Баспасөз хабарламасы ЕҰу ректоры студенттерді наурыз мейрамымен қҰттықтайды



Дата08.07.2016
өлшемі22.89 Kb.
#184731
Еуразия ұлттық университеті

Баспасөз қызметі

Тел.: +7 (7172) 709-548, 709-500 (вн.31-116,)

Баспасөз хабарламасы
ЕҰУ РЕКТОРЫ СТУДЕНТТЕРДІ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Бәтташұлы Сыдықов Ұлыстың ұлы күні қарсаңында барлық студенттерді, оның ішінде достық, бауырластық қарым-қатынас жағдайымен Ауған елінен келіп білім нәрімен сусындап жатқан жастарды құттықтайды.

Университетте ауғандық жастар аса көп те, аз да емес: ұзын-ырғасы 400-дей ғана. Бұл он үш мыңнан аса білімгерлері бар Еуразия ұлттық университеті үшін бір ғана шоғыр: сөйтсе де, оқу ордасының соңғы үш жыл көлемінде шетелдік студенттер қатарын жыл сайын толықтыра түсуі – ерекше атап өтуге тұрарлық жағдай.

Даму үрдісі дейміз бе, бүгінгі беталыс дейміз бе, қалай десек те оқу орнының рейтингтік көрсеткіші бүгінде барлық жағынан жоғары. Жақында Еуропалық ғылыми-өндірістік палатасы «Еуропалық стандарт: жоғары оқу орнының рейтингісі» нәтижесінің қорытындысын жариялады. Онда қазақстандық 23 жоғары оқу орындары арасынан бес универсиет ерекше аталды, сол үздік бесеудің көшін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бастап тұр. Айта кетері, бұған әлемнің 2 678 жоғары оқу орны қатысқан, ал оның 23-і қазақстандық.

Одан бөлек Еуразия ұлттық университеті әлемдегі жоғары оқу орындары арасында үздік елулік қатарына енді. Білім беруді бағалау бағытындағы QS Quacquarelli Symonds халықаралық компаниясының соңғы  QS Top 50 Under 50 рейтингісінің нәтижесі бойынша құрылғанына елу жыл толмаған әлемнің 50 ЖОО арасынан 32 орынға тұрақтады. Ал Еуразия ұлттық университеті ТМД мемлекеттері арасындағы бірден бір жоғарғы оқу орны. Бір сөзбен айтқанда, бұл жетістіктер университеттің білім беру деңгейінің арта түскендігі және әлемдік стандарттарға сай дамып келе жатқандығының нақты көрінісі.

Ауғандық жастардың Еуразия ұлттық университетіне ғана емес, бүкіл Қазақ еліне алғыстары шексіз. Өйткені елімізде арнайы квотамен білім алып жатқан Ауған елінің қаншама жастары жүр. Олардың Орта Азия елдері ішінде Қазақстан мемлекетіне, әсіресе Көшбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа көңілдері ерекше: өскен, өркендеген, гүлденген, қонажай мемлекет. Олар алған әсерлерімен әрдайым бөлісіп отырады. «Жеткен жетістіктеріңіз небәрі жиырма екі жылдың жемісі, ал бұл болашаққа енді қадам басқан қазіргі біздің жасымыз» дейді ауғандық жастар.

     Барша әлемдегі ұлт пен ұлысты, ел мен елді теңестіретін көктемнің осы бір көзайым мейрамы Еуразия ұлттық университетіне жыл сайын қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлап келеді. Қасиетті мейрам тағы да есігімізді ашып, төрімізге озғалы тұр: жақсылықтар мол болғай! Төрлет, жыл басы –

Наурыз! 
Өткізу орны: М. Жұмабаев көшесі 14, №4 студенттер үйі

Өткізу күні: 2014 жыл 20 наурыз,сағат 17:00

+7 (7172) 709 -54



+ 7 702 363 60 05, lyaka-tompi@mail.ru – Ләйлә Рахманова



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет