«Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 199 «Батыс Қазақстан облысының өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3615 тіркелген, 2014 жылғы 2 қазандағы «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) қаулысының 1-тармағының 1-тармақшасымен бекітілген «Басым дақылдары өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентінің күші жойылды деп танылсын.
3. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М.К.Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н.Ноғаев
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы «__»___________№ ___
қаулысымен бекітілген
«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-дала мен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
-
Жалпы ережелер
1. «Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – басқарма), аудандар және облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлімдерімен (бұдан әрі – бөлім) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №4-1/423 «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартты бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) негізінде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін (бұдан әрі – төлем шоттарының тізілімі) ұсыну болып табылады немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидия алушылардың тізіміне енгізу туралы өтініш болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс - қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) бөлімнің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) ұсынған сәттен бастап 15 (он бес) минуттың ішінде оларды қабылдауды, тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады және бөлім басшысына жолдайды;
2) бөлімнің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және бөлімнің жауапты орындаушысын белгілейді;
3) бөлімнің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды алғаннан кейiн 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде олардың толықтығын тексередi және ведомствоаралық комиссиясына (бұдан әрі – ВАК) қарауына ұсынады. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар толық болмаған жағдайда, өтініш пен құжаттар 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға пысықтау үшін қайтарылады немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі;
4) ВАК ұсынылған құжаттарды 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде қарайды және көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне (бұдан әрі – әкім) бекітуге жолдайды;
5) әкім 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін қарайды, бекітеді және бөлімге жолдайды;
6) бөлімнің жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде құжаттардың толық топтамасын жасақтайды (әкiммен бекiтілген тiзiм, қабылдау актiлерi және қазынашылық органдарына ұсыну үшін нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттың бары туралы екінші деңгейдегі банк анықтамасының бір данасы) және басқарманың жауапты орындаушысына ұсынады;
7) басқарманың жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың сәйкестiгiн тексередi және 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде ведомостіні және төлем шоттарын жасақтайды және басқарма басшысына бекітуге ұсынады;
8) басқарма басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде ведомостіні бекітеді және басқарманың қаржы бөлімінің жауапты орындаушысына жібереді;
9) басқарманың қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы 5 (бес) жұмыс күні ішінде төлем шоттарының тізілімін жасақтайды және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынады.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс - қимылының) нәтижесі:
1) бөлімнің кеңсе маманы құжаттарды қабылдайды, тіркейді және бөлім басшысына жолдайды;
2) бөлім басшысы құжаттарды бөлімнің жауапты орындаушысына жолдайды;
3) бөлімнің жауапты орындаушысы құжаттарды ВАК-тың қарауына жолдайды;
4) ВАК субсидиялаудың бағыттары бойынша субсидиялар алуға үмiткер көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн жасайды және әкімге бекітуге ұсынады;
5) әкім көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін бекітеді және бөлімге жібереді;
6) бөлімнің жауапты орындаушысы басқарманың жауапты орындаушысына әкiммен бекiтілген тiзiмдi, қабылдау актiлерiн және қазынашылық органдарына ұсыну үшін нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттың бары туралы екінші деңгейдегі банк анықтамасының бір данасын ұсынады;
7) басқарманың жауапты орындаушысы 5 (бес) жұмыс күні ішінде ведомостіні жасақтайды және басқарманың басшысына бекітуге жолдайды;
8) басқарманың басшысы бекітілген ведомостіні басқарманың қаржы бөлімінің жауапты орындаушысына береді;
9) басқарманың қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы төлем шоттарының тізілімін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) бөлімнің кеңсе маманы;
2) бөлім басшысы;
3) бөлімнің жауапты орындаушысы;
4) ВАК;
5) әкім;
6) басқарма басшысы;
7) басқарманың жауапты орындаушысы;
8) басқарманың қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі стандарттың 3- тарауына сәйкес жүзеге асырылады
10. Мемлекеттік қызметті көрсеті ерекшеліктері ескере отырып қойылатын өзге де талаптар стандарттың 4 тарауына сәйкес жүзеге асырыладыы
«Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
«Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау»
мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Қабылдауды, тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады және бөлім басшысына жолдайды
Құжаттарды қарайды және бөлімнің жауапты орындаушысын белгілейді
Толықтығын тексередi және ВАК-тың қарауына ұсынады
Қажетті құжаттарды ұсынады
Ұсынылған құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін әкімге бекітуге ұсынады
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар толық болмаған жағдайда, өтініш пен құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға пысықтау үшін қайтарылады немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі
Басқарманың жауапты орындаушысына ұсынады
Көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін бекітеді және бөлімге жібереді
Ведомостіні бекітеді және басқарманың қаржы бөлімінің жауапты орындаушысына береді
Ұсынылған құжаттардың сәйкестiгiн тексередi, ведомостіні жасақтайды және басқарма басшысына бекітуге ұсынады
Төлем шоттарының тізілімін жасақтайды және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынады
Шартты белгілер:
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушының және басқарманың, бөлімнің рәсімдерінің (іс-қимылдарының) атауы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.
Достарыңызбен бөлісу: |