«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға Бұқар жырау ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілерінің арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға ортақ біліктілік талаптары:
E-1 санаты үшін: Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
немесе мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
немесе жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы.
Е-R-3 санаты үшiн: Жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
немесе мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; немесе жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
Е-G-3 санаты үшін: Жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
немесе мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; немесе жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
-«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілері тіркелімінің тізімінде 2015 жылы 30 желтоқсандағы №12639 болып тіркелген.
Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:
Санаты
|
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
|
max
|
min
|
Е-1
|
156 314
|
203 208
|
Е-R-3
|
99 938
|
129 919
|
Е-G-3
|
69 957
|
94 108
|
«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400 Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны 8(72154) 22171, электрондық пошта: bjr_org@krg.gov.kz) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.
1.«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ аудан әкімінің орынбасары (1 бірлік, № 1-1, Е-1 санаты).
Функционалдық міндеттері: Аудан экономикасын реформалау және ауданның әлеуметтік-экономикалық индикативтік жоспарларының, индустриалды-инновациялық саясатының бағдарламаларын өңдеуге басшылық етеді, бюджеттік саясаттың және салық салу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты үйлестіреді; экономиканың мемлекеттік емес секторын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, монополиясыздандыру және бәсекелес ортаны дамыту мәселелерімен айналысады; мемлекеттік сатып алулар саласында рәсімдердің өткізілуін бақылауды жүзеге асырады; ауданның коммуналдық меншік нысандарының тиімді және ұтымды пайдалануын және оны қорғау бойынша шаралар қабылдайды, басқару мәселелері жөніндегі жұмысты жүзеге асырады. Бюджеттік комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді. Жұмыспен қамту, мүгедектерді оңалту бағдарламасының іске асырылуына жауапты болып табылады. Өз құзыреті шегінде орман шаруашылығы, жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын қорғау мәселелерін шешеді; ауылда экономикалық қатынастарды қалыптастыруды бақылауды қамтамасыз етеді, «Ауылдық аймақтарды дамыту» бағдарламасының іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады. Басқаратын бөлімдердің бюджеттік қаражаттарының мақсатты пайдаланылуын және игерілуін 100% қамтамасыз етеді, азаматтардың қабылдауын өткізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «ауылшаруашылық ғылымдар» мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Салық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
2. «Бұқар жырау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі (1 бірлік, № 2-1, Е-R-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының орташа мерзімді жоспарының негізінде бюджеттің түсімін, орташа мерзімді қазына саясатын алдағы үш жылдық кезеңге жоспарлайды. Дамудың бюджеттік бағдарламаларына және ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға бюджеттің шығын лимиттерін қалыптастырады. Кіріс пен шығыстың бөлігі бойынша бюджеттің теңгерімділігін жүргізеді, кірістердің, шығыстардың көлемінің, операциялық сальдоның, таза бюджетті кредиттеудің, қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдоның, тапшылықтың (бюджет пайдасының), тапшылықты қаржыландырудың (бюджет пайдасының пайдалануын) құрылымына сәйкес шешімнің жобасын енгізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Ккодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
3. Баймырза ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, № 3-4, Е-G-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: Округ тұрғындарының әр шаруашылық және алфавит кітаптарын жүргізеді, 6ж, 7ж, 6р, 7р үлгілері бойынша статистикалық есептерді құрастырады, шаруа (фермер) қожалықтарының ұйымдасуына, кіші және орта бизнестің дамуына жәрдем етеді, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жер учаскесін беру және жерді пайдалану мәселелері бойынша құқықтық актілердің жобасын дайындайды, ЖТҚ және жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге берілген пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау, жерлерді тиімді пайдалану бойынша жұмыс жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша немесе «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (жерге орналастыру) немесе «ауылшаруашылық ғылымдар» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
4. Ростов, Үштөбе ауылдық округі әкімі аппараттарының бас мамандары (2 бірлік, № 7-8, 7-10, Е-G-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: Тұрғын үй қорының есебін және кондоминиум нысандарын тіркеу бойынша жұмысты жүргізеді, ұйымдастырады, су-жылу-энергиямен жабдықтау, байланыспен қамтамасыз ету, қоғамдық көліктің үздіксіз қозғалысы бойынша жұмысты үйлестіреді, коммуналдық төлемдерді жинау мониторингісін жүргізеді, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша анықтамалық-ақпараттық құжаттаманы дайындайды, «ТҮКШ модернизациялау», «Қолжетімді тұрғын үй-2020», «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |