1.3.2.11. Талшықтас материалдар
Талшықтас материалдар оттан қорғайтын, оттан сақтайтын және сүзетін материал ретінде, сонымен бірге қосылыстарды тығыздау үшін қолданылады.
Жалпылама арналған тамшықтас картон және төсем 5000С-ға дейін жылу изоляциясы үшін қолданылады.
Талшықты талшықтас сүзетін материал ретінде қолданылады. Талшықтас сілтілерге тұрақты, ал тұз қышқылымен өңдегенде қышқылдарға да тұрақты болады. Шыны жіптердің қоспасымен жылу өткізбейтін және жоғары термоизоляциялы жалпылама қолданалатын талшықтасты жіптер- 400 - 4250С - ға дейін жылуды ұстап тұруға арналған шыны аспаптар мен аппараттардың құралдарын тығыздау үшін қолданылады.
Талшықтасты картон мен жіптерді көлденең бетке натрий силикатының ерітіндісімен, ал аспаптарға жұмсақ мыс сымдарымен бекітеді.
1.4. ТАРАЗЫ ЖӘНЕ ТАРАЗЫМЕН ӨЛШЕУ
ғ 1 жұмыс. Таразы және таразымен өлшеу
Химиялық лабораторияда ең қажетті негізгі құралдардың бірі таразы, сондықтан да таразымен өлшей білу лабораторияда жұмыс істейтін әр адамның міндеті. Химиялық лабораторияда әдетте технохимиялық және аналитикалық таразы қолданады.
Технохимиялық таразы - 0,01 г дейінгі салмақтағы заттың массасын анықтайды. Оларды көбіне анализге қолданады. Бұл таразыларда 0,0001-0,0002 г - ға дейінгі қателікпен өлшеуге болады. (Студенттер аналитикалық таразымен жұмыс істеумен аналитикалық химия курсында танысады). Әр таразының типіне тән гірлері болады. Технохимиялық немесе аналитикалық таразыға арналған арнайы қорапқа салынған гірлер жиынтығын салмағы әртүрлі гірлер деп атайды. Технохимиялық немесе аналитикалық таразылар бір және екі тостағанды болады.
Технохимиялық екі тостағанды таразынының тағанын үстел бетіне көлденең орналастыру керек. Керек жағдайда таразының бұрандасын бұрау арқылы тостағаншасын тепе-теңдік күйге келтіруге болады.
Технохимиялық таразының жұмыс істемей тұрған жағдайында оның тостағандарын ұстап тұратын арретир деген құрылғысы бар, оны бұрағанда таразының призмасының жүктемесі босайды. Таразыны жұмыс істейтін күйге келтіру үшін арретирін түсіру қажет. Бұл үшін айналдырғанда арретир төмен түсіп таразының тостағандары күйентенің призмасына тірелетін үзеңгіге ілінетін маховик болады.
Өлшеуге кірісер алдында таразының дұрыс жұмыс істеп тұрғанына және оның дұрыс көрсетіп тұрғанына көз жеткізу керек. Ол үшін арретирді төмен түсіріп, таразы тілінің оң және сол жаққа қарай тербеліп, істеп тұрғанын байқау керек. Таразы дұрыс істеп тұрған уақытта оның тілі оң және сол жаққа шкаланың ортаңғы бөлігінен бірдей қашықтықта тербеліп тұрады. Бұл таразы тостағанының тепе-теңдік күйде екенін көрсетеді. Егер бір жаққа қарай ауытқу көбірек болса, онда таразыны тепе-теңдік күйге келтіру керек. Тепе-теңдік жағдайға келген соң өлшеуге кірісуге болады. Өлшейтін затты сол жақ тостағанға, ал оң жағына шымшуырмен гірлерді ретімен ең үлкендерінен бастап қоямыз.
Достарыңызбен бөлісу: |