Беген ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдында есеп беру жиынындағы тезисі қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың халыққа жолдаған «Нұрлы жол путь в будущее»



Дата04.07.2016
өлшемі96.21 Kb.
#177792
Беген ауылдық округі әкімінің тұрғындар

алдында есеп беру жиынындағы

ТЕЗИСІ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдаған «Нұрлы жол - путь в будущее» кезекті Жолдауын басшылыққа ала отырып, игі жұмыстар атқаруда. Округте 7 адамнан құралған Елбасының Жолдауын түсіндіріп, насихаттайтын ақпараттық-насихаттау тобы жұмыс істейді. Жыл бойы 3 дөңгелек үстел, 91 кездесулер өткізілді. Саяси-қоғамдық басылымдарға жазылу жұмыстары жоғары деңгейде өтеді.



Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша округте 1 орта мектеп бар, 38 мұғалім қызмет атқарады. 245 оқушы дәріс алса, мектеп алды 31 оқушы бар. Барлығы 0-11 сынып оқушылары 276. Күн көрісі төмен деңгейдегі отбасылардан 120 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. 2015-2016 оқу жылында оқушылар оқулықтармен толық қамтамасыз етілген. 25 оқушы Лесхоз ауылынан мектепке тегін тасымалданады.

«Мектепке жол» акция шеңберінде округтің кәсіпкерлерінің демеушілігімен аз қамтылған отбасыларынан 15 оқушыға 30 мың теңгеге оқуға қажетті құралдар алынды.

Биылғы оқу жылына жеке кәсіпкер С.Кульбаевпен келісім-шарт жасалынып, ағымдағы жылдың 1-ші қазанына дейін 870 тонна қатты отын тасымалдану қажет болса, бүгінгі таңға қажетті қатты отын жеткізілді. Жазғы уақытта 770 мың теңгені құрайтын сомаға бір қазандық орнатылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектептің қысқы маусымдық жұмыстарына дайындығы туралы актісі жасалынылды.

Бірыңғай ұлттық тестілеу

жылдар

Түлектер саны

ҰБТ тапсырғандар

Орта балл

2014

29

9

69

2015

1

11

78

Денсаулық сақтау:

Биылғы жылдың басынан қайтыс болғандар саны 10 адам болса, 127 нәресте дүниеге келдi. Ағымдағы жылдың маусым айында флюрографиядан – 340 адам, скринигтен балалр мен үлкендер барлығы - 554 адам өтті. Соңғы 5 жылда ана өлімі тіркелген жоқ. 7 медициналық қызметкер, 3 жұмысшы жұмыс iстейдi. Бiр жедел жәрдем автокөлiгi бар.



Орман шаруашылығы «Семей орманы» МОТР регионалдық мемлекеттік мекемесінің Беген филиалында штаттық кестеге сәйкес 124 адам жұмыс істейді. Маусымдық жұмыстарға атап айтқанда, ағаш егу 600 га, және 630 га жерден ескі ағаштардан орманды тазалау жұмыстарына 139 жұмыссыз отырған адамдар жұмыспен қамтамасыз етілді. Биылғы жылы орман шаруашылығында Бүкіләлемнің Банкісінің «Ормандарды сақтау және республика аумағында орманды алқаптарды кеңейту» жобасының аясында лесхоз ауылында 2-і пәтерлі 3 үй салынып, орман шаруашылығына пайдалануға берілді.

Ауылшаруашылығы және фермерлікті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау- Қатаң мал азығы 9500 тоннаға жоспарланған. Қазіргі уақытқа дейін қатаң мал азығы 9700 тоннаны не болмасы 102 пайызға орындалды. Округте 1 тіркеме шөптің бағасы 15000 теңгені құрайды.

2015 жыл іішінде ірі қара мал басының саны




р/с

Атаулары

2014 жыл

2015 жыл

+,-

1

Ірі қара мал басы

3848

3977

+129

2

Қой мен ешкі

4872

4931

+59

3

жылқы

871

890

+19

4

Құс (дана)

5046

5300

+254

5

Ет (цн)

9265

9549

+284

6

Сүт (цн)

65416

66859

+1443

7

Жұмыртқа (дана)

346683

361970

+15287

8

Жүн (цн)

208

208



Биылғы жылы ветеринарлық пункт ашылып, жұмыс істеуде. Пунктттің іші күрделі жөндеуден өткізіліп, құрал-жабдықтармен, жихаздармен қамтамасыз етілген.


Егіс алқабының көлемі 2015 жылғы егістік алқабының жалпы көлемі 2529,7 га, оның ішінде күнбағыс -1200 га, картоп -80 га, бір жылдық шөп -1229,7 га, масақ құйрықтылар – 20 га құрайды.

«Бекарыс» фермерлік қожалығы басшысы А.Шамитов 60 га жерге картоп егіп, одан 12300 центнер, «Бекқұрман» шаруа қожалығы басшысы Р.Богенбаев 20 жерге картоп егіп, одан 4100 центнер өнім алды.

Округ бойынша жоспарға сәйкес 9700 тонна қатаң мал азығы дайындалып, 102 пайызға орындалды. Шөптің бір тіркемесі 15000 теңгені құрады.

«Дархан-4» шаруа қожалығы- басшысы Б.Құсайынов 20 га жерге масақ құйрықтылар (смесь колосовых) егіп, 782 центнер өнім, 300 га жерге күнбағыс егіп одан 1500 центнер өнім алды.

«Олжас» шаруа қожалығы –басшысы О.Кайроллаев 300 га жерге күнбағыс егіп одан 1500 центер өнім алды.

«Қонақ» шаруа қожалығы –басшысы Е.Конаков 200 га жерге күнбағыс егіп одан 1000 центнер өнім алды.

«Бекарыс» фермерлік шаруашылығы басшысы А.Шамитов 60 га жерге картоп егіп одан 12300 центнер өнім алды.

«Куаныш » шаруа қожалығы басшысы Жапарханов Т. 200 га жерге күнбағыс егіп, одан 1000 центнер өнім алды.

«Бекқұрман» шаруа қожалығы басшысы Р.Богенбаев 20 га жерге картоп егіп одан 4100 центнер өнім алды.

Биылғы жылы сүт өндіру фермасын ашып, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды.

Ауыл тұрғындары 12 га жерге картоп егіп 2460 центнер, 10 га жерге көкөніс егіп, 2130 центнерден өнім алды.

Округте екі наубайхана, алты дүкен, бір дүнгіршек жұмыс істеуде, онда жұмыссыз 14 адам жұмыспен қамтылған.

Шаруа қожалықтарының басшыларымен асыл тұқымды аталық мал сатып алу, аналық мал басын көбейту жұмыстары жүргізілуде. Ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту жұмыстарын жүргізуде, «Қазақагрофинанс» АҚ лизинг арқылы «Ерғанат» шаруа қожалығының басшысы Б. Байболов биылғы жылы несиеге МТЗ – 82 маркалы тракторын 6 млн 500 мың теңгеге, өз қаражаты есебінде КД –Ф-4,0 П шөп шабатын агрегатын 480 мың теңгеге сатып алды. «Қонақ» шаруа қожалығының басшысы Е. Қонақов өз қаражатының есебіне МТЗ -89 маркалы тракторын 4 млн теңгеге, 1 бас асыл тұқымды бұқаны 430 мың теңгеге,

«Фариза» шаруа қожалығының басшысы Р.Толенбекова 1 бас асыл тұқымды бұқаны 320 мың теңгеге сатып алды.

«Жантемір» шаруа қожалығының басшысы Т. Нуралдинов өз қаражаты есебінде 200 мың теңгеге шөп шабатын агрегат алды.

«Бекарыс» фермерлік шаруашылығының қожалығының басшысы А. Шамитов Беларус – 892 маркалы тракторын 3 млн. 320 мың теңгеге, шөп шабатын агрегатты 530 мың теңгеге, прессподборщикті ( шөп жинайтын агрегат) 2 млн. теңгеге, аша мен ковшы бар универсалды қондырғыш (навеска), дән ұнтақтағыш – ЗД -0,5 -У (зернодробилка) және шөп, сабан кескіш –КР -02 құралдарын 1 млн. 20 мың теңгеге барлығы 7 млн. 500 мың теңге қаражатына сатып алды.

«Ілгідай» шаруа қожалығының басшысы К. Оспанова шілде айында 3 млн 600 мың теңгені құрайтын МТЗ -82,1 маркалы тракторын өз қаражаты есебінде сатып алды. Сонымен қатар 30 бас асыл тұқымды құнажын және 1 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды. Тартылған инвестиция - 20 млн 170 мың теңгені құрайды.

Биылғы жылы 17 адам «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша ауылда кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету жұмыстарына 2014-2017 жылдары мал шаруашылығын дамытуға несие алып мал сатып алып, жұмыс жүргізіп жатыр.

Ауыл шаруашылық малдарының аса қауіпті ауруларына қарсы егу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді. Округ бойынша барлық ауылдарда қоғамдық мал табындары ұйымдастырылған және шаруа қожалығы басшыларымен келісім-шарт жасалған.

Округ бойынша 56 қаңғыма ит жойыл


Жергілікті салықтарды жинау бойынша:



атауы

2014 жыл

2015 жыл

1

Мүлік салығы

134719

127879

2

Жер салығы

156830

147977

3

Көлік салығы

900050

891900




Барлығы

1191599

1167756

Округте аз қамтылған 35 отбасы балаларға арналған жәрдем ақы алады. Әлеуметтік жәрдемақы алатын отбасылар жоқ

Беген ауылдық округiне қарасты үш елдi мекен Беген ауылы, Беген орман шаруашылығы, Жандос ауылы бар. Округ бойынша барлығы 1596 адам, оның iшiнде Жандос ауылында 50 адам, Беген орман шаруашылығында 107 адам және Беген ауылында 1439 адам тұрады. Мектеп жасына дейiн 154 бала, мектеп жасындағы оқушылар саны 248, 16-29 жастағы жастар саны 713 адам, зейнеткерлiк жастағылар 281 адам, экономикалық белсенді адамдар- 892 оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған -807 адам тұрады. Округте 1 орман шаруашылығы, 1 орта мектеп, бiр дәрiгерлiк амбулатория, екi фельдшерлiк пункт бар



Шағын және орта бизнес

Округ бойынша 29 шаруа қожалығы, оның ішінде 24 шаруа қожалығы мал өсірумен айналысады 7 дүкен, 1 дүнгіршек, 1 тойхана, 2 шағын наубайхана тіркеліп жұмыс істеп, округ тұрғындарын нан өнімдерімен қамтамасыз етуде.

2015 жылы 147 жаңа жұмыс орындары ашылып, 9 адам ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтылды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында «Аумақтарды дамыту» бағдарламасы шеңберінде 6 адам аспазшы мамандығына, 11 адам құрылысшы мамандығына кәсіптік білім алды. Жеке меншік мал бағуға 11 адам қамтылды.

Лесхоз ауылында «Аяулым-2015» 20 орындық бала бақшасы ашылып, сонымен қатар 8 жаңа жұмыс орны ашылды.



«Өрлеу» жобасына байланысты жұмыссыз 8 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.

Инсвестиция тарту бойынша біршама жұмыстар атқарылып жатыр. «Дархан-4» шаруа қожалығының басшысы 4 млн 375 мың теңгеге МТЗ-82 маркалы тракторын, 1 млн 850 мың теңгеге прессподборщик, 100 мың теңгеге ковш, 80 мың теңгеге ашаны (вила), шөп шабатын агрегатты 370 мың теңгеге, 3 бас асыл тұқымды ақ бас бұқаларды 990 мың теңгеге өз қаражатына сатып алды.

«Олжас» шаруа қожалығының басшысы Кайроллаев Олжас 3 млн. 300 мың теңгені құрайтын МТЗ -82 тракторын сатып алды.

«Бекарыс» фермер қожалығы басшысы Аслан Шамитов МТЗ-82,1 тракторын 3 млн 650 мың теңгеге, картоп қазатын (картофелекопалка), тиейтін агрегаттарды 1 млн 320 мың теңгеге барлығы 5 мың теңгені құрайтын сомаға сатып алды.

«Бауыржан» басшысы А.Рыскенов 230 мың теңгеге және «Вера» басшысы Е.Капанов 325 мың теңгеге бір-бір бас асыл тұқымды ақ бас бұқаларды өз қаражаттарына сатып алды.

Ағымдағы жылы ішінде 16 млн 940 мың теңгеге инвестиция енгізілді.



«Өңірді дамыту» бойынша Республикалық бюджеттен 1млн 420 мың теңге қаражат бөлініп Беген ауылының Абай көшесінің жолы ағымдағы жөндеуден өткізіліп, қаражат толығымен игерілді.

Туған жерге тағзым

Беген ауылына кіре берісте ауылымыздың демеушілерінің көмегімен 800 мың теңгеге «ХОШ КЕЛДІҢІЗДЕР» атты стэлла орнатылды.

Аулымыздың тумалары ауылдан шет жүрген азаматтардың көмегімен зираттың қоршаулары 2 млн 200 мың теңгеге күрделі жөндеуден өткізді.

Мәдени іс- шаралар. Округ және аудан көлемінде болып жатқан барлық мәдени іс-шараларға қатысудамыз. Ұлы Жеңістің 70- жылдығына, Қазақ хандығының 550 – жылдығына, Қазақстан Халық Ассамблеясының -20 жылдығына ауылдың көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшелерінің қатысуымен ауданның сахнасында қойылымдар қойылды. Әр-бір айтулы даталарға, мерекелерге ауыл тұрғындарына концерт қойылып тұрады.

Ауылдарды абаттандырып және санитарлық жағдайын жақсарту үшін екіайлық өткізіп, барлық ұйымдар мен мекемелерге өздеріне тиісті аймақтарды тазалау міндеттелді. Округ бойынша «Таза жұма», сенбі сенбіліктер ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарының белсене қатысуымен санитарлық жағдайды жақсарту жұмыстары жүргізілді.

Құқық сақтау тәртібі

Құқық бұзушылықтың алдын алуда округ тұрғындары арасында белсенді рөл атқаратын әйелдер кеңесі, Ардагерлер кеңесі жұмыс істейді. Демалыс және мереке күндері кешкі мезгілдегі би кештерінде кезекшілік ұйымдастырылады, сондай-ақ түнгі мезгілде көшеде жүрген кәмелеттік жасқа толмағандармен үнемі жұмыстар жүргізіледі.

Округте 7 адамнан құралған Елбасының Жолдауын түсіндіріп, насихаттайтын ақпараттық-насихаттау тобы жұмыс істейді. Саяси-қо Инфрақұрылымды дамыту бойынша атқарылған жұмыстар:

«Чистая пятница», сенбіліктер тұрақты түрде өткізіліп тұрды. «Семей орманы» МОТР мемлекеттік мекемесінің Беген филиалында «Марш парков» өткізілді. Тұрғындарды газбен қамтамасыз ету арнаулы көлікпен Семей қаласынан Округте 47 тыл еңбеккері, 32 Алтын алқа, 26 Күміс алқа иеленген көп балалы аналар бар.



Беген ауылдық округінің әкімі Н.Асылгожин

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет