Баспасөз хабарламасы 5 қаңтар 2010 жыл Атырау қаласы «Атырау мұнай өңдеу зауыты»



Дата22.02.2016
өлшемі242 Kb.
#780



БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

5 қаңтар 2010 жыл

Атырау қаласы

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС 2009 жылдың қорытындысы бойынша барлық өндірістік көрсеткіштерді орындады. Мұнай өңдеу көлемі 4 004, 0 мың тонна - соңғы 12 жыл ішіндегі ең үлкен көрсеткіш.

Қаржы дағдарысына қарамастан,екінші жартыжылдықта өндірістік қызметті тұрақтандырып, зор өндірістік табыстарға қол жеткізді.

2009 жылы 1 911, 1 мың тонна ақшыл түсті мұнай өнімдерін өндірді: автокөлік бензині – 552,8 мың тонна (2008 жылдағыдан 12% -ға көп) , дизель отыны – 1 190 мың тонна (1 ,3%-ға көп), уайт-спирит – 1,6 мың тонна ( 21,1%-ға көп), реактивті отын– 51,4 мың тонна (15,2%-ға жоғары), пеш отыны – 149,1 мың тонна.

2009 жылы шығарылған жалпы автокөлік бензині ішіндегі жоғарыоктанды АИ-92, АИ-95 маркалы бензин өндірісі 2008 жылы 14% -дан 28 %-ға артты. Премиум-95 бензинінің өндірісі қолға алынды және «Супер-98» маркалы бензин сертификаты алынды.

АМӨЗ технологиялық регламент талаптарына сай бағдарлама негізінде жұмыс жасайды және Еуро-2 стандартты мотор отындарын шығарады. Регуляр-92, Премиум-95, Супер-98 автокөлік бензиндері Еуро өнімдерінің күкірт және бензол деңгейіне қатысты (қалыпты жағдайда 500 ppm немесе 5% сәйкесінше, факт 7 ppm немесе2,7%) негізгі көрсеткіштерінің сапа қорына ие. АМӨЗ-нда Еуро – 2,3,4 талаптарына сәйкес келетін дизель отыны шығарылады (қысқы және жазғы экологиялық таза отын). Бұл дизель отындары жаңа заманғы дизельді қозғалтқышпен жұмыс жасайтын жеңіл және жүк көліктеріне арналған.

Реактивті қозғалтқыштарға арналған ТС-1 реактивті отынының жылдық өндірісін 150 мың тоннаға дейін жеткізу мақсатында тікелей айдалатын ТС-1 реактивті отынына қосымша бензин және дизель отынын гидротазарту кіріктірліген қондырғысынан алынатын керосинді пайдалану арқылы аралас отын алынды. Өндірісте және әуе техникасында қолдануға рұқсат алуға қажетті барлық процедуралар орындалды. ТС-1 (аралас) отынының өнеркәсіптік өндірісінің технологиясы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен келісілген және ҚР ЭМРМ-мен бекітілген.

АВТ-3 мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысы технологиялық түзімін басқаруды оңтайландыру мақсатында «CENTUM CS-3000» микропроцессорлық реттеу жүйесі енгізілді, жүйе технологиялық жабдықтар жұмысындағы ауытқуларды қадағалап, түзету енгізуге мүмкіндік береді. Іске-қосу баптау жұмыстары Қазақстанда тұңғыш ретін отандық компания тарапынан жүргізілді.

Өндірістік қуаттылық жаңартылып, экологиялық қауіпсіздіктің тиісті деңгейі қамтамасыз етілді:

- Зауыттың барлық газдарын күкіртті қосылыстардан тазартудың нәтижесінде ауаға шығарылатын күкіртті антигрид 1963 тоннаға азайды;

- Буландыру алаңына сарқынды сулар арқылы жіберілетін негізгі ластағыш заттар 48 ден 1 мг/л-ге, фенола 1,6 дан 0,1 мг/л азайса, биологиялық тазартылған суды қайта пайдалану 20% -ға өскен.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметінен аммиак, тетраэтилқалайы, марганецті қоспалар, күкірт қышқылы, сынапты электр ажыратқыштары, сынапты бақылау-өлшеу приборлары, сүрлемдер мен бункерлердің радиоизотопты өлшегіштері сияқты зиянды әрі улы заттар, улы реактивтер арқылы жасалатын зертханалық сараптамалап қолданыстан алынып тасталды.

Барлық технологиялық қондырғылар екі жылдық жөндеуаралық кезеңге өтті. ЭЛОУ-АВТ қондырғысын жаңарту жұмыстары басталып кетті.

Зауыт сапа және менеджмент саласындағы ISO 9001:2008 сериялы халықаралық стандарттарға сай жұмыс жасайды.

2009 жылы зауыт бойынша бірде-бір пресоналдың жұмыстан қысқартылу фактісі орын алған жоқ.

Биылғы жылдың 29 қазанында “түбегейлі тапсыру” шартымен ароматикалық көмірсутектер шығаратын кешен құрылысы Шартына қол қойылу жоспарланған.



2010 жылы АМӨЗ құрылыс жұмыстарын бастайды.


Анықтама:
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС:

99,5% үлестің иесі «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ.

«ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% еншілес ұйымы.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ - көмірсутектерді барлау, өндіру және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына» тиесілі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет