ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
|
Бекітемін
Филология институтының директоры
____________________Б. Әбдіғазиұлы
«_____» _____________2015 ж.
|
«6М021400 - Әдебиеттану» мамандығы бойынша
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Алматы, 2015
Қабылдау емтиханының бағдарламасы:
-
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы;
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы № 261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қатысты «Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты;
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі;
ҚР БжҒМ 2013 ж. 10 сәуіріндегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 158 бұйрығымен бекітілген «6М021400 - Әдебиеттану» мамандығының үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды.
Құрастырушылар: п.ғ.д., профессор Шаханова Р.А., ф.ғ.д., доцент Айбергенова С.Т.
Филология мамандықтары кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды:№ ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі:
|
___________
|
Р.Ә.Шаханова
|
ФИ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
|
___________
|
Г.М.Кенжебаева
|
Қабылдау емтиханының бағдарламасы Филология институтының Ғылыми кеңесінде бекітілді: № ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.
6М021400 - Әдебиеттану
мамандығына магистратураға қабылдау емтиханының
бағдарламасы
Әдебиеттану мамандығы бойынша магистратураға түсушілерден қазақ әдебиеті пәнінің қазіргі оқу процесіндегі ерекшеліктерін ескеріп, әдеби, мәдени мұралар мен фольклорды, қазақ әдебиетінің тарихын, түркі халықтары әдебиеті пен әдебиет теориясы мәселелерін жетік білуін талап етеді.
Фольклор. Фольклор мен әдебиет: ортақ мәселелері мен өзгешеліктері.Фольклор мұралары мен әдебиет шығармаларының көркемөнерінің салаларымен байланысы.Фольклорды тегі мен жанрына жіктеу, тарихи зерттеу принциптері.Әлем халықтары мен қазақ фольклоры мұраларының ұқсастықтары. Қазақ фольклорының зерттелу тарихы.
Әдебиет теориясы. Сөз өнері мұралары туралы түсінік.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы түсінік. Көркем шығарманың тақырыбы. Көркем шығарманың идеясы. Көркем бейне, оған қойылатын талаптар. Көркем бейненің жасалуында қолданылатын негізгі суреттеу тәсілдері.Көркем шығарманың композициясы мен сюжеті. Композицияның сюжеттен тыс элементтері: пролог, эпилог. Көркем шығарманың тілі.
Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиет (УІ-ХУғғ.). Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиеттің көп ғасырлық тарихындағы үш кезеңі. ҮІ-ІХғғ. Көне түркі әдебиеті ескерткіштері: «Күлтегін», «Тоныкөк», «Қорқыт ата кітабы», «Оғыз наме», Әл-Фарабидің әдеби мұралары. Х-ХПғғ.әдебиет мұралары.(М.Қашқари, Жүсіп Баласағұн, ахмет Иүгінеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. шығармалары. ХШ-ХІУғғ. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет мұралары. «Рабғузи қиссалары, «Кодекс Куманикус», «Мұхаббат наме», «Хұсрау Шырын», «Гүлистан бит-түрки», «Жүсіп-Зылиха», «Түрік шежіресі», «Шежірелер жинағы, «Бабыр-наме», т.б. шығармалар.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Жыраулар поэзиясы.Қазақ хандығы мемлекетінің қалыптасуы мен дамуындағы жыраулар поэзиясының тарихи-әлеуметтік, шығармашылық қызметі. Жырау мен жыршы.
Жыраулар поэзиясының өзіндік қалыптасу кезеңіндегі жыраулар мұралары. ХУ-ХУПғғ. жыраулар (Қазтуған, Асан Қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа). ХУШ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ақын-жыраулар мұралары. (Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар, Көтеш, Шал).
Қазақ хандығы дәуірі әдебиетінің ұлттық әдеби үдерістегі маңызы.ХІХғ. қазақ әдебиеті дамуының мазмұнындағы романтизм, реализм көркемдік әдістерінің көріністері.Дәстүрлі әдебиет өкілдерінің мұрасы, жанрлары (ХІХғ.) ХІХ ғасыр дәстүрлі әдебиетіндегі лирикалық-дидактикалық өлеңдер мен эпикалық шығармалар. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі зар заман ақындары поэзиясы. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі ақындар айтыстары.ХІХ ғасырдағы жаңа реалистік жазба әдебиет жанрлары: лирикалық, сатиралық өлеңдер, поэмалар, прозалық туындылар.
Абайдың лирикалық өлеңдері.Абайдың поэмалары. Абайдың көркем аудармалары.Абай қарасөздерінің жанрлық түрлері, тілі, стилі.Абайтану ғылымының қалыптасу, даму тарихы. Хакім Абайдың ақындық айналасы, мектебі.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктері.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драматургия жанры қалыптасуындағы алғашқы қадамдар. ХХ ғасыр басындағы әдеби сын, аударма үрдісінің, көсемсөз жанрының пайда болуы, дамуы.ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушылық бағыттағы ақындар. ХХ ғасыр басындағы ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар.1916 жылғы ұлттық-азаттық қозғалысына байланысты туған әдебиет. ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі роман жанры шығармаларының поэтикалық ерекшеліктері. ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі романтизм, сыншыл реализм көркемдік әдістері көріністері.
Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиеті. 1917-1940 жылдардағы қазақ әдебиеті. Қазақ әдебиетіндегі А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов негізін салған прогресшіл бағыт. Шығармалары. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ әдебиеті (1941-1945). Ж.Жабаевтың, Ә.Тәжібаевтың, