«Бейнелеу өнерге үйретудің теориясы мен технологиясы» пәні бойынша БӨЖ сабақтарын өткізуге әдістемелік нұсқау Семей, 2022ж «Бейнелеу өнерге үйретудің теориясы мен технологиясы»



бет5/5
Дата27.05.2023
өлшемі25.75 Kb.
#474349
түріСабақ
1   2   3   4   5
БӨЖ

Есеп беру формасы: Конспект
Тапсыру мерзімі мен студенттерің білімдерін бағалау: Қараша 2 апта, 10ұпай

Тақырып №7 Бейнелеу өнері сабақтарында халықтық көркем өнімдерімен таныстыруға оқытуға қойылатын талаптар
Мақсаты: Студенттердің өздігінен білімдерін толықтыра алу дағдыларын қалыптастыру, материалды нақты және тақырыпқа сай іздестіруін қамтамасыз ету.
Мазмұны: Білу: Бейнелеу өнері сабақтарында халықтық көркем өнімдерімен таныстыруға оқытуға қойылатын талаптар.
Іскерлік: Дербес жұмыс жасай алу іскерлігін қалыптатыруДағды:Халықтық көркем өнімдерімен таныстыру
Тапсырма: конспект
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Конспектілеу - мәтіннің ең маңызды жағдайларын барынша қыска етіп жазбаша баяндау. Конспектілеу арқылы жинақталған білім баяндама, реферат дайындағанда пайдаланылады.
Конспект дайындауға байланысты түрлі жаднама бар. Солардың бірі мынадай:
1) Конспектілеу алдында шығарманы мұқият оқып, жоспарын құру; 2) Конспектілеуді бастағанда автордың (немесе жинақ редакторының) дәл аты-жөнін, жұмыстың толық атын, шыққан жері мен уақытын көрсету; 3) Ғылыми еңбектің тарау, бөлім, параграфы барлық кезде де дәл көрсетілуі тиіс; 4) Мәтін қысқа мазмұндалады, бірақ негізгі ойлар мен далелдер толық жазылуы тиіс; 5) Конспекгілегенде цитата қолданылуы керек; 6) Конснектілеу барысында түрлі шартты белгілер жүйесін қолдану керек, олардың конспект бойынша жауап бергенде көмегі көп.
Оқушылар осылайша құжаттарды тұтастай немесе фрагменг түрінде конспектілеуді, сол бойынша тарихи тұлғалар, оқиғалар мен құбылыстарға баға беріп, құжатпен дербес, шығармашылық жұмыс жасауға үйренеді.
Есеп беру формасы: Конспект
Тапсырманы орындау мерзімі мен студенттер білімін бағалау: Қараша 3апта, 10 ұпай
Тақырып №8 Мектептегі бейнелеу өнері кабинеті
Мақсаты: Студенттердің қажетті материалдарды іздестіре алу мен негізгі қорытынды шығара алу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ шығармашылық стилде маңызды материалға шолу жасай білу және сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап беру, жүйелілік пен дәлдікті біріктіре алу қабілетін арттыру.
Мазмұны: Білу: Мектептегі бейнелеу өнері кабинетіІскерлік: Дербес жұмыс жасай алу іскерлігін қалыптатыру.Дағды: Мектептегі бейнелеу өнері кабинеті
Тапсырма: тақырып бойынша альбом жасау
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулық: Альбом жасау үшін бізге керекті құралдар: түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім,әдемі жапсырмалар,ленталар.
Есеп беру формасы:Альбом
Тапсырманы орындау мерзімі мен студенттер білімін бағалау: Желтоқсан1 апта, 10ұпай

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет