Бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы,
идеясы, мазмұны мен қыр-сыры
Өткен жолыңды қорытындылау, жете түсіну және бағалауға деген ұмтылыс әр саналы тұлғаға тән. Сондықтан, адамның осы қасиеті оның ұлттық рухани түсінігінің жалпылама процестерін де анықтайды. Өнердің көркемдік кейіпкерлеріне дүниетанымының қандай идеялары, сезімдері мен принциптері жүзеге асырылатынын түсінуге бағытталған ұмтылыс, әсіресе дәуірлер тоғысында, мәдениет кезеңдері алмасар сәттерде ерекше орын алады. Сол себепті ХХІ ғасырдың табалдырығын аттар сәтте, біз өткен ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстанның көркем өнеріне не әкелгені, оған біздің қандай үлесіміздің бар екендігі туралы ойланбай тұра алмаймыз. Өткен жүзжылдықта түрлі инновациялармен қатар дербес мәдени феномен ретінде кәсіби көркемөнер мен мүсін өнерінің ұлттық мектебі қалыптасты және өмірден өз орнын тапты.
Әр тарихи дәуір ғажайып көріністерін сақтаған қазақ халқының көркемөнерлік ғұламасы ХХ ғасырда әр қырынан көрінудің жаңа мүмкіндіктеріне ие болды. 20-30 жылдары Қазақстандағы кәсібі бейнелеу өнерінің дамуының негізгі терігі, республика үшін жаңа. Еуропадан келген ақсүектік станоктық мүсін өнері мен майлы боямен кенепке сурет салудың техникасы, технологиясы, әдістері болды. Көрекемөнер мектебінің аяқтан тұруының негізгі парадоксы өнердің сырттан келген түрлерінің дербес үлттық мәдениеттің рухани ұясында біртіндеп қайта оралуы, толығу дәрежесінде 90 жылдары жеткен сана сезімнің ұлттық типіне пара-пара көркемөнер тілін құру болды.
Мәдениетіміздің, бір қырынан алғанды таныс, ал сонымен қатар үнемі болжалуы мүмкін емес жағдайы – күрделі араласулар мен өзара әсерлердің, бастан кешірген қиысулар мен түйісулердің, сонымен қатар көркемөнер мен мүсін өнері түрінде көрініс беретін ұлттық сезіміміздің нәтижесі. Мүмкін соның нәтижесі болар, 90-шы жылдардағы қазақ өнерінің жалпы ауқымын көру үшін, сонымен қатар, сол өнердің көркемсуреттік процестерге әсерін А. Қастеев пен А. Исмаиловтардың шығармашылығындағы алғашқы қадамдармен бірге келіп, ары қарай Х. Наурызбаев, М. Кенбаев, С. Мәмбеев, К. Телжанов, Г. Исмайлова, С. Айтбаев, Т. Тоғысбаев және басқа да көптеген суретшілердің өнерінде жалғаса отырып, қазақ сурет өнеріне енген рухани басымдықтар стилдік көріністердің аса бай қырларының ішінде бола отырп – ақ сирек кездесетін тұрақтылыққа ие болды.
Адам мен оны қоршаған орта арасындағы нәзік және рухани үйлесімділікті, қазақ ұлтының табиғат – анамен, соның нәтижесінде әлеммен біртұтастығын, туыстығын көрсетуге бағытталған, ұмтылысын, адамның рухани және ішкі дүниесін білуге деген қызығушылығын, мәңгіліктің бір буыны – қас қағым сәттің әдемілігіне, құндылығына сүйсіну, жалпыға белгілі жүйеге ерекше жолмен ену және дүниетанымның басқа да қырларын суреттеу – міне осылар, қазақ суретшілерінің еңбектерінен байқалатын рухани әдет-ғұрыптық көріністер. Республикадағы бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен ішкі қыр-сыры, ұлттың мәдени әдет-ғұрпымен үйлескен, тұрмыстың жанданған, дүние тірегі болатын табиғат пен үйлесімділігін қалыптастыру және адамның шығармашылық жігерін нығайту болды.
Түрлі жағынан көріне отырып, осы дүниетанымдық принциптер дамудың бүгінгі күнгі сатысында да бейне өнерінің негізгі тірегі болып отыр және сол арқылы қазақтың бейнелеу өнерін жалпы дүниежүзілік мәдени кеңістікке үйлесімді түрде енгізуде. Осыған орай, бүгінгі күні бейнелеу және мүсін өнері қандай нысандар мен ерекшеліктерге ие болады деген сұрақ туады? /35/.Оның сарқылмас потенциалық қандай суретшілердің шығармашылығынан қандай ағымдарды пайда болуынан көре аламыз? Ата-бабаларымыздан қалған, ғасырлар бойы шындалған мұралармен байланысады, бүгінгі күні ұлттық суретшілер мектебі кәсіби толысудың қай дәрежесіне жете алады?
Мәдениет әлеуметтік және саяси оқиғаларға тікелей және дәлме-дәл тәуелді болмағанмен, қоғамдық сананың нысандарының бірі болып табылады. Көркемсуретті нысандар өз тілімен үнемі адам сезіміндегі шамалы болсын өзгерістерді, оның рухани дүниесін көрсетіп отырады. Өнер өзінің мәнерлеу құралдары мен тәсілдері жүйесінде адам өміріндегі, оның ішкі дүниесіндегі өзгерістерді сөзсіз түрде көрсетеді, көп жағдайда оны ертерек сипаттайды, алдын алады, сол себепті әлеуметтік тұлғаның даму динамикасын үйлестіреді және белгілі бір арнаға бағыттап отырады. Оның дамуының әр сатыларында алдыңғы қатарға түрлі басым идеялар шығады. Қазақтың кәсіби бейнелеу және мүсін өнеріндегі 80-90-шы жылдардың соңындағы қалыптастырудың ішкі логикасы айрықша талап еткен идея бейнелеу өнерін ұлттық тұрғыдан дербес түрде сипаттау идеясы болды.
Келесі жайды айта кетуіміз керек, бейнелеу және мүсін өнері өз техникасы, техноголиясы, әлеуметтік қызметі тұрғысынан алғанда Батыстан әкелінген бейнелеу өнерінің жаңаболса да, оның бүкіл жолы, ежелгі қайнар бұлағы бар қазақ өнерінің қуатты діңгегінің жаңа көгерген бұлағы тәрізді үйлесе дамуға толы болды. Сюжеттер ғана емес, суретшілердің ұлттық мінез-құлқы, менталитеті, қоршаған ортаны түсіну және бейнелеу тәсілдері, тікелей немесе жанама түрде бейнелеу және мүсін өнерінің сырттан келген тәсілдерінің арасынан көп ғасырлық көшпелілік өмірге негізделген, өзіндік ерекшелігі бар ұлттық сезімнің қайталанбас лебінің соғып тұруына ықпал етті. Соңғы онжылдықтардағы өнердің ерекшеліктері ұлттық сана сезімнің парасаттылық, философиялық дәрежесінің сапалық тұрғыдан алғанда өрлеуіне ықпал ететін, өнердің рухани толысуы мен жоғарғы кәсіби деңгейінің ұштасуы болды.
Өнердің шартты «ұлттық арнаға түсуі» 80-ші жылдардың екінші жартысында-ақ анықталды. Қайта құру кезеңі берген еркіндік, сырттан бақыланбайтын ерікті өнер саласының пайда болуы, суретшілер мен мүсіншілердің өз тамырлары мен пайда болу көздеріне қызығушылығын тудырды. Өнердің осы түрлерінің халықтың рухани әдет-ғұрыптарымен мирасқорлығы осы жылдары, өз мәдениеті мен әдет-ғұрыпына деген қызығушылықпен қатар өнер туындыларының бейнелеу және пластикалық түрлерінің қазақтың ежелгі рухани байлығы жүйесі арқылы түрленушілік арқылы да көрініс берді.
Осы жылдары үшін таңғаларлық оқиға қазақтың, түркілердің, жалпы шығыс архаикасын зерттеуге бағытталған ұмтылыс болды. Өзіндік сипаты бар, әдеттегі дүниетаным мен образдық тұрғыдан көру саласына терең деп ену негізінде қалыптастырылған бейнелеу мифтері, дүниені көркемсуреттік тұрғыдан өзгерту өнері, жас суретшілердің еңбектері арқылы қазақ өнерінде де пайда болды. Б. Бапишев, Г. Маданов, А. Есдәулетовтың шығармаларында ата-бабаларымыздың рухтарына деген үндеулер, сананың ежелгі нысандарына деген тартымшылық, ұлттық бастамалар мен рухани көздерге, сонымен қатар ұлттық тарих және санамен ғана шектелмей, Жер шарындағы жалпы адамзаттық өрлеу жолымен танысуға ұмтылыстар таңғаларлық тәсілмен келтірілген.
Уқыт ағымына сәйкес өзгеріске ұшырай отыра, жаңадан өз орындарын таба отырып, олар өнерге деген нақты көзқарастрға ие болып, жаңа фәлсафалық ілімдермен қаруланған ұлттық сананың типтері мен дүниетанымы бар, заманының парасатты тұлғасы ретінде енді. Ғылымдағы жаңалықтар ХХ ғасырдағы фәлсафалық ағымдармен ұштаса отырып, олар бейнелеу өнері шығармалары мен дүниені бейнелейтін мүсіндік композицияларда қайта орын алды, көшпенділі халықтың мәдениетінің генетикалық табиғатына тән, имоциялық ырғағын тірілтті. Көзге тартымды, метафоралық тұрғыдан нақтыланған белгілер мен таңбалар жүйесінде дүние құрылымың барлық элементтері арасындағы нәзік үйлесімділік концепсиясында сәйкес әдет-ғұрыптар, кеңістік құрылымындағы біртұтас уақыттық цикл, тірі және өлі материя арасындағы бірлік пен байланыс, шексіз кеңістіктің үстінде қалқып жүрген көшпенділердің елестік бейнелері арқылы сиптталатын ерікті және жігерлі рухани көтерілу туралы түсініктер пайда болды.
Жас суретшілердің сол кезеңінің өнер саласына аса күшті сакралдық сәтін енгізгенін атап өтуіміз керек. Мүмкін, көбіне Ұлы даланың ежелгі нанымдары мен сенімдерінетүсініктеме беретін сюжеттер арқылы, мүмкін тұлғаның өзінің ішкі дүниесінің, айтарлықтай баса айтылған сұранысы ретінде тұрақты, өзгеріссіз, біріне - бірі ауыспайтын құндылықтар мен
түсініктер ретіндегі архаикаға да бат бұрған шығар. Әр кезеңнің ажырамас біртұтастығы, адамдағы рухани бастаманың беріктігін бекіту, көзге көрінетін сырт пішінінен көрінбейтін, мүмкін тәңірлік мазмұнын көруге
ұмтылыс, пластикалық нысандардың бетінде сезімдердің нәзік ойын көру А. Есенбаев, Э. Казарян, Ш. Түлешів сияқты мүсіншілердің еңбектерінде орын алған /36/.
Ежелгі құндылықтарға бет бұру осы мерзімдерге қазақ өнеріне оң бағыт бергіш, сонымен қатар тұрақтандырғыштық бастама енгізгеннің зор қызығушылықпен атап өтуге болады. Мәңгілік дүниетанымдық және рухани белгілерге арқа сүеп, осы кезеңнің сонымен бірге глобалдық және жалпыадамзаттық дүниемен, шексіз көп байланыстар арқылы жалғады. Адамзаттың тарихы, мифологиясы, бүгінгі күні Дала өмірінің ежелгі ережелер арқылы шағылыса отырып, олардың бейнелік шығармаларынан көрінеді. Сол шығармалардың космогоним мен экологиялық сезім, дүниені жетілдірудің иманентігіне деген даналық сезім, ата-бабаларымыздың буындарына ғана тән өнегелік және этикалық құндылықтардың дәл анықталған шкаласы көріністер береді.
Ғасырымыздың соңғы он жылдығында, әсіресе оның бірінші жартысында, көркемсуреттік нысандардың түрлену процесі қарқынды және біртұтас нысанда жүре бастады. Бейнелеу мен жалпылымалау құралдары мен әдістері рәміздендіру, белгілеу, шарттылық және метафорландыру бағытына қарай күрт өзгеруде. Суретшілердің өздерінің дербес және топтық шығармашылық концепцияларын қазақтардың әдеттегі түсініктерімен тығыз байланыстыра отырып өмірге әкелуі сол онжылдықтығы бейнелеу өнерінің ерекшелік белгілерінң бірі болды.
Онжылдықты дүние байлығының барлық рәміздерін шоғырландыратын таңбалық бейнелеу шебері А. Сыдыханов ашады. Таңғаларлық бағыт – жарық шашатын бейнелеу нысаны мен рухтың жүрек соғысы тәрізді энергиясынан ие тәсілді байланыстыратын шығармаларын Е. Түлебаев та өмірге әкелді. Түрлі – түсті фактуралық жапсыру өнері мен түстілік байлықты қанықтыру шығармаларын А. Аканаевтан көреміз. Заттардың сарқылмас ішкі энергиясы мен күшін күшті қолдана тежеп отыратын экспрессивтік нысандар К. Дүйсенбаев еңбектерінен орын алады. Ырғақтың талдамалық ықшамдылығы мен әр түстердің таңғалақтарының шамасы және оптикалық тұрғындар дәл келтірген қатынастар арқылы дүние К. Ахметжановтың шығармаларында өзінің үйлесімдік сәйкестігіне ие болды.
Дүниенің жан – жақтылығын шифрленген көп таңбалар арқылы түсіндіруге ұмтылыс, дүние құрылымына, оның байлықтарын шексіз мөлшерде өзгеріске ұшырап отыратын талдамалық қатаң нысандар арқылы көрсетуге деген ұмтылысқа әкелді. Осы бағыттарға арналған еңбектерден М. Нарымбетовтың жер тартылысы сияқты салмақты бейнелер мен С.
Атабековтың адам демі сияқты нәзік бейнелерін атап өтуге болады. Немесе, ұшқыр, алабажақ кеңістікті жылжытатын, кенепке бейнелеген С. Баялиевтің композитциялары шексіз қозғалыс және өмірдің жаңа нысандарының пайда болуы идеяларын таңдайды.
Жаңа бағыттарды іздестіру барысында түрлі дәуір мен мәдениет архаикасына бет бұру, бақылаудың өткірлігі мен маштабтығы өмірге күшті және айрықша шығармаларды әкелді. Өнерде дүниеге қатысты көзқарастың түрлі қырын және әмбебаптығын дамытты. Бүгінгі күннің өнер саласындағы танымал тенденцияларының бірі жеке бейнелеу объектісі немесе тұрақты объктілердің жиынтығында дүниеқалыптасу потенциялы мен мүмкіндіктерінің кең ауқымды спектірін сыйғызу болып табылады. Осындай шығармашылық, ұлттық және тартымдылыққа байланысты таңдалып алынатын, көп жағдайда нақты контекстерден жұлып алынған объектілер немесе сюжеттер түрлі суретшілердің еңбектерінде өзіндік рәміздер немесе мифтерге айналады. Сол миф арқылыдүниені генезисті және ондағы тәртіптің ұлылығы, қолданымдағы ережелер, алдағы болашағы сияқты құбылмалылығы мен толықтығын адам көкейіне жеткізуге тырысады.
Осындай жалпылама мифтік шығаршашылық арнасы арқылы Қазақстанның алдыңғы қатарлы суретшілерінің де шығармашылығы дами береді. А. Сыдыханов өзінің мифтік бейнелеу өнеріне қажетті ерекше код ретінде қазақтың рулық рәмізін, таңбалардың әр түрін ала отырып, оны бірте-бірте қошаған ортаны толықтыратын дүниеқұрылымдық ережелерге қарай түрлендіре алады. Дәуірдің астан–кеткенінен, стихияларынан, тарих дағдырынан өз тәртібін бейнелеп шығады. Оның бейнелеу шығармаларының қою материалдық туындысынан, ағымдағы өмірге тән таңба шоғырланады, сол арқылы түсінік, ой-сезім және сананың шағылысы пайда болады. Шарттылық, түстілік-фактуралық ізденіс А. Сыдыхановтың бейнелерінде өзіне ғана көзге көрінер дүниені бағындырады және оны өз заңдарына орай түрлендіреді.
Е. Түлебаев өзінің кеңістіктік түрлі шешімдерінің күрделілігіне қарамастан, осы жылдары тұрақты таңбалық қатарға, пропорциясы «алтын адам» деп аталатын сақ жауынгер – көсеміне сәйкес, адам пішінін еске түсіретін, ұзартылған тұлға бейнелеуге келді. Сыртқы көріністермен шырмалған, адамның ішкі өмірімен ұштасып жатқан нәзік метаморфозалар Е. Түлепбайдың жарық шашыратқыш, өмірлік күшке мол шығармаларынан орын алады. Осы суретшінің күшті жақтарының бірі бояудың алуан түрлері мен бейнелеу өнерінің сипаттарын мүмкіндігіне, негізгі мазмұнын жоғалтпай, әсерлендіргіш, сезімдік тұрғысына келтіруі еді.
А. Ақанаевтің пластикалық және рухани кеңістікті бейнелейтін шығармалары мифте және дала аңыздарын еске түсіруге толы бола отырып, күн энергиясы мен даланың хош иістерін сездіріп отырады. Осы бір тұтас дүниетанымның әр қырларын Б. Мырзагалиева та көрсетуге тырысады. Осы заман суретшілердің көбі ежелгінің анималистік төтемдік
ағымына ұқсас өзіндік бейнелеу мифтерін асқан зор жігерлікпен қалыптастыруда. А. Иса сияқты суретшілер жолбарыстан әлемдік абсалют рәмізі кейіпкерін көрсе, А. Есдаулетовтың мүйіз тұмсықтары мен бұқалары мифологоиялық кезеңнің, жер бетіндегі бастапқы өмірдің сан қырлы тірлігін қалпына келтіреді, ал А. Ахаттың ежелгі Тұранды бейнелейтін шығармаларында, өткен кезеңді армандау мен өткен дәуірді аңсауды байқаймыз. Небір түрлі заттар, атап айтқанда: шәйнектер, сазгерлік аспаптар, ежелгі мүсіндік релефтер, ай тәрізді періштелер (Р. Қожахметов, М. Нарымбетов, Э. Казарян, А. Есенбаев) фетиштелінеді.
Әр түрлі объективті жағдайларға байланысты (бұрынғы орталықтың қысымдық әсерінің болмауы, дербес мемлекеттің ішкі сұранысы, сонымен бірге сыртқы нарықтың кең ауқымды сұранысы) өнердің әр алуан деңгейдегі ұлттық идеяға деген қызығушылығын арттырды. Тәуелсіз мемлекетке қажетті көрнекі көркем суреттік құрылымдар (ұлттық волюта, Елтаңба, монументалды мүсіндік кешендер, тарихи бейнелеу шығармалары) қалыптастыратын сәттен бастап, еркін шығармашылық ізденістерді әр суретшінің шығармаларынан көреміз. Алайда, ең қызығы, ұлттық идея үнемі нон – конформистік өнер өкілдерінің концепциясына енуде, олар қазақтардың әдеттегі дүниетанымдық түсініктерін, түркілердің өз әрекеттерін, перформанстары мен объектілерін тұрақты ауыстыра пайдаланады.
Алайда 90-шы жылдардың екінші жартысындағы өнер саласында ұлттық суретшілер мектебінің кемеліне келуінің куәсі болатын бір ерекшелігі де бар.Оны стильдердің қолтаңбаларының тенденциялары бағыттары мен дербес ерекшеліктерінің кең ауқымды болуынан көреміз. Өзіндік ерекшеліктері, өзіндік құндылығы, танымал, сөйте тұрса да, стилистикалық және идеялық параметрлеріне келетін болса, мүлде қарама-қарсы тұлғалар да кездеседі. Авангардта, реализм де өте қызық арналарын тауып, жаңа кезеңге сыйсып отырады, жаңа тұрғыдағы обстрактілі кейіпкерлік қалыптасты, сонымен бірге сезімдік жағына нәзік импрессионистік бейнелеу өнері де өз көрермендерінің жүрегінен орын табуда.
Егер де көптеген суретшілердің шығармашылығында өмірдің нақты реалдылығына деген қызығушылық материалдылық тұрсысқа дейінгі небір реалдылыққа деген тартымдылықпен ауыстырып отырса, біртұтас мәдени кеңістікте мүдделері мүлде қарама-қарсы екендігі айдан – анық бейнелеушілер мен мүшіншілер еңбек етуде. Таңғажайыптылыққа деген нәзік сезімталдыққа ие, елестік кейіпкерлерге жаны тартып тұратын суретшілер (А. Дузельханова, Д. Қасымов, т. б.) классикалық нақты нысандарда бізді қоршаған дүниеге танымды түрде адам мен кеңістік арасындағы үйлесімшілік идеясын абстракті тәсілмен шешуші жақтаушылар тәрізді жеткізе алды.
Г. Исмаилова сияқты қазақ бейнелеу өнерінің классиктері де өз жұмыстарын жалғамтыруда. Әйелдердің көзге түсерлік әдемілігі, хош иісті гүлдер, өмірдің жылы тынысы оның еңбектері арқылы бізді нақты адам өмірінің қымбаты, қайталанбас және табылмас әлеміне әкеледі. М.Каспак асқан зор шеберлікпен қазақ көшпелілерінің өмірін, тұрмысын және рухани атмосферасын қайта қалпына келтіреді. Қазақтардың күнделікті өмірінің реалдылығы мен этнографиялық ерекшеліктері жалпылама түрде берілсе де, танымалдық сипатқа ие, жарықтандырудың ерекшеліктерін, ауаның ылғалдылығы мен құрғақтығын, кештің ымырттығын немесе түс кезіндегі күн сәулесінің бірқалыптылығын асқан зор шеберлікпен көрсете білу оның шығармаларына көп уақыт бұрын жоғалып кеткен және рухани сезімділік дыбыстарын қабылдаумүмкіндігін берді. Ж. Қайрамбаев та өз шығармаларында бейнелеушілік пен бейнелеудің декоративтік сапаларын, көңіл күйі мен көңіл жағдайының психологизмн өзінше қиыстыра білген.
Мүмкін, кей жерлерде Қазақ даласындағы өмір салтын қабылдаудағы кузнецовтік бағытын жалғастыра және дамыта отырып, З. Түсіпов, Б. Табиевтер реалистік әдет-ғұрыптарды ерікті түрде түсіндіреді. Күнделікті тұрмысқа тамырын тереңдетіп енгізген, олардың сюжеттері мазмұны жағынан поэтикалық сезімталдылықпен тартымды болды. Нақты өмірсезімдерінің күші, тартып тұрып жібере салған кендір сияқты ұшатын экспрессивтик динамика З. Түсіпованың натюрмоттары мен далалық пейзаждарын толтырады, Б. Табиевтің суреттердегі орта ғасырлық қалалардың мешіттері мен тар көшелері, қоңырқай көгілдір түтін тәрізді ортадағы Шығыстың жұмсақ өмірін сипаттайды. Осысуретшілердің қаламдары арқылы берілген, адам және табиғаттың өмірі мен сұлулығының құпиясы, автор көзқарасының толғамдылық сезімділігімен, мәңгілік, тұрақты және даланың алтын көкжиегіне көгілдір аспанға төгілген құндылықтарды түсінумен, дала тұрғындарының қоңырқай келбеттерінің әдемілігімен ерекшеленеді. Қазақтың әсемдік – қолданбалы өнерінің тәсілдері мен батыс – еуропалық поатимпрессионизмнің сабақтарын трансформациялаудан келетін шарттылық әсемдік әдет – ғұрыптары М. Қасымбеков пен Т. Мұқаттың шығармашылықтарында ерекше тәсілмен ұштасып жатады. Авангардты түрде түсіндірілетін этнографиялық нотаы бар, өзгешелігі бар жаңа толқындар С. Смағұлов пен А. Смағұлова ары қарай дамытады. Елестеушіліктің еркін қалқуын түсіндіре отырып, С. Сүлейменова, А. Меңлібаева, З. Сұлтанғазина, М. Бекеев еркін және бейнелеушілік ойын ары қкркй жалғастырады.
Қазақстанның бүгінгі күнгіөнер туралы сөз қозғасақ, әдетке айналып кеткен қазақ бейнелеу өнеріндегі тұрмыстың мазмұндық мәселелері мен экзистенциалдылыққа тартымдылық тәрізді көріністерінің де жалғасып жатқанын атап өтпеуге болмайды. Кәсіби өнердің дамуының осы сәті суретшілердің осы заманғы тұтынушыға жеткізуге ұмтылатын идеялар кешенінің нақты байқалатын шоғырланушылығымен де сипатталады. Бүгінгі күннің бейнелеу және мүсін өнері контекстік жағынан аса толықтырылған, кей жағдайда сол себепті қарапайым көрермен оны түсіне де бермейді. Суретшілер мектебінің қалыптастырылуы сатысының алдыңғы кезеңдеріндегі тәжірибелері, бүгінгі күні толық түсінуіміз болашақтың ісі екенін біле отырып, ұлттық өнердің тұтас, сыйымды, өзіндік сипатқа ие феномен бола отырып, біртұтас түрде жиналатын сияқты болады. Түрлі түстер, композициялар, фактура немесе пластика көмегімен, шығу көздері, жылдар бойы шыңдалған, әдеттегі құндылықтар мен түсінушіліктермен тығыз байланысқан, дүниенің құрылуы туралы ұлттық түсініктерді өнерде қалыптастыра, бейнелік шығармалар мен мүсіндік копозицияларда қалпына келтіре отырып, суретшілер небір жиынтыққа, біртұтас жүйеге, шашырап қалған элементтер мен фрагменттерді жинайды деуге болады. Осы процесс барысында шығармалардың нысандарымен атқарылатын жұмыстар да жедел қойылғанын атап өтуіміз керек. Әр алуан түрлі стильдер, тәсілдер, қолтаңбалар бойынша қызмет атқаратын, сол бағыттарда тамаша туындыларды дүниеге әкелетін бейнелеушілер мен мүсіншілердің шығармаларында нысан ролін әсемдік ерекшелік факторының күшеюі немесе күнделікті эстетикалық критерийді жоққа шығару арқылы қарқындандыру жүзеге асырылуда. Осы процесс ұлттық менталитетке тығыз байланысты жаңа суретшілер тілін қалыптастырумен тығыз байланысты болып отыр. Ол өзінің сыртқы стильдік көріністерінде айтарлықтай шартты, орташалау, рәміздік, метофорлік немесе тіпті ашықтан – ашық метафизикалық сипатқа ие болды.
Бүгінгі күнгі өнерде оның алдыңғы қатарлы түрлері бейнелеу мен мүсін өнерінің арақатынасын анықтау оңай жұмыс болмауы әбден мүмкін. Алайда, 90-шы жылдары республикамыздағы кәсіби бейнелеу өнерінің алғашқы қадамдарына сай бейнелеу өнерінің көп қырлылығы мен даму деңгейінің қарқыны мен ырғағының станоктік мүсін өнерінің қала бастауы қайталануда. Ол бұл күндері, ең алдымен, мүсін жұмысының технологиялық процестеріндегі күрделі жұмыстарға байланысты болуы мүмкін.
Сөйтсе де, Қазақстанда түрлі буын мен өзіндік қолданбас бар мүсіншілер еңбектерінде кездесетін тенденцияларға ұқсас сәттер де көптеп орын алуда. Ұлттық тарихқа, түркілік, еуразиялық архаикаға деген қызығушылық та үлкен қарқынмен дамуда. Оған нысандардың шартылық
таңбалары және шешімдердің әсемділік көріністері де сәйкес келуде. Ол осы онжылдықтың басында өнерге келген буынды толығымен қамтып отыр. Пластикада шығыстың көркемсуреттік әдет – ғұрыптарын трансформациялауға ұмтылыс, оны тура түсіну мәні бойынша өршіп келеді. Бейнелеу өнеріндегідей, мұнда да өз мәдениетінің ежелгі пластарына деген назар аударушылық көрініс беруде. Қалай айтсақ та, осы саты арқылы, пластика саласында бүгінгі күні жұмыс атқарып жатқан барлық шеберлер өтуде. Қазақстан өнерін Шығыс өнерінің шектелуі арнасына қайтарып алу талабы осы «шығыстық» қырынан-ақ көрініп тұр.
Бір-біріне ұқсамайтын стильдер бойынша қызмет атқаратын А. Есенбаев, Э. Казарян, У. Шанов, Ш. Түлешов, Д. Түлеков, С. Нарымбетов, К. Батырбаев, К. Ишанов сияқты әр алуан суретшілердің шығармашылығы ежелгі Мысырдың немесе орта ғасырлық Жапонияның, армян немесе түркілік ежелгі өнер көздерінің пластикалық импульстарының шоғылысуы арқылы бірігіп отыр. Олардың әрқайсысы пластика арқылы берілетін өзіндік менталитеті, дүниені қабылдаудың ерекшелігі, Шығыс философиясы, жетілдірілген, қайталанбас суреттік нысан ретінде құйылған рухани құндылықтар жүйесі арқылы тартымды және таңғажайып сабақтары, мүсіншілерді, олар беретін идеялық сигналдан да артық толғандырады /37/.
Өз уақытында тарихи кезеңнің біртұтас тізбегін түсінуді, ал ой сананы, сезімдер мен замандастардың тілектерін, сол сияқты адамзаттық эмоция және тәжірибелермен салыстыруды, ежелгі дүние өнері ескерткіштері көрсетіп отырған тәрізді суретшілер жүзеге асыруға тырысуда. Осы құнды рухани тәжірибеге назар аудара отырып, өнердің мәңгілік кеңістігіне тең дәрежеде шыға тұрып, олар өмірдің мәні мен сұлулығы, оның құндылығы мен адамзат баласының ойынан кетпейтін, оларды толғандыратын критерийлері туралы, өздерінің алдында өмір сүрген өнер қайраткерлерімен уақыттан тыс сұхбат жүргізуде. Бұл жағдайда Шығыс мәдениетінің шексіз мөлшердегі байлығы, пластикалық нысандардың жұмбақтары мен нәзік тұстарының құпияларын ашуға тырыса отырып, олар өз шығармашылығында адамдарды мәңгілік толғандыратын махаббат пен бақыт, өмір мен өлім және өткен мен бүгіннің тақырыптарын қозғап отырады.
Мүсіншілер де нысан мен жұмыстарға қатысты проблемаларға аса қатты назар аударатын болды. Кей уақыттарда олар өздерінің әр композицияларында алдарына ерекше мақсат қояды, содан кейін оны жетілдіріп шыңдалған, шеберлік және көркемдік тұрғыдан тамаша пластикалық шешімге дейін жеткізетін болады.
Э. Казарян өз шығармаларында қолдан тоқылған, қайталанбас өрнектерден тұратын, шексіздікке жылжыған сайын көбейіп отыратын, өзіндік ерекшелігі және таңғажайыптығы бар көркемсурет әлемін қалыптастырады. Пластикалық әдет – ғұрыптарына үңіле қарай отырып, армян архаикасына сілтеме жасау рақылы, өрнектердің тоқымасы мен сызбаларынан тұратын өзіндік әдіпен ритмдерге түсініктеме береді, сол арқылы өз кейіпкерлері – діни ойындардағы мәңгілік қуыршақтардың көңіл күйі мен жан дүниесінің жағдайын сипаттайды. Ежелгі сақтардың алтыннан жасалған пластикасы мен тізбекті геометриялық нысандары арқылы байланыстырылатын, барлығына түсінікті және ықшамды өнер тілін, өз шығармаларынан С. Нарынов табуға тырысады. Тура сол әсемдік – бейнелеу әдептері өзіндік тәсілмен Е. Мелдібекованың творчествосында да түрлендіреді. Ол қалыптастырған, әйгілі тарихи кезеңдермен тақырыптық тұрғыдан байланысы бар композициялар мен образдардан таңғаларлық түрде ұлттық рух айрықша байқалады, сол арқылы Қазақстанның бүгінгі суретшілерінің, қазақ жерінің ежелгі өнер мәдениетімен қайталанбас және тығыз байланысын айқындаймыз.
Адам табиғатының күрделілігі жеңіл тәлкекпен немесе гротескпен айқындала отырып, тұтас, жұмбақ түрінде тоқылған, нысандары айқасып жатқан, У. Шановтың творчествосында келтіріледі. Пластикалық массалардың көлемін сезімді түрде анықтау мүмкіндігі, сонымен қатар, өмір стихиясының динамикасының өзгергіштігін көрсету Ш. Түлешовтың шығармаларына тән нәрсе. Д. Түлеков творчествосының қызықты сәттері ретінде, импрессионистік қабылдау, эмоциялық жағдайдың нәзіктігін көрсететін шығармаларын атап өтуге болады. Шағын нысандағы халықтық пластика жанры ретіндегі әсемдік стилистикалық бағытты жас мүсінші Э. Ахметова жалғастырды.
Көптеген суретшілер өнердің алуан түрлі деңгейінен оқылатын, қайталанбас идеялардың бірі ретінде шығармашылық еркіндігі есептеледі. Осы ой – сананың, мүмкін болатын шығармашылық көріністердің кең ауқымды шегінің тірегі болатын бір қыры Қазақстан өнері үшін соңғы онжылдықта іс жүзінде концептуалды болған өнердегі обсатюттік еркіндік принципі еді.
Мүмкін сол себепті, анық билет тұрған стилистикалық тенденция болмады, керісінше, оның барлық түрлері ықпалы жағынан бір-біріне теңеледі. Қазақстанның бүгінгі күнгі өнері, үздіксіз шығармашылық тәрізді тасқынды әрі үздіксіз қозғалыста болуда. Мүмкін болатын стилистикалардың, мәнерлердің, дүниетанымға қатысты, дүниетаным біріне мүлде қарама-қарсы жайларға дейін созылатын, бейнелеушілік және пластикалық ізденістерінің болуы, оның ерекше сипаттамасы, өзіндік белгісі бола бастады.
Суретшілер кез келген, тіпті ең ауыр қабылданатын шығармашылық көріністерді қабылдау мүмкіндігінің бар екендігіне сенімі бар және сол туралы көрермендерді де сендіреді. Мәнсіз өнер мен фигуратив, авангардтың жаңа толқыны және классикалық реализмге деген кенеттен
пайда болған қызығушылық, неопримитивизм мен таза абстракция, символизм мен экспрессионизм адам үшін күрделі бола бастаған, адамның өзін- өзі және қоршаған ортаны таны процесін жеңілдету мүмкіндігін беретін, көптеген көрмелерде бір - біріне көрші болуда. Адамның риалдылықты қабылдануының мүмкін болатын вариациялары суретшілердің қаламы арқылы авторлық біртұтас әлемге, метофоралар мен пластикалық кодтар жүйелеріне ауыстырылуда.
Ұлттық идеялардың сыртқы стилиризаторлары болмай-ақ, бейнелеушілер мен мүсіншілер өз шығармаларының ажарландырылған нысандарының тілі арқылы, әдеттегі дүниетанымның философия мен этиканың принципті, мәндік константаларын ашып беруге тырысатын болатын. Кәсіби өнердің потециалы арқылы әдеттегі қазақ мәдениетінің әлемдік универсумын қалпына келтіру, оның кординаталары мен принциптеріне сәйкес формалдық құрылымын қайта туғызу керек. Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлық өнерінің, түркілердің монументалдық пластикасының, тастарға ойылған графикасының, ежелгі алтын мен қола мүліктерінің мұрасы ежелгі өнер иелерінің мирасқорлары, бүгінгі күнгі суретшілердің творчесволарынан да орын табуда.
Қорытынды
Қазақстанның ХХ ғасырдағы бейнелеушілік өнері 3-ші мыңжалдыққа парасаттылық және рухани толысқан түрде аяқ басты. Онда қазақтың көшпенділік мәдениетінің ежелгі тамырлары мәнін тапқан және түсіндірілген. Сол айтылған мәдениетке сай негізгі қаланған жалпы адамзаттық құндылықтардың заман суретшілері дүниежүзі өнеріндегі әдептер және жаңа бағыттар арқылы, ХХ ғасырдың философия мен мәдениетіндегі ірі ағымдары арқылы өз шығармаларында ашып көрсетеді. Соның қорытындысы ретінде, инновациялар негізінде бір ғасыр бұрын пайда болған бүгінгі қазақ өнері рухани ерекшеліктерін жоғалтпау мен қатар, соған сай қайталанбас пластикалық өнер тілін қалыптастырды. Мүмкін сол себепті болар, нақты көріністердің сан алуан қырға ие болуымен бірге, Қазақстан өнері танымал қасиеттерімен де ерекшеленеді. Олар: тұрмыстың экзистенциалдық мәселелерін қатысты мүдделер; үйлесімділіктің адам мен табиғаттың бірлесе өмір сүруінің негізі; творчестволық көзқарастардың кең ауқымды болуы; ұлттық мәдени әдет-ғұрыптар , мұраларының шектеулілігі; дүниежүзілік мәдени кеңістікке ерікті түрде енуі. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығындағы және ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстандағы бейнелеу өнері мен мүсіншілігін күнделікті өмірдің табиғатпен үйлесімділігі туралы асықпай айтылатын әңгіме, адам мен Универсумының үздіксіз байланысының философиялық жалпыламасының көркемсуреттік таңбаға айналуы деп түсінуге болады. Бүгінгі күн, суретшілерінің шығармаларында жұмбақтық метафоралары және мән мен толықтырылады және сол арқылы жанданады, адам мәдениетінің ежелгі ғарышын бүгінгі күндегі адам ой – санасының жаңа ағымдарымен байланыстыратын мәндер мен мазмұндар пайда болады, суретшінің өмірге деген махаббаты, оны түсінуге бағытталған мәңгілік ұмтылысы да қайталанбас түрде өмірге қайта келеді.
Классикалық академиялық халықтың көпғасырлық тарихының өзіндік жылнамасын жасайды және менің ойымша, Қазақстан өнерінде ең маңызды орынға ие болды. Тарих пен мифологиялық сюжеттер, көшпенділердің өмірінен алынған фрагменнтер, далалық және таулы пейзаждар генетикалық есті бейнелі түрде жаңғыртуға, болмыстың мызғымас категорияларын ұғынуға мүмкіндік береді. Бейнелердің байлығы, олардың мифологиялық мәні, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен салттардың тәжірибесі, дәстүрлі мәдениеттің трансляция талабына жауап береді және бейнелеу өнер құралдарымен ашып беруге мүмкіндіктер береді.
Реалдық әлемі дегеніміз? Әрине, мәдениеттігінің бәрі тұтастай алғанда адам үшін, тарихи Адамзат тарихы реализмдық әлемі рухани көзге, естуге, түйсінуге арналған баршылық қана емес, сонымен қатар ішкі әлемімен игерілетін, адамның барлық қызметін басқаратын нәрсе екенін көрсетеді.
Қорыта айтқанда, суретші өзінің ойы мен сезімін толық таныту жолында, тек қана өзіне қажеттілерін екшеп алуда, яки толық қанды тұтас образдарды жасау жолында ұзақ дайындықтан өтті. Ол барлық бейнелеу әдіс – тәсілдерін жете меңгере отырып, кенепке немесе ақ қағазға салған әрбір бояудың түрін жігерлендіруші қуатты күшті айналдыра білді. Ол бір мезгілде өнердің міндете – көзге көрінген нәрсенің бәрін жазып ала бермей, ең алдымен – шындықты дұрыс және терең түсіну, зат пен құбылыстың құпия сырларын жете ұғыну, сыртқы жалған көрініске құр еліктемей, оның ішкі әлемі, сезімін, ойын көре білу және оны бейнелеу өнерінің әр уақытта қолынан түспейтін, әрқашанда құлапта сақтайтын құралдармен дәл жеткізу қажеттігін жүрегімен ұғынды. Себебі, суретші алғашқы бояу жаққаннан-ақ, одан кейінгілерінде де салған суреттерін үнемі шындыққа жанаса ма және оған өзінің көзқарасы үйлесе ме деген жалғыз дара форманы тауып алғанға дейін кедергілергекездесе береді ғой. Әрине, бояу жағылған сайын формада жетіле береді, мазмұны да жақсара түседі. Суретшінің ойы мен сезімі заттың мәнісіне терең үңілген сайын, оның жеткен шегіне, сырт көрінісіне қанағаттануға тура келеді. Ал, егер салған туындысына көңілі толмай одан әрі іздене түссе, ілгері қарай жетілдіре берсе, тіпті жақсы, себебі іздену үстінде жоғын табады, машықтанады. Ал, болмысты творчестволық тұрғыдан меңгере берудің тіпті де шегі жоқ қой. Басқалардың творчестосынан үнемі үйреніп және қадағалап отыру суретшінің өзін-өзі сезінуіне және өз еңбегіне сырт көзбен қарай білуіне көмектеседі. Сондай-ақ, суретші өз өнерін басқалардың творчествосымен салыстыра бақылап, оны суреткердің қоғамдық міндетімен, мән-мағына туралы жалпы ұғыммен байланыстыра қарай алуы қажет /38/.
Кең мағыналы «реализм» ұғымының шексіз кеңістігінде еркін қалыптап жүрген Қазақстан өнерінің санқырлығын айқын танытатын осы ерекшеліктер 3-ші мыңжылдықтың басындағы Қазақстанның бейнелеу өнерінің шарықтауы туралы менің сенімімді қуаттайды. Бүгінгі танда Қазақстан өнері бірегей өркениетті ғарыш ретіндегі қазақ мәдениетініңсақталуы мен дамуындағы ұлы жасампаз қызметі атқарады және әлемдік мәдени кеңістікке енуіне жол ашады.
Мемлекеттің негізгі мақсаты – ұлттық қауіпсіздікті сақтау дейміз. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау – қорғаныс күштерін нығайтып, ел ішіне енген арам пиғылды адамдарды аңду ғана емес, ел азаматтарының бірлігін сақтау, рухы биік, өз ұлтының барлық асыл қазынасы мен асыл қасиеттерін бойына сіңіре білген, өз дәстүрі мен салт-санасын өзгеге айырбастамайтын саналы азаматтарды тәрбиелеп, қалыптастыру /39/. Оның бірден-бір төте де сенімді жолы біреу-ақ, ол – жас ұрпақты мәдениет арқылы тәрбиелеу. Мәдениет – көптеген тоғышарлардың түсінігіндей клубтар мен дискотекалар ғана емес, мәдениет – тіл, тарих, музыка, әдебиет, экран, телеэкран, т.б. Біз көп айта беретін ұлттық идеология дегеніміздің өзі негізінен мәдениетке сүйенеді. Сондықтан біз шекараны қалай қорғасақ, мәдениетті де солай қорғауға тиіспіз. Қоғам мүшелерінің парасат деңгейі мен рухани биіктігі жоғары болған сайын мемлекет негізінің іргетасы да соғұрлым берік болмақ.
Осы қағиданы анық түсінгеннен кейін мемлекеттің алдынан мәдени дамудың бағытын таңдау, оны таңдағаннан соң сол дамудың стратегиялық концепциясын жасамай тұрып, мемлекеттік идеология туралы ойлаудың өзі жалаң идея, сөз жүзіндегі игі қана боп қалары даусыз. Қазақтың мәдениет және өнертану ғылыми-зерттеу институты осы концепцияны жүзеге асыру үшін арнайы бөлім ашып, іске кірісіп кетті.
Қазақстан – территориялық, экономикалық және геосаяси жағынан өзге мемлекеттерге ұқсамайтын бірден-бір ерекше мемлекет. Оны қоршаған мемлекеттердің конфессиялық, экономикалық, саяси құрылымдары мүлдем әр басқа. Бұған келіп, республиканың өз ішіндегі әр түрлі ұлттыр мен ұлыстардың тілдік және ментальдық әр алуандығын қоссақ, мәдени дамудың жалпы мемлекеттік стратегиясын жасап шығу оңайға соқпасы белгілі. Ол үшін әр түрлі тілдік, діндік және тарихи-мәдени ерекшеліктерді мен заң ғылымының өкілдері де белсене араласуы қажет /40/.
Қазақстан мәдениеті деген үлкен ұғымға негізгі ұйықты болатын Қазақ мәдениеті ертең қай бағытта дамуы керек? Азиялық па, еуразиялық па, түркілік пе, әлде мұсылмандық негізде ме? Мемлекетаралық, ұлттық интеграцияға ұмтылып отырған Қазақстанның қазіргідей саяси жағдайында бір ғана ұлттық шеңберде дамуды мақсат етіп қоюдың өзі дүние-әлемде қалыптасып отырған бүгінгі таңдағы реалды жағдайды ескермегендік боп табылар еді. Ұлттық мәдени дамудың перспективаларын негізге ала отырып, біз өзімізді қоршаған басқа да озық үлгідегі мәдени дәстүрлер мен ағымдарды есепке алуға тиіспіз.
Мәдениет ұлтты қорғайды, сол ұлттың басын құрып отырған мемлекетті қорғайды. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Демек, мемлекет те өз мәдениетін қорғауы керек, оның жаңарып, түрленіп, гүлденіп отыруына баса көңіл бөлуі қажет. Мәдениетті күнделікті болып жататын көңіл көтерер факт ретінде қабылдамай, ұлттың негізі, мемлекеттің тірегі деп қарайтын кез жетті. Олай болмаған жағдайда ұлт мәдениетінің босаған орнын басқа елдің жат өнері жайлап алады. Ол – жоңғар шапқыншылығынан әлдеқайда қауіпті.
ХХІ ғасырда бейнелеу өнері сияқты адам жайында айтудың осындай көне тәсілі қажет бола ма? Жердегі жаңа адамдардың суретшінің алдында ол бейнелеудің ұтымды формасын тапқанға дейін тапжылмай отырып күтуге уақыттары мен шыдамдары жете ме? Өмір сүре келе, көрерміз. Дегенмен, жақсы нәрсе текке кетпейді дегенге сенгің келеді және екі адам өмір мен өнер туралы достық рәуіштегі әңгімеде бір-біріне өздеріне сын көзбен қарауға мүмкіндік беретін де күндер туады: суретші ерекше түс белгісін табуды қажет ететін модель болса, модель суретші үшін шығармашылық пен өнердің мәнін түсіндірудің құралы.
Достарыңызбен бөлісу: |