Білім беру бағдарламасының Bio 2213 Биогеография пәні бойынша ОҚу бағдарламасы ақтөбе, 2019 ж



Дата21.01.2020
өлшемі29.16 Kb.
#447849
түріБілім беру бағдарламасы
биогеография 2019-2020

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Тарих факультеті

География және туризм кафедрасы




«Бекітемін»

Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор

_______________ Абенова Б.С.

«___»________ 2019 ж.

Жаратылыстану пәні бойынша мұғалімдерді даярлау бағыты
5В011600 - «География»
білім беру бағдарламасының
Bio 2213 - Биогеография

пәні бойынша



ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Ақтөбе, 2019 ж.

Биогеография пәні бойынша Оқу бағдарламасы № 6 хаттама, 21.01.2019 ж

5В011600 - «География» Модульдік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.

Құрастырушы: География және туризм кафедрасының доц., г.ғ.к. Сергеева А.М.

Жұмыс берушілер_____________________________________________________________


(Пән жұмыс беруші тарапынан ұсынылған жағдайда, оның аты-жөні, қызметі көрсетілуі тиіс )
Рецензент: Баишев университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, А.Қ.Дүйсенбаев

Кафедра мәжілісінде қарастырылды. №__ хаттама, «__» _________ 2019 ж.


Кафедра меңгерушісі ______________ Абденов А.Ж.

Факультеттің Әдістемелік кеңесі мәжілісінде талқыланды.

№__ хаттама, «___» _______ 2019ж.
Әдістемелік кеңес төрағасы ____________ Айәдарова А.З.

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

№__ хаттама, «___» _______ 2019ж.
ТҮСІНІК ХАТ
Пәннің негізгі мақсаты – Биогеография курсынан студенттер биосфера және экожүйе құрылысы мен қызметтерінің негізгі ұстанымдарын, аумақты биогеографиялық бөлу, биогеографиялық облыстарға сипаттама, табиғат ресурстарының көп түрлілігі мен түрлер бірлестігін қорғау міндеттерін меңгеру.

Курстың міндеті – курсты оқып үйренгеннен кейін сіз Биогеография пәні, қоршаған ортаның аумақтық ерекшеліктері туралы бастапқы нақты білім берумен, географиялық суреттемелер мен сипаттамаларға баға бере білу үшін ақпараттың алуан түрлі көздерін іс жүзінде пайдалана білу, т.б. таныс боласыз.

Биогеография – жаратылыстану ғылымдарының зерттеу әдістерін меңгере отырып, физикалық география, биология, зоология, ботаника, картография, геология, морфология, экология, т.б. ғылым салаларымен тығыз байланыста кешенді зерттеулер жүргізеді. Биогеографияның негізгі бөлімдері флористикалық-фаунистикалық, аймақтық, экологиялық, тарихи болып бөлінеді. Биогеографияның бұл бөлімдері өсімдіктер мен жануарлардың шығу тегі мен таралу аймағы бойынша жан-жақты мәлімет береді.

Биогеография курсы – жер шарындағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің таралу заңдылықтарын зерттейтін физикалық географияның бір саласы. Биогеография – организмдердің материктер мен мұхиттардағы тарихи шығу тегі мен таралу аймақтарын анықтай отырып биоценоздық, ландшафттық тұрғыдан сипаттайды. Сондықтан осы курстан студенттер болашақ маман ретінде жан-жақты биогеографиялық білім ала алады.

Биогеография курсынан студенттер биосфера және экожүйе құрылысы мен қызметтерінің негізгі ұстанымдары, аумақты биогеографиялық бөлу, биогеографиялық облыстарға сипаттама, табиғат ресурстарының көп түрлілігі мен түрлер бірлестігін қорғау мәселелерін қарастыруды игере алады.

Құзіреттіліктер:


  • жер шарындағы ағзалардың көп түрлілігі жайлы;

  • өсімдіктер мен жануарлардың жер шарының географиялық белдеулері бойынша таралу ерекшеліктерін саралау;

  • биогеографиялық ұғымдар мен терминдермен жұмыс жасай білу;

  • ағзалардың жер шарында таралуын шектейтін факторларды талдау;

  • жер шарының фауналық және флоралық аудандастырылуын сипаттау;

  • Қазақстан биотасының биогеографиялық аудандастыру ерекшеліктерін білуі тиіс.

Күтілетін нәтежелер:

  • жер шарының қазіргі фаунасы мен флорасының биогеографиялық аудандастырылуының экологиялық негіздерін жетік білетін;

  • туған жерінің биотасына биогеографиялық талдау жасай алатын;

  • туған жерінің биогеографиялық картасын жасап, биоресурстарды тиімді пайдалануды, ондағы өзгерістерге баға бере алатын жан-жақты білікті маман болып шығады.

  • бастапқы материалдармен жұмыс істеу дағдыларын алуға және халықтарды салыстырмалы географиялық зерттеулер үшін мәліметтерді жинақтау, өңдеу мақсатында мол ақпараттар ағынында бағдарлана білуі қажет.

Студенттердің биогеография пәнінен алған білімдері оларға оқу жоспарында белгіленген болашақта өткізілетін географиялық, экологиялық, биологиялық, т.б. өзге де сабақтас пәндерді неғұрлым терең де табысты игеруге бірден-бір негіз болуға тиіс.

Биогеография курсы физикалық-географиялық білімнің негізін қалайды, географиялық әдістермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, басқа картографиялық туындылармен жұмыс жасау, оларға талдау жасай білуді үйрету мақсатын жүзеге асырады



КУРС МАЗМҰНЫ

Кіріспе
Биогеография ғылымы өзінің мазмұны жағынан биологиялық және географиялық ғылымдарының тоғысқан саласы. Биогеография ағзалар мен олардың бірлестігінің географиялық жіктелуін анықтаумен айналысады. Білім негізі қазіргі кездегі физикалық-географиялық (климаттық, гидрологиялық, геоморфологиялық, топырақтық-геоморфологиялық және т.б.) және палеогеографиялық мінездемелерді санатқа ала отырып, экологиялық ерекшеліктер мен әр түрлі түрлер, топтардың туыстық байланысын географиялық заңдылықтыр арқылы көрсету. Сонымен бірге ағзалар мен олардың қарым-қатынасының географиялық таралуының себебін, құрылымдық-қызметтік және тарихи ерекшеліктерін ашып көрсету де басты міндеттердің бірі. Биогеографиялық деректер туралы білімдер мен заңдылықтар биосфера ресурстарын тиімді қолдану мен қорғау сияқты маңызды мәселелерге жауап беру үшін өте қажет болып саналады. Осы тұрғыдан биогеографиялық аудандастырудың практикалық мақсаты – экология және басқа биологиялық ғылымдар, Жер туралы ғылымдардың жалпы қызметімен бірлікте қарастырылады. Биогеографияның өзіне тән ерекшелігі жағынан әр түрлі мекендердің органикалық әлемдері туралы толық, кешенді ұғым алу болса, екінші жағынан осы берілгендерді ашу, түсіндіру мен саралау салыстырмалы географиялық жол көрсету болып табылады.

Биогеография – жер шарындағы тірі ағзалар мен олардың топтарының таралуы мен орналасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы, өсімдіктер мен жануарлардың және олардың бірлестіктерінің жер шарында таралуы мен олардың бөлектеніп мекендеу сипатын зерттейтін ғылым.



Биогеография курсынан студенттер пәннің мақсат-міндеттерімен, мазмұнымен танысады. Сонымен қатар биосфера және экожүйе құрылысы мен қызметтерінің негізгі ұстанымдары, аумақты биогеографиялық бөлу, биогеографиялық облыстарға сипаттама, табиғат ресурстарының көп түрлілігі мен түрлер бірлестігін қорғау сөз болады.
Негізгі бөлім
1-бөлім. Биогеоценоздың құрылысы мен қызметі

Биогеография пәні және оны оқытудың мақсаты мен міндеттері. Биогеография пәні және оны оқытудың мақсаты мен міндеттері. Биогеография ағзалар мен олардың бірлестігі. Биогеография ғылымындағы салыстырмалы географиялық зерттеу әдістері. Биогеография ғылымының зерттелу тарихы.
Биосфераның ерекшеліктері мен компоненттері. Биосфера туралы ұғым. В.И. Вернадскийдің биосфера жайлы ілімі. Табиғаттағы биогеоценотикалық байланыстар. Биогеосфералардың тепе-теңдігі қамтамасыз ететін табиғаттағы биогеоценотикалық байланыстар.
Биогеоценоздың негізгі компоненттерінің ерекшеліктері. Биогеоценоз. Биогеоценоздардың шекарасы. Биогеоценоздардың тipi компоненттері. Биогеоценоз құрылысы. Биогеоценоз және экожүйенің қатынасы.
Экотоп, мекендеу ортасы, биотоп, ортаға әсер етуші факторлар. Экотоп, мекендеу ортасы, биотоп, ортаға әсер етуші факторлар. Абиотикалық факторлар. Биотикалық факторлар (биогендер). Экологиялық пирамидалар.
Ареалогия мәселелері. Ареалогия ареалдар жөніндегі биогеографияның маңызды салаларының бірі. Биогеографиялық аудандастыру, фауналық және флоралық аймақтарды бөліп көрсетуге және ареалдарды талдау. Өсімдіктер мен жануарлардың ареалдар карталарын құрастыру.
2-бөлім. Құрлықтың флоралық және фауналық жіктелуі. Құрлық биомдары

Құрлықтың флоралық жіктелуі. Флоралық аудандастырудың жоғарғы бірлігі – патшалық. Дүние жүзінде патшалықтар: Голарктикалық, Палеотропикалық, Неотропикалық, Голантарктикалық, Аустралиялық және Кап. Патшалықтар жоғарғы түр және тұқымдық энделизммен сипатталатын облыстарға бөлінеді: сондай-ақ әрбір облысқа жетекшілік орын алатын тұқымдастардың белгілі бір жиынтығы тән.
Құрлықтың фауналық аймақтары. Әр түрлі дәрежедегі фауналық аудандастыру категориясының бөлінуі негізінен эндемизмнің деңгейі. Патшалықтар – фауналық аудандастырудың жоғарғы категориясы болып табылады. Қазіргі уақытта ғалымдардың көпшілігі 4 патшалыққа жіктелуі. Бұл – Нотогей, Неогей, Палеогей, Арктогей.
Құрлықтың негізгі биомдары. Ылғалды мәңгі жасыл тропиктік ормандар. Тропиктік ормандар, сирек ормандар мен бұталар. Саванналар. Мангрлар. Шөлдер. Субтропиктік ормандар және бұталар. Дала және прерилер. Қоңыржай белдеудің жалпақ жапырақты ормандары. Қылқан жапырақты ормандар аймағы. Тундра және орманды тундралар.
Қазақстанды биогеографиялық аудандастыру мәселелері. Қазақстан Республикасының географиялық орналасуы табиғи жағдайлар мен ландшафттардың алуан түрлілігі. Қазақстанды биогеографиялық аудандастыру мәселелері. Қазақстандағы экологиялық мәселелер.
Қазақстандағы биокөптүрлілік және оның пайдаланылуына экологиялық баға беру. Қазақстанның биологиялық алуантүрлілігі. Орман ресурстарын экономикалық бағалау. Қазақстандағы биокөптүрлілік және оның пайдаланылуына экологиялық баға беру.
Практикалық (семинар), зертханалық сабақтардың (зертханалық практикум)

ТАҚЫРЫПТАРЫ


  1. Биогеография ғылымының қалыптасу кезеңдері

  2. Биогеоценозға әсер етуші факторлар

  3. Биосфераның ерекшеліктері мен компоненттері

  4. Ареалдардың құрылымы мен қалыптасуы

  5. Биосфераның ерекшеліктері

  6. Биосфера биотасының геохимиялық ерекшеліктері

  7. Биогеоценоздардың шекарасы

  8. Экожүйедегі байланыстар сипаты

  9. Құрлықтың флоралық жіктелуі

  10. Құрлықтың фауналық жіктелуі

  11. Құрлық биомдарына сипаттама

  12. Құрлықтардың зоогеографиялық картасын талдау және сипаттама беру

  13. Қазақстандағы флора және фауна түрлерінің қазіргі жағдайы

  14. Қазақстанның экологиялық жүйесінің алуан түрлілігі және биоресурстардың азаю процестері

