Сұм соғыстың соңғы нүктесі қойылған бұл күнге жету үшін Кеңес Одағы 27 миллион адамынан айырылды. 1710 қала, 70 мыңға жуық ауыл, 32 мың өндіріс орны, мыңдаған колхоздар, совхоздар қирады
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ
Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі.
Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты.
Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты.
1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколам тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады .
Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді.
Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.
МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН
Генерал И.В.Панфилов бастаған даңқты 28 гвардия дивизиясы құрамында Ұлы Отан соғысына бастанаяқ қатысты. 1автоматшылар ротасының саяси жетекшісі, 2атқыштар батальонының комиссары, полк үгітшісі болған. Мәскеу іргесіндегі қанды шайқаста қаһармандықтың асқан үлгісін көрсеткен.
1943 жылы «Кеңес Одағының Батыры» атанды
1944–1946 жж. КСРО Қорғаныс Министрлігі Жоғарғы Саяси Басқармасы үгітнасихат бөлімінің бастығы болып істеген.
Ленин ордені, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Ұлы Отан соғысы ордендерімен марапатталған. "Қазақ халқының батырлар жыры" кітабы авторларының бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |