Бейсенова Бекзада Жомартқызы 6В01512 Химия білім беру бағдарламасы



бет10/22
Дата10.10.2023
өлшемі1 Mb.
#480263
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Психолог пед практика

20.04.2023ж
7 «L» сыныбымен «Ұлы даланың жеті қыры – ұрпаққа аманат» тақырыбында ашық ашық тәрбие сағатына дайындалдым. Оқышыларға сабақ жоспарымен таныстырдым. Керекті оқу материалдарына бірге талдама жүргіздік. Керекті заттарды дайындап, сынып ұжымымен тақырыппен жұмыс жасадық. Оқушыларға Елбасының мақаласымен тереңінен танысып келу тапсырылды.
26.04.2023ж
Дайын болған ашық тәрбие сағатының жоспарын Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Бейсенова Б.С көрсетіп, 27.04.2023ж өтілетін тәрбие сағатына рұқсат алдым. Одан кейін 7 «L» сыныбына кіріп, ертен тәрбие сағат өтетінімді хабарладым. Тәрбие сағатына оқушыларға тапсырмалар беріп, тәрбие сағатқа керек заттарымды дайындап кеттім.
27.04.2023ж
Бұл күні 7 «L» сыныбымен «Ұлы даланың жеті қыры – ұрпаққа аманат» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өттім. Сабақта барлығы 21 оқушы қатысты. Барлық оқушылар белсенділік танытып, тәрбие сағат нәтижесінде Елбасымыздың мақаласымен танысты. Оқушылар ұйымшылдық танытып, топпен жақсы жұмыс атқарды.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға елбасымыздың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын түсіндіру, талдау. Төл тарихымыз бен мәдениетімізді жіктей келе тарихи сананы жаңғырту.
Кәсіби даму мақсаты: Оқушылардың өзара қарым-қатынас дағдысын топтық, жұптық жұмыстар арқылы арттыру. Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, құрмет және жауапкершілік.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап.
Көрнекі құралдары: Интерактивті тақта, лента, слайд, маркерлер, кері байланыс парағы.
Сабақ барысы:
I кезең. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны шырқалды. Тәрбие сағат тақырыбы мен сабақ мақсаттарымен таныстырдым.
II кезең. Тақырып бойынша сыныпты слайд, лексика және терминологиямен таныстырдым. Видео ролик көрсетілді.
III кезең. Оқушыларды «Лента» әдісі арқылы сегіз оқушыдан құралған 3 топқа бөлдім.
IV кезең. Берілген уақыт 7минутта, топ бойынша берілген тапсырманың көрнекіліктері қоғалынды. Әр топ әр кезеңді таныстырып, айтып өтті, бір-біріне сағат тілінде кері байланыс берілді.
V кезең. Мақаламен толық таныса отырып, бағалау критерийлерін құрастырдық.
VI кезең. Қорытынды. Рефлексия: «Бір шаңырақ астында»
 130-дан астам ұлт өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеміз. Сондықтан сіздерді рефлексия беруге шақырамыз.
(киіз үй суреттері таратылып, киіз үй қабырғасына жабыстырылады )
Сабақтың соңы. Оқушылар және Нұрай Қанатқызының ой пікірі тыңдалынды. Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Сондықтан, бүгінгі тәрбие сағатымызға келіп қатысып, білгеніңізбен бөліскеніңізге алғыс айта отырып, Алматының апорт алмасы мен 7 «L» сынып оқушыларының қолынан жасалынған қызғалдақтар сыйға таратылды.
Қорытынды. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін ұрпағымыз өссе, халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет