«Сағат»
Балалар 2 топқа бөлінеді. 2 ші топқа сағаттың суреті салынған қағаз таратылады. 1топ 2ші топқа барып кездесу жоспарлайды.Мысалы: Менің есімім Аружан, сағат 2де менімен кездесе аласың ба? Егер сағат екі кезінде ешкім кездесу жоспарланбаса, 2нің жанына Аружанды белгілейді.Солай ары қарай барлық топпен кездесуге уақыт табады. Және әр уақытта болатын амандасу тәсілін тәрбиеші белгілейді.Мысалы: сағат 1де құшақтасып амандасамыз .Әрмен қарай тәрбиеші уақытты және әрекетті хабарлап, балалар кездесу жасайды.
Бір-біріне қол бұлғау
Бір-біріне көз қысу
Бірін-бірі құшақтау
Бір-біріне тілек арнау
Қол алысып амандасу
Бір-біріне қарап жымию
Бір-біріне қуанып қарау
Бір-біріне мини массаж жасау
Бір-біріне комплимент айту
Бір-біріне «керемет» деп бас бармағын көрсету
Басын иіп сәлем беру
Есімін дауыстап «Сәлем» деп айту.
2)«Орын ауыстыру»
Мақсаты: қатысушылардың зейінін шоғырландыру, белсенділікті арттыру, топтасыру.
Нұсқау: Қатысушылар шеңберге отырады. Жүргізуші ортақ сипаттамалары бар қатысушыларды айтады, сипаттамалары сәйкес қатысушылар орын ауыстырулары қажет. Қатысушылар орындарын ауыстырған кезде жүргізуші кез келген бос орынға отырады. Орынсыз қалған қатысушы жүргізуші болады.
Мысалы: кімнің көйлегі қара
Кімнің үйінде мысық бар
Кім қызыл түсті ұнатады
Кімнің шашы ұзын т.б
Жаттығу 3-5 қатысушыдан кейін аяқталады.
3)«Лабиринт»
Мақсаты: балаларға «Лабиринт» ойынының мағынасын түсінуге көмектесу, ізгі сезімдерін көрсете білуді дамыту, бір-бірімен мейірімді қарым-қатынас дағдыларына тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: «Лабиринт» суреті, маймыл, банан суреті, түрлі-түсті бояу қарындаш.
Түсіндіру:
-Балалар, біздің аялдамамызда маймыл кездесті. Бірақ ол жай жүрген жоқ, өзінің азығын іздеп жүр екен. Маймылдың азығын тауып берсек, ол бізге ары қарай жол көрсетеді. Барлықтарың қолдарыңа түрлі қарындаштарды алып, сонымен жолдың басынан бастап, адаспай аяғына дейін жүреміз.
4)«Иә және жоқ»
Барлық ойыншылар жұптаса бөлінеді. Әркім өзіне «иә» немесе «жоқ» деген көзқарасты таңдайды.Дауыстап,тек қана осы сөздерді айтуға болады. Ойынның мақсаты : қарама-қарсы көзқарастағы ойыншыны өз позициясынан бас тартқызу.
5)«Не жетіспейді?»
Бұл ойынды балалар стол басына келгнде ұсынуға болады. Біріншіден,біз стол басында не бар, соны зейін қойып, қарап алыңыздар және естеріңде сақтаңдар деп ескертуіміз керек: конфеттер,бутербродттар,пирогтар,варенье және т.б. Енді бір қонақ сыртқа шыға тұрсын,ал,сіздер балдармен кеңесіп алып,қандайна тарелкіні алып тастай тұрасыз,т.б. Енді сыртта тұрған адамды шақырып аламыз, ол адам мына жеде не жетіспейтінін айтуы керек(Тауып алған адам ең бірінші болып, конфетті немесе печеньені алуға рұқсат етіледі, ал, содан кейін қалғандарын столға шақырады).
6)«Кім жоғын тауып ал»
Ойыншылардың барылығы көздерін жұмуы керек.Осы уақытта жүргізуші бір баланы иығынан түртеді, ол дыбыссыз жәй кетіп қалады.Жүргізуші белгі бергенде барлығы көздерін ашып, кім жоқ екенін тауып алуы керек. Кім жоғын ең бірінші тауып алса, сол жеңімпаз болады. Ойын есте сақтау қабілетін және бақылауды тексереді.
7)«Пульс» ойыны
Дөңгеленіп отырамыз. Қатысушылар бір-бірінің қолын ұстайды. Бір ойыншы ортаға шығады. Жүргізуші: «басталды» деген сөз айтады.Ортадағы ойыншы пульстің қайда кетіп бара жатқанын табу керек. Жүргізуші:«тоқта»деген белгі береді.
8)«Саяхатқа шығу»ойыны
Дөңгелніп отырамыз. Жүргізуші басталды дегенде, әрбір қаысушы керек затты алып шығуы керек. «Рахмет»деген сөз айтылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |