Конкурс және «Қазақстанның үздік тауары»



Дата25.02.2016
өлшемі61.26 Kb.
#19874
түріКонкурс



«Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің

2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 418-құжат; 2007 ж., № 24, 267-құжат; № 42, 476-құжат; 2008 ж., № 42, 464-құжат; 2009 ж., № 33, 307-құжат; 2010 ж., № 39, 335-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; 2014 ж., № 4, 29-құжат; № 32, 282-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

4-1-тармақ алып тасталсын;

жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамы:

осы Жарлыққа 1-қосымшаға;

осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс өткiзу және лауреат атағын беру ережелерінде:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сыйлық алуға арналған конкурстың ұйымдастырушысы (бұдан әрi – конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсын өткізу және дипломант атағын беру ережелерінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының (бұдан әрі – конкурс) ұйымдастырушысы (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың кәсіпкерлер палаталары «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурстарының ұйымдастырушылары (бұдан әрі – өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар) болып табылады.».

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Комиссияның жұмыс органы болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мынадай функциялар жүктеледі:».

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін және 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-тармақтың төртінші абзацын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 10 желтоқсан


№ 977

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2014 жылғы 10 желтоқсандағы

№ 977 Жарлығына

1-ҚОСЫМША


Қазақстан Республикасы

Президентінің

2006 жылғы 9 қазандағы

№ 194 Жарлығына

ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның

ҚҰРАМЫ



Қазақстан Республикасы

Президенті Әкімшілігінің Басшысы



- төраға



Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі



- төрағаның орынбасары




Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология

комитетінің төрағасы



- хатшы


Комиссия мүшелері:


Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

«Сапа көшбасшылары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

«Қазақстан машина жасаушылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша)

«Қазақстан Республикасы тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

«Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

«Қазақстан астық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

«Қазақстан тағам және қайта өңдеу өнеркәсібінің тауар өндірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

«Қазақстан сүт одағы» қоғамдық бірлестігі басқармасының тең төрағасы (келісім бойынша)

_______________


Қазақстан Республикасы

Президентінің

2014 жылғы 10 желтоқсандағы

№ 977 Жарлығына

2-ҚОСЫМША


Қазақстан Республикасы

Президентінің

2006 жылғы 9 қазандағы

№ 194 Жарлығына

ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ



Қазақстан Республикасы

Президенті Әкімшілігінің Басшысы



- төраға



Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)


- төрағаның орынбасары




Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Департамент директоры (келісім бойынша)


- хатшы


Комиссия мүшелері:


Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

«Қазақстан машина жасаушылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша)

«Қазақстан Республикасы тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

«Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

«Қазақстан астық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

«Қазақстан тағам және қайта өңдеу өнеркәсібінің тауар өндірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

«Қазақстан сүт одағы» қоғамдық бірлестігі басқармасының тең төрағасы (келісім бойынша)

«Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)

«KAZENERGY» мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының қазақстандық қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)

«Тұтынушылардың ұлттық лигасы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

______________________






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет