УДК 371.134
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ІКЕМДІЛІГІН
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Аннотация: Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының оқу ікемділігін инновациялық технологияларды іске асыру дайындығын қалыптастырудың теориялық негіздері толық ашылған. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде педагогтардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Түйін сөздер: бастауыш сынып, технологиялар, оқу ікемділігі, дамыту, педагогикалық шарттар.
Аннотация: В данной статье полностью раскрыты теоретические основы формирования гибкости обучения младших школьников и готовности к внедрению инновационных технологий. Одним из важнейших вопросов является освоение научно-педагогических основ инновационной деятельности педагогов в образовании и воспитании подрастающего поколения в соответствии с запросами общества.
Ключевые слова: начальная школа, технологии, гибкость обучения, развитие, педагогические условия.
Abstract: In this article, the theoretical foundations of formation of learning flexibility of primary school students and readiness to implement innovative technologies are fully disclosed. One of the most important issues is the mastery of the scientific and pedagogical foundations of the innovative activity of teachers in the education and education of the next generation in accordance with the demands of the society.
Key words: elementary school, technologies, learning flexibility, development, pedagogical conditions.
ХХІ ғасырда білім мазмұнының жаһандануы, инновациялық және ақпараттық технологиялардың тез даму тенденциясы білім мазмұны мен оқытудың әдіс-тәсілдеріне жаңаша көзқарасты талап етеді.
Еліміздің білім беру жүйесін дамыту стратегиясы «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» айқындалып, оның мазмұны қоғамның даму талаптарына сай жастардың бойында білімділік пен бәсекеге қабілеттілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталып отыр. Жаңа экономикалық қатынастардың үдемелі инновациялық сипаты адам капиталын дамытуды алға қою туралы көзқарастарды тудыруда [1].
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір студентның қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі — оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Қоғамдағы әлеуметтік-мәдени жағдай әр педагогтың қазіргі таңдағы қоғамның сұранысына және өзінің қажеттілігіне, қызығушылығына, мүмкіншілігіне сәйкес білім мен тәрбие алуын қажет етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» [2] заңы білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық құндылықтармен, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған білім беру үшін қажетті алғы шарттарды жасау.
Болашақ педагогтарды әлемдік және отандық мәдениеттің ортақ мәселелерін бағдарлауға, жалпы адамзаттық құндылықтарды игеруге, демократиялық және жаңа әлеуметтік-мәдени ортада өмір сүрудің жаңа ережелерін үйренуге, ұлттық сана-сезімді дамытуға үйрету қажет [3].
Педагог студенттерге қоғамдық тарихи тәжірибенің таңдаулысын меңгертуге, білім ғана емес, ғылыми дүниетаным, ұлттық мұрат, азаматтық позицияны қалыптастырып, рухани-адамгершілік тәрбиесін беруі және шығармашылықпен ойлауына мүмкіндік туғызып, қиын жағдаяттардан шығу іскерлігін қалыптастыруы қажет.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңестігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісінде нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, педагог іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» [2] Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ...оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, әр педагогтің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарымқатынасқа өту қажеттігі туындайды [4].
Сондықтанда қазіргі қоғамымызда әрбір оқытушы өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдістәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.
Мұндай нақты міндеттер жоғары оқу орындарында кәсіби маман даярлау үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырудың тиімділігін ескерсек, қарастырып отырған мәселенің өзекті екендігі байқалады.
Яғни, келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беретін кәсіптік білім оқытушыларын инновациялық технологиялар негізінде кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздерін қарастыру маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Пайдаланылған дереккөздер тізімі
1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. еdu.gov.kz
2. Қaзaқcтaн Pecпубликacының Бiлiм туpaлы зaңы. / Eгeмeн Қaзaқcтaн,1999. 3-бeт
3. Қaзaқcтaн Pecпубликacының 2025 жылғa дeйiнгi бiлiм бepудi дaмыту тұжыpымдaмacы. Acтaнa, 2020. 7-бeт
4. «Бiлiм» бaғдapлaмacы.// Қaзaқcтaн мeктeбi 2004.№3 35-бeт.
Достарыңызбен бөлісу: |