Батыс Лотиан Кеңесінің оқу-психологиялық қызметі Сындарлы кері байланыс деген не?



бет1/3
Дата24.01.2023
өлшемі29.89 Kb.
#468656
  1   2   3
Қосымша тапсырма 2


Батыс Лотиан Кеңесінің оқу-психологиялық қызметі


Сындарлы кері байланыс

Сындарлы кері байланыс деген не?
Сындарлы кері байланыс дегеніміз оқушылардың алға қойған мақсаттарына жетістігін қалай жақсартуға болатындығына байланысты оған кеңес беру болып табылады. Бұл мұғалімдер үшін, ең аз күш салумен ең жоғары тиімділікті қамтамасыз ету арқылы оқушылар жетістігінің деңгейін көтеретін ең тиімді тәсіл (Sutton Trust, 2011).
Сындарлы кері байланыс неліктен маңызды?
Сындарлы кері байланыс оқушыға дамыту салаларын анықтап, қолдау көрсетеді, оқыту әрекеттіне дер кезінде түзету енгізуге мүмкіндік береді. Жай ғана 10 балл немесе баға қою оқушыларға үлгерімін көтеру үшін не істеу керек екендігін көрсетпейді. Ұпайлар мен бағалар түсіндірмемен берілген кезде оқушылар әдетте түсіндірмелерге назар аудармайды (Black and William, 1998). Ұпайлар мен бағалар сондай-ақ оқушылардың жетістік деңгейіне кері әсер етуі де мүмкін, өйткені олар оқушының эгосына бағытталған; олар іс жүзінде назарды оқу үрдісінен топтағы оқушылардың: «Сен неше алдың?» сұрағына қарай ауыстырады. Нашар баға алатын оқушылар (өздерінің құрбыластарымен салыстырғанда) тәуекелге бейімсіз, уәжсіз болып қалады да, болашақ тапсырмаларға бұрынғыдай емес, аз күш салатын болады.
Оқушы білуі керек нәрсе – ол, оқу бағыты бойынша табысты ілгерілеу үшін оның қолынан келетіні, ол қандай білім мен дағдыларды дамыту керектігі және ол келесі қандай қадам жасау керек екендігі. Ақпараттық кері байланысты пайдалана отырып, мұғалімдер оқушыға осындай ақпаратты пайдалы, мөлшерлеп бере алады (Clarke, 1998).
«Кері байланыс мақтауды немесе жазғыруды, мақұлдауды немесе мақұлдамауды көздемейді: ол үшін бағалау бар – баға қою. Кері байланыс бағаға байланысты емес, ол сіздің не істегеніңізді және нені істемегеніңізді сипаттайды» (Wiggins, 1997)
Сындарлы кері байланыстың сипаттамасы
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет