Сондай-ақ сан қырлы, ерекше тұлға Ж.Аймауытовтың келесі бір қыры – төл тіліміздегі ұлттық психологиялық терминдерді жасауда ашылады. Ғалым ұлттық психологиялық терминдерді жасауда бай тіліміздегі сәйкес келген кез келген сөзді «термин» ретінде ала бермеген. Ол психологиялық терминдерді жасауда халықтың ауыз әдебиетіндегі інжу-маржандарды ғана ұлттық психологиямыздың қажетіне жаратуға тырысқан. Ғалым қазақтың мақал-мәтелдерін, жыр-аңыздарын, эпикалық дастандарын, лиро-эпос жырларын, ертегі-әңгімелерінде кездесетін небір сөз асылдарын елеп-екшеп, ғылыми ұғымға жарайтындарын іріктеп алып отырған. Ж.Аймауытов психологиялық ұғымдардың төл тілімізде дұрыстап сұрыпталуы – аса мұқияттылық пен ыждаһаттылықты қажет етеді деп тұжырымдай келе, сол ұғымдардың қазақ тілінің сөздік қорына айналып, сіңіп кетуіне ерекше көңіл бөлген екен.
Мұндағы кестеде қазіргі Жалпы психологияда, Педагогикалық психология мен Педагогикалық психологияда қолданылып жүрген негізгі терминдер мен ұғымдардың бір парасы ғана ұсынылған.
Қазіргі уақытта ғалыммен жан-жақты сұрыптала аударылып жасалған осы психологиялық ұғымдары мен терминдері кіріктеле отырып, студенттерге психологиялық білім беруде белсенді қолданылуда.
Сөз басында «ұлттық психологияның» негізгі компоненті ретінде ана тілінің рөлі ерекше екендігін де айта кеткен болатынбыз. Осы орайда, Ж.Аймауытов білім негіздерінің ана тілі арқылы меңгерілетінін айта келе: «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі – халық болып жаралғаннан бергі жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы мол халықтың тілі», - деп, оның қоғамдық рөлін, адамзат баласы жасаған бар рухани - мәдени байлықты меңгерудің басты құралы екенін, оны жан-жақты және терең меңгеру қажеттігін баса көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |