Астана, 2023 жыл
«БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ»
ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі
Оқу ісінің меңгерушісі: Ахметкалиева
Серикканым
Темиржановна
Бастауыш білім беру деңгейінің сыныптары (1-4 сыныптар): – жалпы білім беру сыныптары. 41 сынып (қазақ сыныптары – 21, орыс сыныптары - 20 Инвариативтік компонент есебінен жүзеге асырылады: – бастауыш мектептің жалпы білім беретін базалық компоненттерін толық сақтау. Вариативтік компонент арқылы жүзеге асырылады: – «Математикалық олимпиада және логика» 1-4 сынып – 1 сағат (қалалық ғылыми әдістемелік кеңесте бекітілді. Хаттама №1 31.08.2018 ж. Мәуіт Ы, Табыс Н. №73 мектеп).
Оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың
2022-2023 оқу жылындағы ерекшеліктері
✓ Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 35 оқу аптасын,
2-11 (12) сыныптарда – 36 оқу аптасын құрайды .
Анықтама:
Бір күнтізбелік жылда: демалыс күндері-117, демалыс және мереке күндері - 75 күн ;
оқу күндері-173;
Мектептерде білім алушылар үшін демалыс күндерінің жиыны-192 күн
✓1 сыныптар үшін Үлгілік оқу жоспарындағы өзгерістер:
- оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің 1-сыныбында «Әліппе» және «Ана тілі» пәндері,
- қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде – «Букварь», «Обучение грамоте» және «Қазақ тілі» пәндері оқытылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасына сәйкес тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет.
2022-2023 оқу жылында білім беруді ұйымдастыруда келесі міндеттерге назар аудару:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасына сәйкес тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет.
- Әрбір білім беру ұйымының міндеті-ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған, функционалдық сауаттылық дағдылары бар және оны қоршаған болмыста бәсекеге қабілетті бола алатын білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру.
- 2022-2023 оқу жылында білім беруді ұйымдастыруда келесі міндеттерге назар аудару керек:
- ✓ білім алушылардың білімін толықтыру;
- ✓ қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету;
- ✓ білім алушыларға сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- ✓ цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау;
- ✓ инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |