Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
ӘОЖ 574:374.31:37.017.7
Қолжазба құқығында
БАШИРОВА ЖАДЫРА ЕРСАЙЫМОВНА
СЫРДАРИЯНЫҢ ТӨМЕНГІ АҒЫСЫНДАҒЫ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПӘНДЕРДЕ ОҚЫТУ
6М011300- Биология мамандығы бойынша педагогика
ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
РЕФЕРАТЫ
Қызылорда, 2013ж
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Жаратылыстану және аграрлық технологиялар» факультетінің «Биология және география» кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекші:
|
биология ғылымдарының кандидаты,
аға оқытушы Н.С.Ауезова
|
Ресми оппонент:
|
ауыл шаруашылығы ғылымдарының
докторы, профессор И.А.Таутенов
|
Қорғау « » маусым 2013 жылы сағат 900 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институты, «Биология және география» кафедрасының 202 дәрісханасында қорғалады. Мекен жайы: 120000, Қызылорда қаласы, Амангелді көшесі, 66.
Диссертациялық жұмыспен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
КІРІСПЕ Зерттеу жұмысының өзектілігі. Табиғи қоршаған ортаға адамзаттың әсері жыл санап өсуде, осыған байланысты әлемдік қауымдастықтар биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың қажеттілігін ұғынуда. 1927 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында қабылданған «Биологиялық алуантүрлілік туралы Конвенцияда» жер бетіндегі генетикалық қорларды сақтап қалудың стратегиялық бағыттарын нақтылап көрсетіп берді. Бұл күрделі мəселенің орындалуын қатал, қарама-қарсылы қысым жағдайында шешуге тура келеді. Мұндай жағдайда ерекше жəне сирек түрде кездесетін өсімдіктер мен жануарлар əлемін қорғау іс-шараларын жүргізу арқылы сақтау, ерекше өсіру мен сақтауды қажет ететін биологиялық түрлерді қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарға репрезентативтік жүйе ұйымдастыру қажет болып табылады.
Зерттеу жүргізуге алынған нысан- колледждерде экология курсы жаратылыстану бағытындағы бағдарламасы бойынша оқыту көзделген. Бағдарламада экологияның бөлімдері (аутэкология, демэкология, синэкология) оқытылады. Аталған бөлімдерді оқыту барысында Сырдарияның төменгі ағысының биоалуантүрлілігі туралы мағұлматтарды кіріктіру, олардың қазіргі экологиялық күйін анықтау және оларды қорғау бағыттарын күшейту, экологиялық проблемаларды шешу жолдарын ашып көрсету қажет. Бұл мәселердің шешімін биоалуантүрлілік күйін оқыту әдістемесі бойынша жетілдіруге мол мүмкіндіктер бар.
Жұмыстың мақсаты:
Экология пәнінің бағдарламасы бойынша Сырдарияның төменгі ағысының биоалуантүрлілігін оқыту әдістемесін жасап, соның негізінде оқушылардың экологиялық танымдық-теориялық білімдерін көтеру;
Қоршаған орта көптүрлілігін тамашалау кезінде табиғатқа жанашырлық сезімдерін оятып, оны қорғауға тәрбиелеу, оқушылардың адамгершілік сезімдерін ұштау;
Сырдарияның төменгі ағысындағы биоалуантүрліліктің қазіргі күйін экология курсында оқытудың әдістемесін жасау;
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Экология курсында биоалуантүрліліктің экологиялық күйін оқытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін саралау;
- Сырдарияның төменгі ағысындағы биоалуантүрліліктің қазіргі күйін экология пәнінде оқытудың мүмкіндігін ашу;
- Экология пәнінде Сырдарияның төменгі ағысындағы биоалуантүрлілікті оқытудың әдістемесін жасау;
- Ұсынылған әдістемелік жүйедегі педагогикалық эксперименттің нәтижесін анықтау;
Зерттеу нәтижесінің теориялық құндылығы мен практикалық мәні.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері Сырдарияның төменгі ағысындағы биоалуантүрліліктің қазіргі күйін экологиялық пәндерде оқыту әдістемесі болып табылады. Әдістеме негізінде биоалуантүрліліктің экологиялық күйін білу аймақтың табиғи-ресурстық қорын бағалап, оларды тиімді пайдалану жолдарын ұйымдастыруға көмектеседі.
Сырдария өзенінің төменгі ағысы аймақтарындағы биоалуантүрлілікке жүргізілген зерттеулердің мәліметтері іс-тәжірибеге енгізілуімен сипатталды. Алынған нәтижелер бойынша құрастырылған әдістеме жаратылыстану пәндерін оқытуда қосымша көмекші құрал ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Ғылыми жаңалығы.
- Сырдарияның төменгі ағысындағы биоалуантүрліліктің қазіргі күйін экология пәнінде оқытудың мүмкіндігі анықталды;
- Экология пәнінде Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы биоалуантүрлілікті оқыту әдістемесі жасалды.
Қорғауға ұсынылатын мәселелер:
1. Экология курсында биоалуантүрліліктің экологиялық күйін оқытудың теориялық негіздері;
2. Сырдарияның төменгі ағысындағы биоалуантүрліліктің қазіргі күйін экология пәнінде оқытудың мүмкіндігі;
3. Экология пәнінде Сырдарияның төменгі ағысындағы биоалуантүрлілікті оқытудың әдістемесі;
4. Ұсынылған әдістемелік жүйедегі педагогикалық эксперименттің нәтижесі;
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Алынған мәліметтер колледж студенттеріне оқылатын экология курсының сабақтарына енгізілді. Диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі мазмұны бойынша қол жеткен негізгі тұжырымдар мен қорытындылар халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық, практикалық конференцияларға ұсынылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Кіріспе бөлімде зерттеу жұмысының өзектілігі негізделіп, мәселенің зерттелу деңгейі сипатталады. Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері, теориялық құндылығы мен методологиясы, ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар мен тәжірибелік маңызы айқындалды.
«Биоалуантүрлілік туралы түсінік және оларды сақтау» атты бірінші тарауда биоалуантүрлілік ұғымына түсінік беріліп, экологиялық факторлардың әсер етуінің кейбір заңдылықтары және оның фактор әсерінің белсенділігіне тәуелділігі, биологиялық әралуандылық және оларды сақтау жолдары қарастырылады.
Биоалуантүрлілік – адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі. Биоалуантүрліліктің экожүйедегі байланыстарының толық болуының шарты және негізгі факторы бола отырып, оның ең маңызды қасиеті – тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Экология ғылымы ең маңызды биоалуантүрлілік туралы ғылымды зерттейді. Тірі материяның ең маңызды үш деңгейге сәйкес келеді:
ағзадан төмен – малекулярлық, клеткалық, ұлпалық және мүшелер жүйесіндегі деңгейлерді біріктіреді.
ағзалық – ағзалық жүйені құрайды.
ағзадан жоғары – популяциялық түр жүйесін, экологиялық жүйені және биосфераны қамтиды.
Біздің планетамыздың түрлерінің нақты санын ешкім нақты мәнімен келтіріп бере алмайды. Бірақ жануарлардың түрлерінің саны өсімдіктер мен саңырауқұлақтарының санынан әлдеқайда басым. Соның ішінде жануарлардың арасында бунақденелілердің түрлері өте көп. Олардың саны өсімдіктер мен микрофлораның санынан басым түседі. Түрдің қалыптасуы олардың құрылымы мен өсімтал ұрпақ беру мүмкіндігіне байланысты. Әр түрге жататын даралар бір бірінен сыртқы пішіні, мінез-құлқы, физиологиясы бойынша бір біріне мүлдем ұқсамайды.
Генетикалық алуантүрлілік дегеніміз – түрдегі әрбір дараға тән генетикалық жиыны. Бұл әртүрлі қасиеттерге ие болудың көрінісі. Әрбір адамға көптеген ерекше генетикалық көрсеткіштер тән. Жануарлардың генетикалық әртүрлілігі өзгерісі көптеген факторларға тәуелді. ХІІ ғасыр бойы адамзат жануарлардың ерекшеліктерін бақылап, пайдалы жағын бөліп көрсеткен. Генетикалық әртүрлілікті пайдаланып қазіргі кезде үй жануарларының сұрыпталуының арқасында жасанды тұқымдарын шығаруда. Алайда тек біздің ғасырымызда селекция саласында үлкен сапалы секіріс пайда болды. Ол гендік инжинериямен тығыз байланысты.
Экологиялық әртүрлілік – түрдің даралары таралған белгілі бір аймақты қамтитын және биотикалық қауымдастықтың бір бөлігі болуы керек. Осының арасындағы байланысты экологиялық алуантүрлілікке жатқызуға болады.
Орта - организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуына тікелей немесе жанама әсер ететін қоршаған орта компоненттерінің жиынтығы, яғни особьты (полуляцияны, қауымдастықты) қоршап, оған әсер ететін факторлардың бәрі. Тірі организмдер - ашық жүйелер, сондықтан қоршаған ортамен зат және энергия арқылы алмасып отырады. Организмдер үнемі өзгеріп тұратын қоршаған ортаның әсерін сезініп, өздері де осы жағдайларды өзгертіп тұрады.
Организмге әсер ететін кез-келген орта жағдайларын немесе орта компоненттерін экологиялық факторлар деп атайды. Экологиялық факторлар тірі организмдердіи тіршілігіне, санына (молдығына), географиялық таралуына тікелей немесе жанама әсер етеді.
Экологиялық факторлар табиғаты бойынша және тірі организмдерге әсер етуі бойынша әр түрлі. Барлық факторларды шартты түрде үлкен 3 топқа бөледі - абиотикалық, биотикалықжәне антропогендік (немесе антропикалық).
Абиотикалық факторлар - тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат факторлары. Оларға климаттық (температура, ауа қысымы, жел, ылғалдылық, жарық т.б.), атмосфералық (атмосфераның химиялық қүрамы), топырақ (эдафикалық), геоморфологиялық, гидрологиялық және басқалары жатады.
Биотикалық факторлар - бұл тірі табиғат факторлары, тірі организмдердің бір-біріне әсерінің барлық түрлері. Бұл әсерлер өсімдіктер (фитогенді), жануарлар (зоогенді), саңырауқүлақтар және микроорганизмдер тарапынан болуы мүмкін. Тірі организмдер қорек (өсімдіктер - фитофаг-жануарлар үшін, жануарлар - жыртқыштар үшін), тіршілік ету ортасы (паразиттер үшін - иесі, үлкен өсімдіктер (эпифиттер үшін) болып, көбеюге (өсімдіктер тозаңдатқыштары) немесе химиялық, физикалық және басқадай да әсері болуы мүмкін. Биотикалық факторлар тікелей - бір организмдердің екінші бір организмдерге тікелей әсері (кейбір өсімдіктердегі паразитті шырмауықтар) және жанама (қоршаған өлі табиғаттың өзгеруі арқылы) болып бөлінеді. Мысалы, шыршаның қалың бұтақтары топыраққа көлеңке түсіріп, төмендегі өсімдіктерге жарықты аз өткізіп, шөптесін өсімдіктердің өсуіне әсер етеді. Кейбір есімдіктердің зат алмасуы нәтижесінде ортаға химиялық заттар (фитоцидтер, гликозидтер, эфир майлары) бөлуі арқылы әсер етуі. Мұны аллелопатия деп атайды (бидайық тамыр сабағы арқылы топыраққа токсиндер бөліп, мәдени өсімдіктердің түқымының өнуін нашарлатады).
Экология ғылымы ең маңызды биоалуантүрлілік туралы ғылымды зерттейді. Табиғаттағы барлық биологиялық процестер биосфера мен экожүйелерден тыс жүрмейді. Осыдан биоалуантүрліліктің үш үлкен бұтағы тарайды. Әрбір бұтағы деңгейлерге бөлінеді. Биоалуантүрліліктің әр деңгейі бөлімдерге бөлінеді. Бұл бөлімдерде биоалуантүрлілік әртүрлі тірі ағзалардың арасындағы ерекше туындысы ескеріледі. Олардың арқасында көрсеткіші құрылады, [1,2,3,24,33,36] қоршаған ортаға төзімділікті қамтамасыз етеді. Биоалуантүрліліктің жоғары деңгейде көптеген әртүрлі экожүйелер және ландшафтар орналасады. Табиғатта біртекті мекен орталары болмайды.
Түрлердің санының күрт төмендеуі мен түрлердің жойылу себептері алуан түрлі. Көбінесе олар мекен ету ортасының өзгеруі немесе бұзылуымен байланысты. Омыртқалы жануарларға қатысты алсақ бұл факторға түрлердің жойылуының 60 пайызы жағдайлары сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс пайдалану , содан кейінгі орында азық қорының кемуі, зиянкестерді жою және кездейсоқ жемтік тұр.
Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы – Қызыл кітап. Табиғи ресурстары мен табиғатты қорғаудың халықаралық одағы (МСОП) бүкіл планетаның Қызыл кітабын құрастырған. Қазақстанның Қызыл кітабын шығаруы, республикамыздын өте сирек жануарларын сақтап қалу және оны қорғаудағы рөлі өте зор.
Экономикалық проблемаларды шеше отырып, біз өзімізді қоршаған ортаның қал-жағдайын естен шығармауымыз керек. Ғылым мен техниканың алға басуы адам мен табиғат арасында үндестіктің болу қажеттілігіне еріксіз ой тоқтаттырады.
«Қызыл кітапқа» енген аң мен құстарды, өсімдіктерді біле отырып, біз оны зерттеуші ғалымдарға көмектесеміз. «Қызыл кітап» әрбір отбасы мектептің кітап сөресінде тұруға тиісті. Сол арқылы біз оларды қорғауға үлес қосатын боламыз.
Қазақстанның Республикасының Қызыл кітабы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған және республика аумағында сирек кездесетін, саны азайып келе жатқан әрі құрып кету қатері төніп отырған жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің жай – күйі туралы мәліметтерді, оларды зертеу, қорғау өсімін молайту және ұтымды пайдалану жөніндегі қажетті шаралардың жиынтығы бар негізгі құжат болып саналады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы сонымен қатар жануарлар мен өсімдіктер дүниесі мемлекеттік құрамдас бөлігі болып табылады.
«Сырдарияның төменгі ағысындағы биоалуантүрлілікті оқытудың ғылыми-теориялық негіздері» деп аталатын екінші тарауда биоалуантүрліліктің қазіргі күйін экология курсында оқыту арқылы білім қалыптастырудың теориялық негіздері, сондай-ақ биоалуантүрліліктің қазіргі күйін экология пәнінде оқытудың мүмкіндігі талданады.
Экологиялық білім берудің қазіргі заманғы ғылыми негіздері оны жүзеге асыру проблемалары мен бағдарламалары 1968 жылы БҰҰ мен ЮНЕСКО үйлесімділік халықаралық ұйым отырысында қарастырылып табиғат пен адамның қарым-қатынасы тұрғысында көтерілді. Одан соң 1970 жылдары Сттокгольм, 1972 жылы Тбилиси қаласында экологиялық білім туралы халықаралық ғылыми конференциялар өткізіледі. Ал,1992жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен ғылыми конференция ХХ-ғасырдың көкейкесті мәселесі- экологиялық білім беру проблемасын қайта қарап оның негізгі 3 бағытын айқындап берді:
а) биосфера тұрақтылығын сақтау үшін ағарту жұмыстарын ұйымдастыру;
ә) халыққа экологиялық білім беру;
б) жұртшылық арасында экологиялық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу;
Сырдария өзені төменгі ағысының табиғат жағдайлары. Сырдария өзенінің Арал теңізіне дейін төменгі ағысында орналасқан Қызылорда облысының әкімшілік аумағы Тұран ойпатының ауқымды құмды-саздақ жазығында жатыр. Облыс жерінің оңтүстігінде Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігі, солтүстігінде – орталық Қазақстанның оңтүстік шетіндегі үштік-бор қыраты мен Қара-Құм құмдары. Аймақтың ауқымды бөлігі Сырдария өзенінің ескі атырауы. Батысында Арал теңізі.
Сырдария өзенінің алабы жалпы оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай созылып жатыр. Сырдария өзенінің төменгі алабының солтүстік шекарасы Қаратау жоталарының оңтүстік-батыс беткейі, Арал теңізінің алабындағы Қарақұм және Кіші Борсық, ал оңтүстігі Қызылқұм шектеседі. Сырдария өзенінің төменгі алабы Арал теңізіне қарай бағытталған біртегіс еңістікпен ерекшеленеді. Өзеннің 1647 км ұзын бойында жер бетінің еңістігі Шардара су қоймасынан (236-279м) Арал теңізіне (54м) 182-225м төмендейді. [15,16,17,24]
Сырдария өзенінің төменгі алабының климаты. Сырдария өзенінің төменгі алабының ауа-райының жағдайы біркелкі болып келеді: жыл бойы ауа жылуының үлкен ауытқуын, ауаның құрғақшылығын, жауын-шашынның өте аз екендігін көрсетеді.
Өңірдің климаты континенттік – жазы ыстық, әрі құрғақ, қысы қарсыз суық, жылдық жалпы орта температура 8,4-8,90С. Климат жалпы континенттік болғанымен көктем-жаз айларындағы ұзақ жылы кезең әртүрлі (күріш, жүгері, көкөніс-бақша тағы басқа) суармалы дақылдар егуге өте қолайлы жағдай қалыптастырады. Соңғы жылдары ауаның құрғақтығы күшеюі, табиғи өсімдіктердің азғындауы тұзды шаң суыратын желдің жиілеуі климат режимінің өзгере бастағанын көрсетеді. Бұл жағдай егіннің өнімі мен оның сапасына, табиғи мал азықтық шөптердің өніміне, жалпы тірі табиғатқа зиянды әсерін тигізіп тұр.
Сырдария өзені төменгі алабының биоалуантүрлілігі. Өсімдіктер дүниесі. Сырдария өзенінің төменгі сағасы мен оған шектесетін аумақтың сулы-батпақты жайылымдарының флорасы тамырлы өсімдіктердің 35 тұқымдас пен 82 туыстан тарайтын 112 түрін біріктіреді. Негізгі тұқымдастардың ішінде басым түсетіндері: алаботалар (Chenopodiaceae) - 26 түрі; күрделігүлділер (Asteraceae) - 16 түрі; астық тұқымдастар (Poaceae) - 8 түрі; бұршақтылар (Fabaceae) мен сораңдар (Cyperaceae) – 7 түрден; қарақұмық (Polygonaceae) - 5 түрі, жыңғылдық (Tamaricaeae) және айқышгүлділер (Brassicaceae) - 4 түрден. Түрге көбірек бай туыстар мыналар: көкпек (Atriplex) - 4 түрі, қамыс (Scirpus) - 4 түрі, жыңғыл (Tamarix) - 4 түрі, жусан (Artemisia) - 3 түрі, сораңдар (Salsola) - 3 түрі, петросимония (Petrosimonia) - 3 түрі. Қазақстанның 7 эндемигін атап өтуге болады: (шыбықтәрізді жусан, Пратов алаботасы, тікенді көкпек, қатты түкті петросимония, қазақстандық қамыс, бұйра жүзгін, қысқааяқты астрагал). Әсіресе «Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдік түрлерінің тізбегіндегі» (2006) өсімдіктердің табылуы маңызды болып табылады: қазақстандық қамыс (Scirpus kasachstanicus) қалқанжапырақты батпақгүл (Nymphoides peltatum). Бұдан әрі жалғасатын зерттеулер флораның анағұрлым толық құрамын анықтауға мүмкіндік береді.
Негізгі түрлері мен топтары. «Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктердің тізбесіне» (2006) кірген өсімдіктер мыналар: қазақстандық қамыс (Scirpus kasachstanicus) және қалқан жапырақты батпақгүл (Nymphoides peltatum). Сирек түрлердің орналасқан мекенжайларына үнемі мониторинг жүргізіп отыру қажет. Батпақгүл (Nimphoideta peltatum) мен қазақстандық қамыстың (Scirpeta kasachstanicus) барлық әрекет етуші қауымдастықтарының (популяция) ахуалын анықтап, олардың тіршілік етуіне қауіп-қатерді айқындау үшін осы қауымдастықтарына бақылау орнатуды вегетациялық кезең ішінде бірнеше рет жүзеге асырған абзал.
Индикаторлық түрлері мен топтары. Өсімдіктің бұл түрлерінің қауымдастықтары мен топтарын егжей-тегжейлі зерттеу нәтижесінде олардың өмір сүру ортасы туралы мағлұмат алу мүмкіндігі туады. Индикаторлық топтар жеткілікті түрде кең тараған, экожүйені табиғи қалыпта ұстап тұру үшін қажетті ландшафтық маңызы бар болып саналады. Авансаға үшін индикаторлық түрлер ретінде мыналар ұсынылады: жоңғар талы (Salix songarica) мен көл қамысы (Scirpus lacustris). Тал тоғайлары төмен ылдидағы өсімдік қабатына тән, Сыр-дария өзенінің атырауында осы өсімдіктердің жасына, сатылық құрылымына және шөптесін сатысының түр құрамына қарап, экожүйенің қалыптасу және жетілу мерзімін белгілеуге болады. Көл қамысының топтары биіктігі 3 м-ге дейін жететін шағын, тығыз қопа ретінде кездеседі. Аудан бірлігіне шаққандағы сабақтары мен өркендерінің диаметрі мен биіктігі экожүйенің жай-күйін және оның өзгеріс үрдістерін анықтау үшін маңызды шамалар болып табылады.
Биоалуандылыққа төнетін негізгі қауіптер. Антропогендік бұзылудың факторы. Сырдария төменгі алабында қоршаған ортаны орнықсыздандырып, экожүйенің жоғары биоалуандылығына қауіп төндіретін антропогендік факторлардың тұтастай бір кешені орын алған:
1. Ауыл шаруашылық:
- мал шаруашылығы (сүрлеу жол, су ішер жерде сойылған малдың ішек-қарны мен бассирағының болуы);
- егін шаруашылығы (шөп шабу, жер жырту, өзенге коллекторлық-дренажды судың қосылуы, пестицид және гербицидпен ластану);
- ағаштар мен бұталарды кесу.
2. Техногендік:
- желілік құрылыстар және оларды пайдалануға беру (автомобильдік және қара жолдар);
- ауыр металдармен ластану.
3. Су шаруашылығы (судың ағысын реттеу):
- гидротехникалық ғимараттарды салу және пайдалануға беру;
- өзен ағысы көлемі мен теңіз деңгейінің ауытқуы;
- табиғи су толымдылығы режімінің бұзылуы.
4. Пирогендік (адамның қолынан болған өрт).
5. Рекреация.
6. Браконьерлік балық аулау және аң аулау.
Өсімдік қабаты экожүйенің экологиялық ахуалының сезімтал анықтауышы әрі неғұрлым физиономиялық көрсеткіші болып табылады. [21,22,24,28,30,36]
Экология ғылымының негіздерін оқу пәндерінің мазмұнына өңдеу – бұл білімді экологияландырудың бірінші міндеті, екінші – пәндерді оқытудың тиімді әдістемелік жүйесін жасау.
Экология пәнінің тақырыптары мен олардағы материалдар бойынша тақырыптық байланыста беруге болатын ғылыми экологиялық ұғымдар, экологиялық білім, оларды мүмкіндігінше тиімді пайдалану негізге алынған оқу құралдарының мазмұны, оқутудың формалары, мұғалімнің оқытудағы іс-әркетімен тұлғаның оқу әрекеттерінің қабысуы негізінде олар теориялық біліммен қатар адамгершілік, инабаттылық тәрбиесін жоғары деңгейде көтеру мақсаты жүзеге асады.
Мазмұндық компонентке -экологиялық білімдер, проблемалық және шығармашылық тапсырмалар, лабораториялық практикумды орындау кіреді.
Іс-әрекеттік компонентке экологиялық меңгеру кезінде мазмұндық компонентті жүзеге асыру үшін оқу жұмысының белсенді әдістері, формалары көмегімен экологиялық білімдерді меңгерудің белгілі сатылы кезеңдері қамтамасыз етеді. [30,31,32,36,37,40]
Диагностика-нәтижелік компоненті экологиялық білімдерді меңгеру процесінің тиімділігі көрсеткіштерін құрайды. Нысанды сипаттау үшін пайдаланылған салдары, бір жұмыста пайдаланылған ғылыми терминдер орташа саны, басқа түсінікпен осы түсініктің байланысы мен қатынасын меңгеру толықтыгын сипаттайтын коэффициент, білімді меңгеру коэффициенті.
Бұл модель экологиялық білімдер жүйесін меңгерудің барлық кезеңдеріне экологиялық компоненттерді кездестіруді ұсынады. Экологиялық компонентті кіріктірудің негізгі жолдары оның теориялық баяндау кезінде, демонстрациялық эксперимент, лабораториялық жұмыстар және экологиялық мазмұндағы тапсырмаларды орындау кезінде жүзеге асырылады.
Осы модель негізінде дайындалған дәріс-сабақтары экологиялық білімдерді қалыптастыру жүйесіндегі экология ғылымының негіздерін меңгеруді, оның ішкі тақырыптық байланыстарын экологиялық нысандарды жүйелі, жан-жақты іздестіру жолымен қарастырады, материалды меңгеру үшін мотивация жасайды, проблемалық ситуацияларды шешудің алғы шарттарын жасайды да, ол болашақ танымдық қызметтің негізін түсіндіреді.
Практикалық жұмысты орындағаннан кейін студенттер теориялық сипаттағы тапсырмалар, оның нәтижелері келесі семинар сабақтарында талқыланады.
Жазбаша сұрау сабағы студенттердің экологиялық білімдерді меңгеруді бақылау мақсатында жүргізіледі: биоалуантүрлілік мазмұндағы теориялық сипаттағы тапсырмалары бар бақылау жұмысы өткізіледі.
Бастапқы оқыту кезінде түсіндіру иллюстративті әдіс және проблемалық баяндау әдістерін қолданған тиімді. Білім жинақталуына қарау проблемалық әдіс қолданылып, жүйелі оқытудың ақырғы негізінде зерттеу әдісін қолданады.
Биоалуантүрлілікке байланысты лабораториялық жұмыстарды пайдалану әдістемесі жаңа білімдерді қалыптастыру сабақтарында алынған оқушылардың экологиялық білімдерінің одан әрі өзектілігін арттыруға, экология курсын оқуға деген мотивациясын жасауға бағыталған.
Биоалуантүрлілікке байланысты тапсырмалардың экологиялық жақтарын алдын-ала талдаудан, онда көтерілген экологиялық проблеманың мәнін ашудан бастау қажет.
«Сырдарияның тқменгі ағысындағы биоалуантүрліліктің экологиялық күйін экология курсында оқытудың әдістемесі және эксперименттік жұмыстар нәтижелері» деп аталатын үшінші тарауда биоалуантүрліліктің қазіргі күйін экология курсында оқыту әдістемесі жасалып, Сырдарияның төменгі ағысындағы биоалуантүрліліктің қазіргі күйін экология курсында оқыту бойынша жүргізілген эксперименттің нәтижелері ұсынылады.
Болашақ колледжінің 1-курс студентеріне жүргізілетін Экология пәнінің стандартқа сай бағдарламасы құрастырылған (3.1-кесте). Бұл бағдарлама бойынша «Бастауышты оқыту әдістемесі» және «Экология» мамандықтарына сабақ жүргізілді. Осы бағдарламаның кейбір тақырыптарына «Экология» мамандығы студенттері үшін Сырдарияның төменгі ағысындағы биоалуантүрліліктің қазіргі күйіне байланысты мәліметтер кіріктірілді (5-кесте). Тақырыптарды байланыстыру арқылы Сырдарияның төменгі ағысындағы биоалуантүрліліктің экологиялық жағдайына сипаттама берілді. Бұл мәліметтер арқылы студенттердің туған өлке табиғат жағдайы және биоалуантүрліліктің қазіргі күйі туралы білім қалыптастыруға болатындығы белгілі болды. [4,5,8,12,28]
3.2-кесте. Экология пәні бағдарламасына Сырдарияның төменгі ағысындағы биоалуантүрліліктің қазіргі күйінің жағдайлары кіріктірілген тақырыптық жоспары
№
|
Пәннің тақырыптарының аты
|
Сағат саны
|
Дәр.
|
Тәж.
|
зерт
|
СӨЖ
|
|
1-ші тақырып. Экология – организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін іргелі жаратылыстану пәні.
Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың ролі. Табиғатты түрлендірудегі ғылымның орны. XVIIІ-XIX ғасырларда жаратылыстанудың ғылыми негіздерінің қалыптасуы. И.В.Гете мен Ж.Б.Ламарктың организмдердің эволюциясы туралы идеялары. А.Гумбольдт пен Ч.Дарвин – осы күнгі биогеография мен экологияның жол бастаушылары. Э.Геккельдің экологияны дербес ғылым саласы дәрежесіне көтеруі. Экологиялық мектептердің қалыптасуы. Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер.
|
1
|
1
|
|
1
|
|
2-ші тақырып. Дара организмдер экологиясы – аутэкология.
Организм және оның тіршілік ету жағдайлары. Экологиялық факторлар. Биоалуантүрлілік және оның тіршілік ету жағдайлары. Экологиялық факторлардың биоалуантүрлілікке әсері.
|
1
|
1
|
|
1
|
|
3-ші тақырып. Популяциялар экологиясы – демэкология.
Популяция туралы түсінік. Популяцияның статикалық сипаттамалары: саны (тығыздығы) және биомассасы, жастық және жыныстық құрамы. Биоалуантүрліліктің кеңістіктік орналасуының негізгі формалары. Биоалуантүрліліктің динамикалық сипаттамалары: туылымы, өсу жылдамдығы, өлім-жітімі. Биоалуантүрліліктің санының реттелуі
|
1
|
1
|
|
1
|
| 4-ші тақырып. Қауымдастықтар мен экожүйелер экологиясы – синэкология.
Биоценоз, биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік. Экологиялық пирамидалар. Экожүйелердің бастапқы және туындаушы өнімділігі. Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы. Экологиялық сукцессия, бастапқы және қайталанған сукцессиялар. Табиғи сукцессиялар барысында және антропогендік әсерлердің нәтижесінде қауымдастықтың түр биоалуантүрлілігінің өзгеруі.
|
1
|
1
|
|
1
|
|
5-ші тақырып. Биосфера туралы ілімнің негізгі қағидалары.
Биосфера концепциясының қалыптасуы. В.И.Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі. Биоалуантүрлілік концепциясы. Биоалуантүрліліктің ролінің анықталуы, Биоалуантүрліліктің қызметі (функциялары). Биоалуантүрліліктің экологиялық жүйедегі орны. Экологиялық жағдайға байланысты биоалуантүрлілікке түсетін салмақтың артуы.
|
1
|
1
|
|
1
|
|
6-шы тақырып. Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану.
Жердің табиғи ресурстары туралы түсінік. Биосфераның ресурстарына сипаттама. Биоалуантүрліліктің классификациясы. Биоалуантүрлілік өнімдері мен адамзат қоғамының қамтамасыз етілу проблемасы. Биоалуантүрлілікті ұтымды пайдалану негіздері.
|
1
|
1
|
|
1
|
|
7-ші тақырып. Қазіргі заманның ғаламдық экологиялық проблемалары.
Экологиялық проблемаларды олардың көлеміне қарай классификациялау. Сырдарияның төменгі ағысындағы биоалуантүрліліктің қазіргі экологиялық жағдайы: шөлейттену, биологиялық әралуандылықтың кемуі.
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің жұмыс қарқынының артуына байланысты биоалуантүрлілікте пайда болған экологиялық проблемалар. Қоршаған ортаны ластаушы заттардың тірі биоалуантүрлілікке әсері.
|
1
|
1
|
|
1
|
|
8-ші тақырып. Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялық проблемалары.
Әлеуметтік-экологиялық проблемалар: халық санының өсуі, ресурстық дағдарыс, халықтың генофондының өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің артуы, зиянды әсерлердің жаңа түрлері. Экологиялық іргелі «Минимум заңының» әлеуметтік экожүйеде көрініс беруі. Соғыстар және терроризм: экологиялық зардаптары. Әскери-өнеркәсіптік кешен және тіршілік ету ортасы. Радиоактавті изотоптардың биосферадағы тасымалдануының кейбір мысалдары. Қоршаған ортаның күйін бағалаудың әдістері және критерийлері. Экологиялық мониторинг, ұйымдастырылу принциптері. Қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынастарының заңгершілік және хұқықтық тұрғыдан реттелуі. Экологиялық білім берудегі биоалуантүрлілікті оқытудың проблемалары.
|
1
|
1
|
|
1
|
| 9-шы тақырып. Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары.
Қазақстанның экологиялық проблемалары. ҚР табиғи ортаны тұрақсыздандырушы факторлар және олардың салдарлары. Арал теңізі бассейнінің әлеуметтік-экологиялық проблемалары, Арал аймағындағы экологиялық апатты жоюдың ықтимал жолдары.
|
1
|
1
|
|
1
|
|
10-шы тақырып. Тұрақты даму
Әлеуметтік-экологиялық дағдарыс және қоғамның тұрақты дамуы. Тұрақты қоғам моделі, оның белгілері және қызмет атқару принциптері. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету жолындағы халықаралық ынтымақтастық. Тұрақты даму теориясының ғылыми негіздерін жасау жөніндегі халықаралық ұйымдардың қызметі. ҚР орнықты даму стратегиясы. ҚР Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы.
Ерекше қорылатын табиғи территориялар – биоалуантүрлілікті қорғау шараларының бір түрі. Генетикалық биоалуантүрлілікті қорғау. Биосфералық қорықтар. Қызыл кітап және оған енгізілген Сырдарияның төменгі ағысындағы биоалуантүрліліктің түрлері. Сырдарияның төменгі ағысындағы биоалуантүрлілікті сақтау жолдары.
|
|
|
|
10
|
БАРЛЫҒЫ:
|
10
|
10
|
-
|
10
|
Сырдарияның төменгі ағысындағы биоалуантүрліліктің қазіргі күйін экология пәнінде оқыту үшін колледждерде оқылатын «Экология» пәнінің маңызы зор.Ұсынылып отырған экология пәнінің бағдарламасы тәжірибеден өтіп, аптасына 1рет 10сағат дәріс, 10 сағат өзіндік жұмыс ретінде өткізілді.
Курстың мақсаты – колледж оқушыларына табиғат қорғаудағы ұлттық тәрбие тағылымдарын меңгерту және меңгерген білім, іскерлік дағдыларын тиімді пайдалануға үйрету. [5,8,12,28,32,37,44]
Зерттеу объектісі: «Болашақ» колледжінде экология пәнін оқытуда Сырдарияның төменгі ағысындағы биоалуантүрлілікті оқыту әдісі жүргізілді.
Зерттеу барысында:
-
Сырдарияның төменгі ағысындағы жануарлар түріне сипаттама берілді;
-
Сырдарияның төменгі ағысындағы өсімдіктер түріне сипаттама берілді;
-
Экология пәнінде Сырдарияның төменгі ағысындағы биоалуантүрлілікті оқыту әдістемесі жасалды.
Тәжірибелі-эксперимент жұмысы Қызылорда қаласында «Болашақ» колледжінде өткізілді. Экспериментке жаратылыстану мамандықтарының 50 студенті қатысты, оның 25-і эксперимент тобында, 25-і бақылау тобында.
Алға қойылған міндеттерді түбегейлі шешу және қозғаған ғылыми болжамның дұрыстығын тексеру мақсатында студенттермен экспериментттік жұмыс (анықтау, қалыптастыру, бақылау) жүргізілді.
Анықтау экспериментінің негізгі мақсаты - болашақ мамандардың Сырдарияның төменгі ағысындағы биоалуантүрлілік туралы ойларын анықтау болды.
Қалыптастыру экспериментінің мақсаты жаңа педагогикалық технологиялар негізінде студенттердің Сырдарияның төменгі ағысындағы биоалуантүрлілік туралы білімдерін сынақтан өткізу және оның тиімділігін тексеру болды. Бұл мақсатқа жету төмендегідей міндеттердің шешімін табумен байланысты:
- арнайы пәндердің мүмкіндіктерін пайдалану;
- арнайы курс бағдарламасын жасап, сынақтан өткізу;
- аудиториядан тыс әртүрлі жұмыс нысандарын жүргізу;
- пәнді оқыту барысында студенттердің теориялық білімдерін бекіту, олардың біліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Қалыптастыру эксперименті бір-бірімен өзара тығыз байланысты екі кезеңде өткізілді, олардың әрқайсысы студенттердің даярлықтарын сатылап жетілдіру көзделді.
Студенттерге анықтау эксперименті кезеңіндегі тапсырма қайта ұсынылды. Орындалған тапсырмалар нәтижесі былайша ой тұжырымдауға мүмкіндік береді: студенттердің биоалуантүрлілік туралы жеке көзқарастары, оны олардың арнайы өткізген әдістемелік семинарлары дәлелдейді.
Алынған нәтижелерді талдау және оларды анықтау эксперименті барысындағы және бақылау тобындағы көрсеткіштермен салыстыру эксперименттік жұмыстың студенттердің биоалуантүрлілік жайындағы білім деңгейін жоғарылатуға ықпал еткенін аңғартты (3.3-кесте).
3.3-кесте.Студенттердің дәріс сабақтарының нәтижелері бойынша биоалуантүрлілік жайындағы білім деңгейінің көрсеткіштері, (%).
Эксперименттік топ (ПМНО)- 25, бақылау тобы (Экология)- 25.
|
Жұмыс кезеңі
|
жоғары
|
орта
|
төмен
|
ЭК
|
БТ
|
ЭК
|
БТ
|
ЭК
|
БТ
|
Басы
|
3,4
|
3,1
|
44,7
|
39,6
|
51,9
|
57,3
|
Соңы
|
16,2
|
5,6
|
64,3
|
43,8
|
19,5
|
50,6
|
Кестеде келтірілген мәліметтер біз ұсынған әдістеме бойынша даярланған студенттердің жоғары нәтижелерге қол жеткізгендігін дәлелдейді. Егер анықтау эксперименті барысында эксперимент тобында төменгі деңгейде 51,9 %-ы студент көрсетсе, эксперимент соңында төмен деңгейді көрсеткен студенттердің 19,5% болғанын көруге болады. Жоғары деңгейде алғашында 3,4% болса, эксперимент соңында олар 16,2 % болды, орта деңгейді алғашында 44,7% көрсетсе, соңында 64,3 % болды. Бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс болмады. (3.6-сурет)
3.6-сурет. Студенттердің жаңа әдістеме арқылы алған
биоалуантүрлілік туралы білім деңгейінің көрсеткіштері
3.2-кесте. Студенттердің практикалық сабақтарының нәтижелері бойынша биоалуантүрлілік жайындағы білім деңгейінің көрсеткіштері, (%)
Эксперименттік топ (ПМНО)- 40, бақылау тобы (Экология)- 40.
|
Жұмыс кезеңі
|
жоғары
|
орта
|
төмен
|
ЭК
|
БТ
|
ЭК
|
БТ
|
ЭК
|
БТ
|
Басы
|
3,7
|
3,2
|
42,9
|
38,4
|
53,4
|
58,4
|
Соңы
|
14,3
|
6,8
|
62,4
|
44,8
|
23,3
|
48,4
|
Кестеде келтірілген мәліметтер біз ұсынған әдістеме бойынша даярланған студенттердің жоғары нәтижелерге қол жеткізгендігін дәлелдейді. Егер анықтау эксперименті барысында эксперимент тобында төменгі деңгейде 53,4 %-ы студент көрсетсе, эксперимент соңында төмен деңгейді көрсеткен студенттердің 23,3% болғанын көруге болады. Жоғары деңгейде алғашында 3,7% болса, эксперимент соңында олар 14,3 % болды, орта деңгейді алғашында 42,9% көрсетсе, соңында 62,4 % болды.
Экспериментке дейін және эксперименттен кейін студенттердің білім деңгейлерінің қалыптасу диаграммалары 3.7-суретте сипатталады.
Сонымен жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау жаңа әдістемені оқу орындарында пайдаланудың тиімділігін көрсетіп, біздің зерттеуіміздің ғылыми болжамының дұрыстығын дәлелдеп берді.
3.7-сурет. Студенттердің жаңа әдістеме арқылы алған
биоалуантүрлілік туралы білім деңгейінің көрсеткіштері
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұсынылып отырған диссертациялық зерттеу жаңа әдістеме арқылы бүгінгі күннің талабына сай болашақ студенттердің Сырдарияның төменгі ағысындағы биоалуантүрліктің экологиялық күйі туралы білім қалыптастыру жағдайына арналды. Сырдарияның төменгі ағысындағы биоалуантүрліктің экологиялық күйін оқыту қоршаған ортаның экологиялық жағдайы туралы білімді нақтылай түскені дәлелденді;
Сырдарияның төменгі ағысындағы биоалуантүрліктің экологиялық күйін оқытудың моделі жасалды. Нәтижесінде мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттерді бір арнаға біріктіре отырып, оң нәтижеге жүйелі түрде жететіндігі дәлелденді;
Зерттеу мәселесі бойынша ұсынылған әдістер болашақ студенттердің қоршаған орта туралы білімін қалыптастыруда маңызы зор;
Эксперимент барысында кейбір берілген ұсыныстар, арнайы курс, практикадағы ұсыныстар студенттердің биоалуантүрліліктің экологиялық күйі жайында білім қалыптастыруды жетілдіре түсетіндігі дәлелденді
Жасалынған қорытындылар негізінде мынадай ұсыныстар айтуға болады:
- жаңа педагогикалық әдістемелер студенттердің туған өлке табиғаты, оның қазіргі жағдайы туралы білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді;
- ұсынылып отырған жаңа әдістемелер барлық педагогикалық мамандықтар бойынша мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіруді көздейтін оқыту құралдарын жасауға негіз болады;
- алынған зерттеу нәтижелері педагогикалық мамандық студенттерін жоғары оқу орындарында, педагогикалық колледждерде даярлауда ерекше мәнге ие болады;
Зерттеу проблемасы күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын қамтып шығу мүмкін емес. Сырдарияның төменгі ағысындағы биоалуантүрліктің экологиялық күйін оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану сияқты мәселелерді зерттеу келешектің ісі болып табылады.
Диссертация мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:
-
Биоалуантүрлілікті сақтау жолдары //Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті. Жоғары кәсіптік білім берудің инновациялық дамуы: тәжірибесі, мәселелері және келешегі. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. -Қызылорда, 2012ж.
-
Жергілікті жер жағдайына байланысты экологиялық білім мен тәрбие берудің тиімділігі // Болашақ университеті. Ғылымның, техниканың және білім берудің басымдықтары. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Қызылорда-Киев 2013ж.204-206 бб.
РЕЗЮМЕ
Баширова Жадыра
Обучения экологическое состояние биоразнообразии на нижнем берегу Сырдарьи в предмете экология
Специальность 6М011300 – «Биология»
Актуальность исследовательской работы. Влияние человечества природной окружающей среде увеличивается годами, в связи с этим мировые сообщества убеждаются в сохранении биологических разновидностей.
«Конвенция о биологической разнообразии», которая была принята в Бразилии городе Рио-де-Жанейро в 1927 году, показала конкретные стратегические направления сохранения генетических ресурсов на земле.
Необходимо указать пути внедрения информаций о биоразнообразии на нижнем берегу Сырдарьи в процессе обучения экологии, определения их нынешнее экологическое состояние и усиления направлений их защиты, а также решения экологических проблем. Есть большие возможности развития решений данных проблем по методике обучения биоразновидного положения.
Цель работы. Разработать методику обучения биоразнообразии на нижнем берегу Сырдарьи по программе предмета экология, и на этой основе повысить экологические теоретически-познавательные знания учащихся.
Обязанности исследовательских работ:
-
Анализ теоретически-методических основ обучения экологического состояния биоразнообразии на курсе экология;
-
Открытие возможностей обучения нынешнее состояние биоразнообразии на нижнем берегу Сырдарьи в предмете экология;
-
Разработка методики обучения биоразнообразии на нижнем берегу Сырдарьи в предмете экология;
-
Определение результатов педагогического эксперимента в предложенной методической системе;
Практическая суть и теоретическая ценность результатов исследований. Результаты проведенных исследований являются методикой обучения нынешнее состояние биоразнообразии на нижнем берегу Сырдарьи в предмете экология. Знание экологического состояния биоразнообразии на основе методики помогает оценить природные ресурсы региона, организовать методы их выгодного использования.
Научная новость.
- Определены возможности обучения нынешнее состояние биоразнообразии на нижнем берегу Сырдарьи в предмете экология;
- Разработана методика обучения нынешнее состояние биоразнообразии на нижнем берегу Сырдарьи в предмете экология.
Предлагаемые проблемы защиты:
- Теоретические основы обучения экологическое состояние биоразнообразии на курсе экология;
- Возможности обучения нынешнее состояние биоразнообразии на нижнем берегу Сырдарьи в предмете экология;
- Результат педагогического эксперимента в предложенной методической системе.
Структура диссертации: Диссертация состоит из введения, трех глав, заключения и списка использованной литературы.
SUMMARY
Bashirova Jadyra
To teach sovereign ecological problems of biovariousness at the lower currency of Syrdaria
Specialty 6M011300 – "Biology"
The meaning of research work. The influence of humanity to the environment is growing every year, according to that fact, world society understand the needful of saving biological differences.
In 1927 year, in the city Rio de Janeiro of Brazil was taken “about the convention of biological differences” and in that convention was shown the strategic directions of saving the genetic funds in the world.
When studying the ecology, it would show the ways of introducing information about biodifferences of down steam of Syrdarya, define their present ecological position and enlarge their saving directions and solving their ecological problems. Here are some opportunities to develop the position of biodifferences by studying methods.
The aim of the work: By the programme of the subject Ecology to make studying methods of biodifferences of down steam of Syrdarya, to enlarge the pupils’ ecological theoretical knowledge by its meaning.
The objects of research work:
-
In the course of the subject Ecology, to differ the bases of ecological position of biodifferences, theoretical-methodical bases of studying.
-
To reveal the opportunities of studying in the subject Ecology, the present position of biodifferences of Syrdarya’s downstream.
-
To make studying methods of biodifferences of Syrdarya’s downstream in the subject Ecology.
-
To define the result of pedagogical experiment in given methodical system.
Practical meaning and theoretical value of research work.
The results of done works are the studying methods of biodifferences present position of Syrdarya’s downstream in the subject Ecology. Knowing the ecological position of biodifferences in the base of methods is the saving of region’s natural-resources funds and helps them to organize the ways of using.
Scientific news.
- Studying opportunities of biodifferences’ present position of Syrdarya’s downstream in the subject Ecology was defined.
- The opportunity of studying the biodifferences present position of Syrdarya’s downstream in the subject Ecology.
- The result of pedagogical experiment in given methodical system;
By the programme of the subject Ecology there was done the studying methods of biodifferences of Syrdarya’s downstream, according to this fact that it was defined the pupils’ ecological theoretical knowledge. When the experiment was going on, the benefit in developing the students’ knowledge was defined in the biodifferences ecological position.
Structure to thesises: Thesis consists of introduction, three chapters from, conclusions and list of the used literature
Достарыңызбен бөлісу: |