Бейорганикалық химия практикумы


ғ 95 жұмыс. Натрий карбонатынан натрий гидроксидін алу



бет152/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

ғ 95 жұмыс. Натрий карбонатынан натрий гидроксидін алу



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: 200 мл стакан, сусыз натрий карбонаты, 300 мл дөңгелек түпті құты, кәрлен сынықтары, металл тұрғы, ұсақталған сөндірілген әк, жылытқыш аспап, құйғы, сүзгіш қағаздар, ареометрлер жиынтығы, дистилденген су.

100 мл суда сусыз натрий карбонатын ерітіп, оны дөңгелек түпті құтыға құйып, құтының түбіне кәрлен сынықтарын салыңдар да (не үшін?), тұрғыға орнатыңдар. Құтыдағы ерітіндіні қайнағанша қыздырып, оған ұсақталған сөндірілген әк қосыңдар.


Құтыға құйғымен (не үшін?) көлем тұрақты болу үшін су құя отырып ерітіндіні бір сағаттай қайнатыңдар. Суыған соң ерітіндіні сүзіп, оның көлемін және тығыздығын өлшеңдер. Кальций гидроксиді мен карбонатының ерігіштік мәндерін қараңдар.
Реакция теңдеулерін жазыңдар. Бұл процестің натрий гидроксиді түзілу бағытына қарай жүруін түсіндіріңдер. Осындай әдіспен калий гидроксидін алуға бола ма?


ғ 96 жұмыс. Сілтілік металдардың тұздары.


1.Натрий гидрокарбонатын алу



Қажетті құралдар мен реактивтер: 10% аммиак, натрий хлориді, жазық түпті құты, Кипп аппаратынан алынған көміртек диоксиді, сүзуге арналған қондырғы, Бюхнер құйғысы, этил спирті, фенолфталеин, лакмус, әмбебап индикатор.

Аммиак ерітіндісін натрий хлоридімен суықта қанықтырыңдар. Ерітіндіні сүзіп, құтыға құйып, құтының түбіне дейін жететін газ өтетін түтікшесі бар тығынмен нығыздап жабыңдар. Тұнбаның бөлінуі аяқталғанша алынған ерітінді арқылы көміртек диоксидін (Кипп аппаратыннан) жіберіңдер. Кристалдарды Бюхнер құйғысында бөліп алып, этил спиртімен жуып, бөлме температурасында ауада кептіріңдер.
Реакция теңдеулерін жазыңдар. Көміртек диоксидімен қаныққан натрий хлоридінің аммиакты ертіндісінде түзілетін тұздардың ерігіштік мәндерімен танысыңдар. Осы реакциялық қоспадағы жүретін процестердің байланыстылығын түсіндіріңдер.
Тұздың азғана мөлшерін дистилденген суда ерітіп, оның лакмус ертіндісіне, фенолфталеинге және әмбебап индикаторға әсерін тексеріңдер. Бақылаған құбылыстарды түсіндіріңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет