Тақырып 1. Табиғатты пайдаланудың теоретикалық аспектілері
1. Негізгі түсініктер және анықтамалар
Адамдардын бір қалыпты, үздісіз өмір сүру үшін оған қолайлы нақты орта қажет, яғни олардын өмір сүруіне нақты ресурстар алу көздері болып келетін орта табиғат деп аталады.
Табиғат ресурстары дегеніміз адамның тіршілігі үшін қажетті заттар. Олар адам еңбегімен жасалмаған яғни табиғи пайда болған, табиғат ресурстары адамдарға тәуелсіз.
Табиғат ресурстары - бұл адамзаттың өмір сүру жағдайлар жиынтығының бір бөлігі, оны қоршаған ортаның маңызды компоненттері ретінде қарастырады және оны қоғамның материалдық - рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіріс процесінде қолданады.
Табиғат ресурстарын екі топқа бөледі:
Нақты табиғат ресурстары- өндіргіш күштер мен өндіріс қатынасының белгілі бір кезеңінде адамдар кәдесіне жарап жүрген ресурстар. Оларға пайдаланып жүрген құнарлы жерлер, әр түрлі өсімдіктер, балықтар, мұнай, газ, электр энергиясы және т.б жатады.
Потенциалды табиғат ресурстары қатарына әзірше әр түрлі себептермен пайдаланылмай жүрген реурстар жатады. Оларға күн көзі, жел энергиясы, теңіз ағыстары, және т.б жатады.
Табиғат ресурстарының негізгі компонентері: су ресурстары; жер ресурстары; энергетикалық ресурстар; минералдық ресурстар; орман ресурстары; жануарлар әлемі; балық ресурстары.
Табиғат пайдалануда келесі табиғат ресурстарын топтастыру түрлері қолданады. Пайда болуы бойынша: табиғи; жасанды. Пайдалану бағыты бойынша: өндірістік; өндірістік емес. Жаңартылу дәрежесі бойынша: жаңартылатын; жаңартылмайтын. Ұдайы өндіріс қабілеттілігі бойынша: ұдайы өндірісті; ұдайы өндірісті емес. Тозу дәрежесі бойынша: тозатын; тозбайтын. Қайта қалпына келетін дәрежесі бойынша: қалпына келетін; қалпына келмейтін. Қолдану уақыты бойынша: дәстүрлі; дәстүрлі емес. Территориялық орналасу бойынша: республикалық; аймақтық. Меншік түрі бойынша: мемлекеттік; жеке меншік.
Конспект тапсыру
«Табиғатты пайдалану» және «Табиғат пайдалану экономикасы» арасындағы айырмашылықтың ерекшеліктері
Табиғат пайдаланудың әлеуметтік-экономикалық мәні және құрамдас бөлігі
Достарыңызбен бөлісу: |