Өскемен қаласын көркейту, жасыл желектердi қорғау ережелерi туралы



Дата27.06.2016
өлшемі307.15 Kb.
#161336
Өскемен қаласын көркейту, жасыл желектердi қорғау ережелерi туралы
III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының VII сессиясының 2004 жылғы 29 шiлдедегi N 7/6 шешiмi. Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2004 жылғы 10 тамызда N 1912 тiркелдi

"Дидар" 2004 жылғы 28 тамыздағы N 89

Ескерту. Шешiмнiң атауына өзгерiстер енгiзiлдi - Өскемен қалалық мәслихатының 2009.12.30 № 20/6 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) шешiмiмен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 3 бабының 2 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТI:

Ескерту. Кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - Өскемен қалалық мәслихатының 2009.12.30 № 20/6 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) шешiмiмен.

1. "Өскемен қаласын көркейту, жасыл желектердi қорғау ережелерi" бекiтiлсiн.

Ескерту. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - Өскемен қалалық мәслихатының 2009.12.30 № 20/6 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) шешiмiмен.

2. Осы шешiм өз күшiне Шығыс Қазақстан облыстық әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап заңды күшiне енедi және 2004 жылдың 1 тамызынан бастап iске асырылады.

3. Қалалық мәслихаттың 1998 жылғы 8 қаңтардағы "Өскемен қаласын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер, су қорларын, жасыл желектердi қорғау ережелерi туралы", және 1998 жылғы 24 желтоқсандағы "Өскемен қаласын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер, су қорларын, жасыл желектердi қорғау Ережелерiне толықтырулар енгiзу туралы" шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.


Сессия төрағасы
Қалалық мәслихаттың хатшысы
2004 жылғы 29 шiлдедегi

қалалық мәслихаттың

7/6 шешiмiне қосымша
Ескерту. Ереженiң атауына өзгерiстер енгiзiлдi - Өскемен қалалық мәслихатының 2009.12.30 № 20/6 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) шешiмiмен.
Өскемен қаласының көркейту, жасыл желектердi қорғау

ЕРЕЖЕСI
1. Негiзгi түсiнiктер мен анықтамалар


1. Аумақтарды көркейту - қала аумақтарындағы адамдар өмiршеңдiгiн жайлы, қолайлы қамтамасыз ететiн, жұмыстар мен элементтер кешенi.

2. Инженерлiк желiлер мен құрылғылар - қала тұрғындары мен кәсiпорындарын жылумен, сумен, электр энергиясымен қамтамасыз ету, сондай-ақ, қала аумақтарынан жер бетi суын жинау мен бұру үшiн бағытталған, қаланың инженерлiк көркейтуiнiң маңызды элементтерi.

3. Жасыл желектер - санитарлық-гигиеналық, экологиялық шарттарды және көркейту мен сәулет ландшафты ресiмдеу (көк шөп шығатын алаңдар, гүлзарлар, ағаштар, бұталар) деңгейiн арттыруды қамтамасыз ететiн, қаланың жобалау шешiмiнiң элементi.

4. Жер жұмыстары - аумақтарды қазу, үйiндiлердi жию, қайта жабу, қазаншұңқырларды өңдеуге байланысты жұмыстар.

5. Жер пайдаланушы - қала iшiндегi жер учаскелерiн пайдаланатын, мақсаттары мен меншiк түрiне қарамастан, заңды немесе жеке тұлға (кәсiпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, жеке кәсiпкерлер, үй иелерi, жалдаушылар, пәтерлер иелерiнiң кооперативтерi және басқалар).

6. Үй иесi - жеке меншiгiнде үй құрылысы бар заңды немесе жеке тұлға.

Уәкiлеттi орган - атқарушы органның шешiмiмен белгiленген мемлекеттiк мекеме.

Ескерту. 6-тармақ толықтырылды - III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 13/4 шешiмiмен.

7. Бөлiнген аумақ - жер пайдаланушыға меншiкке берiлген, жер учаскесi немесе оған қатысты нысандарды орналастыру үшiн өкiлеттi органның шешiмiне сай пайдалану (ғимараттар, құрылғылар, көлiк магистральдары және басқалар).

8. Бекiтiлген аумақ - заңды немесе жеке тұлғаға бөлiнген аумақтар жетегiндегi, олармен пайдаланылатын, күту және қызмет көрсету үшiн өкiлеттi органмен тiркелген жер учаскесi.

Қала iшiнде бекiтiлген аумақтар:

1) қала көшелерiнiң аумақтары (жаяусоқпақтар, көк шөп шығатын алаңдар және басқа да көркейту элементтерi ұзындығы бойынша - құрылыс аумағы көлемiнде, енiнен - екi жақта құрылыс жүрген кезде өту жолдың ортасына дейiн және бүкiл енi бойынша құрылыс бiр жақта жүрген кезде, ал трамвай қозғалысы бар көшелерде - трамвай жолдарының ортасына дейiн);

2) пәтерлер иелерiнiң кооперативтерiне, кондоминиумдарға және басқаларға бөлiнбеген, аула iшiндегi аумақтар (бiр аулада бөлiнген аумақтар шекараларына теңбе-тең немесе тараптардың келiсiмi бойынша бекiтiлген, бiрнеше жер пайдаланушының болуы);

3) белгiленген аумақтың периметрi бойынша 10 метр қашықтықтағы аумақ.

Ескерту. 8-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi- III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 13/4; 2005 жылғы 6 маусымдағы N 14/15 шешiмдерiмен.

9. Көше-жолдың жүретiн бөлiктерi, жаяусоқпақтар, жасыл желектер, аялдамалар, жер асты және жер үстi инженерлiк желiлер орналасқан қала аумақтары.

10. Қоғамдық орындар- жалпы пайдаланудағы демалыс аймақтары, парктер, саябақтар, алаңдар, жағажайлар және басқа нысандар.

11. Салынып бiтпеген аумақ- негiзгi жобалау нормасын қолдануды шектейтiн, жер үстi және жер асты құрылыстарының барлық түрi жоқ аумақ.


2. Жалпы ережелер
12. Осы ережелердiң мақсаты қала аумақтарындағы адамдар өмiршеңдiгiн жайлы, қолайлы қамтамасыз ететiн, Өскемен қаласында көркейту тәртiбiн анықтау, жер жұмыстарын жүргiзу және жасыл желектердi қорғау болып табылады.

Ескерту. 12-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - Өскемен қалалық мәслихатының 2009.12.30 № 20/6 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) шешiмiмен.

13. Үнемi тазалық пен тәртiптi қолдау мақсатында кәсiпорындар, мекемелер, қоғамдық және кооперативтiк ұйымдардың ұжымдары, тұрғындар бөлiнген және бекiтiлген аумақтар мен жасыл желектердi күтуге қатысуға мiндеттi болып саналсын.

14. Меншiк түрiне қарамастан, кәсiпорындар, жеке меншiк үй иелерi сәулет және санитарлық нормаға сай, бөлiнген және бекiтiлген аумақтар шекарасын өз есебiнен ұстауға мiндеттi:

1) тұрғын, мәдени-тұрмыстық, әкiмшiлiк, өнеркәсiптiк және сауда ғимараттары, вокзалдар, әуежайлар, кемежайлар, стадиондар мен басқа да олардың аумақтарының маңындағы нысандар;

2) көшелер, алаңдар, өтетiн жолдар, аула аумақтары, жаяусоқпақтар, жағажайлар, демалыс аймақтары мен көпшiлiк қыдыратын орындар, базарлар мен базар алаңдары, маңындағы аумақтармен қала зираттары, автокөлiк тұрақтары;

3) қоршаулар, шарбақтар, көк шөп шығатын алаңдар қоршаулары, жарнаманың және жарнама қондырғыларының барлық түрi, ғимараттар мен ескерткiштердi декоративтiк жарықтандыру бойынша қондырғылар, көшенi жарықтандыру шамдары, маңдайшадағы жазулар, сөрелер, тiрек бағандар, көшедегi сағаттар, ескерткiш тақталар, көше атауларының көрсеткiштерi, үйлердiң нөмiр белгiлерi, бақты-саябақ отырғыштары, урналар, арбалар, науалар, жолаушылар көлiгiнiң аялдамаларындағы отырғызатын алаңдар мен павильондар;

4) жол желiлерi, су құбырлары, трансформаторлық қондырғылар, көшелер мен алаңдардың жол төсемдерi, көше қозғалыстарын реттеу белгiлерi, телефон будкалары, радиотрансляциялық қондырғылар, антенналар, телефон байланыстарының будка-постылары және метеорологиялық қызметтер, диспетчерлiк қызметтердiң сөйлесетiн қондырғылары, қайық, құтқару стансалары және басқа да гидротехникалық, инженерлiк-техникалық және санитарлық құрылғылар;

5) бөлiнген және бекiтiлген аула аумақтары: оларды жүйелерi көркейту, жөндеу, жинау, сыпыру, суару, жуу, қарды шығару және құм шашу, су ағар мен кәрiздердi тазарту, қоқыс пен жапырақтарды жағуға жол бермеу;

6) қолданыстағы заңнамаға сай жасыл желектердi сақтау, себебi жасыл желектер олардың ведомстволық қатыстылығына қарамастан, жұмсалмайтын қор құрады және заңмен қатаң қорғалады;

7) толық кешендi агротехникалық iс-шаралар өткiзу: суару, шырпу, дiңдердi ағарту, тамырына жақын өскiндердi жұлу, тыңайтқыштар салу, дiңнiң айналасын қопсыту, улау және жараларын жабу, қуысын бiтеу, көк шөп шығатын алаңдар шөбiн шабу;

8) зиянкестер мен арамшөптердi (арамсояу, амброзия, сора және басқа) жою жөнiнде өз күштерiмен немесе арнайы қызметтермен шарт бойынша жүйелi жұмыстар атқару;

9) жыл сайын сәуiр-мамыр айларында қала аумақтарын көркейту және санитарлық тазарту бойынша айлық өткiзу;

10) қала аумақтарын көркейту, көгалдандыру бойынша байқау-конкурстар өткiзу;

11) жер асты коммуникацияларының иелерi дер кезiнде жөндеу жұмыстарын жүргiзгеннен кейiн бұзылған көркейтудi қалпына келтiру.

Ескерту. 14-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - Өскемен қалалық мәслихатының 2009.12.30 № 20/6 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) шешiмiмен.


3. Қала аумақтарын жинау тәртiбi
15. Кәсiпорындар (барлық меншiк түрiндегi), кәсiпорындар, қоғамдық ұйымдар, жеке пәтер иеленушi кооперативтерi, кондоминиумдар, үй-жайлар иелерi немесе жалдаушы жеке тұлғалар, азаматтар бөлiнген және бекiтiлген арнаулы белгiленген орындарда орнатылған контейнерлiк алаңшаларда өздерiнiң қалыпты контейнерлерiне қоқысты жинайды, аумақтарды жинайды және қоқысты өздерi шығарады немесе штатта аула сыпырушыны ұстайды немесе бұл жұмыстарды арнайы кәсiпорындармен шарт негiзiнде орындайды.

Бөлiнген және бекiтiлген аумақтарды жинаудан басқа, суару мен көшелердi, алаңдарды және басқа да аумақтарды жууды орындалуы керек.

Ескерту. 15-тармақ толықтырылды- III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 13/4 шешiмiмен.

16. Жетiлдiрiлген төсемi бар, көшелер мен алаңдардың жүретiн бөлiктерiн механикалық жинау жоспарлы түрде таңғы 4-тен 6-ға дейiн және қажет болған жағдайда күн ағымында қайта жиналады.

Түнгi уақытта жинау кезiнде (кезеңге қарамастан) шуды ескертетiн шаралар қолдану керек.

Көшелер, жаяусоқпақтар, алаңдардың жүретiн бөлiктерiн жуу жоспарлы түрде, бiрақ аптасына екi реттен кем емес механикалық қызметтермен сағат 24-тен таңғы 6-ға дейiн жүргiзiледi.

Шаңдануы көп болатын көшелердi суару күнделiктi екi реттен кем емес жүргiзiледi, соның iшiнде күндiз бiр реттен аз емес.

17. Көшелердiң жол төсемiн, маңайындағы көк шөп шығатын алаңдарын, жаяусоқпақтарды, еңiсiн, қоғамдық көлiк қозғалыстарының қиылыстары (қызыл сызық) шекарасында, автобус аялдамаларының қалташалары мен отырғызу алаңдарын, алаңдарды, автожол көпiрлерiн, жолжелiлерiн, жер асты өтетiн жерлердi, саябақтар, саяжолдар, бульварлар, зираттар аумақтарын жинау қала бюджетiнiң қаржысы есебiнен жүргiзiледi.

18. Темiржол жолы мен көпiрлер, еңiстер, үйiндiлер, өткелдер, жол арқылы өтетiн жер, рельстер шетiнен 10 метр ендiктегi аумақтар осы құрылғыларды пайдаланатын, темiржол ұйымдарының күшiмен және қаржысымен жиналады.

19. Трамвай жолдарын, рельстер арасындағы төсемдерiн, жеке тұрған трамвай жолындағы отыру алаңшаларын, жол өтпелерi мен аумақтарын және рельстер шетiнен екi жағына 0,5 метр ендiктегi аумақтарды тиiстi техникалық және санитарлық қалпында ұстау, өздерi қарамағындағы пайдаланушы ұйым немесе ведомство жүргiзедi.

Ескерту. 19-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi- III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 13/4; 2009.12.30 № 20/6 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) шешiмдерiмен

20. Автобекеттердi, көлiк шаруашылығының диспетчерлiк пункттерiн, диспетчерлiк қызметтерiмен сөйлесу құрылғыларын және оларға бекiтiлген аумақтарды жинау мен ұстау олардың теңгерiмiнде болып табылатын, көлiк шаруашылығының ведомствосымен жүзеге асырылады.

21. Инженерлiк-техникалық және гидротехникалық құрылғыларға жататын аумақтар маңын жинау мен ұстау (газгольдерлер, ТП және басқалар) осы құрылғылар иелерiмен жүргiзiледi.

22. Халыққа қызмет көрсететiн, сауда нүктелерi бар, жеке тұлғалар және басқа пункттер, сондай-ақ осы үй-жайларды жалдаушылар күнi бойы тазалық сақтауы керек және жұмыс аяқталғаннан кейiн 10 метр радиусты жиналған қоқысты өздерiнiң контейнерлерiне жинайды қоқыс пен батпақтан тазартулары қажет.

Ұсақ бөлшек сауда сататын дүңгiршектер, палаткалар, павильондар мен дүкендер маңына босаған ыдыстар мен тауарлар қорын үюге, сондай-ақ бекiтiлген аумақтарға үюге тыйым салынады.

Ескерту. 22-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi- III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 13/4 шешiмiмен.

23. Қоғамдық дәретханалар мен тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын тиiстi жағдайда ұстау шарт негiзiнде, меншiк субъектiлермен қала бюджетiнiң қаржысы есебiнен жүргiзiледi.

24. Маңындағы базар алаңдарымен базар аумағын жинау, қалдықтар жинайтынды тазарту және оларды тиiстi ұстауды базардың меншiк иесi жүргiзедi. Базарлар аумақтарының (соңын iшiнде шаруашылық, базар алаңдары) қатты төсемдерi (асфальт, плитка, булыжник және басқа) болу керек.

Жылдың жылы кезiнде мiндеттi түрде сыпырудан басқа, базар аумақтарын жуу жүргiзiледi.

25. Көркейтудiң орындалған жобаларына сай, жағажайлар, демалыс аймақтары, көпшiлiк қыдыратын жерлер аумақтарында:

1) 75 келушiге бiр орын есебiмен, жағажайда-суға түсетiн жерге 200 метрден кем емес қашықтықта қоғамдық дәретханалар;

2) ара қашықтықтары 40 метрден аспайтын, 600 шаршы метрге бiр урнадан кем емес урналар;

3) 3500-4000 шаршы метр алаңға бiр контейнер есебiнен қалдықтар жинағыш, киiм шешетiн орын, гардероб болу керек;

4) стационарлық дәретханалар жоқ қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарда, ашық алаңдарда, кәуәп жасайтын орындарда, киоскiлерде, сауда павильондарында және т.б. қызметкерлер мен келушiлерге мiндеттi шарттың бiрi көшiрмелi дәретхана орнату болып табылады;

5) канализациясы жоқ рыноктарда - қоғамдық дәретханалар сауда орнынан 50 м кем емес қашықтықта орналастыру керек. Есептеу орынның саны әр 50 сауда орнына бiрден аз болмау керек.

Ескерту. 25-тармақ толықтырылды - III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 13/4 шешiмiмен.

26. Жағажайлар, демалыс аймақтары мен көпшiлiк қыдыратын орындар аумақтарын жинау, сондай-ақ күнделiктi таза құм немесе ұсақ тас себу, жиналған қалдықтарды алып, құмның үстiңгi қабатын механикалық қопсыту осы аумақтар бекiтiлген ұйымдармен белгiленген заң тәртiбiнде жүргiзiледi.

Жағажайдың техникалық жұмысшылары оны жапқаннан кейiн жағаның, шешiнетiн орындардың, дәретханалардың, жасыл аймақтың негiзгi жинауын, дәретханаларға дезинфекция жүргiзу керек. Жиналған қоқыстарды шығаруға сағат 8.00-ге дейiн рұқсат берiледi.

Ескерту. 26-тармақ толықтырылды - III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 13/4 шешiмiмен.

27. Жағажайлардағы, саябақтар, саябаулар, демалыс аумақтары мен көпшiлiк қыдыратын орындардағы сауда нүктелерiн жинау, мiндеттi түрде қоқысты шығару, күн ағымында сауда сатқан мекемемен жүргiзiледi.

28. Стадиондар, спорт алаңдарын ұстау және жинау теңгерiмiнде ұсталатын техникалық персоналдармен жүзеге асырылады.

29. Кооперативтiк гараждың, саяжайлардың, жасыл желектермен бау-бақша қоғамдарының бөлiнген және бекiтiлген, радиусы 10 метр аумақтарын ұстау және жинау меншiк иелерiмен немесе осы кооперативтердiң қоғамдық ұйымдарымен және қоғамдармен атқарылады.

30. Тұрғын және қоғамдық ғимараттар ауласының iшiнде темiр гараждар мен жерқоймалар орнатуға тыйым салынады. Өз еркiмен орнатылған гараждар мен жерқоймалар бұзылады.

31. Бөлiнген және бекiтiлген зираттар аумақтарын ұстау мен жинау қала бюджетiнiң қаржысы есебiнен жүргiзiледi.

Зираттар аумақтары қоршалған болу керек, өтетiн жолдарда қатты жамылғылар болу керек.
4. Қоқыстар мен тұрмыстық қатты қалдықтарды

жинау және шығару тәртiбi


32. Тұрғын үйлерден, сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарынан, балалардың оқу, емделу мекемелерiнен, мәдени кәсiпорындардан, қоғамдық ұйымдардан тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды шығару арнайы кәсiпорындармен шарт бойынша жүргiзiледi.

Арнайы кәсiпорынмен шарт жасаған кезде ҚТҚ полигонға жеткiзу үшiн, ҚТҚ жинаған орнын көрсету қажет. ҚТҚ өзiнiң арнайы көлiгiмен шығарған кезде қолданыстағы ҚТҚ жинау нормасына сәйкес, тұрғын үй секторындағы тұрғындардың санына пропорционалды қоқыс төгетiн жерге қабылдағаны туралы ҚТҚ полигонының түбiртектерi болу қажет.

Ескерту. 32-тармақ толықтырылды - III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 13/4 шешiмiмен.

33. Қоқыс және қалдықтарды жинау үшiн контейнерлер орнату үй иелерiмен, кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер басшыларымен, жеке тұлғалармен шарт бойынша, баланстарында контейнерлер бар арнайы кәсiпорындармен жүзеге асырылады.

Әр кәсiпорынның, қоғамдық ұйымның, ЖПИК-нiң, кондоминиумның және басқа құрылымдардың өз баланстарында бөлiнген жерде контейнерлер мiндеттi түрде болу керек.

Ескерту. 33-тармақ толықтырылды - III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 13/4 шешiмiмен.

34. Контейнерлер орнататын алаңдардың су өткiзбейтiн қатты жабуы және кiретiн жолдары болу керек, сәулет және қала құрылыстары басқармасымен, мемлекеттiк санитарлық қадағалау органдарымен келiсiм бойынша құрылыстардан 20 метр қашықтықта, бiрақ 100 метрден артпауы керек және үй иелерiмен және басқа да жер пайдаланушылармен ұсталады.

35. Контейнерлер, қоқыс жинайтын ыдыстар дер кезiнде баланс ұстаушылармен тазаланып, бүлiнбеген жағдайда ұстап және улау керек.

36. Қалада тұрмыстық-қатты қалдықтарды жинау мен төгудiң, оларды белгiленген кезеңмен тапсырыссыз қалдықтар жинайтын нысандар аумақтарынан шығарудың жүйелiлiгi қарастырылатын, жоспарлы-жүйесi пайдаланылады:

1) тұрғын үйлер кеңiстiктерi үшiн- үй иелерiмен бекiтiлген кестеге сай, контейнерлерде қоқыс және тұрмыстық қатты қалдықтардың үйiлiп қалуын болдырмау;

2) қоғамдық және мәдени бағыттағы нысандар үшiн- қажет болған жағдайда, бiрақ аптасына 2 реттен аз емес;

3) аз қабатты құрылысты үй иелерi үшiн- қажет болған жағдайда, бiрақ аптасына 1 реттен аз емес;

4) iрi көлемдi тұрмыстық қатты шығару тапсырыс бойынша жүзеге асырылады;

5) камералардан қалдықтарды шығару орнының маңындағы камераларды, қоқыс құбырларын, қоқыс жинайтынды және аумақтарды ұстау үй иелерiмен жүзеге асырылады;

6) жекелеген жағдайларда қоқыс және тұрмыстық қатты қалдықтар жинау және шығару қатаң сағат кестесiмен қолмен тиелiп, қоқысты тасымалдауға жабдықталған автокөлiкпен орындалуы мүмкiн;

7) қаладағы сұйық қалдықтар арнайы кәсiпорындармен шарт бойынша шығарылады;

8) дәретханалар және құбырлы шұңқырларға кiреберiстердi қамтамасыз ету жеке меншiк құқындағы үй иелерi мен маңындағы жер учаскелерi бар азаматтармен жүзеге асырылады.

37. Арнайы кәсiпорындармен қызмет көрсетуге қамтылған жеке тұлғалар, қоқыс және тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруды арнайы жабдықталған көлiк құралдары бар болған жағдайда, өз күшiмен және қаражатымен орындайды.

Қалалық қоқыс төгетiн орынға қоқыс шығару iсi тиiстi құжаттармен расталуы керек.
5. Қыс жағдайында аумақтарды жинау және ұстау
38. 16 қарашадан 15 сәуiр аралығындағы кезеңде қала аумақтарын жинау, қоқыс, қар, мұз, балшық және құм шығару сағат 6-дан 21-ге дейiн және қажет болған жағдайда күнi бойы жүргiзiлуi керек.

Ауа райының жағдайларына байланысты бұл жинау тәртiбi өзгеруi мүмкiн.

39. Басылып қалмау үшiн қар күреу қар жауа бастаған кезден басталады және барлық меншiк субъектiлермен қар жауып болғанға дейiн үзiлiссiз жалғасады. Жаңа түскен қарды дуал және үйме етiп барлық көшелер мен алаңдарға жинап, қар жауып болғаннан кейiн тез арада жинап алуға рұқсат етiледi.

Өткелдер мен жолдарға үйiп тастауға, көк шөп шығатын алаңдарға қар мен мұзды жинауға тыйым салынады.

40. Төбелердегi қарды тазарту және төбелердегi, жиектер мен су ағатын құбырлардағы бұлтықтарды алу, жүргiншiлердiң бақытсыз жағдайда душар болуына жол бермейтiн және ауа желiлерi, шырақтар, жасыл желектерге нұқсан келтiрмеу шараларын мiндеттi түрде сақтап, ғимараттар мен құрылыстар иелерi мен жалдаушылар күшiмен және қаржысымен жүйелi түрде жүргiзiлуi керек.

Төбеден түсiрiлген қар тез арада шығарылуы керек. Қар, мұз шығару су нысандары мен аумақтарын ластандырмау үшiн жергiлiктi басқару органдары белгiлеген орынға апарылады.

41. Көшелер, алаңдар, көпiрлер мен жолжелiлерiнiң жүретiн бөлiктерiн, жол қиылыстары, өрлеу және еңiстер, жаяусоқпақтар, жүргiншiлер өткелдерiн, баспалдақтарды механикалық тазарту және құм себу жоспарлы түрде арнайы кәсiпорындармен қала бюджетiнiң есебiнен жүргiзiледi.

42. Меншiк түрiне қарамастан, жеке және заңды тұлғалар жаяусоқпақтар, өткелдер, алаңдар, бөлiнген және бекiтiлген аумақтарда орналасқан, басқа да адамдар көп жиналатын жерлер мен өткелдердi механикалық жинау құм себуге арнайы кәсiпорындармен шарт жасасуы мүмкiн немесе осы жұмыстарды өз күшiмен атқарады.

43. Жер пайдаланушылар бөлiнген және бекiтiлген аумақтарда тайғаққа қарсы iс-шаралар (мұз, қар, жару, тайғақ жерлерге инерттiк материалдар себу) қарастыруға мiндеттi.

44. Қардан қала көшелерiн тазартуға кедергi келтiретiн, қала көшелерiнде бей-берекет автокөлiктер қоюға тыйым салынады.


6. Көшелер, жолдар, жол құрылғыларын пайдалану

тәртiбi және оларды ұстау мен қорғау тәртiбi


45. Көшелер мен жолдар олардың құрамына кiретiн барлық құрылғылар мемлекет меншiгi болып табылады және жалпы қолдануға бағытталған. Көшелердi, жолдарды және құрылғыларын пайдалану, оларды ұстау мен қорғау тәртiбi жол қозғалысы Ережелерiнiң талаптарына сай қабылданған, осы Ережелердi сақтаумен жүзеге асырылуы қажет.

46. Инженерлiк құрылғылармен көшелердi, жолдарды пайдаланушылардың барлығының мiндетi көлiк қозғалысының үзiлiссiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады:

1) көшелер, жолдар мен жол құрылғыларына, жол қозғалыстарын реттейтiн белгiлер, құралдар, жасыл желектер мен басқа жол құрылымдарына нұқсан келтiруге;

2) көшелер мен жолдарды қандай-да бiр заттармен, құрылыс материалдарымен, машиналармен қоршап немесе үйiп тастауға;

3) белгiленген шекаралардан артық жұмыстар орындауға;

4) жердi және ағаштарды, бұталарды, көк шөп шығатын алаңдарды, құдықтар люктерiн, су ағатын торларды, науалар мен қыраттарды, су өткiзетiн құбырлар мен дренаждарды құрылыс материалдармен жабуға;

5) көшелер мен жолдардың өтетiн бөлiгiне кәрiздiк, өндiрiстiк және iркiлген суларды ағызуға;

6) жол төсемдерiн бұзуға байланысты жұмыстарды келiсiмiнсiз жүргiзуге;

7) жолдардың жүру бөлiгiне лас шығаратын көлiк құралдарын шығаруға;

8) МемСТ белгiлеген немесе тыйым салынатын белгiлерде көрсетiлген, жалпы габаритi, бiлiкке салмағы мен жүк салмағы нормадан артатын көлiк құралдарының көшелер мен жолдардан өтуiне;

9) көшелер мен жолдардың белгiленбеген орындары арқылы және жиек тастар арқылы өтуге, көлiк құралдары мен басқа техникалардың кiруiне және шығуына;

10) жаяусоқпақтарда, жүргiншiлер жолдарында, бөлiк жолақтарында, көк шөп шығатын алаңдарда, тұрғын үйлер, дүкендер, дәрiханалар, базарлар, қызметтiк ғимараттар маңын жалпы қолдану орындарына көлiк құралдарын қоюға;

11) көшелер мен жолдарды ластайтын, тиiстi орауы жоқ төгiлетiн және басқа да жүктердi тасымалдауға;

12) қысқы уақытта қызыл судан өтетiн бөлiгiн тазарту үшiн айрықша жағдайдан басқа, шынжыр табанды техниканың өтуiне тыйым салынады.

47. Қала көшелерi мен жолдарының жол жабуын ұстауды қадағалау теңгерiмде ұстаушымен және iшкi iстер басқармасы жол полициясы бөлiмiмен үнемi қадағалау және жүйелi тексеру арқылы жүзеге асырылады, мақсаты:

1) қалалық көлiктер мен жүргiншiлердiң тәулiк бойы, үзiлiссiз, қауiпсiз қозғалысын қамтамасыз ету;

2) жол жабуларын ерте тозу мен бұзылудан сақтау;

3) қалалық көлiктi дамыту талаптарына сай, қала жолдарының жағдайын жүйелi жақсарту;

4) жол жабуларының қалыпты жағдайынан оларды жою үшiн дер кезiнде ақаулар мен бүлiнудi анықтау, жекелеген жағдайларда (жолдың жүретiн бөлiгiнiң құлаулы, көк тайғақ, апат жағдайында көшелер мен жолдардың бүлiнуi) қорғалыстың қалыпты жағдайларын қалпына келтiру бойынша шұғыл шаралар қабылдау үшiн көшелердiң жекелеген учаскелерiнде көлiк қозғалыстарын шектеу мен тыйым салу.
7. Қала аумақтарында кiшi сәулеттендiру түрлерiн

орнату мен ұстау тәртiбi


48. Сыртқы көркейтудiң барлық құрамы, соның iшiнде ғимараттардың қас бетiн жөндеу қала аумақтарының құрылыс тәртiбiн анықтайтын Ережелерге сәйкес орындалуы керек.

Балансында құрылымдары бар, үй жайларды жалға алатын меншiк түрiнен тәуелсiз кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер, заңды және жеке тұлғалар көшелер, алаңдар, жағалаулар мен басқа қоғамдық орындарға шығатын ғимараттардың қасбеттерiн мерекелiк әшекейлеу бойынша жұмыстарды орындауға ерiктi.

Ескерту. 48-тармақ толықтырылды - III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 13/4; өзгерiс енгiзiлдi - 2005 жылғы 6 маусымдағы N 14/15 шешiмдерiмен.

49. Қоршаулар, қорғандар, дүңгiршектер, дүкеншелер, шатырлар, павильондар, урналар, баубақ-саябақ отырғыштары, жарнама стендтерi, маңдайшадағы көркемдеулер, әр түрлi көрнекi және басқа құрылғыларды орнату қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасымен келiскеннен кейiн ғана салу мен орнатуға жол берiледi.

50. Сыртқы көркейтуден барлық құрамы дұрыс жағдайда ұсталып, жылына бiр реттен кем емес жаңартылуы керек.

51. Барлық алаңдар мен көшелерде, бақшалар, саябақтарда, бекеттер, әуежайлар, базарлар, қалалық көлiк аялдамалары мен басқа орындарда, кiсi көп жүретiн жерлерде 40 метрден, кiсi аз жүретiн жерлерде-100 метрден артық емес қашықтықта жеткiлiктi саны бар урналар қойылуы керек.

Қалалық көлiк аялдамаларында, жер асты өтетiн жерлерде, дүкендер, дүкеншелер, дүңгiршектер, кiреберiстер маңында урналар орнату мiндеттi. Жер пайдаланушыларға бөлiнген және бекiтiлген аумақтарда олардың өздерiмен, жалпы пайдаланатын жерлерде қала бюджетi есебiнен урналар орнатылады.

52. 3/4 көлемге урналардың толуына жол берiледi. Урналарды таза және дұрыс ұстау мен орнату, олардың сақталуына бөлiнген және бекiтiлген аумақтардағы жер пайдаланушылар, жалпы пайдаланатын жерлерде осы учаскелердi шарттық жағдайлармен қала есебiнен жинайтын кәсiпорындар жүзеге асырады.

53. Тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк және басқадай ғимараттардың иелерi екi тiлде кәсiпорын атауы бар маңдайшалардың болуына жауап бередi және оларды дұрыс жағдайда ұстауға мiндеттi.

54. Жарнама қондырғылары, маңдайшадағы жазулар және басқадай көрнекiлiк қондырғылар иелерiмен әдемi, жалпы стильде, қажеттi мөлшердегi ақпараттары бар болып орындалуы керек.


8. Жол жабуларын, жаяусоқпақтарды, көк шөп шығатын

алаңдар мен басқа да нысандарды, қалалық шаруашылық

элементтерiн бұзуға байланысты, жұмыстарды жүргiзу тәртiбi
55. Заңды және жеке тұлғалар қала аумақтарында жол жабуларын, жаяусоқпақтарды, көк шөп шығатын алаңдар мен басқа нысандарды, қалалық шаруашылық элементтерiн бұзуға байланысты, жер жұмыстарын, немесе басқадай жұмыстарды өкiлеттi органмен берiлген, жазбаша рұқсат берiлген кезде ғана жүргiзiледi.

56. Қалпына келтiру жұмыстарын кiдiрiссiз жүргiзудi талап ететiн, инженерлiк жүйелерде апат болған кезде, жол жабуларын ашуды, көшелер, алаңдарды және басқа да жалпы пайдаланудағы орындарды қазуға келiсу беретiн, ұйымдар өкiлдерiн сол орынға шақыру керек. Жұмыстар жүргiзуге сол орында рұқсат (ордер) алғаннан кейiн ғана жұмыстар жүргiзуге рұқсат етiледi. Апаттық жұмыстарды жүргiзу орнында қандай да бiр үйiлген немесе қандай да бiр мүлкi бар меншiк түрiне қарамастан, заңды және жеке тұлғалар осы учаскенi бiрiншi талап бойынша тез арада өз күшiмен босатуға мiндеттi.

Тез арада апатты жоюды қажет ететiн, қаланың өмiршеңдiгiн қамтамасыз ететiн қаланың маңызды нысандары үшiн ерекше жағдайда, келiсiм беретiн, ұйымдар өкiлдерiнiң қатысуымен рұқсат берудi (ордер) ресiмдеусiз, одан әрi 24 сағат iшiнде жұмыстарды жүргiзуге рұқсат берудi ресiмдеп, апатты жоюға кiрiсуге жол берiледi.

57. Инженерлiк желiлер, жолдар, жаяусоқпақтар құрылысын немесе қайта құру бойынша жұмыстарды жоспарлаған барлық заңды және жеке тұлғалар, жоспарланған жылдың алдында келетiн 15 қарашасына дейiн және екiншi рет жоспарланған жылдың 1 наурызында қажеттi сызбалар қосымшасымен жұмыстарды орындауға белгiленген мерзiмдi көрсетiп уәкiлеттi органға тапсырыс беруге мiндеттi.

Тапсырыс бермеген ұйымдарға жер жұмыстарын жүргiзуге жол берiлмейдi.

58. Көшелер, алаңдар және басқа да жалпы пайдаланудағы орындар құрылысы бойынша жұмыстармен жер асты инженерлiк желiлер төсеу жөнiндегi жұмыстар жүргiзу уақытын байланыстыру үшiн және салынған жылы асфальтбетонды жабуды қопауды болдырмауға және салынғаннан кейiн 5 жыл iшiнде, осы жұмыстарды белгiлеген қала ұйымдары ағымдағы жылдың алдында келетiн жылдың 1 наурызынан кеш емес, күрежол және мекен-жай тiзiмдерiн қоса, жұмыстарды орындау белгiленген мерзiмiн көрсетiп тапсырыс беруге мiндеттi.

59. Көлiк қозғалыстарын шектеуге немесе жабуға байланысты жағдайда көшелерде жұмыстар жүргiзу кезiнде, тапсырыс берушi автокөлiк қозғалысын жабуға қалалық әкiмдiкпен тиiстi өкiм ресiмдейдi, ал қоғамдық көлiк қозғалыстарының бағытын өзгертуге қажет болған жағдайда- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қала тұрғындарын хабардар етедi.

60. Қалалық шаруашылық нысандары, элементтерi ордерде көрсетiлген жұмыс мерзiмiнiң соңында тиiстi жағдайға келтiрiлуi керек. Мерзiмi өтiп кеткен ордер бойынша жұмыстар жасау өз еркiмен қазу болып саналады. Ордердi ұзарту осы Ережелердi бұзушы кiнәлiлер жауапқа тартылғаннан кейiн жүзеге асырылады.

61. Инженерлiк жүйелер мен құрылғылардың зақымдануын ескерту және байқауға қажеттi шаралар қабылдау үшiн жұмыс жасаушы бiр тәулiктен кеш емес, жұмысты бастағанға дейiн сол орынға мүдделi ұйымдардың өкiлдерiн шақыруға мiндеттi. Солармен бiрлесе отырып, қолда бар жүйелер мен құрылғылардың нақты орналасқан жерiн анықтайды және олардың толық сақталуына шаралар қабылдайды.

62. Жұмыстарды жүргiзушi жұмысты бастағанға дейiн келесiдегiлердi орындауға мiндеттi:

1) құрылыс алаңдары барлық өлшемдер бойынша ескертетiн белгiлермен бекiтiлген үлгiмен қатты қоршаулармен қоршаулы керек, өтiп жатқан көлiктен көшенi ластамау үшiн қолайлы болу керек;

2) ереже бойынша өтетiн жолдар қосымша көшелерге шығып және шлагбауммен жабдықталуы керек. Қоршауларда өтетiн жолдар аз мөлшерде болу керек;

3) құрылыс ұйымдары үшiн құрылыс немесе күрделi жөндеу кезiнде балшықтан күнделiктi тазарту үшiн салынып жатқан нысанның осы және басқа жағында ұзындығы 600 метр негiзгi магистраль жолдың учаскесi бекiтiлiп берiледi;

4) жүргiншiлер жүретiн орындарда бiр бiрiнен 200 метрден аспайтын қашықтықта жүргiншiлер көпiрi орнатылады және түнгi уақытта құрылыс немесе күрделi жөндеу учаскесiн жарықпен қамтамасыз ету;

5) жаңбыр суы ағатын кәрiздердiң үзiлiссiз жұмысын қамтамасыз етуге шаралар қолдану;

6) жұмыс аймағында жасыл желектер бар болса, оларды қалқандармен қоршау, олардың сақталуына кепiлдiк беру;

7) өтетiн жолдар немесе жүргiншiлер қозғалысының жүйелерiн жабу қажеттiлiгi кезiнде айналма жолдар дайындау және айналма жолды тиiстi белгiлермен айқын белгiлеуге.

63. Жұмыстарды жүргiзу қолданыстағы нормалар мен ережелерде, сондай-ақ ордерде көрсетiлген шарттарға сай жүргiзiледi.

64. Жолдың алынған асфальтi мен топырағы, қайта салуға жарамсыз болғандықтан, жұмыс үрдiсiне шығарылады. Жиектер мен жаяусоқпақ тастары бөлшектелiнедi, үйiледi және сақтау мен қайта пайдалану үшiн акт бойынша өткiзiледi. Жасыл желектерге, су ағатын торларға, науаларға және т.б. топырақ пен құрылыс материалдарын үюге тыйым салынады. Аталған құрылғылардың элементтерiн қорғау үшiн люктер мен құдықтарға баруды қамтамасыз ететiн ағаш қалқандар мен қораптар қолданылуы керек.

65. Жер асты жүйелер мен құрылғыларға, сыртқы көркейту элементтерiн бұзғаны үшiн ордер алған ұйым жауап бередi. Зақым келтiрудiң әрбiр жағдайында мүдделi ұйымдар өкiлдерiнiң қатысуымен зақым келу себебi, кiнәлi адам, зақым келудi жою бойынша шаралар, қалпына келтiру құнының мерзiмдерi көрсетiлген, акт жасалады.

Зақым келудi жою бойынша мерзiмi мен техникалық шарттарды сақтамаса, кiнәлi адамдар барлық қалпына келтiру құнын өтейдi. Жабулар мен көркейту элементтерiн бұзуды қалпына келтiру топырақпен қайта жабу жұмыстарын аяқтағаннан кейiн екi тәулiктен кеш емес басталуы керек. Қалпына келтiру жұмыстарының сапасына ордер алған ұйым жауап бередi.

66. Қала бюджетi есебiнен бұзылған және зақымданған қалалық шаруашылық нысандарын қалпына келтiру бойынша жұмыстар жүргiзiлген жағдайда барлық шығындар ордер алушы- ұйым есебiнен өтеледi.

67. Жұмыстар жүргiзу мерзiмi қолданыстағы құрылыс ұзақтығының нормасына сай күнтiзбелiк кесте негiзiнде белгiленедi. Екi айдан астам жұмыс уақытымен құрылыс немесе жер асты коммуникацияларды жөндеу кезiнде, олардың барлық жұмыс кешенiнiң аяқталуына байланысты учаскелерiне ордер берiледi.

68. Жол төсемдерi, жаяусоқпақтар мен алаңдар орнатылғаннан немесе күрделi жөндеуден кейiн бес жыл iшiнде жол жабуларының бұзылуына байланысты жұмыстар жүргiзуге тыйым салынады, қала әкiмiнiң рұқсаты бойынша ерекше жағдайлардан басқа.

69. Өкiлеттi орган қазылған жерлердiң жабуын қалпына келтiруге жұмыстарды қабылданғаннан кейiн ғана рұқсат берiледi. Қалпына келтiру жұмыстарының сапасына, жабулардың шөгуiне және сынының бұзылуына осы жердi қазған ұйым жауап бередi.

70. Жұмыстарды орындау шарттарын бұзған жағдайда, қалпына келтiру сапасыз немесе қалпына келтiру мерзiмдерi бұзылса, өкiлеттi органның басталған жұмыстарды тоқтатуға, жiберiлген бұзушылықты жоюды талап етуге, келтiрiлген зиян шығынын өндiртiп алуға, кiнәлi адамдарды әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға шаралар қолдануға құқылы.

71. Қалпына келтiру жұмыстарын орындаудың сапасы өкiлеттi органмен қабылданады.

72. Жол жабуларын қопару және көшелер, алаңдар мен жалпы пайдаланудағы басқа орындарды қазу бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдар мен кәсiпорындар жұмыс жүргiзетiн орындарға ақпарат қалқандарын орнатуы керек.


9. Жасыл желектердi ұстау мен қорғау тәртiбi
73. Жасыл желектер жалпы халықтық игiлiк, маңызды сауықтыру факторы және қаланың әшекейi болып табылады. Оларды қорғау мен сақтауға- әрбiр заңды және жеке тұлға мiндеттi.

74. Жасыл желектердi ағымдағы ұстау, қорғау мен өсiру жер пайдаланушылар иелерiне, заңды және жеке тұлғаларға аумақтарда бекiтiлген:

1) тұрғын шағын аудандардағы, тұрғын үйлер алдындағы көшелердегi құрылыстардан жаяусоқпақ сызығына дейiн- пәтерлер иелерiнiң кооперативтерiне, тұрғын үй қорының иелерiне;

2) жалпы пайдаланудағы нысандарда (саябақтар, саяжолдар, саябаулар және т.б.) және жаяусоқпақ сызығына дейiнгi көшелер бойы- қала бюджетiнiң есебiнен шарт негiзiнде жұмыстар атқаратын кәсiпорындарға;

3) өндiрiстiк кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер мен басқа да әртүрлi меншiк түрiндегi нысандар, сондай-ақ оларға бекiтiлген аумақтар мен санитарлық- қорғау аумақтары- кәсiпорындар басшыларына және осы нысандар иелерiне;

4) жұмысты бастаған күннен бастап, құрылысқа бөлiнген аумақтарда тапсырыс берушi немесе оның сенiмiмен бас мердiгер- құрылыс ұйымына жүктеледi.

75. Құрылыс салатын жерлерге жататын жасыл желектердiң кесуi мен көшiрiп отырғызуына, жер асты коммуникациялар мен инженерлiк жүйелердiң салуына мүдделi ұйымдармен келiсу бойынша өкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда жол берiледi. Жасыл желектердiң көшiрiп отырғызуға жарамдылығын немесе кесудi комиссия анықтайды.

Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қалалық мәслихатының 2009.12.30 № 20/6 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) шешiмiмен.

76. Алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 2009.12.30 № 20/6 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) шешiмiмен.

77. Жасыл желектердi кесуге рұқсат алған жағдайда тапсырыс берушi жасыл желектердiң бағалау құнын төлейдi немесе кейiнгi күтiп-баптау жұмыстарымен берiлген рұқсаттың шарттарына сәйкес тең бағалы қалпына келтiрушi көгалдандыруды жүргiзедi.

Меншiк түрiнен тәуелсiз, жер жамылғысының бұзылуына байланысты өндiрiс немесе басқа құрылыспен айналысатын құрылыс және басқа ұйымдар жасыл құрылыста пайдалану үшiн жердiң құнарлы қабатын алу және сақтау, сонымен бiрге жұмыстарды жүргiзген кезде бұзылған жер телiмдер мен жасыл желектердi құрылысты бiтiргеннен кейiн жедел өзiнiң қаражат есебiнен қалпына келтiруге мiндеттi.

Ескерту. 77-тармақ толықтырылды - III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 13/4; өзгерiстер енгiзiлдi 2009.12.30 № 20/6 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) шешiмдерiмен.

78. Жасыл желектердi өз еркiмен кескен, кiнәлi адамдар қолданылып жүрген заңнама бойынша жауап бередi.

79. Жұмыстар жүргiзу кезiнде заңды және жеке тұлғалар:

1) зақымданудан жасыл желектердi қоршауға;

2) қала жолдарын, жаяусоқпақтар, өтетiн жерлер, алаңдар және т.б. салу және асфальт төсеу кезiнде диаметрi 1 метрден аз емес баған ұяларын қалдыру, орнату қажет болса, яғни жасыл желектердiң қалыпты өсуi үшiн қондырғыны қарастыруға мiндеттi.

80. Жер пайдаланушылар бекiтiлген аумақтарда жасыл желектердi күтуге мiндеттi, соның iшiнде:

1) қоқыс жинау, тырнауышпен көк шөп шығатын алаңдарды тарау, қураған жапырақтарды жинау, арамшөптердi жұлу, көк шөп шығатын алаңдардың шөбiн шабу, буталарды қырқуға;

2) ағаштардың баған түптерiнде ұялар жасап, топырақты қопсытуға;

3) жасыл желектер, көк шөп шығатын алаңдар, гүлзарларды суаруға;

4) ағаштар басын қию, құрғаған бұталарды, өскiндердi, қиылған буталарды кесуге;

5) ағаштарды, бұталарды жасарту (мамандар кеңесi бойынша);

6) ауыру және құрғаған ағаштарды кесуге (комиссия актiсi бойынша);

7) өсiп тұрған жасыл қордың ағаштары мен бұталарын жөндеп отырғызуға.

8) ауыл шаруашылық зиянкестер және аурулармен, карантиндiк арамшөптермен өз күштерiмен немесе өсiмдiктердi қорғау станцияларымен шарт жасау бойынша жүйелi күрес жүргiзiлсiн.

Көгалдарда, саябақтар мен басқа жасыл желектердiң жерлерiнде көлiк құралдарын қоюға тыйым салынады;

9) жапырақтар түсу кезiнде түскен жапырақтарды уақытылы жинау керек. Жиналған жапырақтар арнайы бөлiнген телiмдерге немесе компостау даласына шығарылсын. Тұрғын үй құрылысы аумағында, саябақтар мен парктерде жапырақтарды жағуға тыйым салынады;

10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасыл қордың сақталуы қамтамасыз етiлсiн.

Ескерту. 80-тармақ толықтырылды - III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 13/4 ; өзгерiстер енгiзiлдi 2009.12.30 № 20/6 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) шешiмдерiмен.

81. Кез-келген бағыну аумағында жасыл қордың сақталуына және жасыл желектердi ұстау ережелерiн сақтауға бақылау жасау өкiлеттi органмен, жер пайдаланушылармен және жалдаушылармен жүзеге асырылады.

82. Жасыл желектер аумағында:

1) құрылыс материалдарын, топырақ, отын, көпiр және басқа заттарды үюге;

2) көк шөп шығатын алаңдарды, гүлзарларды, баған түбiндегi ұяларды ластауға;

3) көк шөп шығатын алаңмен жүруге, ағаштарды, бұталарды сындыру мен кесуге, басқа да механикалық зақым келтiруiне;

4) ағаштар мен бұталарды өз еркiмен кесуге;

5) қоршауға, гүлдердi жұлуға, көп жылғы гүлдердiң түбiрлерi мен баданаларын қазуға;

6) көк шөп шығатын алаңдар мен гүлзарларға автокөлiк қоюға;

7) жапырақтарды өртеу, көк шөп шығатын алаңдарда көкөнiс өсiруге, ағаштарға сым, алтыбақан, жiп, жарнама мен кестелер бекiтуге, баубақ-саябақ мүлкiн бұзуға;

8) жалпы қолданылатын жерлерде құстар мен малдарды бағуға, иттердi қыдыртуға;

9) көк шөп шығатын алаңдар мен гүлзарларға бетон немесе цемент ерiтiндiсiн дайындауға тыйым салынады.


10. Инженерлiк жүйелер, құрылғылар мен коммуникацияларды

ұстау тәртiбi


83. Ведомстволардың, кәсiпорындардың инженерлiк құрылғылары мен коммуникацияларына олардың иелерiмен қызмет көрсетедi.

84. Қаланың көркейтуiн бұзуы мүмкiн, инженерлiк коммуникациялары мен құрылғылары бар заңды және жеке тұлғалар, олардың техникалық жағдайларын жүйелi бақылауға мiндеттi, атап айтқанда:

1) аумақтарды су басуға жол бермеу;

2) бөлiнген және күзетiлетiн аймақтардың санитарлық жағдайын бақылау;

3) люктердiң қақпақтары, құдықтар мен камералардың жабуы, жаңбыр суы ағатын кәрiздер торлары жол төсемдерiнiң деңгейiнде және үнемi дұрыс жағдайда ұсталуын бақылау;

4) оларды тез анықтау үшiн құдықтарға белгi жасау;

5) құру, қайта жабу мен пайдалану ережелерiн сақтамау салдарынан бұзылуы мүмкiн жер асты жүйелерiнiң қатты немесе топырақ жабуларының жағдайын бақылау.

85. Жер асты инженерлiк желiлерiн төсеу және қайта орнату жұмыстарының жүргiзу қолданыстағы техникалық шарттарға сай қатаң жүргiзiлу керек.

86. Автожолды, алаңдарды және жалпы пайдаланудағы басқа орындарды қайта құруды бастағанға дейiн жер асты коммуникацияларын салу, күрделi жөндеу, қайта құру жүргiзiлуi керек.

87. Қатты төсемдi аумақтарды күрделi жөндеу немесе қайта құру кезiнде талап етiлетiнге дейiн инженерлiк жүйелер құдықтарының люктерiн белгiлеудi жүргiзу, коммуникациялардың күзетiлетiн аймақтарының ендiгiне көк шөп шығатын алаңдарды, жаяусоқпақтарды, авиажолдарды қалпына келтiру жөндеуге тапсырыс берушi есебiнен жүргiзiледi.

88. Көшелер мен жолдардан жер бетi суын және ыза суларды қашыруға бағытталған арналар, құбырлар, кәрiздер жинау мен тазарту, қала бюджетi есебiнен қалалық қоқыс төгетiн орынға тез арада шығару қажеттiлiгiне байланысты қатты тұнбаларды шығару. Аулаларда және басқа да жер пайдаланушыларға бөлiнген және бекiтiлген аумақтарда су өткiзетiн құбырларды жер пайдаланушылар жүргiзедi.

Шағын аумақ шекарасы шегiнде жалпы қала аумағы бойымен өтетiн коллекторларды, жаңбыр суын қабылдағыштарды тазарту қала бюджетi есебiнен жүргiзiледi.

89. Қаланың сутартқы құдығының қасындағы радиусы 5 метр аумақты мұздан (қыс уақытында) және қоқыстан тазарту және оларды шығару, құдықтарға кiреберiс жолды ұстау сутартқы құдықтарының иелерiмен жүргiзiледi.

90. Өндiрiстiк кәсiпорындар алаңынан ауа сулары шаруашылық нәжiс кәрiздерiне түсу керек. Бұл суларды қалалық жаңбыр суы ағатын кәрiздерге жiберуге жол берiлмейдi.


11. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау
91. Қала көшелерiнде, алаңдарында, саябақтарында, саяубауларында сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы және күрделi жөндеу қала бюджетiнiң қаржысы есебiнен арнайы кәсiпорындармен жүзеге асырылады.

92. Тұрғын аудандар мен басқа да жалпы пайдалану орындарында бұл жұмыстар, олар кiмнiң қызметiнде болып табылса, соларға жүктеледi.

93. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау және қызмет көрсетуге келесi iс-шаралар кiредi:

1) берiлген параметрлерге сай келетiн саны мен сапа көрсеткiшi бар қондырғылардың техникалық дұрыс жағдайын ұстау;

2) қондырғылардың регламенттiк жұмыс тәртiбiн қамтамасыз ету, қала әкiмiмен бекiтiлген, кесте бойынша дер кезiнде қосу мен өшiрудi, iшiнара немесе толық өшiрудi бақылау, олардың жанбай қалған шамдарын шұғыл жою, зақымдану мен басқаларды анықтау.

94. Сыртқы жарықтандырудың жану пайызын және қондырғылар жағдайын анықтау үшiн пайдаланатын кәсiпорындармен бақылау тексерулер жүргiзiлiп, акт жасалады. Шамдардың жану пайызы 95% аз болмау керек.

95. Сыртқы жарықтандыру қондырығыларының металл тiректерi, кронштейндер мен басқа элементтерi сыртқы жағдайларына байланысты боялады, бiрақ 3 жылда бiр реттен кем емес.
12. Аумақтарды көркейту мен сауда кәсiпорындарының қас

беттерiн көркемдеу және халыққа қызмет көрсету жөнiндегi

пункттердi, оларды тұрғын ғимараттарға орналастыру

жағдайының тәртiбi


96. Тұрғын, әкiмшiлiк және басқа ғимараттардың оның маңындағы аумақтардың келбетiн сақтау мен жақсарту үшiн, оларға сауда кәсiпорындарын, халыққа қызмет көрсету жөнiндегi пункттердi, офистер және басқадай нысандар орналастыру кезiнде, иелерi- меншiк түрiне қарамастан заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер, олармен өңделген және келiсiлген жобаға сай ғимараттың қас бетiн көркемдеу және маңайындағы аумақтарды көркейту жөнiнде кешендi iс-шаралар атқару керек.

97. Кешендi iс-шараларға, жобамен қарастырылған, келесiдегiдей жұмыстар көлемiн орындау кiредi:

1) қас беттi әрлеу (бояу, әр түрлi материалдармен қаптау және басқадай);

2) ғимараттың жалпы стилiне сай келетiн, қанатшалар, маңдайшалар орнату;

3) жаяусоқпақтар, кiреберiстер мен автомашина тұрақтары үшiн алаңдар, төсенiштер, көк шөп шығатын алаңдар салу, жасыл желектер кiретiн аумақтарды көркейту бойынша жұмыстар атқару және басқадай;

4) отырғыштар, урналар қоршауларын орнату және басқадай;

5) ғимарат аумағының маңын және автожолдың жүретiн бөлiгiнiң көшелер, алаңдар мен басқа қоғамдық орындарға шығатын ғимараттардың қасбеттерiне көмескi жарық орнату белдiгiне дейiнгi көшелердi жарықтандыру үшiн жеткiлiктi сыртқы жарықтандыруды (жарықтандырылған жарнамалар) орнату;

6) жалпы стильде, қажеттi мөлшердегi ақпараттары бар, әдемi жасалған маңдайшадағы жазуларды орнату.

Ескерту. 97-тармақ толықтырылды - III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 13/4 шешiмiмен.

98. Ғимаратта бiр кәсiпорын орналасқан жағдайда қас беттiң барлығы немесе оның бөлiгiн көркемдеу керек болса (қаланың бас сәулетшiсiнiң келiсiмi бойынша), сондай-ақ ғимараттың барлық ендiгiндегi көшелердi ғимараттан "қызыл сызыққа" дейiнгi немесе бөлiгiндегi барлық аумақтарды көркейту мен санитарлық жинастыру (қаланың бас сәулетшiсiнiң келiсiмi бойынша), басқа иелер немесе жалдаушылар пайда болған кезде, шығындары өтеледi. Бiрнеше кәсiпорындар болса, қасбеттi көркемдеу, маңындағы аумақтарды көркейту мен санитарлық жинастыру олармен тиiстi үлесiн бiрыңғай сәулет-көркемдiк келбетiн сақтау және жұмыстарды бiр уақытта орындау жүргiзiледi


13. Ақылы автомобиль тұрақтарын ұстау
99. Тұрақтар өңделген және бекiтiлген жобалық-сметалық құжаттар негiзiнде ғана ұйымдастырылады.

100. Көлiк құралдары тұрақтарының төсемi бар қолайлы жеке алаңдары су өткiзбейтiн жамылғысымен, жол белгiлерiмен белгiленген, автомобильдi қою үшiн қарастырылған қалтасы, қоршауы, су қайтарғы жүйелерi және тазарту құрылғыларының белгiлерi, көгалдандырылған, көркейтiлiнген, жарықтандырылған, диспетчерлiк павильон орнатылған, өрт сөндiру құралдары, қалдықтарды жинау және салу үшiн контейнерлiк алаң болу керек.

Тұраққа кiре берiсте тұрақ атауын, жұмыс тәртiбiн қарастыру қажет.

101. Автокөлiк тұрақтарын, автосервис қызметтерi және олардың маңындағы аумақтарды ұстау, жинау, қоқыстарды тек контейнерлерге салу олардың меншiк иелерiмен жүзеге асырылады.


14. Жер пайдаланушылар мен қала аумақтарында

жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргiзетiн адамдардың

мiндеттерi
102. Жер пайдаланушы:

1) қолданыстағы санитарлық нормалармен анықталған, бөлiнген және бекiтiлген аумақтарды, инженерлiк жүйелер мен олардың элементтерiн тиiстi жағдайда ұстауға (құдықтар, люктер, толар, тiректер, насос стансалары, жылу пункттерi, трансформатор подстансалары және т.б.);

2) құрылыс қоқыстарын, тұрмыстық қатты қалдықтарды полигондарға (қалалық қоқыс төгетiн орындарға) шығару және көмудi қамтамасыз етуге;

3) санитарлық нормаларға сай сұйық қалдықтарды жинағыш тазаланатын шұңқыр болуға;

4) өз аумақтарында қажет болған жағдайда уландыру және зиянды кемiргiштердi жоюды жүргiзуге (шыбындар, тышқандар, егеу құйрықтарды жою үшiн) мiндеттi.

103. Қала аумақтарында жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргiзетiн ұйымдар мiндеттi:

1) құрылыс алаңын жүргiншiлер қозғалысының қауiпсiздiгi үшiн енi 1 метрден кем емес қорғаныш маңдайшасы бар биiктiгi 2 метрден аз емес тұтас шарбақпен қоршауға;

2) жолдың балшықтануын болдырмау үшiн құрылыс алаңдарында қатты төсемдерi бар кiреберiс жол салуға;

3) құрылыс кезiнде оның учаскелерiнде құрылыс аумағынан шыққан автокөлiк дөңгелектерiмен ластанған автожолдарды және бекiтiлген аумақ шегiндегi қоршауға iргелес аумағында тазарту жұмыстарын жүргiзу;

4) олардың шаңдануын және желмен шаң көтеруiн болдырмайтын шараларды сақтап, құрылыс материалдарын сақтауға мiндеттi.

Ескерту. 103-тармақ толықтырылды - III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 13/4; өзгерiстер енгiзiлдi - 2005 жылғы 6 маусымдағы N 14/15 шешiмдерiмен.
15. Елдi мекендердi санитарлық тазарту бойынша уәкiлеттi

органдар мен қызметтердiң мiндеттерi


Ескерту. 15-бөлiм алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 2009.12.30 № 20/6 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) шешiмiмен.
16. Көлiк құралдарының жүргiзушiлерiмен Өскемен

қаласын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер

мен жасыл желектердi қорғау Ережелерiн бұзғаны үшiн әкiмшiлiк

құқық бұзушылық iстерiнiң қаралуын қамтамасыз ету


Ескерту. 16-бөлiм жаңа редакцияда - III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 13/4; алынып тасталды - 2005 жылғы 6 маусымдағы N 14/15 шешiмдерiмен.
17. Осы Ережемен тыйым салынған iс-әрекеттер
Ескерту. 17-бөлiм жаңа редакцияда - III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 13/4 шешiмiмен.
114. Алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 2009.12.30 № 20/6 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) шешiмiмен.

115. Қала аумақтарында:

1) қаралатын құдықтарға, өзендер мен басқа су айдындарына, көк шөп шығатын алаңдарға, ағаштар мен бұталар түбiне, көшелер, жаяусоқпақтар мен трамвай желiлерiнiң жүретiн бөлiгiне қоқыс, балшық, қалдықтар, мұз түйiршiктерiн, ластанған қарды тастауға;
2) көшеге, далаға, орманды аймақтарға, жол бойынша, өзендер мен басқа су айдындарына және бұл мақсаттарға бөлiнбеген барлық басқа жерлерге құрылыс, тұрмыс және тамақ қалдықтарын тастауға;

3) көшелерде, өзендер мен басқа су айдындарында, су құбыры мен құдықтар маңында, тұрғын ғимараттар аулаларында машина, трактор жууға;

4) көшелерде, аулалар мен басқада қозғалмалы сауда жабдықтарын, сауда аяқталған соң жинауға жататын, жиналған қоқыс, лас қалдықтар, балшық, мұз түйiршiктерi мен қар, құрылыс және басқа қалдықтарды шығармай қалтырып кетуге;

5) көшелерге құрылыс материалдарын, отын, көмiр үюге;

6) өндiрiстiк қалдықтармен өзендер және басқа суайдындарын ластауға;

7) бөлiнбеген жерлерге дүңгiршектер, дүкеншелер, павильондар орнатуға;

8) үйлердiң қабырғаларына, көшелердi жарықтандыру бағандарына, ағаштар мен басқа да бөлiнбеген жерлерге әр түрлi хабарландырулар iлуге;

9) аулалар мен көшелер аумақтарына жуынды, лас қалдықтар төгуге, қоқыс пен жапырақтарды өртеуге;

10) су құбырлары, жылу желiлерi, кәрiздер апатын жою кезiнде жаңбыр суы ағатын кәрiздерге қыс кезiнде су қашыртуға;

11) қала аумақтарын ластайтын, жүк дұрыс тиелмеген, шанағында ақауы бар көлiктiң жүруiне;

12) ашық шанақтарда қапсыз, төгiлетiн жүктердi, шикiзат пен макулатураны тасуға;

13) құрылыс алаңдарын қоршауда көшенiң "қызыл сызығына" шарбақты шығарып орнатуға;

14) қала аумақтарын өз еркiмен қазуға;

15) инженерлiк жүйелердегi апатты жойғаннан кейiн қазылған жерлердi топырақпен жабуға;

16) қала аумақтарын санитарлық тазарту бойынша жұмыстар атқарудың мерзiмiн бұзуға;

17) контейнерлерге тұрмыстық бағыттағы iрi көлемдi заттар және құрылыс материалдарын тастауға, контейнерлерге сұйық лас қалдықтарды төгуге, онда қоқыс өртеуге;

18) саябақтарда, саубауларда өкiлеттi органның рұқсатынсыз, мемлекеттiк қорғауға жататын нысандарда үнемi немесе уақытша құрылыс салуға учаскелер бөлуге;

19) экологияға зиян келтiретiн, басқа iс-әрекеттерге.



Ескерту. 104 тармақ Ережелерi 115 тармаққа ауыстырылды - III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 13/4 шешiмiмен.
18. Осы Ережелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Ескерту. 18-бөлiм жаңа редакцияда - III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 13/4 шешiмiмен.
116. Осы Ережелердi бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк заңнамасымен қарастырылған, санкциялар қолданылады.
Қалалық мәслихаттың хатшысы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет