Баяндама : Қылмыстық процессте дәлелдемелердi бағалау, соның ішінде бүркеншек куәнінің жауабы



Дата16.06.2016
өлшемі58.5 Kb.
#139838
Баяндама : Қылмыстық процессте дәлелдемелердi бағалау, соның ішінде бүркеншек куәнінің жауабы(ҚР ҚІЖК-нің 101 бабы)

Қылмыстық процессте дәлелдемелерді бағалау ҚР ҚІЖК-нің 15,16 тарауында және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 20 сәуiрдегi N 4 Ќылмыстыќ істер бойынша дјлелдемелерді баєалаудыѕ кейбір мјселелері туралы нормативтiк қаулысында анық көрсетілген.

Қылмыстық iстер бойынша дәлелдемелердi бағалау кезiнде қылмыстық процестi жүргiзетiн орган ҚР Конституциясымен және ҚР ҚІЖК-нің нормаларымен белгiленген принциптердi қатаң сақтауға мiндеттi.
      ҚIЖК-нiң 115-бабының 1 бөлiгiне сәйкес, қылмыстық процестi жүргiзушi орган iс жүргiзу заңымен белгiленген тәртiппен алынған қылмыстық әрекеттiң болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекеттi жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кiнәлiлiгiн не кiнәлi емес екендiгiн, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтау барысында негiзделген заңды түрде алынған iс жүзiндегi деректер қылмыстық iс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
      Қылмыстық iстiң дұрыс шешiлуi сезiктiнiң, айыпталушының, сотталушының, жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтарымен, сарапшының қорытындысымен, заттай дәлелдемелермен, iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталған iс жүзiндегi деректерге ғана негiзделуi тиiс.
      Олар жедел-iздестiру қызметi, қылмыстық iстi қозғағанға дейiн материалдарды тексеру, iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу мен басты сот талқылауы барысында алынуы мүмкiн.
      Заңмен қарастырылмаған көздерден алынған iс жүзiндегi деректер дәлелдемелер ретiнде танылуға тиiс емес. 

      Судья дәлелдемелердi, олардың жиынтығына негiзделген өзiнiң iшкi нанымы бойынша заң мен ар-ожданын басшылыққа ала отырып бағалайды.


      Iшкi наным бойынша дәлелдемелердi бағалау дәлелдемелердiң нанымдылығы, мәлiметтердiң ақиқаттығы немесе жалғандығы, олардың жиынтығында түпкiлiктi, дұрыс тұжырым жасау мен шешiмдi негiздеу үшiн жеткiлiктiлiгi туралы мәселелердi судьяның тiкелей өзi ғана шешетiнiн бiлдiредi.
      Судья   дәлелдемелердi заңды басшылыққа ала отырып, яғни дәлелдемелердi жинау және бекiту тәртiбiн белгiлейтiн құқық нормаларының сақталуын, олардың iске қатысын және жарамдылығын бағалайды.

      Істі қарау барысында сот ҚIЖК-нiң 128-бабына сәйкес, әрбiр дәлелдеменi қатыстылығы, жарамдылығы, нанымдылығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығын қылмыстық iстi шешу үшiн жеткiлiктiлiгi тұрғысынан бағалауға тиiс.


     
      Iс үшiн маңызы бар мән-жайларды растайтын, терiске шығаратын немесе күмән туғызатын iс жүзiндегi деректердi дәлелдемелердiң қатыстылығы ретiнде сот тануы тиiс.
      ҚР Конституциясымен кепiлдiк берiлген адам мен азамат құқықтары бұзылған және ҚIЖК-нiң 116-бабында көрсетiлген мән-жайлар анықталған кезде дәлелдеме жарамсыз деп танылады.
      Iс бойынша дәлелдемелердiң жарамсыздығы туралы мәселенi шеше отырып сот әрбiр жағдайда жол берiлген заң бұзушылықты нақты анықтауы тиiс. Бұл ретте сот жарамды дәлелдемелердi iс материалдарынан негiзсiз алып тастау, сондай-ақ сот отырысында дәлелдемелер ретiнде жол берiлмейтiн нақты деректердi зерттеу жағдайларына жол бермеуге тиiс.
      Дәлелдемелердiң нанымдылығы iс бойынша барлық мән-жайларды ескере отырып тексеру, бiр дәлелдемелердi басқалармен салыстыру жолымен анықталады.
      Егер жиналған дәлелдемелер ҚIЖК-нiң  117-бабында көрсетiлген қылмыстық iс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайларды анықтаса, онда олар iстi дұрыс шешу үшiн жеткiлiктi деп есептеледi. 

      Сот дәлелдемелердi өз бастамашылығымен немесе тараптардың өтiнiмi бойынша жарамсыз деп тануға құқылы.


      Процеске қатысушының дәлелдеменi жарамсыз деп тану және оны алып тастау туралы өтiнiмi дәлелдi болуы тиiс және сот талқылауының кез келген сатысында жазбаша немесе ауызша нысанда мәлiмделуi мүмкiн.
      Жазбаша нысанда мәлiмделген өтiнiм iске қоса тiркеледi, ал ауызша өтiнiм сот талқылауының хаттамасына енгiзiледi.

      Сот iстi қараған кезде тараптардың бәсекелестiгi мен тең құқықтылығы принципiн сақтауы қажет, яғни тараптардың өздерiнiң iс жүргiзу мiндеттерiн орындауына және өздерiне берiлген құқықтарын жүзеге асыруына қажеттi жағдай жасайды.

Сот тараптар ұсынған дәлелдемелердi жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге және оларды заңға сәйкес бағалауға мiндеттi. Iстi дұрыс шешу үшiн сот қылмысты дұрыс саралау және жазаны дұрыс тағайындау үшiн қажеттi, соның iшiнде, сотталушының жеке басын сипаттайтын мәлiметтердi ұсыну бойынша (ұрланғанның құны туралы анықтамалар, үкiмнiң көшiрмесi, соттылығы туралы, отбасы құрамы туралы анықтамалар және т.б.) айыптаушы тарапқа мiндеттер жүктеуге құқылы.

     


      Соттар iс бойынша ұсынылған дәлелдемелердi бағалаған кезде, оларды жинау және бекiту кезiнде айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ететiн заң талаптарының сақталуын мұқият тексеруi тиiс.
     
      Қылмыстық iстi ҚIЖК-нiң  303-бабының талаптарын бұза отырып  (соттың сотталушының қорғану құқығын бұзуына: сотталушы өз кiнәсiн мойындамай отырған кезде, сотталушының кiнәлiлiгiн растайтын дәлелдемелердiң болмауына байланысты қорғаушының өтiнiмi бойынша жiберiлсе; мемлекеттiк айыптаушының немесе жәбiрленушiнiң өтiнiмiнсiз iс ауыр айыпқа өзгерту үшiн қосымша тергеуге жiберiлсе) қосымша тергеуге жiбергеннен кейiн алынған дәлелдемелер жарамсыз деп тануға жатады. 

      ҚIЖК-нiң  37-бабы бесiншi бөлiгiнiң тәртiбiмен прокурор қылмыстық iстi соттан қысқарту үшiн қайтарып алып, бiрақ қысқартпай және оны одан әрi тергеу үшiн жiбергеннен кейiн алынған дәлелдемелер жарамсыз деп немесе iс бойынша жүргiзiлген өндiрiстiң осы бөлiгiнiң күшi жоқ деп танылуы тиiс.

      Iстi ҚIЖК-нiң  363-бабында көзделген қысқартылған тәртiпте қарау жағдайларын қоспағанда, егер соттың үкiмi сотталушы мен жәбiрленушiнiң талданбаған, ақиқаты салыстырылмаған және басқа дәлелдемелермен: куәлардың айғақтарымен, iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамаларымен, сарапшылардың қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және өзге де құжаттармен расталмаған айғақтарының негiзiнде ғана шығарылса, оны заңды деп тануға болмайды. 

      Куәнiң айғақтарын бағалау оларды iстiң мән-жайын нанымды бейнелейтiн фактiлер туралы айқын мәлiметтердi анықтау мақсатында талдауды бiлдiредi.


      Сот әр түрлi куәлардың iс жүзiндегi бiр мән-жайлар жөнiнде қарама-қайшы айғақтарын бағалай отырып, басқа дәлелдемелердiң, айғақтардың өзiндегi қарама-қайшылықтарды талдаудың көмегiмен, бiрi қабылданып, келесiлерi шындыққа сәйкес келмеуi салдарынан терiске шығарылған  дәлелдемелердiң уәждерiн сот актiсiнде көрсетiп, оларды шешуi тиiс.
      Сотта куә ҚIЖК-нiң  82-бабы үшiншi бөлiгiнiң негiзiнде айғақтар беруден бас тартқан кезде, оның алдын ала тергеу барысында берген көрсетулерi жариялана алмайды және дәлелдемелер ретiнде таныла алмайды.

      Егер айғақтар болжамға, жорамалға, қауесетке негiзделсе және куә аталған фактiлер туралы өзiнiң қандай дерек көзден хабардар болғанын көрсете алмаса; осы iс бойынша iс жүргiзу iс-әрекеттерiн жүзеге асыруға өкiлеттiгi жоқ адамның жауап алуы кезiнде, сондай-ақ заңмен белгiленбеген орын мен уақытта (көшеде, кафеде, бөтен пәтерде, негiзсiз басқа елдi мекенге алып шығу арқылы, түнгi уақытта, үздiксiз төрт сағаттан астам және т.б.), кейiнге қалдыруды күтпейтiн жағдайлардан басқа, жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтары жарамды дәлелдемелер деп таныла алмайды.

ҚІЖК-нің 101 бабының талаптарына сәйкес сотта сұралған бүркеншек куәның жауаптары істегі басқа дәлелдемелермен, соның ішінде құпия деректермен бағаланады.

      Кейiнге қалдыруды күтпейтiн жағдайлар деп жауап алуды кешiктiру кезiнде қылмыс iздерiнiң жойылуына, қылмысты жасаған адамдардың жасырынуына, қылмыспен келтiрiлген залалдың орнын толтыру мүмкiндiгiнiң жоғалуына әкеп соғуы мүмкiн жағдайлардың аяқасты туындауын түсiнген жөн.

Сарапшының қорытындысы ретiнде дәлелдемелердi бағалаудың мәселелерi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Қылмыстық iстер бойынша сот сараптамасы туралы" 2004 жылғы 26 қарашадағы N 16  нормативтiк қаулысында түсiндiрiлген.
      Өкiлеттiгi жоқ адамның тағайындауымен немесе қаулысыз, сондай-ақ өзге де заң талаптарының бұзылуымен  жүргiзiлген (сараптама түрлерiнiң жүргiзiлу кезектiлiгi сақталмай) сараптаманың нәтижесiнде алынған сарапшының қорытындысы жарамды дәлелдеме деп таныла алмайды.
      Сарапшының қорытындысын бағалау және оның тұжырымдарының басқа дәлелдемелермен айырмашылығын анықтау кезiнде сот бұл қарама-қайшылықты шешуi тиiс.

      ҚIЖК-нiң  223-бабының төртiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қаралып отырған iске қатысты және қылмыстық процестi жүргiзетiн органның қаулысымен сондай деп танылған, iске тiркелген және үкiмнiң немесе iстi қысқарту туралы қаулы заңды күшiне енгенге дейiн iсте болған заттай дәлелдемелер бағалануға жатады.


      Қылмыстық iс жүргiзу заңы (хаттама жасалмай, куәгердiң қатысуынсыз және т.б.) бұзыла отырып алынған және iске қосылған заттай дәлелдемелер жарамсыз дәлелдемелер деп танылуы тиiс.

      Соттар тергеу әрекеттерiнiң  хаттамаларын бағалау кезiнде, ҚIЖК-нiң 122, 184, 190-2, 221, 231-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, хаттамалар қылмыстық iс қозғалғаннан кейiн және заңда белгiленген анықтау, алдын ала тергеу немесе сотқа дейiнгi жеңiлдетiлген iс жүргiзу мерзiмiнде жасалатынын назарда ұстауы қажет.

      Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасын дәлелдеме ретiнде бағалаған кезде, оның ҚIЖК-нiң 126-бабының талаптарына сәйкестiгiн тексеру қажет.
      Егер тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасын жасаған кезде iс жүргiзу заңдарын елеулi бұзушылықтарға (хаттамада тергеушiнiң, куәгердiң қолы қойылмаған болса және т.б.) жол берiлсе, онда ол жарамсыз дәлелдеме деп танылуы тиiс.
           Iске мүдделi адамдардың (құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, олардың өтiлшiлерi, қылмыстық iзге түсу органдарына тәуелдi адамдар: жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылғандар, әкiмшiлiк қадағалауда жүргендер және басқалар) тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде куәгер ретiнде қатысуы, осы   тергеу iс-әрекетiнiң хаттамаларын жарамсыз дәлелдемелер ретiнде тану үшiн негiз болады.

"Жедел-iздестiру қызметi туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының ережелерiне сәйкес өткiзiлген жедел-iздестiру қызметiнiң барысында және қылмыстық iс жүргiзу заңдарымен белгiленген тәртiпте алынған нәтижелер дәлелдемелер ретiнде таныла алады.


      Жеке өмiрге, тұрғын үйге қол сұғылмауы, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығына азаматтардың конституциялық құқықтарын шектеуге байланысты жедел-iздестiру iс шараларының нәтижелерi, егер олар заңға негiзделсе және осы iс шараларды өткiзу өкілетті прокурордың санкциясымен алынса, онда олар iс бойынша дәлелдемелер ретiнде пайдаланыла алады.
      ҚIЖК-нiң 213, 216 және 218-баптарының талаптары бұзылып ресiмделген «түсiнiктеме», «кiнәсiн мойындап келу», «куә ретiнде жауап алу» немесе өзге де осындай нысандарда адамнан ол қылмыс жасаған деген күдiкке байланысты алынған жауаптар ҚIЖК-нiң 116-бабына сәйкес қылмыстық iс материалдарына тiркелуге және жарамды дәлелдемелер деп тануға жатпайды.
      Егер материалдар прокурордан санкцияны iс жүзiнде алу мүмкiндiгi бола тұра санкциясыз жиналса немесе жедел-iздестiру iс-шараларының заңсыздығы туралы прокурормен шешiм қабылданса, онда олар дәлелдемелер ретiнде жарамсыз деп танылады.

      Қылмыстық iс қозғалғанға дейiн жедел-iздестiру шараларын өткiзудiң нәтижесiнде алынған материалдар қылмыстық iс жүргiзу заңдарымен көзделген iс жүргiзу нысанына келтiрiлуi, тексерiлуi және дәлелдемелер ретiнде бағалануы тиiс.


      Қылмыстық процестi жүргiзетiн орган iс бойынша дәлелдемелердi бағалау кезiнде мемлекеттiк және өзге де құпияларды құрайтын алынған мәлiметтердi қорғау жөнiнде шара қабылдауға мiндеттi.
      Соттар дәлелдемелердi жинау және бекiту кезiнде тергеудiң (анықтаудың) заңсыз әдiстерiн қолданғаны туралы тараптардың өтiнiштерiн тексеру бойынша барлық шараларды қабылдауы керек.
      Iс бойынша сотқа дейiн iс жүргiзу барысында тексерiлiп сұратылған материалдар мен осы арыз бойынша сот талқылауында алынған мәлiметтер, соттың зерттеуiне және оларды жиынтығында бағалауға жатады.
      Сотталғандардың,  iске қатысушы басқа адамдардың өтiнiштерiн тексерудiң нәтижелерi бойынша, анықтау немесе алдын ала тергеу барысында олардың құқықтарының бұзылғаны (қорғаушының ұсынылмауы, айғақтар беруге мәжбүрлеу, шатастыру, қинау, дәрiгерлiк көмек көрсетпеу және т.б.) туралы мәлiметтер iс материалдарында болмаған кезде және сот отырысында толық көлемде оларды тексеру мүмкiн болмаған жағдайда, сот шағым уәждерiн тексеру материалдарымен тиiстi қорытынды ұсыну туралы прокурордың атына қаулы шығаруға құқылы.
      Тергеудiң (анықтаудың) заңсыз әдiстерiн қолданғаны расталған кезде соттар осы ретте алынған дәлелдемелердi жарамсыз деп тануы тиiс.

Судья Ж.Ташимов


     

     






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет