Бекітемін 1-ші мар командирі


Атыс міндетін түсіну кезінде зениттік зымыран взводының командирі



бет4/9
Дата23.04.2024
өлшемі57.24 Kb.
#499570
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
черновик кафелра жоспар

Атыс міндетін түсіну кезінде зениттік зымыран взводының командирі:
- командирдің әуе нысаналарын жою жөніндегі ниетін түсіну (қандай құралдармен және қандай реттілікпен нысаналарды жою жоспарланады, бөлімшенің негізгі күш-жігері қандай нысаналарға шоғырланады);
- ӘШҚҚ басқа бөлімшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде іс-қимылдың жалпы ниетіндегі зениттік зымыран взводының (зениттік бөлімшенің) рөлі мен орнын анықтау;
- алынған атыс міндетін зерделеу (ТЭП индикаторы бойынша атыс міндеті қойылған нысаналарды, олардың маңыздылығын және кеңістіктегі орналасуын, сипатын, кедергілердің қарқындылығын, нысаналарды жою үшін қажетті құралдарды анықтау);
- өзара іс-қимылды жүзеге асыру қажет зениттік бөлімшелердің міндеттері мен атыс мүмкіндіктерін анықтау.
Әуе жағдайын бағалау әскери бөлімнің ӘШҚҚ бастығының деректері, зениттік бөлімшелер командирлерінің (кезекші атқыш-зенитшілердің) баяндамалары және көзбен шолып байқау нәтижелері бойынша тұрақты жүргізіледі.
Әуе жағдайын бағалау кезiнде зениттiк бөлiмшелердiң зақымдау аймағына кiруi мүмкiн нысаналар, олардың түрi және iс-қимылдардың ықтимал сипаты, кедергiлердiң қарқындылығы және өз авиациясының әуе кеңістігінде болуы айқындалады.
Фондық жағдайды бағалау кезінде әуе кеңістігінің қай учаскелерінде фон біртекті және күрделі, сондай-ақ атыс үшін неғұрлым қолайлы секторлар, сондай-ақ тыйым салынған секторлар айқындалады.
Кедергілік жағдайды бағалау кезінде әуе нысанасында қолданылатын қарсы іс-қимыл түрлерін; кедергілердің түрлері және олардың әсерінің тиімділігін төмендету жөніндегі ықтимал шараларды айқындайды.
Әуе нысаналарын ату бойынша зениттік бөлімшелер мен атқыш-зенитшілердің жай-күйі мен мүмкіндіктерін бағалау кезінде:
- зымыранды атуға дайын атқыш-зенитшілердің саны (әрбір зениттік бөлімшеде);
- әрбір зениттік бөлімшенің (атқыш-зенитшінің) әуе нысаналарына зымыран ату шарттары;
- бұрын қойылған атыс міндеттерін өзгертуге қажеттілік;
- зымырандар қоры.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет