«бастапқЫ Әскери дайындық негіздері» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешені



бет1/4
Дата28.06.2016
өлшемі370 Kb.
#163847
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындғы мемлекеттік университеті
Жаратылыстану ғылымдар факультеті
Дене мәдениеті және бастапқы әскери дайындық ілімдері мен әдістемелері кафедрасы

«БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ НЕГІЗДЕРІ»

ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5B010400 – Бастапқы әскери дайындық мамандығына

Семей 2014

Құрастырушы: Ибраев Б.М.аға оқытушы




«Бастапқы әскери дайындық негіздері» оқу курсы Алғашқы әскери дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушыларын дайындауды қарастырады, олар білім қабілет іскерлігімен орта және жоғарғы оқу орындарында өз міндеттерін өтеу үшін алғашқы әскери дайындықтан өткізіп, оларды Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарында қызмет етуге дайындайды. Курс бойынша студент Қазақстан Республикасы Конституциясынның, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және Қазақстан Республикасының Қорғаныс әскери доктринасын, елді қорғаушы лауазымды қызмет иелерінің және әрбір азаматтың міндетін, жастардың бастапқы әскери дайындық міндеттерін және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет ету тәртібінің негізгі заңдылықтарын оқып білуге міндетті.

1. ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТТАМАСЫ – SYLLABUS


    1. Оқытушылар туралы мәліметтер:

Ибраев Болатқали Мұқанұлы, байланыс телефоны:

жұмыс 63-33-39

Кафедрада 08.00 – 17.00 дейін.
1.2 Пән туралы мәлімет:

Бастапқы әскери дайындық негіздері

Барлығы 2 кредит

Өткізу орны –3 ғимарат 223 аудитория

Оқу жоспарының көшірмесі:


Оқу түрі

Оқу мерзімі

Курс

Семестр

Кредит

Дәрістер

Практик.

СОӨЖ

СӨЖ

барлығы

Бақылау түрі

К/б

4 ж

1

1

2

15

15

30

30

90

емтихан



1.3 Пререквизиттері:

Жоғары оқу орны студенттері пәнді бастамай тұрып БӘД білім көлемінде берілген курсқа дейін орта мектептерде алуға тиіс.


1.4 Постреквизиттері:

Бастапқы әскери дайындық негіздері курсын оқып болғаннан кейін алынған білімдері педагогикалық қызметттерінде, Бастапқы әскери дайындық сабақтарының орта мектептерінде өткізуде, сондай-ақ келешекте, Бастапқы әскери дайындық негіздері, Әскери заңдылық, Әскери патриоттық тәрбие негіздері, Әскери педагогика және психология негіздері, пәндерінде оқуда, Сондай-ақ әскери соғыс өнері пәнін терең түсінуде бұл пән көп көмектеседі.


1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:

БӘД бакалаврын дайындау кезінде – « Бастапқы әскери дайындық негіздері »

оқу курсы тәртіпті мамандыратын компоненттердің негізгісі болып табылады. Бастапқы әскери дайындығы оқытушы-ұйымдастырушысы міндеттерін орындауға студенттерді арнайы дайындайтын негізгі пәндердің бірі - Бастапқы әскери дайындық негіздері. Аталған пән бойынша студенттер оқу жоспарында көрсетілген мерзім бойынша емтихан тапсырады. Егеменді мемлекет – ҚазақстанРеспубликасы демократиялық құрылыстың мақсаттарын жүзеге асыра отырып сыртқы саясатты бейбітшілік жағдайда тұрақтандырып, ТМД – аймақтарында халықаралық шиеленісті болдырмай соғыстан сақтайды. Сонымен қатар болашақта Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, соғыс күшін, еліміздің қорғанысын, ТМД – елдерінің қарулы күшін, жауынгерлік ынтымақтастығын, халықтар достығын нығайту үшін, қажетті шараларды қолданады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күші – мемлекеттік механизмнің негізгі құрам бөлігі, еліміздің тәуелсіздігі, аумақтың тұтастығы, қоғамдық құрылыстың қарулы қорғанысы үшін құрылған. Отанымызды қорғау ісі – Қазақстан Республикасының барлық халықтарының ісі. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және қорғанысы» Заңында Отанды қорғау және Республиканың Қарулы Күштеріне қызмет ету, Конституциялық міндет. Қазақстан Республикасы азаматының халық пен мемлекет алдындағы борыш болып табылады. Жастардың Бастапқы әскери дайындығы Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет» Заңы негізінде Үкімет шешімі бойынша өткізіледі. Оның бағдарламасы жас солдатты әскери істі оқып үйренуге дайындау көлемінде қаралады, болашақта Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскер қатарына шақырылған жастар қазіргі кару-жарақты және әскери техниканы қысқа мерзімінде меңгеру үшін керек. Бастапқы әскери дайындық жастарды Қазақстандық патриотизм және интернационализм, демократиялық қоғам ісіне шексіз берілгендік, Отанына және қарулы күштерге сүйіспеншілік, әскери міндетті мінсіз орындауға берілгендік рухында тәрбиелейді.

Курсты оқытудың мақсаты мен міндеттері.

“ Бастапқы әскери дайындық негіздері ” курсының мақсаты - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері катарында кызмет етуді мақтан тұту, аға ұрпактың жауынгерлік дәстүріне, әскери борыш пен әскери антка адалдық сезімдерін тәрбиелеу — әскери тәртіпті, тұтастай алғанда, ұрысқа әзірлікті күшейтуге ықпал етеді.


Бастапқы әскери дайындық негіздері курсын оқыту барысында келесі міндеттерді шешуге аса көңіл бөлінеді:

  • студенттер әскери қызметтегі негізгі заңдылықтарды меңгерту, оларды педагогикалық процестегі әскери жарғыларды үйрету әдістері, формалары және құралдары туралы білімдер негізімен қаруландыру;

  • студенттерде әскери жарғылардың бүгінгі күндегі жетістіктерін үйренуде танымдық қызығушылығын дамыту;

  • студенттерде өзіндік білім алуға және мұғалім еңбегіне деген қызығушылықты қалыптастыру.

Курсты зерттеу барысында студенттерге қойылатын талаптар:

Студент зерттеу циклінде:

  • зерттеуші пән бойынша конспектілер жасауға міндетті;

- жоғары оқу орындарының бастапқы әскери дайындық –студенттеріне арналған негізгі оқу құралдарын пайдалана отырып, дәрістік материальдарды оқу негізінде курстық теориялық сұрақтарын зерттеуге;

-алған білімін ғылыми және мерзімдік баспаларда жарияланған материалымен көмегімен жетілдіріп отыруға;



  • алған білімдері бақылау жұмыстары тесттер көмегімен тексеру;

- Қазақстан Республикасының Бастапқы әскери дайындық мамандығы туралы заңы мен мемлекеттік арнайы бағдарламаларын білу және зерттеу.

- Студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Қатыспаған сабақтар оқу-әдістемелік кешен көлемінде тапсырылады. Студент сабақтан кешікпей келуге, оқыту процесіне белсенді қатысуға міндетті.


1.7 Әдебиеттер тізімінің мазмұны:

Негізгі әдебиеттер:

1. Алғашқы әскери дайындық Аманжолов А.А 2006 ж

2. Оқу процесі мен ішкі тәртіпке жалпы әскери жарғылар талаптарын енгізу жөніндегі жұмыс әдістемесі Алматы 2000ж

3. Каргин С.Т., Дошаков С.Х. Бастапқы әскери дайындық негіздері. – Қарағанды, 2002.

4. Проведение занятий по начальной военной подготовке. П.М.Брысин, М.П.Калинин

5. Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы 2006ж

6. Азаматтарды әскери қызметтке шақыруды ұйымдастыру және өткеру ережесін бекіту туралы 2006 ж

7. Аманжолов А.А Алғашқы әскери дайындық 2003 ж

8. Жақсыгельдинов М.Т. Бастапқы әскери дайындық 2003ж

9.Қазақстан Республикасы даму стратегиялық бағдарламасы «Қазақстан-2030».


Қосымша әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы. – А., 1992. 1999, 2007.

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 2007.

  3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасы //Егемен Қазақстан. 26.12.2003.

  4. Қазақ Орта мектебіндегі білім мазмұнының тұжырымдамасы / Негізгі қағидалар /. – А., 1990.

  5. Кузнецова Л. Азаматтық неден басталады. –А., 1988.

  6. Сапарғалиев Ғ. Оқушыларға праволық тәрбие беру туралы. –А., 1988.

  7. Щеткин М. Ұстаздық еткен жалықпас. –А., 1989.

  8. Аварин А.И. Бастапқы әскери дайындық – А, 1993ж.

  9. Науменко Ю.А.Бастапқы әскери дайындық- М, 1997ж.

  10. Попов А.М. Бастапқы әскери дайындық – М, 1981ж.

  11. 050104 «Алғашқы әскери дайындығы» мамандығы бойынша мемлекеттік стандарт.


1.8 Баға туралы ақпараттар

Ағымдық бақылау:
Аралық бақылау:

    • ОСӨЖ тапсырмаларын орындау /рефераттар, кестелерді толтыру/

    • жазу жұмысы түрінде 2 аралық бақылау жүргізіледі
Үй бақылауы:

  • таңдаған тақырып бойынша реферат жазу

  • таңдаған тақырып бойынша бірлескен баяндама


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет