«Бекітемін» «Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мкк басшысы Ғ. Садырбаев 2016 жылғы «Алматы қаласының интеллектуалдық



Дата11.06.2016
өлшемі117.77 Kb.
#128801

«Бекітемін»

«Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» МКК басшысы

_______________________Ғ. Садырбаев

2016 жылғы «___» __________






«Алматы қаласының интеллектуалдық

ақпараттық-навигациялық көлік жүйесін әзірлеу»

бойынша ашық конкурс туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер
1.1. Осы ереже «Алматы қаласының интеллектуалдық ақпараттық-навигациялық көлік жүйесін әзірлеу» бойынша ашық конкурс ұйымдастырудың және өткізудің тәртібін анықтайды (бұдан әрі - конкурс).

1.2. Конкурс Алматы қаласының сәулеттік-көркемдік бейнесін қалыптастыру жұмыстары аясында өткізіледі.

1.3. Конкурстың ұйымдастырушысы – Алматы қаласының әкімдігінің Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасы (бұдан әрі –Басқарма)

1.4. Конкурстың мақсаты мен міндеттері:

Алматы қаласында көлік-навигациялық және өзге жедел қалалық, әлеуметтік- талап етілетін ақпараттар, коммерциялық жарнамаларды орналастыру, видео аналитиканың телеметрикалық деректерін жинау және өңдеу, қосымша жұмыс орындарын құру үшін Ақылды Қала (Smart City Almaty) тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында мультифункционалдық ақпараттық электрондық конструкциялар орнату.

Интеллектуалдық Көлік Жүйесін инфрақұрылымдық қамтамасыз ету, көлік ағындарын жүйеге келтіру және ретке келтіру.

Ақпараттық жарықтандыру және оқиғаларды қостау бойынша іс-шараларды қамтамасыз ететін қаланы жедел, реттелетін ақпаратпен тұтас ақпаратпен жабу.

Қаланың, тұрғындардың және қонақтардың жайлылығы үшін мегаполисті интерактивтік ақпараттық ортамен қамтамасыз ету.

Қала қонақтарының тұрған жерлерінің, жайлы мекен етуінің тиімділігін оңтайландыру және арттыру.

Адамдардың қауіпсіздігін әдеттегі жағдайларда, сондай-ақ ТЖ туралы шұғыл хабарландыру жүйесінің элементі ретінде қамтамасыз ету.

Бірыңғай басқару орталығы бар қаланың бірыңғай ақпараттық-навигациялық ортасы.

1.5. Мультифункционалдық ақпараттық электрондық конструкциясының нысаны:

Көшелердің шаршысы: Әл-Фараби д. және Гоголь к., Достық д. және Розыбакиев к. Алматының әкімшілік-іскери және тарихи орталығы да кіреді. Шығыс айналма автомобиль жолы және Медеу мен Көктөбеге баратын жолдар.

Көшелердің шаршысы: Гоголь к. және Рысқұлов к., Розыбакиев к. және Саин д. Саяхат және Сайран автобекеттері аумағы, Алматы Халықаралық Әуежайы және Алматы 1-2 ТЖ бекеттерінің жолдары кіреді.

Алматы қаласының әкімшілік-аумақтық шекараларының аясында анықталады.

1.6. Конкурстық жұмыстар 2016 жылдың 17 наурыздан 1 сәуірге дейінгі мерзімде қабылданады;

1.7. Тұжырымдама келесі негізгі бағыттар (аспектілер) бойынша әзірленеді:

- Мультифункционалдық ақпараттық электрондық конструкция;

- Интеллектуалдық Көлік Жүйесін инфрақұрылымдық қамтамасыз ету, көлік ағындарын жүйеге келтіру және ретке келтіру;

- Ақпараттық жарықтандыру және оқиғаларды қостау бойынша іс-шараларды қамтамасыз ететін қаланы жедел, реттелетін ақпаратпен тұтас ақпаратпен жабу;

- колористика және түрлі-түстігамма түрінде (негізгі және қосымша түстер);

- тақырыптық рәсімдеу кезінде графика элементтерін қалалық ортадақолдану.

1.8. Ұсынылатын конкурстық жұмыстар осы бағдарламаның қосымшасынасәйкес жүзеге асырылады.

2. Конкурсты өткізу тәртібі
2.1. 2016 жылғы наурыз айының 17-і мен 1-ші сәуір аралығында келіп түскен матералдарды қарау үшін құрылады. Комиссияның дербес құрамы Басқармамен бекітіледі.

Комиссия мынадай функцияларды атқарады:



  • конкурс талаптарына сәйкес конкурсқа түскен материалдарды бағалайды;

  • конкурс жеңімпазын анықтайды;

  • конкурс жеңімпазын марапаттауды атқарады;

Қаралым қорытындысы хаттамамен рәсімделеді және комиссия төрағасымен бекітіледі.

2.2. Конкурс бір кезеңмен өтеді.

2.3. Конкурсқа қатысуға өнер шеберханалары, жарнама агенттіктер мен фирмалар, суретшілер, дизайнерлер, сәулетшілер, жобалау ұйымдары, жақын мамандық иелері, сонымен қатар, өнерге қатысы бар ЖОО-ның студенттері және оқу орындарының оқушылары мен басқалар қатыса алады (ары қарай – қатысушылар). Конкурсқа қатысушы жалғыз адам (автор), сондай-ақ шығармашылық авторлық ұжым да бола алады.Конкурсқа қатысушылардың жұмыстар санына шектеу жоқ.

2.4. Конкурстың техникалық сүйемелдеуі мен дайындық жұмыстарын жүргізетін комиссияның жұмыс органы Басқарма болып табылады.

2.5.  Конкурстық материалдар 2016 жылдың 1 сәуірге дейін Басқармаға мына мекен-жай бойынша ұсынылады: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, каб. 713; тел.: +7(727) 2795824 ішкі 205/206.

2.6. Барлық келіп түскен жобалар Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-порталында жарияланады: аlmaty.qov.kz.

2.7. Аталған жобаны жүзеге асыру конкурс жеңімпазының қаржылық құралдары есебінен жүргізіледі.

2.8. Конкурс жеңімпазы өз есебінен Алматы қаласында интеллектуалдық ақпараттық-навигациялық көлік жүйесін орнату және кешенді қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетеді.

2.9. Комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтігін өтуін қамтамасыз ету үшін, оның отырыстарына тәуелсіз бақылаушылар қатысады. Конкурстық комиссияның отырыстарына бақылаушылар ретінде Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатысуға құқылы.

2.10. Конкурс қорытындылары Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланатын болады.

2.11. Конкурстық материалдар қатысушыларға кері қайтарылмайды.

2.12. Байқауға ұсынылған жоба материалдары желімделген конвертте ұсынылады және конвертке автордың аты-жөні, мекенжайы көрсетілген ақпараттық парақ салынады.

Қысқаша түсініктеме хатта ескерткіштің көркемдік шешімі мен кеңістікті ұйымдастыру қағидалары және негізгі идеясы мазмұндалған 14 өлшемді «Times New Roman» шрифтімен бірінші жол аралығымен басылған 2 парақтан аспайтын мәтіннен тұратын, 2 данада көрсетіледі.

Конкурс қорытындысы бойынша шешімді комиссия қабылдайды, қорытындылар хаттама түрінде түрінде толтырылып, қайта қарауға жатпайды.

2.13. Шарттарды бұза отырып ұсынылған жобалар конкурсқа жіберілмейді, Комиссияда қаралмайды.

3. Конкурсқа ұсынылатын материалдардың құрамы
Материалдардың жобаларын дайындау кезінде қатысушыларға еркін авторлық көркемдік баяндау құқығы беріледі.

3.1. Конкурстық жұмыс мыналардан тұрады:

Қызметтің барлық түрлері жобалау жұмыстарын жүргізудің компьютерлік технологиясының көмегімен өткізілуі тиіс.

Әзірлеулер AUTOCAD, Masat Project, 3D max, CorelDraw лиценизиялық бағдарламалық өнімде жасалуы және келесі форматта ұйымдастырушыға берілуі тиіс: avi, dwg, dws, dwt, dxf, MAP, ID, DAT, TAB, cdr, TIFF, JPEG, dbf, sbn, shp, xml, shx.

Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес қосымша материалдарды келесі құрамда ұсыну:

- көшіру орындарының нобайлық визуализациясы;

- 3D тұсаукесері.

3.2. Конкурсқа ұсынылған жұмыстарда басқа дизайнның идеяларын (толық немесе жартылай) қолдануға тыйым салынады. Аталған қағидаттар ескерілмеген жағдайда қатысушы Конкурстан шеттетіледі. Конкурсқа ұсынылған қатысушылардың жұмыстары авторлық құқықпен қорғалмауы тиіс және түрлі басқа жағдайлардан тәуелсіз болуы шарт. Авторлық құқығын қоса алғанда, Конкурстық жұмыстардың дизайны үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбауы немесе жарнамаға арналған басқа мүліктік құқықтарын бұзбауы тиіс.



4. Мультифункционалдық ақпараттық электрондық конструкцияларға қойылатын талаптар
4.1. Атауы: Магистралдық электрондық конструкция

1) Бетінің үлгісі: Бір жақты ЛЭД дисплей

2) Пикселдің қадамы 10мм

3) Пикселдің үлгісі DIP346

4) Пикселдің конфигурациясы 1R1G1B

5) Ашықтығы ≥8000cd/m2

≥ 130°

≥70°


6) 1 ш/м 660Вт/М2 максималды тұтыну қуаты

7) 1 ш/м 210Вт/М2 орташа тұтыну қуаты

8) Жұмыс кернеуі АС100-240V, 50-60Hz

9) Жаңару жиілігі 1800-3000Hz

10) Ашықтығын жөнге салу 0-100%

11) Жұмыс температурасы (-45, +50)

12) Қызмет мерзімі 50,000 сағат

13) Қорғау сатысы ІР66

14) Тік бұрышты эранның ерекшелігі: автоашықтығы, «Hot Backup» жүйесі және кері телеметрия

Конструкцияның көлемді мөлшерлері:

Панелдің ені: 2600мм

Панелдің биіктігі: 8700мм

Ауданы: 22,62 мм2

Экранның көлемі:

Ені: 7680 мм

Биіктігі: 7680 мм

Ауданы: 19,6608 м2.

4.2. Жол электрондық конструкциясы:

Бетінің үлгісі: Бір жақты ЛЭД дисплей

1) Пикселдің қадамы 8мм

2) Пикселдің үлгісі DIP346

2) Пикселдің конфигурациясы 1R1G1B

4) Ашықтығы ≥8000cd/m2

≥ 130°

≥70°


5) 1 ш/м 660Вт/М2 максималды тұтыну қуаты

6) 1 ш/м 210Вт/М2 орташа тұтыну қуаты

7) Жұмыс кернеуі АС100-240V, 50-60Hz

8) Жаңару жиілігі 1800-3000Hz

9) Ашықтығын жөнге салу 0-100%

10) Жұмыс температурасы (-45, +50)

11) Қызмет мерзімі 50,000 сағат

12) Қорғау сатысы ІР66

13) Тік бұрышты эранның ерекшелігі: автоашықтығы, «Hot Backup» жүйесі және кері телеметрия

Конструкцияның көлемді мөлшерлері:

Панелдің ені: 2000мм

Панелдің биіктігі: 6800мм

Ауданы: 13,6 мм2



Экранның көлемі:

Ені: 1920 мм

Биіктігі: 5760 мм

Ауданы: 11,1592 м2.

4.3. БҚ біріктірілген басқару жүйесі, видео аналитика блоктары

5. Әлеуетті жабдықтаушыға қойылатын талаптар
Конкурсқа қатысушы қызметтер көрсету үшін арнайы біліктілік талаптарына сай болуы тиіс:

5.1. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті еңбек ресурстарын меңгеру. Әлеуетті жабдықтаушы көрсетілетін қызметтердің сапасы, оның ішінде мұндай қызметтерді тікелей көрсететін қызметкердің біліктілігіне қатысты екендігін мәліметке қабылдауы тиіс. Әлеуетті жабдықтаушының қызметкеріне, оның деңгейі мен кәсіби даярлығының бейініне қойылатын талаптардың сипаттамасы, жұмыс өтілі:

- жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандардың болуы;

- жұмыс арнайы кәсіби даярлықты қажет ететін МАЖ- бағдарламалары бойынша (МАЖ, МАР, ID, DAT, TAB, dhf, gdb, shp) жұмыс бойынша сертификаты бар және оқудан өткен бестен кем емес білікті маманның болуы;

- қызметтер көрсету үшін қажетті өзге білікті мамандардың болуы:

* Әлеуетті жабдықтаушылардың мәліметіне:

«Біліктілік туралы мәліметтерде» көрсетілген және қызмет көрсетуші қызметкерлердің саны қызметтер көрсетуге қажетті қызметтердің санына сәйкес болуы және Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 83 бабында бекітілген талаптарды бұзбауы тиіс.

5.2. Мемлекеттік сатып алулар туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық ресурстардың болуы.

- компьютерлердің болуы (стационарлық және тасымалдайтын) ;

- перифериялық жабдықтардың болуы: сканер, принтерлер, плоттер;

- автокөліктің болуы:

- келесі форматтарды ұстайтын лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы: dwg, dwf, MAP, ID, DAT, TAB, dbf, cdr, TIFF, JPEG, prj, prx, gdh, shp, xml және тиісті рұқсат құжаттарының негізінде олардың пайдалану құқығын растайтын құжаттардың болуы;

- сандық фотоаппараттардың болуы:

Әлеуетті жабдықтаушыға өздері ұсынған мәліметтер мен есептер, іске тартылған бірлескен атқарушылар (мұндайлар болған жағдайда) үшін жауапкершілік жүктеледі.

Әлеуетті жабдықтаушы конкурстық өтінімге ұсыныстар түрінде жазбаша кепілдік міндеттемелер ұсынады:


  • қызметтерді сапалы, белгіленген тәртіпте көрсету туралы;

  • Ұйымдастырушының тарапынан қандай болмасын шығындарсыз 5 жұмыс күні ішінде қызмет көрсетулер процесінде айқындалған кемшіліктерді жою туралы;

  • алынған ақпаратты тек қана шартты орындау үшін пайдалану және шарттың мерзімі өткеннен соң алынған ақпаратты пайдаланбау туралы.



6. Өзге де ережелер
6.1. Қатысушы тараптың өз жұмысын ұсынуы оның осы Ережелерге сәйкес, Конкурсты өткізу ережелерімен толық және сөзсіз келісуін білдіреді.

6.2. Үшінші жақтың тұлғалары талап, наразылық немесе шағым білдірген жағдайда, оның ішінде ұсынылған жұмыстарға авторлық немесе аралас авторлық құқығы бар құқық иелерінің өтініштері орындалуы үшін қатысушы ол талап-арыздарды жеке өз атынанберуі және қаражатты өз қалтасынаншығаруға міндетті.

6.3. Қатысушылардыңконкурсқа ұсынған материалдары және оларды пайдалану құқығы ақысыз түрде Конкурсты ұйымдастырушыға жіберіледі.

6.4. Ұйымдастырушы ұсынылған материалдарды ақпараттық және жарнамалық-имидждік мақсаттарда пайдалануға және, авторлық сыйақыны төлемей, жариялауға (көбейтуге, материалдарды баршаның назарына ұсынуға және жеткізуге т.б.) оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.







«Алматы қаласының интеллектуалдықақпараттық-навигациялық көлік жүйесін әзірлеу» бойынша ашық конкурс туралы Ережесіне

қосымша



«Алматы қаласының интеллектуалдық ақпараттық-навигациялық көлік жүйесін әзірлеу» бойынша ашық конкурсқа қатысуға

ӨТІНІШ

(заңды тұлғалар үшін)


Өтінішті енгізуші:

Заңды тұлға (атауы, заңды-мекеме пішіні)


Пошта индексі көрсетілген мекенжайы:

Телефоны:

Факс:

E.-mail:


Мекеме басшысы (Аты-жөні, лауазымы):

Жобаны орындаушы (Аты-жөні, лауазымы):


Конкурс жұмысы қоса ұсынылады.
Өтініште көрсетілген мәліметтердің шынайылығын атап көрсетеміз.

«Алматы қаласының интеллектуалдық ақпараттық-навигациялық көлік жүйесін әзірлеу» бойынша ашық конкурс Ережесімен толық таныстым.

Өтінішімізді жолдай отырып, осы конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық жұмысымды пайдалануға менің ерекше құқығымды беремін.

Ұйым басшысының қолы

______________________________
Жобаны орындаушының қолы

______________________________

2016 жылғы «___» _________ м. о.

«Алматы қаласының интеллектуалдық ақпараттық-навигациялық көлік жүйесін әзірлеу» бойынша ашық конкурсқа қатысуға

ӨТІНІШ

(жеке тұлғалар үшін)


Өтінішті енгізуші:

Аты-жөні:

Жұмыс/оқу орны, лауазымы/мамандығы:

Пошта индексі көрсетілген мекенжайы:

Телефоны:

Факс:


E.-mail:

Конкурс жұмысы қоса тіркеледі.


Өтініште көрсетілген мәліметтердің шынайылығын растаймын.

«Алматы қаласының интеллектуалдық ақпараттық-навигациялық көлік жүйесін әзірлеу» бойынша ашық конкурстың Ережесімен толық таныстым.

Осы өтінішті жолдай отырып, конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық жұмысымды пайдалануға менің ерекше құқығымды беремін.

Жоба авторының қолы ___________



2016 жылғы «___» _________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет