КІРІСПЕ 16
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық 18
қабілеттерін дамыту 18
1.2 Еңбек тәрбиесінің сипаттамасы 23
Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін ғылымның өз қағидасы бар. Ол - өмірлік өсиет, ұлағатты сөз. Бұл тарих тағылымының барша тәрбиелік үлгісі, еңбек етудің алғы шарты болса керек. Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп оның ішінде ғылымның, тәрбиенің, бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда тәрбие мен еңбек бөлінбестей берік, маңызды да мәнді рөл атқарады. Расында, адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан-теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бірі баршаға бірдей қазына. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) бұл қазынаның барлығын халық жасайды, ол адал да ерінбей еткен еңбектің жемісі деген. 23
Әл-Фараби тәрбие мәселесін логикамен байланыстыра уағыздағанын білеміз. Ол "Ақыл мен түсінік" атты еңбегінде ақылдылық пен адамгершілік үлгілі тәрбиеге байланысты, оның негізі таза еңбекте, еңбек өз кезегінде тәрбиенің негізінен туындайды деген еді. 23
Қоғамның даму тарихына байланысты, соған сәйкес еңбек тәрбиесі әр түрлі нысанда дамыды, жетілді, өзгерді, жаңарып отырды. Орта ғасырлық мектеп тәрбиесіне қарсы шыққан, чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский (1592-1670) педагогикасының негізі - гуманизм мен демократизм болғаны педагогика тарихынан белгілі. Демек, бұл тек педагогика емес, бүгінгі қоғамды қайта құрудың басты принципі – гуманистік, демократиялық принциппен үндес келеді. Я.Коменский мектеп - балаға сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін "адамгершілік шеберханасы" болуға тиіс деген көзқарасты насихаттайды. Осы негізде ол тәрбиені, осыған сәйкес жүргізу қажет деп есептеді. 23
Ағылшын педагогы Джон Локк (1632-1704) тәрбиедегі Коменский ұсынған "табиғатқа сәйкестілік" еңбек және дене тәрбиесі арқылы жүзеге асатынын дәлелдеп берді. Ағылшын табиғат зерттеушісі, жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін табиғи сұрыптау арқылы пайда болуы жөніндегі эволюциялық ілімнің негізін салушы Чарльз Дарвин еңбектің, еңбекке баулудық, оның теориялық негізі - еңбек тәрбиесінің маңызын жоғары бағалаған еді. 23
Швейцария педагогы Генрих Песталоцци (1746-1827) тәрбиесінің мақсаты - баланың күшін дамытады. Әр түрлі қимылға, қозғалысқа баланың өзі ұмтылады. Сөйтіп, Песталоций дене тәрбиесін еңбек тәрбие-сімен ұштастыруа жүргізуді дәлелдеп береді. Сондай-ақ, оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру, соның ішінде қол өнері және ауыл-шаруашылық еңбегімен ұштастыруу Песталоццидің педагогикалық теориясы мен қызметінің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Песталоцци еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бір-бірімен өзара және олардың ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуын қалыптастырады деп санады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек балалардың ақыл-ойын дамытады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Осы негізде ол - еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты қоғам өміріне белсене қатысатын жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру деп уағыздады. 23
Еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда басты рөл атқарған К.Д.Ушинский болды. Ол өзінің еңбегінде адамның жан-жақты дамуы үшін еңбектің маңызының зор екендігін көрсетті. К.Д.Ушинский өзінің "Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні" деген мақаласында еңбек тәрбиесінің мәнін арнайы қарастырады: Ал "Балалар әлемі", "Ана тілі" оқулықтарында осы тәрбие жөнінен балаларға арнап сан алуан материалдар жазды. 24
К.Д.Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі - еңбек-сүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады деп білді Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ, еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс істеуге тырысушылыққа және қандай істе болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынды. 24
Еңбек тәрбиесі - тәрбиеленушілердің жалпы еңбектік біліктері мен қабілеттерін, еңбекке психологиялық дайындығын дамытуға, еңбекке және оның өнімдеріне жауапкершілікті қатынасты қалыптастыруға, мамандықты саналы таңдауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекеті. 24
Еңбек тәрбиесі — жасөспірімдерді еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеп, олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы. 24
Еңбек тәрбиесі барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі халықтың педагогикасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде дамыған. Мысалы, қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулынған әрбір жас сәби “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген. 24
18 ғасырдың ағартушылары (Ж.Ж. Руссо, И.Г. Пестолоций) оқыту мен еңбек тәрбиесін ұштастыру мәселесін алғаш рет ғылыми тұрғыдан талдады. Қазақстанның халыққа білім беру жүйесінде
еңбек тәрбиесі отбасында, мектепте, мектептен тыс мекемелерде жүзеге асады. Отбасында бала кішкене кезінен еңбек тапсырмаларын орындауға, еңбекқорлыққа, төзімділікке баулынады. Еңбек тәрбиесі мектепте білім берумен тығыз байланыста жүзеге асады. Оқу еңбегінің барысында балада ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу процесінде өзіне-өзі қызмет ету, оқу құралдарын дайындау, мектеп үйін жөндеу, табиғатты қорғау, т.б. қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуы олардың ой-өрісінің кеңеюіне, қабілеттіліктерінің, бейімділіктерінің дамуына мүмкіндік жасайды. Педагогика ғылымы еңбек тәрбиесін жас ұрпақты отбасы мен мектепте тәрбиелеудің жалпы үрдісінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Оқушыларды еңбек етуге, еңбекқорлыққа баулу, оларға кәсіптік бағдар беру қазіргі таңда барлық оқу жүйесінде оқушы әрекетінің белсенділігін қамтамасыз етудің бір тәсілі болып табылады. 24
1.3. Еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері 33
2.1 Бастауыш сыныптардағы еңбек тәрбиесінің жүйесі 47
Еңбек тәрбиесі дегеніміз - еңбек етуте психологиялық даярлықты, еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, еңбек тәртібі мен мәдениетін меңгеру. Оқушылар бойында еңбексүйгіштікті тәрбиелеу жайлы К.Д.Ушинскийдің құнды ойларын келтіруге болады. «Тәрбиенің өзі, егер ол адамға бақыт тілейтін болса, оны бақыт үшін емес, өмір сүру еңбегіне даярлау керек… Тәрбие адам бойында еңбекке деген сүйіспеншілік пен әдетті дамытуы керек; ол адамға өмірдегі өзі үшін қажетті еңбекті табуға мүмкіндік жасауы керек… Тәрбие адамның ақылын ғана’дамытып, оны белгілі көлемдегі мәліметтермен таныстырып қана қоймай, адам жүрегінде еңбексіз адам өмірі абыройлы да, бақытты да болмайтындай еңбекке деген ынтаны жандыруы қажет». 47
Оқу-өндіріс комбинаттарында, бригадаларда, цехтарда еңбек ету барысында оқушылар техникалық және технологиялық білімдер, еңбек тәжірибесін алады. Балалардың үй шаруашылығы, көркем өнер, қол өнер үйірмелеріне катысулары, олардың еңбектің өр түріне бейімділіктерін, икемділіктерін айқындайды. 47
Еңбек тәрбиесі отбасында да әр түрлі жолдармен іске асады. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуге кеңінен қатыстырылады. Олар үй шаруашьшығында көптеген міңдеттер атқарады; отбасы бюджетіне, оның пайдалануына қатыстырылады. Балалар мен ересектердің бірлесіп жұмыс істеуінде отбасының мүмкіншіліктері зор. Еңбек тәрбиесінің құрамды бөлігі болып экономикалық тәрбие саналады. 47
Оқушылардың еңбек тәрбиесі мектепте, кәсіптік техникалық училищеде өткізіледі. Еңбек тәрбиесінің жүйесіне түрлі іс-әрекеттері кіреді. Олар: оқу барысындағы еңбек, сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстар; өзіне-өзі қызмет ету; қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек. 47
Оқу барысындағы еңбек. Сабақ барысында еңбек дағдылары, іскерлік,
төзімділік, кейін жаппай еңбек іс-әрекетінің түрлерін де байқайды. Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды еңбек сабағы, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек сабақтары барысында оқушылар жалпы және техникалық білімге сүйенеді. Білім еңбек сабақтарының ғылыми негізі болады, ал еңбек сабақтары мен тәрбие барысында оқушылар алған өмір тәжірибесіне теориялық білім жүйесі арқылы түсінеді. 47
Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабақтарында шешіледі. Бастауыш сыныпта балалар қағаз қию, балшық пен пластилиннен бейне құру, өсімдіктерді күту, ағаш пластмасса, қаңылтыр сыммен жұмыс істеуді үйреніп, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек етеді. 47
Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор. “Жас натуралистер”, “Жас техниктер” “Жас тәжірибешілер” және пән үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Єрбір оқушының үйірме сабақтарында еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады, олар еңбегін ұйымдастыру тәсілдерін іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларына (әдебиеттер мен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білу т.б.) төселеді. 47
Өзіне-өзі қызмет ету – еңбек тәрбиесінің қажетті элементтерінің бірі. Балалар өзіне-өзі қызмет ете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудың тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, бұл менің адамгершілік борышым дейді, сонымен бірге олар үлкендердің еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады. 48
Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет ету – оқу құралдарын, кабинеттерді, мебельді, сынып бөлмесін, мектеп үйін жөндеу, сыныптарды, шеберханаларды, спорт алаңдарын, мектеп үйлерін жинау т.б. 48
Отбасында өзіне-өзі қызмет етудің түрлеріне төсек – орынды, пәтерді жинау, киім, аяқ-киім және басқа үй мүліктерін тазалау, кір жуу, ‰тіктеу, киімді жамау, тамақ дайындау т.б. жатады. 48
Қоғамдық пайдалы еңбек – қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру, жеке адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы, мектеп жағдайында өткізілетін қоғамдық пайдалы жұмыстың тәрбиелік мәні өте зор. Қоғамдық пайдалы жұмыстың барысында оқушылардың ғылыми дүние танымы дамиды. 48
Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп өмірінде бірнеше түрлері бар: 48
1.Халық қоныс тепкен жерлерді, мектептерді абаттандыру, көшелерді, алаңдарды көгалдандыру, жолды жөндеуге қатысу, экологиялық жағдайға байланысты тазалықты сақтау, табиғатты күту және қорғау. 48
2.Мәдени – ағарту жұмысы оқушыларды белсенділікке, қоғамшылдыққа тәрбиелейді, олардың әлеуметтік ортамен қарым қатынасын кеңейтеді. 48
3.Шефтік жұмыс – адамгершілікті адам тәрбиесінің ең жоғарғы формасы. Ол
баланы қамқорлыққа, қайырымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді. 48
Өнімді еңбек – арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық құндылықты жасайды. Оқушылар мектепаралық оқу - өндірістік комбинаттарға, оқушылардың өндірістік бригадаларына экскурсия жасап өнімді еңбектермен танысады. 48
Еңбекке тәрбиелеу бірқатар педагогикалық шарттарға байланысты: 48
Еңбекке тәрбелеудің нәтижелі жүруі баланың еңбекке неғұрлым ертерек қатыстырылуына байланысты; 48
Оқушылардың еңбек әрекетінің қоғамдық мағынасы және идеялық - өнегелік негізі болуы керек; 48
Еңбек тапсырмасын орындағаннан кейін оның нәтижесі баланың өз күшіне сенімділігін қуаттайды, қуаныш сезімі артады; 48
Еңбек балалардың психикалық және физиологиялық ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылуы керек; 49
Еңбек іс-әрекеті барысында тек тапсырманы орындап қоймай, өз еңбегін өз бетімен үйрену керек. 49
2.2. Бастауыш сыныптарда оқушыларды еңбекке баулу жолдары 49
Бүгінге дейін адамзат баласының еселі еңбегінің арқасында ғылым мен техника қарқынды даму үстінде. Білім мен ғылымға ұмтылған жас жеткіншектерді күн сайын жаңалыққа толы дүниелерге құштар етуге бағыттап олардың ғылыми шығармашылық қабілеттерін дамыта түсу керек. 49
Сондықтан қазіргі кезде елімізде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мен баулудың мәні одан сайын арта түсуде. Шәкірттерді еңбекке тәрбиелеу мен баулу, олардың бүкіл еңбек әрекетінің, ең алдымен оқушылардың жетекші еңбегінің ғылыми негіздерін игерудің бірілігі ретінде қарастырылады[4]. 49
Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға саналы көзқарас тәрбиелеу, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудық негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет. Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты - жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту. Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады. 49
Қазақ ағартушысы Ы.Алтынсарин педагогикалық тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелері, аудармаларында өнімді еңбек - еңбек тәрбиесінің құралы деп тұжырым жасады. 49
Абай нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі қолөнерді, егіншілікті және білім алуды, оқуды есептеді. Ақыл-білім алу күрделі еңбек арқылы келеді деп философиялық тұжырым жасады. Ол жастарды ең алдымен
отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді маңызды рөлін ерекше бағалады. Жасөспірімді, еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерде орындау арқылы іске асырылады. Олар: балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан даярлау: оқушылардың еңбек дағдыларын қалыптастыру; еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту, оқушылардың ынтасын және қабілетін дамыту. 49
Балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау- бұл қоғам үшін оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын тәрбиелеу, еңбекті өз бетімен, өз еркімен ынталануын орындауға үйрету. 49
Ең бастысы балаларды еңбекке даярлауды 1-сыныптан, ал отбасында балалық шақтан бастау, оларды еңбек түрлеріне қатыстыра отырып, еңбектің адамды қайратты және бақытты ететіндігіне сенімін қалыптастыру. 50
Еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту басты мәселелердің бірі. Еңбек мәдениетінің көрсеткіші: жұмысты сапалы және тиімді істеу, уақытты ұтымды пайдалану, еңбек құралдарына, түрлі материалдарға құнттылықпен қарау. Еңбек мәдениетіне өзін көрсете білу, дербестік,
еңбектің демалыспен қабысуы, алдағы жұмыстың негізі кезеңдерін белгілей білу, еңбек процесін талдау және іс-құжаттарын сауатты жасау жатады. 50
Балалардың ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында автоматтарды, роботтарды, компьютерлерді, эдлектрониканы, т.б. қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауаттылықты талап етеді. Сондықтан оқыту және тәрбие жұмысының барысында оқушылардың ынтасын ғылыми-техникалық білімді игеруге дамыту және тәрбиелеу қажет. 50
Оқу барысындағы еңбек. Сабақ барысында еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік қалыптасып, кейін жаппай еңбек іс-әрекеті түрінде байқалады. Еңбек тәрбиесі үшін еңбек сабағы өте маңызды, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. 50
Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру, оқушылардың еңбекке шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Оқушылар өндірістік бригада базасында, демалыс лагерьлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтарына қатыса жүріп, әр түрлі өсімдіктер өсіреді, тәжірибелер жасайды, кейбір мамандықтың түрлерін игереді. 50
Еңбек сабақтарының педагогикалық тиімділігі, олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде. Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабағында шешіледі. Яғни, оқушылар бастауыш сыныптан бастап еңбек сабағында алған тәжірибелерін, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек еткен кезде пайдаланады. 50
Өзіне-өзі қызмет көрсету. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудық тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, өзімнің адамгершілік борышым деп есептеп, үлкендер еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады. Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет көрсету: оқу-құралдарын, кабинеттерді, сынып бөлмесін, дәліздерді жинау, т.б. Отбасында өзіне-өзі қызмет көрсетуге: төсек-орынды, пәтерді жинау, кір жуу, тамақ дайындау, т.б. жатады. 50
Мектеп жұмысының негізгі міндеті - өзіне-өзі қызмет етудің берік жүйесін жасап, тұрмыстық еңбекті әр адамның күнделікті өмір игілігіне айналдыру. Жалқау, еріншек балаларға дұрыс бағыт беру мұғалімдердің, ата-аналардың адамгершілік борышы. 50
Қоғамдағы пайдалы еңбек - қоғамдағы қажеттілікті қанағаттандыру, жеке адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы. Қоғамдық пайдалы еңбек барысында оқушылардың дүниетінымы қалыптасады. 50
Мамандықты тануда көзқарасы кеңейіп, денсаулығы жаңсарады, саяси сенімі және мәдени-адамгершілік ұғымы артады. Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп өмірінде бірнеше түрлерін атауға болады: 51
• халық қоныс тепкен жерлерді, көшелерді, тротуарларды жөндеуге қатысу, экологиялық
жағдайға орай тазалық сақтау, табиғатты күту, қорғау; 51
• мәдени-ағарту жұмысы оқушыларды белсенділікке, қоғамшылдыққа тәрбиелеп, олардың әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын кеңейтеді; 51
• шефтік жұмыс - адамгершілікке тәрбиелеудің ең жоғары формасы. 51
Ол баланы қамқорлыққа, қайырымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді. Мектеп өміріндегі пайдаланып жүрген шефтік жұмыстарға Отан соғысы және еңбек мүгедектеріне, кері адамдарға, көп балалы аналарға, мәдени мұраларды қорғауы жатады. Өнімді еңбек арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық құндылықты жасайды. 51
Өнімді еңбек жалпы білім беретін орта мектептегі оқу-өндіріс кооперативтері оқушылардың өндірістік бригадалары арқылы жүзеге асырылады. Өнімді еңбек барысында оқушылар өз мүмкіндіктеріне сәйкес жалпы халықтың іске үлес қосады. Оқушылардың өндірістік бригадасының жұмысы екі бағытта жүргізіледі: өнімді еңбек процесін ұйымдастыру және ауылшаруашылық тәжірибелік жұмысын істеу. Сонымен, оқуды еңбекпен ұштастыру, оқушылардың кәсіби ынтасы, қызығушылығы, ауылшаруашылық еңбегін дамытуда, еңбек және адамгершілік тәрбиесін кешенді тұрғыдан іске асыруда оқушылардың өндірістік бригадасының рөлі зор. 51
Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор. "Жас натуралистер", "Жас техниктер", "Жас тәрбиешілер" сияқты үйірмелер оқушыларды еңбекке баулиды, шығармашылық ойларының дамуына көмектеседі. Әрбір оқушының үйірме сабақтарында шығармашылық қатынасы байқалады, әдебиеттерімен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білуге де үйретеді. Оқушының қызғылықты, үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға қатысады және оларды тікелей ұйымдастырады. 51
Еңбекке тәрбиелеу бірқатар педагогикалық шарттарға байланысты: 51
• баланы еңбекке неғұрлым ертерек қатыстыруына; 51
• еңбек әрекетінің қоғамдық мағынасы және өнегелік негізі болуына; 51
• еңбек тапсырмасын орындағаннан кейінгі нәтиже баланың сенімін қуаттануына, қуаныш сезімін артуына; 51
• еңбекті балалардың психикалық және физологиялық ерекшеліктеріне сай ұйымдастыруына; 51
• кіші мектеп жасындағы балалардың еңбегін ойынмен ұштастыруға. 52
Осы сияңты шарттарды, талаптарды еңбек процесінде ұтымды пайдалану мұғалімнен іскерлік пен педагогикалық шеберлікті талап етеді. 52
ІІІ. Эксперимент жұмысы 52
Курстық жұмыстың тақырыбы бойынша эксперимент жұмысы Шығыс Қазақстан облысы, ауданы кентінің орта мектебінде өтті. Бұл мектептің эксперимент сыныбына 4 «А» сыныбы, ал бақылау сыныбына 4 «Б» сыныбы алынды. Екі сыныптың оқушылар саны 20 баладан. 52
Эксперимент жұмысының мақсаты – бастауыш сыныптарда оқушыларды еңбекке тәрбиелей отырып, оқушылардың еңбек белсенділігі мен қызығушылықтарын ояту. 52
Соған байланысты курстық жұмысымыздағы жүргізген зерттеудің эксперимент сыныбымен төмендегі түрдегідей жұмыстарды өткіздік. 52
Бастауыш сыныптарда оқушыларды еңбекке тәрбиелеуді ұйымдастыруда сыныптан тыс жұмыстар мен сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай жұмыстардың тиімділігін атап өтсек: жұмыс құрылымының ұйымдастырылуына, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлы, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен іс-әрекеттің жүзеге асуына, оқыту уақытының үнемдеуге пайдалы. 52
Оқушылармен жүргізілетін еңбекке тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыруда оқушылардың бойында қалыптасатын тиісті дағдылар мен іскерліктерді көрсетсек: 52
1) өзіндік пікірлерін дәлелдеу; 52
2.пікірталастар мен талқылауларға қатысуы; 52
3.өзінің жолдасына, мұғалімдерге сұрақ қоюы; 52
4.жолдасының жауабына пікір айту; 52
5.сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау; 52
6.үлгермеушілерге түсініксіз жерлерін түсіндіру; 52
7.өз бетімен күрделі тапсырмаларды таңдау; 52
8.танымдық тапсырма шешімін табуда неше нұсқасын көрсету; 52
9.өзіндік
бағалауға жағдай туғызу, өзінің танымдық 52
және практикалық әрекетін талдау; 52
10) танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін 52
әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы орындау. 52
Оқудағы белсенділік оқып-үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынтаның пайда болуымен, назар мен ой-сана операциясының бағыттылығымен (талдау мен синтез, салыстыру мен жинақтау т.б.), оқып жатқан материалды түсінумен бейімделінеді. 52
Оқушыларды белсендіруде мұғалім оқушылардың қабілеттері мен қызығушылығын, сыныпта жақсы ахуал орнату, олардың ар-намысына тимеуді және жетістіктерін мақтау, тиімді әдістер арқылы, шығармашылық сабақтар ұйымдастыру, өзіндік жұмыс істеуге мүмкіндік беру т.б. қажет. 52
Эксперимент барасында оқушылармен жүргізілген өткізілген жұмыс түрлеріне тоқталайық. 53
Эксперимент барысында жүргізілген әңгіме, пікір-талас, лекция, конференция сабақтарының жоба тақырыптарын ұсынамыз: 53
Сабақта ұлттық фольклор, қолданбалы сәндік өнер, халықтың музыка, айтыс, терме өнері кеңінен қолданылды. Киім кию, жүріс-тұрыс, қонақ күту, сый-сияпатқа толып жатқан эстетика элементтерді элементтерді қолдана отырып, әдемілік пен әсемдікке баулуда тәрбие берудің тиісті құралына айналдырдым. Сондықтан «Өнер көзі - халықта», «Шебердің қолы ортақ» деген тақырыпта әңгіме-диспут сабақ өткіздік. 53
Халық ертегілерінен кейін әдеби ертегілере орын беру, лирикалық шығармалардан кейін оны жалғастырып, басқа тақырыптағы басқа автордың лирикалық шығармаларын оқыту – сыныптан тыс оқу сабақтарын ұйымдастырудың келесі мәселелерінің бірі. 53
Әуезовтың «Әжемнің әңгімесін» өткеннен кейін, Ана тақырыбына жазылған Ғ. Мүсіреповтің «Ананың арашасы», «Ананың әңгімесі», «Ер ана» әңгімелерін сыныптан иыс оқуды дұрыс болып келеді. 53
Концерт сабақ, әдеби ойын сабақтары, жарыс сабақтары, жәрмеңке сабақ, сабақ – викторина, саяхат сабағы, «Бізде ертегі кейіпкерлері қонақта» атты кездесу сабағы немесе «Алақай, Тазша баланың ертегісін тыңдайық!» атты әңгіме сабақтары балаларды көңілдендіріп жіберетіні сөзсіз. 53
Мектепте сыныптан тыс оқу жұмысын мектеп кітапханашысы мен сынып жетекшісі басқарады. Оқушыларға кітапты ұсынбас бұрын әр түрлі дайындық жұмыстары жүргізіледі. 53
1.Оқушыны балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты түсініктерін байқайды. 53
2.Әрбір оқушы қандай дәрежеде оқи алатынын тексеріп біледі. 53
3.Әңгіме, мақала, өлең, ертегі сияқты көркем шығарма жанрларын оқу 53
үстінде оқушыларға әңгіменің я мақаланың ой түйінін, негізгі идеясын анықтай білуге үйретеді. 53
Көркем шығармаларды оқыту ғана емес, әдеби әдістер дәстүр мен жаңашылдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктер, поэтикалық таңдаулар сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді. Сыныпқа, кітапханада «Әлем әдебиетінің асылдары», Адамзаттың Айтматовы», «М. Әуезов әлемді аралап кетті» сияқты кітап көрмелерін жасадық. Сондай- ақ осы кітап көрмесінің әр тақырыбына сабақ өткізу, оны баяндама, пікір, аннотация, дәріс оқу әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асыру тиімді болып келді. 54
Айтматов «Адамзаттың Айтматовы» - осы бір атаудың мәні ашылады. Неге қырғыздың Айтматовы адамзаттың Айтматовына айналды? 54
1.«Ақ кеме». Жазушы көрегендігі, абыздығы неде? Повесть неге осылай аталған? Қандай әлемдік проблемалар көтерген? 54
2.Жазушы шығармаларындағы миф, қиял, фольклор үлгісі, ұлттық бояу. 54
3.Жазушы еңбектеріндегі экология, мораль, дін, сенім, гуманизм мәселелері. 54
4.Айтматовтың әлемнің адамзат әдебиетіндегі орны. 54
Халқымыздың салт – дәстүріне жас жеткіншектерді тәрбиелеу ісіне пайдалану мақсатында «Қазақ халқының салт – дәстүрлері» курсының бағдарламасы жобасын ұсындық. 54
1. Қазақтың дәстүр - салттары туралы түсінік – 1 сағат. 54
2. Бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүрлер – 13 сағат. 54
3. Тұрмыстық салт – дәстүрлер – 20 сағат. 54
4. Әлеуметтік – мәдени салт – дәстүрлер – 24 сағат. 54
5. Жаңа заман салт – дәстүрлері – 10 сағат. 54
6. Қорытынды. Салт-дәстүрлер - халақ тәжірибесі - 2 сағат.1 54
Сыныптан тыс жұмыстардың ішінде қызықты кездесулерді де өткіздік.
Кездесуге, әдетте өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы озаттары, Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері, жазушылар мен ауған соғысының ардагерлері т.б. шақырылды. 54
Мұндай қызықты кездесулер оқушылардың патриотизм мен адамгершілік қасиеттерін, еңбекке, еңбек адамдарына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге, солардың негізінде түрлі мамандық адамдарымен жақынырақ танысуға көмегін тигізді. 54
Дебат – командалық, ұжымдық ойлау жұмысын өткіздік. Бұл сайысқа қатысқан оқушының әртүрлі көзқарас білдіруде ойы белсенді дамыды, көпшілік алдында пікірін айтуға дағдыланды, мұқият ойланып, өз көзқарасын орнықтырып, мәселені өзінше түсінуге, сын тұрғысынан ойлауға үйренді. «Экология» деген тақырып бойынша оқушылармен экология, экологиялық аймақтар туралы, шешудің шаралары туралы дебат сайысын өткіздік. 54
Тәжірибе жасатуда оған ұжым болып дайындалу басты рөл атқарды. Бұнда жалпы жоспарды құру, істелетін тәжірибені талқылау, тақтаға тәжірибе жасалатын заттың суретін немесе кескінін іліп қою, тәжірибеге дейін оқушыларға өз беттерінше сол туралы мғлұматтар жинату және т.б. аталған жұмыс түрлері толық атқарылғаннан кейін ғана тәжірибені жүргізуге кіріседі. Соның нәтижесінде оқушыға тек ғана ауызша айтып, талқылағанды қағаз бетіне түсірткіздік. 54
Тәжірибе. Эксперимен немесе тәжерибе-арнай жасалған жағдайларда ұйымдастырылған бақылаудың ерекше түрі. Серуендер немесе табиғат мүйісінде және мектеп учаскесінде оқушыларды жай тәжірибе жасауға тартудың бақылағыштығын және білуге құмарлығын дамыту үшін, заттар мен табиғаттағы құбылыстарға белсенді де дұрыс көзқараста болуға тәрбиелеудің маңызды зор болды. 55
Тәжірибе көмегі арқылы балаларды су мен тыңайтқыштың өсімдік тіршілігіндегі рөлі жөнінде білді. Дегенмен өсімдіктерге зиян келтіретін тәжірибелелермен айналысуға болмайтынын ескерген жөн. Тыңайтқыштармен тәжірибе жасағанда да осы секілді қателіктерді жіберіп алмас үшін жұмыстар жүргіздік. 55
Орманға саяхат. Табиғаттағы күзгі құбылыстарғы бақылау жүргізу үшін орманға 2-3 экскурсия өткізіледі. Балалардың маусымдық өзгерістерді бақылауын жеңілдету үшін экскурсияны белгілі бір жерге жүргізіп отырдық. Экскурсия барысында балалар сол табиғатқа байланысты өлеңдер мен әңгімелерін, жұмбақтарын айтып берді. Бұндай сабақ оларға өте ұнайды. 55
Оқушылардың өз бетімен жұмыстарын ұйымдастыруда реферат жазуды ұсындық. Реферат жаздыру - дәстүрлі оқытуда да өз бетімен шығармашылық жұмыстың өнімді жолы болып келеді. Оқу тәрбие үрдісін технологияландыру – қазақ тілі пәніндегі реферат жазудың да өнімді жаңа жолдары, әдістемесінен ізденуді талап етеді. 55
Ең алдымен, реферат жаздырудың дәстүрлі оқытуда бар түрлерін жаңартып, тың жолдарын іздеу ойластырылды. Рефераттардың тақырыптары әрбір жаңа сабақтың тақырыбына байланысты алынып отырды. Оған: «Қазақтың салт-дәстүрлері», «Мақал-мәтел сөз мәйегі», «Жаңылтпаштар», «Наурыз мерекесі» және т.б. 55
Эксперимент жұмысымызды қорытындылай келе, жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу барысында эксперимент 4 «А» сыныбында жүргізіліп ұйымдастырылған барлық сыныптар оқушылар арасында үлкен жетістікке жетті. Яғни, эксперимент сыныбында жүргізілген барлық жұмыстардың барысында оқушылардың өзбетінше жұмысқа деген белсенділіктері артты, жүргізілген жұмыс түріне деген қызығушылықтары дамыды, оқушылардың бойында жекеленген қасиеттері дами түсті. 55
Соның нәтижесінде эксперимент сыныбының оқу-тәрбие үрдістері оң жолға қойылды. Ал, бақылау сыныбында жүйелі түрде ұйымдастырылмай жүргізілген сыныптан тыс жұмыстардың қорытындысы төмен болды. Олардың нәтижесін мына төмендегі диаграммадан көруге болады. 55
Еңбек тәрбиесінін мақсаты – балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуте даярлыктарын, мамандықты саналы таңдауларын қалыптастыру. 55
Еңбек тәрбиесінің міндеттері: 56
– оқушыларды еңбек іс-әрекетінің әр түріне мақсатты бағыттайтын жалпыға пайдалы еңбек қажеттілігін қалыптастыру; 56
– белсенділік, іскерлік, еңбекті құрметтеу сияқты қасиеттерді дамыту; 56
– тұлғаның қайсарлығын, ұқыптылығын, тапқырлығын, ептілігін және басқа да жігерлік қасиеттерін дамытатын қажетті дағдыларды бекіту; 56
– жастарға кәсіптік бағдар беру, оқушыларды еңбек іс-әрекет түрлерімен уақытылы таныстыру; 56
– оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, ұжымдық еңбекте ынтымақтастық
және өзара көмектесу, өзара жауапкершілік сезімдерін дамыту. Еңбекке тәрбиелеудің шарттары: 56
• Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау. 56
• Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру. 56
• Мамандықты таңдауға дайындау. 56
Еңбектің тәрбиелік қызметін оқушы бойына дарыту барысында оның экономикалық (дәрежесіне) нәтижесіне мән беру қажеттілігін ғалымдар дәлелдеп берді. 56
Еңбек нәтижесіз болса, ол адам бойында еңбекке деген жек көрушілік сезімін туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты ұйымдастырған еңбек үрдісінде еңбектің бір түрінен екінші түрі туындап, үздіксіз еңбек ету адам ағзасының күнделікті дағдысына айналады. 56
Тұлғаның ақыл-ой, дене, адамгершілік және басқа жақтарынан дамуының нәтижесі оның мамандық таңдау даярлығына жггкілікті дәрежеде әсер ететін болады. Бүгінгі заманда жұмысты жалпы адамзаттың құндылыққа, өзара түсінушілікке, ынтымақтастыққа бағдарлау мен құра білу табысты еңбек етудің кепілі болып табылады. 56
Еңбек тәрбиесінің ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі -жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өздері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді. 56
Сондай-ақ, ол "Балалар жұмыс істейтін бағы, бақшасы, аз да болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес", - деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да ерекше мән берді. "Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол өте пайдалы тынығу" - деп есептеді. 56
Халық педагогикасынан орын алған еңбек және еңбекке тәрбиелеу қазіргі педагогика теориясы принциптерімен ұштасып жатыр. Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылық жасайды. Шығармашылық еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды. Қоғамның басты талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдағы байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу болып табылады. 56
Кәсіптік бағдар беру дегеніміз - педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс. 57
Мамандық туралы жеткіліксіз білу - мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соңтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады. 57
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей: 57
• Оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру. 57
• Кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу. 57
• Мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу. 57
• Оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу. 57
Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге), кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу (профотбор), кәсіптік бейімделу жатады. 57
Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің орталығы жалпы, политехникалық білім беретін орта мектеп. Кәсіптік бағдар беру жүйесінде кәсіптік диагностика, кәсіптік білім беру, кәсіптік консультация, кәсіптік іріктеу, кәсіптік адаптация кіреді. 57
Кәсіптік диагностика – кәсіптік бағдар беру мақсатына байланысты әрбір оқушыны зерттейді. Осының нәтижесінде мамандықты таңдауда оған баланың дайындығын, ынтасын, қабілетін анықтайды. Ол үшін мынандай әдістерді қолдануға болады: оқушылардың құжаттарын, іс-әрекетінің жемісін (жеке іс, сынып журналы, шығармашылық жазбалар, қол өнер бұйымдары т.б.) талдау; практикалық іс-әрекетін, жүріс-тұрысын (мектепте, қоғамдық ұйымдарда, отбасында, еңбекте) зерттеу, анкета мәліметтерін зерттеу; әңгіме-сұқбат; педагогикалық эксперимент; тәуелсіз мінездемені жинақтау әдісі. Бұл әдістердің біразы педагогика, психология ғылымдарында да қолданылады.. 57
Кәсіптік білім беру – кейде ақпарат деп те аталады. Кәсіптік білім беру – бұл әр түрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде оқушыларды біліммен қаруландыру. Кәсіптік білім беру барысында жастардың қызығушылығын, бейімділігін, психофизиологиялық қасиеттерін еске алу қажет. 57
Мамандықты саналы таңдауда екі факторды еске алу керек: 58
1.оқушылардың білім деңгейі; 58
2.оқушылардың жеке қасиеттері. 58
Қорытынды 61
Қорыта келгенде әлемдік бәсекелестік заманда әр адамның білім санасы, қабілет деңгейін іскерлік деңгейін, іскерлік мүмкіндіктерін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіндегі өткір қойылып отырған мәселелерінің бірі. 61
Демек, қазіргі таңда бәсекеге қабілетті интелектуалдық күші жеткілікті маман кадрлар әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономикасы дамымайтыны белгілі. 61
Бүгінгі заманда жұмысты жалпы адамзаттың құндылыққа, өзара түсінушілікке, ынтымақтастыққа бағдарлау мен құра білу табысты еңбек етудің кепілі болып табылады. 61
Еңбек тәрбиесінің ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі -жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өздері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді. 61
Сондай-ақ, ол "Балалар жұмыс істейтін бағы, бақшасы, аз да болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес", - деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да ерекше мән берді. "Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол өте пайдалы тынығу" - деп есептеді. 61
Еңбек тәрбиесі отбасында да әр түрлі жолдармен іске асады. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуге кеңінен қатыстырылады. Олар үй шаруашьшығында көптеген міңдеттер атқарады; отбасы бюджетіне, оның пайдалануына қатыстырылады. Балалар мен ересектердің бірлесіп жұмыс істеуінде отбасының мүмкіншіліктері зор. Еңбек тәрбиесінің құрамды бөлігі болып экономикалық тәрбие саналады. 61
Оқушылардың еңбек тәрбиесі мектепте, кәсіптік техникалық училищеде өткізіледі. Еңбек тәрбиесінің жүйесіне түрлі іс-әрекеттері кіреді. Олар: оқу барысындағы еңбек, сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстар; өзіне-өзі қызмет ету; қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек. 61
Педагогика ғылымы еңбек тәрбиесін жас ұрпақты отбасы мен мектепте тәрбиелеудің жалпы үрдісінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Оқушыларды еңбек етуге, еңбекқорлыққа баулу, оларға кәсіптік бағдар беру қазіргі таңда барлық оқу жүйесінде оқушы әрекетінің белсенділігін қамтамасыз етудің бір тәсілі болып табылады. 61
Әдебиеттер тізімі 63