  15. Дүниежүзілік мұхиттарды биогеографиялық аудандастыру

  16. Қазақстанды биогеографиялық аудандастыру мәселелері

  17. Қазақстанның биологиялық алуантүрлілігі


Курс бойынша өзіндік жұмыстарының

ТАҚЫРЫПТАРЫ

  1. Биогеографиялық ғылым дамуының негізгі кезеңдері

  2. Биосфера биотасының геохимиялық ерекшеліктері

  3. Биосфера шеңберіндегі күн энергиясының түсуі мен таралуы

  4. Сукцессия

  5. Табиғаттағы айналымдар (оттек, көміртек, азот, күкірт, фосфор айналымдары)

  6. Құрлықтағы өсімдіктер мен жануарлардың биіктік белдеулер бойынша таралуы

  7. Биофилотикалық патшалық және құрлық облыстары

  8. Құрлықтың флоралық аудандастырылуы

  9. Құрлықтың фауналық аудандастырылуы

  10. Дүниежүзілік мұхиттарды биогеографиялық аудандастыру

  11. Аустралия құрлығының эндемиктері

  12. Қазақстанның ұлттық табиғи бақтары

  13. Қазақстан табиғатын қорғау мәселелері

  14. Жергілікті жердің биогеографиясы

  15. Киіктердің маусымдық көші-қонына сипаттама

  16. Қазақстан Қызыл кітабына енген жануарлар

  17. Солтүстік Каспийдің биологиялық ресурстары



КУРС БОЙЫНША ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі әдебиеттер/ материалдар


  1. Жирков И.А. Биогеография. Общая и частная: суши, моря и континентальных водоёмов. – М.: Т-во научных изданий КМК, 2017. – 568 с.

  2. Радченко Т. А. Биогеография: [учеб. пособие] / Т. А. Радченко, Ю. Е. Михайлов, В. В. Валдайских [науч. ред. Г. И. Махонина]. – Екатеринбург: Изд-во Урал. ун-та, 2015. – 164 с.

  3. Бабенко В.Г. Основы биогеографии. Учебник для вузов. – М.: «Прометей», 2017. – 194 с.

  4. Петров К.М. Биогеография: учебник для вузов. – М.: Академический Проект, 2016. – 400 c.

  5. Мордкович В. Основы биогеографии. – М.: Т-во научных изданий КМК, 2016. – 328 с.

  6. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І. Биогеография. – Алматы: "Дәуір", 2012. – 368 б.

  7. Сергеева А.М. Биогеография пәнінен практикум. – Ақтөбе: Қ. Жұбанов ат. АӨМУ, 2016. – 101 б.

  8. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І. Биогеография экология негізімен. Оқу құралы. 1-бөлім. – Алматы: "TechSmith", 2019. – 172 б.

  9. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І. Биогеография экология негізімен. Оқу құралы. 2-бөлім. – Алматы: "TechSmith", 2019. – 248 б.


Қосымша әдебиеттер/ материалдар

  1. Григорьева Н.М. География растений. – М.: Т-во научных изданий КМК, 2014. – 400 с.

  2. Лысенко Т.М. Растительность засоленных почв Поволжья в пределах лесостепной и степной зон. – М.: Т-во научных изданий КМК, 2016. – 329 с.

  3. Структура и динамика сообществ млекопитающих Западного Казахстана // Окулова Н.М., Гражданов А.К., Неронов В.В. [отв. ред. Рожков В.В.]. – М.: Т-во научных изданий КМК, 2016. – 920 с.

  4. Ақтөбе облысының жануарлар әлемін қорғау. – Ақтөбе: Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, 2011. – 292 б.

  5. Белецкая Н.П., Пашков С.В. Картины природы Северо-Казахстанской области. – Астана: QazagGeography, 2018. – 204 с.


Интернет ресурстар:

  1. Биогеография - http://sci.aha.ru/ATL/ra00.htm

  2. Жер туралы ғылым - http://www.nigma.ru/

  3. Мұхиттану - http://data.oceaninfo.ru/info/index.jsp

  4. Жер планетасы - www.earth.google.com


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет