Барлық биологиялық жүйелер, яғни ағзалар, популяциялар және биоценоздар, өзінің даму кезеңінде мекендеген жерлердің бірнеше факторларына бейімделеді


Дәріс тақырыбы. Қоршаған ортаға жылу энергетиканың әсерінің ландшафтық индикациясы



бет14/50
Дата03.01.2022
өлшемі71.15 Kb.
#450658
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50
Экологиялық мониторинг 2020-2021

2.2.14. Дәріс тақырыбы. Қоршаған ортаға жылу энергетиканың әсерінің ландшафтық индикациясы.

Дәріс тезистері.

Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық , химиялық , физикалық энергия көздері жатады. Энергетикалық ресурстар олардың табиғатына, алу жолдарына және де басқа нышанына байланысты топтастырылады.

Энергияның негізігі ауқымды бөлігі химия, түсті және қара металлургия, құрылыс өндірістерін қамтамасыз етуге жұмсалады. Қазақстан өзін толығымен электр энергиясымен қамти алмайтынына байланысты басқа елдерден 17 млрд. кВт/ сағат энергия алуға мәжбүр.

Энергетика өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін қарастыратын болсақ, оның зиянды әсері отынды жер қойнауынан шығарғаннан бастап электр энергиясына айналдырған және тұтынушыларға берген кезеңдердің бәрінде орын алады. Ластаушы компоненттердің түрі мен мөлшері қолданылған отынның табиғатына, химиялық құрамына және жағу технологиясына байланысты.

Қатты отынды ( көмір, жертезек, ағаш, қамыс, т.б.) жаққанда күл, смола, күкірт оксидтері,шаң бөлінеді. Орта есеппен ЖЭО сағатына 5 тоннадай күкіртті ангидритпен және 16-17 т күлмен ауаны ластап отырады.

Атмосфераға тасталған зиянды заттардың таралуы, сол жердің адыр-бұдырлы бедеріне, желдің жылдамдығына, ауаның температурасына, бұлттылықтың биіктігіне байланысты болады. Ауаға тасталған зиянды компоненттер және тұман бір-бірімен әрекеттесу нәтижесінде тұрақты қатты ластанған ұсақ дисперсті бұлт, яғни мұмша түзіледі. Тұмшаның адам денсаулығына тигізетін залалы айтарлықтай.

Электростанциялардың ақаба сулары арқылы суаттар мұнай, әртүрлі қалқыған бөлшектермен, хлоридтермен, сульфаттармен, ауыр металдардың тұздарымен, күкіртті сутекпен, тұз қышқылмен, мышьяк, сынап, ванадий оксидтерімен және т.б. заттармен ластанып отырады.

Негізгі әдебиеттер

1.Смирнов Н.Н. Биологические методы оценки природной среды. М.: Наука.-1978.-278 с.

2. Стадницкий Г.В., Родионов А.И. Экология.- Санкт-Петербург,1996,-24 с.

3. Биоиндикация загрязнений наземных экосистем / Под ред. Шуберта Р. М., 1998.-35 с.

4. Общая токсикология / Под ред.Курляндского Б.А., Филатова В.А. М.,2002.-6080с.

5. Основы промышленной токсикологии / Под ред. Толоконцева Н.А. М., 1976.-304 с.

Қосымша әдебиеттер

1.Ковда В.А. Керженцев А.С. Экологический мониторинг: концепция, принципы организации. В кн.: Региональный экологический мониторинг. М., 1983,- 115 с.

2. Одум Ю. Экология Т.1.- М., 1986.- 328 с.

3. Ақбасова А, Саинова Г. Экология.Алматы, 2003 ж.-290 б.

4. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы.- Алматы: Ғылым,1997.-192 б



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет