Ббк 5. А 36 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет29/38
Дата18.05.2022
өлшемі1.63 Mb.
#457004
түріМонография
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38
Лизинг КАЗ

8.2. Лизинг алушы құқылы: 
8.2.1. Лизинг затының сапасы мен жиынтықтығына, оны жеткізу 
мерзімдеріне және сатушы мен Лизинг беруші және лизинг алушы арасында 
жасалған сатып алу-сату Шартын орындамаудың өзге жағдайларында 
Сатушыға талап білдіруге. 
8.2.2. Лизинг берушінің жазбаша келісім талаптары болған кезде, 
берешекті 9.2.6-тармақта көзделген тәртіпте және мөлшерде өтеу жолымен 
және бұл туралы Лизинг берушіге болжанатын өтеуге дейін 30 (отыз) банк 
күндері ішінде жазбаша ескертіп, осы Шарт бойынша міндеттемелерді 
мерзімінен бұрын тоқтауға. Лизинг алушыда Лизинг берушіден өзінің 
хабарламасына жазбаша келісімінің болмауы, лизинг бойынша берешекті 
мерзімінен бұрын өтеуге Лизинг берушінің акцепті болып саналмайды.
8.2.3. Лизинг берушінің жазбаша келісімі кезінде Лизинг Затының 
болжанған қайтарылуына дейінгі 30 (отыз) банк күндері ішінде Лизинг 
берушіге бұл туралы ескертіп, Лизинг Затын ерікті қайтаруға. Бұл ретте Лизинг 
алушы Лизинг берушіге, осы Шарт бойынша міндеттемелердің мерзімінен 
бұрын тоқтатылуымен байланысты бүкіл төлемдерді 9.2.6-тармақта көзделген 
тәртіпте және мөлшерде өтейді. Лизинг алушыда Лизинг берушіден өзінің 
хабарламасына жазбаша келісімнің жоқ болуы, Лизинг Затын ерікті қайтаруға 
Лизинг берушінің акцепті болып саналмайды.


95
А-қосымшасының жалғасы
8.2.4. Лизинг берушінің жазбаша келісімімен Лизинг Затына қандай да 
бір жақсартулар жүргізуге құқылы. Лизинг алушы жүргізген, бөлінбейтін 
жақсартулар құны, өтеуге жатпайды.
8.2.5. Лизинг алушы осы Шарттың 9.2.4-тармағына сәйкес, лизинг 
бойынша берешекті мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.
9. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 
 
9.1. Лизинг беруші міндетті: 
9.1.1. Лизинг беруші Лизинг алушыға егер Сатушы Лизинг берушіге 
бұрын төленген бүкіл соманы қайтарса, сондай-ақ сатып алу-сату Шартына 
қызмет көрсету бойынша Лизинг беруші көтерген шығыстарды қайтарса, 
сондай жағдайда, осы Шарттың 5.3.1-тармағында көзделген алғы төлем 
сомасын Лизинг берушіге қайтаруға міндеттенеді. Лизинг беруші Сатушының 
ілгеріде көрсетілген сомаларды қайтару кезінен 7 (жеті) жұмыс күні ішінде 
Лизинг берушіге алғы төлемді қайтаруды жүзеге асырады.
9.1.2. Лизинг алушының Лизинг беруші алдындағы осы Шарт бойынша 
бүкіл міндеттемелерін тиісті деңгейде орындаған кезден 15 (он бес) жұмыс күні 
ішінде, меншік құқығының Лизинг берушіден Лизинг алушыға ауысуын 
растайтын, тиісті құжаттарға қол қоюы жолымен лизинг Затына меншік 
құқығын Лизинг алушыға беруге.
9.1.3. Лизинг алушының осы Шарт бойынша Лизинг беруші алдындағы 
міндеттемелерін толық көлемде орындауы кезінде, лизинг Затына иелік ету 
құқына осы Шартпен енгізілетін шектеулерді алып тастау үшін бүкіл шаралар 
қабылдауға.
9.1.4. Лизинг алушының қызметіне кем дегенде бір рет мониторинг 
жүзеге асыруға, оның ішінде қаржы жағдайын талдауға, Лизинг берушінің ішкі
рәсімдеріне сәйкес, лизинг Затының бар болуына және жай-күйіне тексеру 
жүргізуге, сондай-ақ осы Шартпен белгіленген өзге де жағдайларда тексеру 
жүргізуге. Лизинг алушы тарапынан қандай да бір бұзушылық фактілері 
анықталған жағдайда, Лизинг беруші осы Шартты мерзімінен бұрын бұзуға 
міндеттенеді немесе өзінің қалауы бойынша, Шарт шеңберлерінде 
пайдаланылған Қордың несие қаражатын, бұл ретте несие қаражатын, Қорды 
қаржыландыру Бағдарламасының шарттарына сәйкес келетін, шағын және орта 
кәсіпкерліктің өзге субъектілерін қаржыландыруға бағыттай отырып, оны 
алмастыруға міндеттенеді.
9.1.5. Келісімнің бүкіл қолданыс мерзімі ішінде Шотты жаппауға және 
Қордың жазбаша келісімісіз банк шотын ашуға, шарт талабын өзгертпеуге. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет