Бекітемін Білім және ғылым вице-министрі М. Орынханов 2013 ж



Дата20.06.2016
өлшемі56.29 Kb.
#149542
Бекітемін

Білім және ғылым вице-министрі

___________ М.Орынханов

«___»__________2013 ж.


5В061000 – «Гидрология» мамандығына арналған

«Гидрологиялық ақпараттарды математикалық өңдеу әдістері»

пәні бойынша

Тест спецификациясы

1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тест «Гидрологиялық ақпараттарды математикалық өңдеу әдістері» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:



Мазмұны

Тапсырмалар саны


1

Курстың мақсаты мен міндеттері. Гидрологияда есептеулер мен зерттеулердің статистикалық тәсілдері. Кездейсоқ шамалар және олардың сипаттамалары. Үлестірім заңдылықтарының негізгі сипатамалары. Гидрологиялық шамалардың сандық сипаттамалары. Гидрологиялық зерттеулердің үлестірімінің теориялық заңдылықтары. Теориялық және эмпирикалық үлестірім қисығы.

1

2

Үлестірімнің қалыпты заңдылықтары. Пирсонның III типтік үлестірімі және оны гидрологиялық зерттеулерде пайдалану. Үлестірім қисығының теңдеуі. Жазбалардың түрлі формалары. Үлестірімнің интегральдік заңы. Крицкий-Менкельдің үш параметрлі гамма-үлестірімі.

1

3

Логарифмдік қалыпты үлестірім. Гумбел және Пуассонның үлестірімі. Параметрлерді моменттер әдісімен үлестірімді бағалау. Параметрлерді үлестірімді бағалауға қойылатын талаптар. Математикалық күтім, дисперсия, ассиметрия және вариаци коэффициентерін бағалау. Таңдалған параметрлердің кездейсоқ қателігін бағалау.

1

4

Параметрлерді шындыққа жақын үлестірімді бағалау. әдістің шығуы. Параметрлердің қалыпты заңдылықтарын, Пирсонның III типтік үлестірімі, үш параметрлі гамма-үлестірімін бағалау. Әдістің жетістіктері және кемшіліктері. Параметрлерді квантилей әдісімен бағалау.

1

5

Гидрологиялық зерттеулерде гипотезаны статистикалық тексеру. Гипотез жайлы түсінік. Тәуелділік критериі. Біржақты және екіжақты гипотеза. Гидрологиялық зерттеулерде гипотезамен тексеру. Колмогоровқа келіскен критерий. Пирсон және nw 2 критериі.

1

6

Гидрологиялық зерттеулерде гипотезамен тексеру. Дисперсия бағасы. Орташа мәнді бағалау. Орташа мәндер арсынан алшақтау. Гидрологиялық қатарлардың біртектілігін талдау. Біртектілікті анықтау. Біртектіліктің түрлері. Асимметрия және коррелиацияланған қатарларды есепке алағандағы Стьюдент және Фишер критериі..

2

7

Гипотезаны тексерудегі параметрлік емес әдісі. Вилкоксон критериі. Манн-Уитни критериі. Маңыздық критериі. Біртекті сәйкес қатардан мәннің ауытқуы. Диксон критериі. Смирнов-Граббс критериі. Біртекті емес таңдалған ағын қамтамассыздығының қисығын тұрғызу.

2

8

Гидрологиядағы функционал және стохастикалық байланыстар. Жұптық корреляция және регрессия. Регрессия теңдеуі және корреляция коэффициенті параметрлерінің мәнділігін бағалау. Фишердің, Стьюденттің критерийлері. Көптік корреляция және регрессия. Көптік регрессия теңдеуі және корреляция коэффициенті параметрлерінің мәнділігін бағалау. Көптік корреляцияәдістерін пайдалану жағдауы. Графиктік әдістер.

2

9

Қалыптандырылған көптік корреляция. Қалыптандыру әдістері. Қалыптандырылған регрессия теңдеуі. Жалған корреляция.

Түзу емес корреляция және регрессия. Түзу емес регрессия түрлері. Түзу емес регрессия теңдеуі және байланыс тығыздығы параметрлерін бағалау. Көпөлшемді статистикалық талдау. Факторлық компоненттік талдау туралы түсінік.



2

10

Кездейсоқ процестерді гидрологияда пайдалану. Кездейсоқ процестер жайлы түсінік. Гидрологиядағы кездейсоқ процестер. Кездейсоқ процестер параметрлерін бағалау. Гидрологиядағы эргодикалық процесстер. Гидрологиялық процестер ауытқуының жалпы сипаттамаларын бағалау. Стационарлығын, біртектілігін және трендті бағалау.

Бақылау қатарларының кездейсоқтылығын тексеру. Сандардың жоғарылау және төмендеу критерийі, экстремеум критерийі, Неман критериі, серия саны мен ұзындықтарының кездейсоқтық критериі. Гидрололгиялық қатарлар ауытқуының заңдылықтарын зерттеу. Циклділіктің мүмкін себептері. Жылжыма орташалау әдісі. Кезектес жұптық орташалау. әдісі.




2

11

Биномдық фильтр. Гидрологиялық қатарлардың ішкі құрылымын зерттеу. Автокорреляциялық фукциялар. Корреляциялық функцияны анықтау. Корреляциялық функция ординатасынан орташа квадраттық қателігін анықтау. Дубан-Ватсон критериі. Жылдық ағын тербелісіндегі циклондарды анықтау. Әдістің жетістіктері мен жетіспеушіліктері.

2

12

Гидрологиялық процестерді спектрлік талдау. Спектрлік тығыздықты есептеу әдістері. Спектрлік тығыздықтың мәнін бағалау. Түрлі уақытша қатарлардың спектрлік тығыздығы. Жылдық ағын тербелісінің циклын бағалау.

2

13

Жылдық ағынды қатарын статистикалық үлгілеу. Гидрологиядағы эксперименттік зерттеулер. Монте-карло әдісі. Гидрологиялық қатарларды Марков тізбегін сұлбасы негізінде үлгілеу. Графикалық және аналитикалық тәсіл. Әдістің жетістіктері мен жетіспеушіліктері.

2

14

Гидрологиялық қатарларды қалыпты үлестірімге келтіру арқылы статистикалық үлгілеу. Қалыпты үлестірімнің кездейсоқ сандарын анықтау. Регрессия теңдеуі. Қарапайым ү лестірім кездейсоқ мәндерін алу. Моделдеу алгоритмі.

2

15

Ағынды гидрографын үлгілеу. Фрагмент әдісі. Авторегрессия әдісі. Канондық тарату әдісі.

2




Бiр нұсқадағы тест тапсырмаларының саны

25



4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

«Гидрологиялық ақпараттарды математикалық өңдеу әдістері» пәні бойынша тест тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды студенттердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.



5. Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7. Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет