Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ұлы даланың жеті қыры – ұрпаққа аманат.
Орындаған: Бейсенова Бекзада Жомартқызы
Түркістан – 2023
Тәрбие сағат: «Ұлы даланың жеті қыры – ұрпаққа аманат»
Тәрбие сағаттың мақсаты: Оқушыларға елбасымыздың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын түсіндіру, талдау. Төл тарихымыз бен мәдениетімізді жіктей келе тарихи сананы жаңғырту.
Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, әзірленген слайдтар, тақырып бойынша дайындалған видео ролик, лента, кері байланыс парағы.
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мен Бейсенова Бекзада сіздерге уақытша сынып жетекшілік берілген 2 – курс тағлымгері. Бүгін сіздермен «Ұлы даланың жеті қыры – ұрпаққа аманат» атты ашық тәрбие сағатын өтеміз. Сабағымызды бастамас бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын бәріміз бірге айтайық.
Бүгін сіздермен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында өлкетану бағытындағы «Туған жер» бағдарламасымен тереңінен танысатын боламыз. Осы бағыттың жүзеге асырылуына сендер де туған жерді дәріптеу, құрметтеу арқылы үлес қоса аласыздар. Алдымен сабақ мақсаттырмен таныссақ. Слайдқа тазар аударайық. Сабақ мақсаты:
– Оқушы Елбасы ұсынған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының мән-мағынасын түсінеді;
– Осы бағытта өз тарапынан не істеу керек екеніне мақсат қояды;
– Ел тарихы туралы нақты білімі қалыптасады.
Жүргізуші: Сабақ мақсаттарымен таныса отырып, тақырыпта қолданылатын лексика және терминдермен үштілділік бағытта танысайық.
Бекмұрат: Ұлт – Нация – Nation
Бексултан: Отан – Родина – Homeland
Нұрасыл: Металлургия – Металлургия – Metallurgy
Роберт: Мәдениет – Культура – Culture
Еламан: Мақала – Статья – Article
Салима: Жаңа ұрпақ – Новое поколение – New generation
Жүргізуші: Ұлттың ұлт болып қалыптасуы үшін оның тілі, діні, тарихы мен мəдениетінің алатын орны ерекше. Тамырын тереңге жайған тарихымызға үңілетін болсақ, мəдениет пен өркениеттің пайда болып, дамыған ортасы, бастау бұлағы ол біздің ұлан байтақ жеріміз екенін көре аламыз.
Асылай: Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы, Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру мақаласының жалғасы іспеттес. Елбасымыз өткен күндердің өзегінен ой тартқан осы еңбегін астары мол афоризммен бастаған, осыны ұрпаққа ұлағат еткен.
Слайдтан көрсету, оқушыға айтқызу.
Кәусар: Бұл мақала ол қазақ елі тарихын ұлықтау емес, ол Евразия кеңістігін мекендеген түрік тайпаларының әлемдің өркениетке қосқан үлесін көрсетіп, тарихи сананы жаңғырту, тарихымызға оң көзқарас қалыптастырып, ұрпаққа ұлағат ету.
Басында айтып өткендей «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы 2 бөлімнен тұрады:
ІI. ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ. Ол 7 кезеңге бөлінген, осыларға тоқталамыз.
1. Атқа міну мәдениеті
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия
3. Аң стилі
4. Алтын адам
5. Түркі әлемінің бесігі
6. Ұлы Жібек жолы
7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны
Жүргізуші: Интерактивті тақтаға тазар аударып, видео роликті көрейік https://youtu.be/xik7WrrmmPo.
Әр кезеңге байланысты слайдтар көрсетіліп тұрады
Достарыңызбен бөлісу: |