Бұқаралық ақпарат құралдарына



Дата03.07.2016
өлшемі19.25 Kb.
#175745
Бұқаралық ақпарат құралдарына
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2012 жылдың 12-13 сәуірі аралығында математикадан 5В010900-Математика (050109-Математика) мамандығы бойынша оқитын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің арасында олимпиада өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:



  • болашақ мамандардың математика саласында кәсіби біліктіліктерін арттыру мен білімін тереңдету;

  • студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеу қасиеттерін қалыптастыру;

  • талантты және дарынды студенттерді табу және оларға қолдау көрсету.

  • студенттердің кәсіби-тұлғалық әлеуетінің ашылуы, олардың өзін-өзі тануы мен шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

Олимпиада есептерін Қалмақ Мемлекеттік университетінің ғалымдары (Элиста қ., алгебра және талдау кафедрасының меңгерушісі, ф-м.ғ.к., доцент В.И.Копейконың жетекшілігімен) қазақстандық жоғары оқу орнының оқыту бағдарламасына сәйкес дайындалды. Олимпиада екі тур бойынша жүргізілді.

Олимпиадаға республиканың әр түкпіріндегі болашақ математика мұғалімдерін даярлайтын 7 жоғары оқу орнының командалары қатысты. Атап айтқанда, М.Әуэзов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Ш.Е.Есенов атындағы Технология және Инжиниринг Каспий Мемлекеттік Университеті, Ақтөбе Мемлекеттік педагогикалық институты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің екі командасы (оның біреуі конкурстан тыс қатысты).

Олимпиадаға республикада математикалық білім берумен айналысып жүрген Оразов И.О., Шыракбаев А.Б., Қощанова Г.Р., Жұмағалиева А.Е., сияқты ғалымдар қатысты. Республикалық олимпиаданың қазылар алқасын көпшілік дауыспен сайлап, қазылар алқасының құрамында Медешова А.Б., Кошанова Г.Р., Оразов И.О., Шыракбаев А.Б., Жұмағалиева А.Е., Адиева А.Ж., Досов М.С. жұмыс жасады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша командалық есепте 1 орынды Ш.Е.Есенов атындағы Технология және Инжиниринг Каспий Мемлекеттік Университеті, 2 орынды Ақтөбе Мемлекеттік педагогикалық институты, 3 орынды М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті командалары жеңіп алды. Жеке есепте біздің университеттің 4 курс студенті Кабасов Бағдат ерекше көзге түсіп, 1 орынды иеленді.



Жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Олимпиада қатысушылары бос уақыттарында біздің университеттің студенттерімен ой бөлісіп, пікір алмасты, Ақжайықтың тарихы мол ару қаласына экскурсия жасады, университеттің мұражайларында болды, инновациялық жұмыстар жөніндегі фильмді тамашалады

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет