Барап ауылының негізгі орта мектебінің 6-сынып оқушысы Дәулет Нұрсая Бауыржанқызына



Дата10.11.2022
өлшемі13.27 Kb.
#464521
Ұсыным хат Дәулет Нұрсая


Барап ауылының негізгі орта мектебінің 6-сынып оқушысы
Дәулет Нұрсая Бауыржанқызына
Ұсыным хат

Дәулет Нұрсая Бауыржанқызы 2011 жылы 16 шілдеде дүниеге келген. Нұрсаяның мінезі ақкөңіл, жайдары. Жасы үлкен адамдарды сыйлап тұрады. Айтқанын екі еткізбейді. Сыныптағы оқушылардың барлығымен қарым-қатынасы өте жақсы. Білімге деген құштарлығы өте жоғары, жаңа нәрсені үйренуге тырысып, қатысып отырады. Үздік оқитын оқушы. Мектеп өміріне белсенді араласады.


Мектептен тыс уақытында қосымша білім беру ұйымы музыка мектебінің домбыра сыныбында оқиды.Қорытындылай келе , Дәулет Нұрсая алға қойған мақсатына жетіп қана қоймай, елінің дамуына жағдай туғызатынына сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, сыныптастары сенім артады. Нұрсаяның білікті маман иесі атанып, Отанының мақтанышы болатынына сенімдіміз.
Дәулет Нұрсая оқуда озат, аудандық олимпиадалар мен сайыстардың жеңімпазы, республикалық және облыстық сайыстың жүлдегері. Осы жетістіктерін ескере отырып «Жыл оқушысы» сайысына ұсынамыз.

Мектеп директоры: Т.Альжанова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет