Бастауыш сыныпқа арналған біркелкі
орфографиялық тәртіп
Мазмұны
1. Дәптерлерді толтыру ережесі
2. Дәптерлердің мұқабасын толтыруды үйрету.
3. Қазақ тілінен жазба жұмыстарын хаттау.
4. Каллиграфиялық әдетті ұйымдастыру жұмыстарын хаттау .
5. Математика пәнінен жазба жұмыстарын хаттау .
6. Бастауыш сыныпта күнделік жүргізуді алға қою .
Орфографиялық тәртіпті бастауыш мектепке енгізу .
-
Дәптерді хаттау мен оларды дұрыс толтырылуын қадағалау .
-
Дәптердегі барлық жазулар каллиграфиялық ұқыпты жазумен жүргізілуін қадағалап ,бақылау геометриялық фигураларды сызу жай қарындашпен жүргізіледі.
-
Бастауыш мектепте оқушылар оқу барысында барлық пәннен бақылау жұмысына және сыныпта орындалатын жұмысқа арнап дәптерлер бастайды.
Математика пәні бойынша:
№1 №2(ағымдағы жұмыстарға)
№3 (бақылау жұмысына)
Қазақ тілі пәні бойынша:
№1 №2 (ағымдағы жұмыстарға)
№3 (диктант жұмысына)
№4 (тіл дамыту)
Әдебиеттік оқу пәні бойынша:
№1 (ағымдағы жұмыстарға:)
№2 мазмұндама мен шығарма 1 дәптерге жазылады
Сауат ашу пәні бойынша:
№1 №2 (үлгі дәптерлері)
Қазақ тілі пәндерінен мазмұндама мен шығарма шығармашылық сипаттағы жұмыс түрлеріне жататындықтан, толтыру барысында № 4 тіл дамыту дәптерлеріне жазылады .
-
Әдебиеттік оқу пәні бойынша суреттер , шығармаларға жоспарлар, әдеби терминдерге анықтама, шығармашылық жұмыстар күнделікті жұмыс дәптеріне жазылады.
-
Әдебиеттік оқу пәні бойынша мазмұндамалар, шығармалар жеке 1 дәптерге жазылу керек.
-
Дүниетану сабақтары үшін баспа негізіндегі дәптерлер қолдануға мүмкін, бірақ көбінесе оқушылардың жұмыс дәптерлері бар .
-
Бағдарламаға сай ән-күй, ағылшын тілі, факультативтік курстарға дәптерлер арналады.
Дәптерлердің сыртын біркелкі толтыру:
2 -3- 4 сыныптың жазба жұмысына арналған дәптерлерінің сыртын оқушы өзі толтырады, күнделікті жұмыс дәптерлерін де оқушы өзі толтырады.
1 сынып оқушыларының дәптерлерінің сыртын компьютермен басылған түрде жазуға болады.
Дәптердің сыртын каллиграфиялық дұрыс ,ұқыпты жазумен толтыру керек .
«Балқаш қаласы
жалпы білім беретін
№___ орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2 «Ә» сынып оқушысы
Болатов Әділдің
қазақ тілі пәніне
арнаған дәптері
(математика дәптері, дүниетану дәптері, диктант дәптері, бақылау жұмысы, тіл дамыту дәптері, т.б.с.,с.)
-
Дәптердің сыртындағы сандар араб цифрларымен толтырылады .
-
Аты-жөні ілік септігінде жазылады. Балалардың сауаттылығын ашу мақсатында қатемен жұмыс диктант дәптерлеріне жүйелі түрде жүргізілу керек, математика пәнінен қатемен жұмыс бақылау жұмысына арналған дәптерге жазылады.
-
Бастауыш сыныпта жұмыс дәптерлері міндетті түрде күнделікті тексерілуі тиіс. Бақылау жұмыстарының тексерілуі ертеңгі күні дайын болуы керек .
-
Математика пәнінен бақылау дәптерлері уақытында тексеріліп отырылады. Сыныпта оқу жылының аяғына дейін сақталады.
-
Балалар жұмысы қызыл түсті (қаламмен ) тексеріледі. Бағалау ережесіне сай бағаланады.
-
Үй жұмысы мен сынып жұмысынан кейін 2 жолға шегініп, 3жолға жазамыз .
-
Азат жолды сақтау кезінде оңға қарай сұқ саусаққа жылжимыз. Бірінші сыныптан бастап азат жолды сақтау ,жаңа жұмыс түрлерін жүргізу кезінде жүзеге асырамыз .
-
Жұмыс барысында бос жол қалдырылмайды.
-
Жаңа (жол) бет ең жоғарғы жолдан басталады беттің ең соңына дейін жазылып бітеді.
-
Әрбір жолды жазар кезінде сол жақ шетінен 0,5 см шегінеді .
-
Жазу жолы толық қамтылу қажет. Толық қамтылмаған жағдай оқушының тасымал ережелерін білмеуін көрсетеді!!! Сөзді тасымалдау ережесін міндетті түрде қолдану керек .
-
Қазақ тілінен ,математикадан күнді жолдың ортасына жазылады .
-
1 сыныптың II жартыжылдығынан бастап, 2-ші сыныптың II жартыжылдығына дейін күн реті арабша ай аты толық жазылады. Мысалы: Қыркүйектің 7-сі
-
2 сыныптың II жартыжылдығынан бастап, 4 сыныптың аяғына дейін күн реті және ай аты жазбаша түрде жазылады.
Қыркүйектің жетісі
Сынып жұмысы
12-жаттығу.
-
Жұмыстың нұсқасы жаңа жолдан тура ортаға немесе дәптердің жиегіне жазылады .
-
Жаттығу деген сөз екінші сыныптан бастап толық жазылады .
-
Дәптердегі жаттығу реті саны толық жазылады .
-
Бағандап жазу кезінде сөздер бірінің астына бірі жазылып, арасына үтір қойылмайды, бірінші сөз бас әріппен жазылады .
-
Сөздер тек қана дауыссыздарға қысқарады.
-
Септіктер бас әріппен жазылады. Сөздердің үстіне септік атауын жазу қаламмен немесе үшкір қарындашпен жүзеге асады .
-
Балалардың назарын тиісті тыныс белгілеріне аудару қажет.
-
Математика пәнінен бекітілген термин сөздер (см....) қысқартылғанда нүкте қойылмайды
-
1-2 сыныптың оқушылары кіші жол дәптерге жазса ,ал 3 сыныпта үлкен жол дәптерге жазады.
-
Оқушылардың каллиграфиялық дағдыларын жетілдіру үшін көркем жазуға 2-3-4 сыныптарда әрбір грамматика сабақтарында шамамен 3-5 минут уақыт бөлінеді. (қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес)
-
Балалардың назарын тақтадағы жазуларға, қаламды дұрыс ұстауына, отырыстарына дәптерлердің түр-сипатына назар аудару керек.
-
Шығармаға 1 баға қойылады, мазмұндамаға 3 сыныптың II жартыжылдығынан бастап 2 баға қойылады. Диктант егер грамматикалық тапсырмасымен қоса болса 2 баға қойылады.
-
Қатемен жұмыс деген сөзді қ.ж. деп алуға болады. Себебі қатемен жұмысқа 45 минут уақыт берілмейді
Математика пәнінен жазба жұмыстарын қаптау.
-
Сынып жұмысы мен үй жұмысының арасына 4 тор тастап 5 торға жазу керек.
-
Әр тапсырманың арасына 2 торкөзден тасталады.
-
Бағандардың арасына 3 торкөз тасталады.
-
Күнді тура ортаға немесе шетіне жазуға болады. Жауабы деген сөз шешудің астына бас әріппен жазылады. Бірінші сыныпта жауабы қысқа жазылады.
-
Ұзындық ,ені деген сөздер қысқартылмайды.
Есепті шығару барысында мыналарды есте ұстаған жөн:
-
Қысқаша шартындағы сөздер толық, бас әріппен жазылады.
-
Шешуі, жауабы деген сөздер толық жазылады.
-
Егер есеп амалдап шығарылса, атау жақшаға алынып, түсіндірмесі толық жазылып, жауап қысқашы , кіші әріппен жазылады.
-
1 амалды есепте түсіндірме жазылмайды. Тек жауап толық жазылады.
-
Егер есеп өрнекпен шығарылса, атауы жақшаға алынып, түсіндірме жазылмайды.Жауап кіші әріппен қысқаша жазылады.
Мысалы:
Есеп:
Сәбіз-5 кг ?кг
Картоп-?,3 кг артық
Шешуі: 1) 5+3=8 (кг)- картоп
2) 5+8=13 (кг)- барлығы
Жауабы: 13 килограмм картоп.
Сәбіз-5 кг ?, кг
Картоп-?,3 кг артық
Шешуі: (5+3)+5=13 (кг)
Жауабы: барлығы 13 килограмм көкөніс сатылды.
Амалдардың орындалу тәртібі:
3 1 4 2
3450-145*2+1265:5=3413
1)145*2=290
2) 1265 5 3) _ 3450 4) + 3160
6 253 290 253
15 3160 3413
Теңдеу: есептеуі жанына бағандап есептеп жазылады
3 2 1
Х+123- 56*2= 638
Х+123-112=638
Х+123=638+112
Х+123=750
Х=750-123
Х=627
627+123-56*2=638
638=638
Есеп:
Тіктөртбұрыштың ұзындығы 12 см, ал ені 6 см-ге тең. Тіктөртбұрыштың аудан мен периметрін есептеп шығар.
Берілгені: Шешуі:
а=12 см Р=(а+в)·2
в=6 см Р= (12+6)·2
Р - ?см Р=36 (см)
S - ?см2 S=а·в
S=12·6
S=72 (см2)
Жауабы: Р=36 см, S=72 см2
Фигураны сызу қажет болғанда ғана орындалады.
А В
С Д
Математикалық диктант жазарда келесі талаптарды орындау қажет.
-
Бір клетка жіберіп жауаптарын үтір арқылы бір жолға жазады.
-
Санмен қоса өлшем бірліктерін көрсету қажет.
Бастауыш мектепте күнделік бастау жұмысы.
Күнделік мемлекеттік құжат болып табылады.Оны жүргізуде бірнеше талаптар қойылады.
Күнделіктің болуы бірінші сыныптан бастап талап етіледі. Кейбір кезде ата-аналар жиналысы мен пед. кеңестің ұйғарымымен 2 сыныптан бастауға болады.
Күнделік бастау ата-ана мен мұғалімнің арқасында жүзеге асады.Сондықтан сынып жетекші кейбір талаптарды оқушыға жеткізуге міндетті.
-
Күнделік көк сиямен таза ұқыпты сауатты толтырылуы керек. Бірінші беттен бастап түгел беттері толуға міндетті.
-
Оқу кестесі, сабақ кестесі, үзіліс кестесі, сабақтардың мұғалімдердің аты-жөні,мұғалімнің басшылығымен толтырылады.
-
Айдың және пәннің аты кіші әріппен жазылады.Қысқаша жазуға болады.Үй жұмысы туралы баған толтырылуы тиіс.
-
Баға және қол қою деген бағанда мұғалімнің бағасы мен қолы тұруы тиіс. Баланы мақтап қолдап «Жарайсың ! Тырысу керек» деген сөздер бастауыш сыныпта жазуға рұқсат етіледі.
-
Күнделіктің жүргізілуін күнде сынып жетекшісі тексереді.
-
Күнделікке баға және мадақтаулар мен ескертулер көк түспен ғана жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |