Егінсу ауылдық округінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы округ әкімінің есебі Құрметті ауылдастар !



Дата22.02.2016
өлшемі35.5 Kb.
#1718
Егінсу ауылдық округінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы округ әкімінің есебі
Құрметті ауылдастар !
Ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!

Елбасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдарының жергілікті тұрғындар алдында атқарған жұмыстары жайындағы есебі» туралы

Жарлығын іске асыру мақсатында, жыл сайын әкімдердің есеп беру кездесулері өткізіледі.

Бұл жұмыс тұрғындарды елде болып жатқан әлеуметтік – экономикалық, саяси реформалармен хабардар етуді жоғарлатуға бағытталған.

Бүгінгі менің есебіме облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев, аудан әкімі Муратов Жомарт Хайдарұлы қатысып отыр. Бұл біздер үшін үлкен құрмет және де кейбір сұрақтардың сапалы шешілуіне, жауапкершілікті арттыруға әсер ететіні сөзсіз.

Жыл бойынша сіздермен әртүрлі сұрақтар бойынша бірнеше кездесулер өткізілді. Оларда проблемалық сұрақтар талқыланып, олардың шешілу жолдары қаралады. Бүгін біз соларды қортындылаймыз. Былтырғы жылғы есеп беру кездесуде осы ауылдағы ауыз су мәселесі туралы сұрақ қойылған болатын. Бүгінгі күні ауылды сумен қамтамасыз ету жүйесін жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттен 186 млн. теңге қаражат бөлініп, жобалық сметалық құжаттар дайындалды, биыл жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.

Екінші қойылған сұрақ – Ұлан өзенінен өтетін жаяу көпір болатын. Осы сұрақ бойынша республикалық бюджеттен 3863,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 1929,0 мың теңге бөлініп,жөндеуден өтті.

Сондай – ақ ауылда дәріхана жоқтығы туралы сұрақ көтерілген. Бұл мәселе облыс көлемінде оң шешімін тауып, бүгінгі күні Жанұзақ және Борсақ ауылдарындағы медициналық кызметкерлер тестілеуден өтіп, дәрі – дәрмек сату үшін сертификат алды. Ұлан ауылының медициналық қызметкері тиісті лицензияны алған соң, осында да , дәрі – дәрмек сататын пункт ашылады.


Ауыл шаруашылығы
Округтің экономикалық негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы болып табылады.Округ көлемінде ірілі – ұсақты 80 шаруа қожалығы, 1 ЖШС бар. Оларда барлығы 1531 бас ірі қара мал, олардың ішінде – 643 бас сиыр, 3583 бас қой, 983 бас жылқы, 236 бас ешкі бар. Жеке қосалқы шаруашылықтарда 2499 бас ірі қара мал, олардың ішінде – 1040 сиыр, 6583 бас қой, 794 бас жылқы, 1148 бас ешкі бар.

Тұрғындармен барлығы – 520 тонна ет, 2884 тонна сүт, 135000 дана жұмыртқа өндірілді.

Шаруа қожалығымен – 320 тонна ет, 1838 тонна сүт өндірілді.

Қазақстан Республикасының «Ветеринарлия туралы» Заңына сәйкес, ауылды «Тоғанас», «Шымқора» шаруа қожалығындарында жанынан мал сою алаңдары ашылды.

Ауылдағы «Шымқора», «Борсақ», «Есберген» шаруа қожалықтары облыс орталығындағы аудан көлемінде өткізілетің демалыс күнгі жәрмеңкелерге белсен қатысып, өз өнімдерін қолайлы бағамен сатады.

Өткен қиын қыста осы шаруа қожалығының басшылары ауыл тұрғындарына жем, шөппен тегін көмек жасады.

Бүгін осы шаруашылықтардың басшылары Е. Бейсенбинов, Сүлейменов Мырзабек пен Мырзаханға әкімшілік атынан ризашылығымызды білдіргіміз келеді.

Округте барлығы 47836 га жер учаскесі бар, оның ішінде – 9447 га егістік жер, шабындық – 3748 га, жайылым жерлер – 34641 га, орташа балл бонитет – 22.

Сондай – ақ картоп салу бойынша тапсырма да орындалды. 50 га жерге картоп егіліп, жақсы өнім алынды. Тұрғындардан сүт жинау «Шығыс сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестік арқылы жүргізілуде. Биылғы жылғы қысқа шөп толық көлемде жиналды.

Келген оралман ағайындарға 2780 га жер бөлініп беріліп суармалы арық тазаланып, су жіберіліп, осының арқасында картоптан мол өнім алынды. Осы жылы 2 ауылдық өндірістік кооператив ұйымдастыру жоспарланып отыр. Биылғы жылы 15 оралмандар отбасына 163 га суармалы жер берілді. Сонымен қатар, округте ауыл шаруашылығы жер санатындағы 1476 га жер нысаналы мақсаттарда пайдаланылмай отырғандықтан, иелеріне ескертулер берілді және иесіз мүлік ретінде есепке қойылды.

Округ бойынша шағын кәсіпкерлікпен 13 адам шұғылданып халыққа игілікті істер атқаруда. Биылғы жылы наубайхана, дәріхана, дүкен ашам деп ниет білдірушілер тиісті құжаттарын дайындау үстінде.
Әлеуметтік сала
2010 жылы ауылда 17 отбасы немесе 51 адам 317300 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алды. 61 отбасы немесе 120 адам 1378500 теңге көлемінде балаларға арналған көмек алды. 45 отбасы тұрғын үй жәрдемақысын алды.

Ұлы Отан соғысының 65-жылдық мерейтойына орай, Жанұзақ ауылындағы соғыс ардагері Қалмақбаев Маутқан ақсақалға Молодежный кентінен пәтер берілді.

Округ бойынша алтын және одан да көп бала тәрбиелеп, өсірген 16 ана «Алтын алқа», 17 ана «Күміс алқа» белгілерімен марапатталып, тиісті жәрдемақыларын алып отыр.

Округте бір әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Ол 6 жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге көмек көрсетеді.

Жыл басынан 16 адам қоғамдық жұмысқа қатысты. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 11 адам жұмысқа орналастырылды. Бүгінгі күні жұмыссыздар саны – 2 адам.

Осы бағдарламаға сәйкес республикалық бюджеттен 3863,0 мың. теңге, жергілікті бюджеттен 1929,0 мың. теңге қаржы бөлініп, халықтың көптеген бері сұранысы Ұлан ауылындағы көпір жөндеуден өтті.


Білім беру саласы
Ауылдағы С. Аманжолов атындағы орта мектепте 132 оқушы оқиды. Онда 12 комплект сыныптары, 2 – жаңа технология, 1 – физика, 1 – химия, пәндік және 1 – мультимедиялық кабинеттер бар, 22 ұстаз қызмет етеді. Бірыңғай Ұлттық тестілеудің нәтижесі орташа 86,7 балды құрады.

1-4 сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасының балалары толығымен ыстық тамақпен қамтылып, облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында, күнделікті балалардың рационына бал енгізілген.

1-4 сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасының балаларына демеушілік жасап отырған азаматтар бар, олар – Сулейменов Мырзахан, Ахметжанов Турсынбек – ірі қара мал, бал берді, Бухарбаев Қайрат, Кунафин Орал – қой берді, Самарханов Нурбек, Азаматов Надір, Мухамадиев Құмарғазы, Сабырова Зинаят апай – ет, сүт өнімдерімен көмектесті, Кумарбеков Бекболат – картоп берді.

Ауыл мектебінің қасында 20 орындық интернат жұмыс істейді. Бүгінгі күні онда 19 бала тұрып білім алуда. Интернат барлық жабдықтармен қамтылған.

Сондай-ақ 20 орындық шағын балалар орталығы жұмыс істеуде. Мектеп өткен жылы «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес, күрделі жөндеуден өтті, 10230,0 мың. теңге жылу және канализация жүйесін жөндеуге бөлініп, толығымен игерілді.
Денсаулық саласы
Ауылда дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. 5 медициналық мамандар тұрғындарға қызмет көрсетеді. Амбулатория ғимараты «Жол картасы» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткен. Жыл көлемінде 18 нәресте дүниеге келген, қайтыс болған адамдар саны – 6.

Амбулаторияның басшысы – Шаямбекова Еркеш Сайдыгумаровна – ерінбей, күндіз-түні ауыл тұрғындарына көмегін көрсетеді.

Округ бойынша түскен жер салық төлемі – 126438 теңге, мүлік салығы – 41034 теңге, көлік – 900000 теңге. Біржолғы талондардан 26355 теңге жиналды. Салық жинау бойынша жоспар 2010 жылы 100 пайызға орындалды.
Көші – қон
Көшіп келген адамдардың саны – 31,

Көшіп кеткен адамдардың саны – 24.

Негізінен Қазақстанның ішіндегі оқу, жұмыс істеу үшін көшіп-қонулар.
Құқық қорғау
Округте екі учаскелік полиция қызметкерлері Закенов Серік және Заманбеков Айдар жұмыс істейді. Қызметкөрсету аумағында 1715 адам тұрады, Ұлан ауылында 1273 адам тұрады.

Жыл көлемінде 14 заңбұзушылықтар тіркеліп, олар бойынша 4 қылмыстық іс қозғалып, оның 2 ашылды.


Азаматтардың арыз-өтініштерімен жұмыс
Барлық түскен арыз-өтініштер – 7, 2009 жылы – 7.

  • жер мәселелері жөнінен – 5;

  • иесіз иттер мәселесі жөнінен – 2.

Арыз-өтініштер уақытында қаралып қойылған талап-тілектер шешімін тауып, арыз иелеріне хабарланады.
Ауылды көркейту және көгалдандыру
Шығыс Қазақстан облысы әкімімен жарияланған 2 айлық санитарлық тазалық бойынша округте қыстай жиналған қоқыстарды жинау бойынша сенбіліктер және «Таза бейсенбі» күндері өткізілді. Бұл іс-шараларға «Тоғанас» шаруа қожалығының техникалары мен оралман ағайындардың шағын тракторлары жұмылдырылып, бұзылған ғимараттардың орындары тазаланып, тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Мектептің, ескерткіштің маңайларытазаланып, гүлзарлар жасалды, сонымен қатар 50 түп ағаш отырғызылып, қоршаулары боялды.

Осы жылы Ұлан ауылының Аманжолов көшесін жарықтандыруға 740,0 мың. теңге бөлініп, көшені жарықтандыруға 15 баған орнатылды. 2011 жылы Ахметов көшесін жарықтандыруға жергілікті бюджеттен 1543,0 мың. теңге қарастырылып отыр.

Қыс мезгілінде жолдарды және көшелерді тазалауға 160 мың. теңге қаржы бөлініп, «Тоғанас» шаруа қожалығымен келісім шарт жасалды.


Бюджет
2010 жылғы ауылдық округтің әкімі аппаратының бюджеті 13127,0 мың. теңгені құрады, оның 5828,0 мың. теңгесі ауылдық округтің қызметін қамтамасыз ету үшін.

Жыл басында округ әкімі аппаратына 1 бірлік ветеринар маманы бөлініп, оған 114,0 мың. теңгеге компьютер сатып алынды.

Иесіз иттерді жоюға 40,0 мың теңге бөлініп, «Доктор Айболит» ЖШС келісім шарт жасалып, 20 ит жойылды.

Елбасы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауында, Қазақстанның 10 жылға арналған даму бағдарламасын, ғаламдық экономикалық және саяси ықпалды қайта бөлу мен тарихи кезеңдер ауыса бастаған күрделі уақытта ұсынды. Біздің дағдарыстан шынығып, ширап шығуымыз қажеттігіне көбірек көңіл аударды. Әкімшілік өткен жылы осы жолдаудан туындаған міндеттерді облыс, аудан әкімінің берген тапсырмаларын жүзеге асыру үшін жыл басында жоспар құрып осы жоспарға байланысты жылдық жұмысты жүргізді. Осы атқарылған жұмыстарға ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі және жастар ұйымы да қатысты.

2010 жылы саяси жаңалықтарға толы болды. Ол Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтасты Ұйымына төрағалық етуі, осы ұйымның басшыларының қатысуымен үлкен САММИТ өткізілуі. САММИТте Астана декларациясының қабылдануы.

Ұлы Отан соғысының 65-жылдығының тойлануы, сондай-ақ Өскемен қаласында қыркүйек айында Ресей мен Қазақстан мемлекеттерінің 7 Форум өткізілуі.

2011 жылы еліміздің барлық халқы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын атап өтеді.

Біздің міндетіміз осы мерекені тұрғындардың тұрмыс деңгейін жақсартып, үлкен нәтижелерге қол жеткізіп, бейбітшілік өмірде қарсы алу.

Құрметті ауыл тұрғындары! Өздеріңізге белгілі, еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттілігін ұзарту бойынша референдумның бастамашы тобының Үндеуі қызу қуатталып, Қазақстан халқымен жан-жақты қолданып жатыр. Мемлекеттің келешекте тұрақты дамуы үшін, Қазақстан халқының игілігі мен өсіп өркендеуі үшін жасалған игі істі біз де қолдап, Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтар үшін ең қасиетті құндылық» дегені көзі қарақты адамның көкірегінде мәңгі сақталуы тиіс деп ойлаймын.

Біздің округ бойынша да Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың президенттік өкілеттілігін ұзартуын 832 адам қолдады.



Кешегі парламент палаталарының бірлескен отырысында референдум өткізу үшін негізгі заңымызға еңгізілген өзгеріс жөніндегі шешілуі қанағат сезіммен қуана қабылдадық.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет