Баяндама тақырыбы: Ғ. Мұстафин прозасындағи тарихи шындық Орындаған: Нуржанова И. К тексерген: Токсамбаева А. О 2022-2023 жыл Қазақ әдебиетінің кең оқырман қауымына атақты «Қарағанды»



бет1/2
Дата08.10.2022
өлшемі20.68 Kb.
#462207
  1   2
тарихи шындық сро


Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім университеті

БАЯНДАМА
Тақырыбы: Ғ.Мұстафин прозасындағи тарихи шындық

Орындаған: Нуржанова И.К
Тексерген: Токсамбаева А.О
2022-2023 жыл

Қазақ әдебиетінің кең оқырман қауымына атақты «Қарағанды», «Шығанақ», «Дауылдан кейін», «Миллионер» сияқты көрнекті туындыларымен әйгілі болған Ғабиден Мұстафин 1902 жылы Қарағанды облысының Тельман ауданында шағын дәулетті отбасында өмірге келеді. Жасынан дарынды бала әуелі ауыл молдасынан оқып сауатын ашады. «Басқа оқу жоқ еді», дейді ол кейін жастық шағын қынжыла, мұңая еске алып.


Білім іздеп, 1916 жылы Спасскідегі қазақ орыс мектебінде сауат ашып, 2-3 сыныптық білім алған жазушының нағыз халықтық талантты өз кейіпкерлерінен де көрінеді. Осы арқылы өз талантын ұштап, қарымды қаламгерге айналған жазушы халықтың мол құрметіне бүгінде бөленіп отыр. Алғашқы сауатын зауытта ашқан Ғабиден Мұстафин кейінгі білімді өмірден алады. Ол төңкерістен кейінгі жылдары ауылда жүргізген кеңестік шараларға қатысып, әр түрлі қызметтер атқарды.
«1925 жылы көктемде Қазақстанның сол кездегі астанасы Қызылордаға оқу іздеп келдім, дейді жазушы. Оқуға түсе алмай, қызмет істеуге тура келеді.Қазақстан жоғарғы сотында қатынас қағаздар тіркеуші болып отырып, газет оқуға үйрендім... 1925 жылдың күзінен бастап «Еңбекші қазақ» газетіне ұсақ хабарлар жаза бастадым. Келесі жылы (1926) очерк, фельетондар жазуға, Сәбиттің «Ақбөпесіне» еліктеп, әңгіме жазуға кірістім».
Астанаға келу, мәдениетті ортада қызмет істеу, оның үстіне өзінің жасынан әдебиетке құмарлығы болашақ жазушыға үлкен ой салады. Ғабиден Мұстафин жазушы болуды армандайды. Ол сот орындарынан келіп түскен еңбекшілердің арыз шағымдарымен таныса отырып, ел ішіндегі әр түрлі бұзықтықтар туралы, сол замандағы халықты қанап келген небір пайдакүнем, арамдық аразы бітпеген байлар мен атқамінерлердің озбырлық, парақорлық қылықтарын әшкерлейтін мақалалар, шағын әңгімелер жазады. Оның алғашқы әңгімесі «Сәрсен мен Мұқаш» 1927 жылы «Жыл құсы» альманағында жарияланады. Ғабиден Мұстафиннің алғашқы әңгімлері 1929 жылы Қызылорда қаласында жарияланып, және басқа әңгімелері басылып шығады.
Мен әрдайым бүгінгі, шамам келгенше ертеңгіні жаздым. Жазушы алдымен, өз дәуірінің жаршысы. Мен өзімнің бойымдағы бүкіл дарыным мен күш қуатымды... халық мүддесіне қалтқысыз, алаңсыз бағыштаған жазушымын. Менің творчествомның өзегі, арқауы, негізі жаңа заман, жаңа адам»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет