2019ж «Жастар,ғылым және инновпция» атты конференциясына енген мақала. 12 сәуір. Ақтөбе қаласы



бет1/4
Дата26.03.2024
өлшемі7.28 Mb.
#496491
  1   2   3   4
Шетей Камилия мақалалар К.Жубанов ат. АӨУ




Қосымша- ғылыми конференция, симпозиумдарда сөйлеген сөздер тізімі. Өткізілу орны мен уақыты көрсетілсін;

2019ж «Жастар,ғылым және инновпция» атты конференциясына енген мақала. 12 сәуір. Ақтөбе қаласы

ӨТЕЖАН НҰРҒАЛИЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЛИНГВОМӘДЕНИ БІРЛІКТЕР МӘНІ
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті филология факультетінің 1курс студенті- Шетей Камилия Мұратқызы
Аңдатпа: Мақалада Ө.Нұрғалиев өлеңдері лингвистиканың бір саласы ретінде дамып келе жатқан лингвомәдениеттанудың негізгі міндеттеріне дүниенің тілдік бейнесіндегі ұлттың мәдени ерекшеліктерін, сөз мазмұнындағы мәдени мәнділіктерді айқындау, оларды тілдік әрі мәдени субъектінің когнитивтік санасымен тығыз байланыста қарастырылып, өлеңдерінде қолданылған лингвомәдени бірліктердің мағынасы ашылады.
Кілт сөздер: Лингвистика, лингвомәдениеттану, адресат, адресант.
Дүние бейнесі мен тіл, мәдениет өзара күрделі байланыста болады. Тіл әр ұлттың дүниетанымын, болмысын анықтап, дүниені игерудегі тәжірибесін сипаттап қоймай, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады. Когнитивтік лингвистикалық зерттеулерде түрлі ұлттарда дүниенің тілдік бейнесі түрліше қалыптасқаны айқындалып отыр [1]. Тілде алдыңғы ұрпақтың ғасырлар бойы жинақтаған рухани және материалдық мәдениетінің жетістіктері мен тәжірибесі, ұлт өркениетіне қатысты белгілер шоғырланған. Сондықтан тіл, мәдениет пен өркениетті бір-бірінен ажырағысыз тұтас дүние ретінде қарастыру бүгінгі таңда өзекті мәселелер қатарына жатады.
Лингвистиканың бір саласы ретінде дамып келе жатқан лингвомәдениеттанудың негізгі міндеттеріне дүниенің тілдік бейнесіндегі ұлттың мәдени ерекшеліктерін, сөз мазмұнындағы мәдени мәнділіктерді айқындау, оларды тілдік әрі мәдени субъектінің когнитивтік санасымен тығыз байланыста қарастыру т.б. жатады. ХХІ ғасыр лингвистикасы «тілді мәдениет феномені, ұлттың мәдени коды» ретінде қабылдап, зерттеу өзегіне айналдырып отыр [2].
Мәдени ұлттық сипат тілдің барлық деңгейлерінде көрініп отырады, алайда барлығы бірдей мәдени бірлік емес. Сөз мағынасында, оның реңктерінде, ұлт тілінің фразеологиялық бірліктерінде, паремиологиялық қорында халықтың мәдениеті, өмірі, тарихы жатыр. Сондықтан тілдік құбылыс халықтың тарихына, оның тұрмысына терең бойлап кете береді. Тіл мәдениет пен өркениетті жарыққа шығарушы рөл атқарады. Дегенмен, тіл мәдениет пен өркениеттің өмір сүруін қамтамасыз ететін жай ғана көмекші құрал емес. Ол байланыстырушылық қызмет атқарады. Сондықтан тіл, мәдениет пен өркениет бір-бірінен ажырамайтын тұтас дүние ретінде қарастырылуы тиіс.
Тіл өз халқының тұрмыс-салтымен тығыз байланысты. Ол сол елдің тарихына, мәдениетіне ғана емес, өркениетті құрайтын талғамдар жинағына, өмір сүру әдісіне, руханият, материалдық саладағы қол жеткен жетістіктеріне де байланысты. Сондықтан тіл ақыл-ойдың хабаршысы қызметін атқарып қана қоймай, тарихи, мәдени, өркениеттік құндылықтарды насихаттайды [3, б. 91].
Әдеби-көркем шығарманың ұлттық тілді барлық бітім-болмысымен, өзіндік ерекшеліктерімен, байлығымен жан-жақты толық ашып көрсететіні белгілі. Шығарманы дүниеге әкелуші тіл оның ұлттық белгісінің ең маңызды көрсеткіші болып табылады.
Әдебиетке алпысыншы жылдары «Менің махаббатым» атты жыр жинағымен келген Өтжан Нұрғалиев өлеңдерінде жаңа бояу, тың үн, тосын мінез бар. Ақынның өзі де әдебиетке жаңбыр болып қүйып, нөсер болып төгіліп келді. Әдебиетке жаңа леп, жаңа тыныс қосылды. Ол көптеген кітаптардың авторы. Шығармалары: Менің махаббатым. Өлеңдер. «Жазушы», 1962; Ақ нөсер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Нөсерден кейін. Өлеңдер. А., «Жалын», 1971; Ай астында ақбоз үй. Өлеңдер. А., 1972; Қайыңды тоғай. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Таңдамалы. Өлеңдер мен балладалар. А., «Жазушы», 1976; Соғыстың соңғы жазы. Балладалар. 1-кітап. А., «Жалын», 1977; Соғыстың соңғы жазы. Балладалар. 2,3,4-кітаптар. А., «Жазушы», 1978, 1980, 1984; Тыныштық. Өлеңдер. А., 1987; Афина мектебі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1997. «Құрмет» орденімен марапатталған [4].
Талантты ақын Ө.Нұрғалиевтың «Соғыстың соңғы жазы» деп аталатын балладалар жинағы – сонау соғыс жылдарындағы бір ауылдың өмір суреті сияқты. Егер ол суретші болса да дәл осы оқиғаларды бейнелер еді. Өйткені өзі көрген, көзі көрген, көңілінің түкпірінде қарайып қалған қаяулы жылдар суреті өткенді еске түсіре береді. Бір ауылдың, бір ауыл адамдарының, бәрінен бұрын нанға, киімге, қағазға, қарындашқа телмеңдей қараған қаршадай баланың қатал тағдыры – көз алдыңызға келеді. Бұл оқиғалар бір ауылда, Байғанин ауылында, болғаны ақиқат, бірақ ол бүкіл бір кезеңге, бүкіл елге тән, ортақ тағдыр. Бала жүрегінде қалған қатал кек арада 30 жылдан астам уақыт өтсе де, азамат ақын жанын сыздата береді, кеудесіне сыймай, көкейіне лықсып келіп, ақыры, айтылып тынады. Бұл жырларды оқығанда сол соғысқа қарсы бар даусымен айғайлаған бала даусы құлағымызға келеді [5].
Көркем шығарма, яғни мұра (мәтін) неғұрлым ұзақ жасаса, яки автор мен қабылдаушы арасын бөліп тұрған уақыт өлшемі молайған сайын өз кезегімен адресаттар да ауысып отырады. Ал адресаттардың ауысуы – мәтінді басқаша қабылдауға әкеледі, бұл – жаңарған мәтін пайда болғандығының белгісі. Көркем мәтін жазылған (айтылған) уақыттың әлеуметтік, мәдени және тарихи контекстері мәтінде сақталатын кілт (код) ретінде тілдік тұлғаның ұлттық ғалам бейнесін танытатын тіл бірліктерін, әсіресе «ертеден сақталған мәдени ақпараттардың (бұл ақпараттар мәдени сема, мәдени концепт, мәдени коннотация, мәдени стереотиптер түрінде сақталады) мәнін» [3,б. 11] анықтауға мүмкіндік беретін Ө.Нұрғалиев шығармаларындағы тілдік мағыналардағы лингвомәдени бірліктерді танимыз. Біздің мақаламызда ұлттық болмысты танытатын тіл бірліктері мағыналарының прагматикалық мәні ұлттың дәстүрі, салт-жоралғысы, тарихы, өзіндік ерекшеліктері туралы ақпараттың бейнеленуінен көрінеді.
Мысалы: Алғашқы сөз-қиын сөз, таптырмайтын,
Сыншы болса тыңдаушың-жақтырмайтын.
Келесі сөз-жай ғана келелі сөз
Қиын жерде бәйгеге шаптырмайтын. [6-3б.]
Бәйгеге шабу лингвомәдени бірлігіне тоқталар болсақ, сөздің, тілдің құдіретін бәйгедей жылдамдыққа теңеп тұрғанын көруге болады.
Бәйге-ұлттық спорт ойындарының бір түрі. [7-221б.]
“Бәйгеге шаптырмайтын” тіркесі арқылы адресанттың ойына сөздің қасиетін байқатады.
Дүниенің тілдік бейнесіндегі ұлттық сипатты айқындайтын лингвомәдени бірліктерді анықтау оңай емес. Себебі кейбір сөздердің мағыналық құрылымында лингвомәдени компоненттер ашық кездессе, енді біреулерінде мәдени ақпараттар мағына тасасында қалады.
Есігі ашық Өмір деген дүкеннен
Әлі талай сыбағаны күтем мен.
Тұңғыш рет ащы сөзді үйренгем
Моп-момақан бота менен тікеннен. [6-21б,]
Сыбаға тілдік бірлігінің мағынасын түсіндіру үшін ақын дүниеден көп нәрсе күтетінін баяндаған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет