институт ректоры Мұса Байларов. Әлдебір жоғары мансапты партия қызметкерінің жекжаты. Сөзде майда, істе аяусыз. Бір көрімге тәуір адам, қулығына құрық бойламайды. Ең ақырында, Желтоқсан дүрбелеңі кезінде өкімет әрекетіне қайшы сөз айтып, көзге шалынып қалған туған әкесін өз қолымен жындыханаға қамайды. Бұл да – отаршылдық сананың жемісі. Бірақ құрбаны емес, құрбан – Алмас деген жас жігіт. Ол қабілетті жігіт, әуелде оң жолда болады. Өзінің жолдастарын жалаға береді, ақыр түбінде ұстазына пәле жабады, жалған куәлік жасайды. Желтоқсанға қатысқан барлық таныстарын түрмеге, бұл оқиғаға мүлде араласпаған ұстазын (Аяғанды) өлі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет