Тұщы судың әлемдік проблемасы



бет1/3
Дата13.03.2024
өлшемі137.76 Kb.
#495450
  1   2   3
ЛЕКЦИЯ (8)


Тұщы судың әлемдік проблемасы


Жер адам баласының дүние есігін ашып, өмір сүру бесігі болса, су күнделікті тіршілігінде физиологиялық қажетін өтейтін маңызды өмір нәрі болып табылады. Сондай-ақ адам баласының санитарлық – гигиеналық қажетінде де судың маңызы ерекше болып саналады. Су жер бетіндегі барлық тіршілікке нәр беруші қуат көзі. Адам бірнеше тәулік тамақсыз өмір сүріп сүрсе де, сусыз бір күнде тіршілік ете алмайтыны белгілі. Су табиғаттың адамзат тіршілігіне силаған ең басты байлығы. Сондай-ақ қазіргі өнеркәсіптің қарыштап өркендеген дәуірінде жекелеген салаларының жұмысы тек сумен байланысты. Мысалы, энергетика, тамақ, ауыл шаруашылық өндірістері.
Жер бетінің жалпы көлемі 510 млн км2 тең болса, оның 361 млн км2 су, 149 млн км2 құрлық үлесінде. Жер бетіндегі барлық судың көп бөлігі (96,5%) мұхиттар мен теңіздерге тән болса, мұздықтарға 1,74%, жер асты суына 1,72%, жер асты тоңына 0,02% су үлесі тиіп, тек аздаған (0,02%), бөлігі ғана жер беті суы түрлеріне ( өзен, көл, батпақ, су қоймасы) тиеді (6 кесте). Тіршілік үшін тұщы судың маңызы ерекше. Жер бетіндегі тұщы су жалпы гидросфераның 2,5% алып, оның 2/3 бөлігі мұздықтарда сақталған.
1-кесте
Тұщы судың әлемдік қоры



Гидросфера құрамы

Көлемі, мың км2

Қордағы үлесі %

Мұздықтар

26 106

68,70

Жер асты суы

11 742

30, 90

Көл

99

0,26

Топырақтағы ылғал

19

0,05

Атмосферадағы су

14

0,037

Батпақ

12

0,031

Су қоймасы

6

0,016

Өзен

2

0,006

Барлығы

38 000

100,0



Тұщы су жер шары бойынша біркелкі таралмаған. Жекелеген аймақтар бойынша тұщы су қоры жөнінен Шетелдік Азия, Латын және Солтүстік Америка алдыңғы орын алады. Жер бетіндегі тұщы су туралы айтқанда,өзендердің маңызы ерекше. Жекелеген елдер бойынша өзен ағысы жөніндегі көрсеткіш төмендегідей.


2- кесте


Өзен ағысы көлемі жөнінен алдыңғы елдері



Мемлекет

Су ресурстары км2

Бразилия

6250

Ресей

4300

Канада

2900

Қытай

2800

АҚШ

2500



Жер шарының мол сулы өзендеріне Брахмапутра, Ганг, Меконг, Амазонка, Янцызы, Хуанхе, Ориноко, Парананы атауға болады. Тұщы судың таралу географиясына сипаттама бергенде, оны пайдалану көлемі туралы да ерекше тоқталу қажет. Соңғы жылдары адамзаттың тұщы суды күнделікті қажетіне пайдалану көлемі жыл сайын артып, тек ХХ ғасырда оның әлемдік көрсеткіші бірнеше есеге ұлғайып, қазір 6000 км³-ке жетті. Суды шектен көп пайдалануда ауыл шаруашылығы бірінші орында (жалпы көлемінің 70%). Мұнан кейінгі орында тиісінше өнеркәсіп пен коммуналды шаруашылықтар алады. Суды пайдалану көрсеткіші жекелеген аймақтар бойынша да түрлі деңгейде. Ең жоғарғы көрсеткіш Шетелдік Азия үлесінде, әсіресе ауыл шаруашылығы саласында. Ал Қытай, Жапонияда суды пайдаланудың өнеркәсіптегі көрсеткіші жоғары. Суды ауыл шаруашылығы мұқтажы үшін пайдалану көрсеткіші Африка, Аустралия мен мұхиттық аралдар және Латын Америкасының біраз бөлігінде жоғары деңгейде болса, өнеркәсіп пен коммуналды шаруашылық мақсатта тұтыну көрсеткіші Солтүстік Америка, Шетелдік Еуропа мен жекелеген ТМД мемлекеттерінде жоғары. Ең басты мәселе – тұщы су ресурсымен қамтамасыз етілу деңгейінің жеке адам басына шаққандағы мөлшеріне сипаттама берсек, халық санының өсу деңгейіне қарамастан, тұщы суды тұтынудың орташа көрсеткіші жан басына шаққанда төмендеуде. Тұщы суды пайдаланудың жан басына шаққандағы жылдық көрсеткіші (м2) картасына қарасақ,




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет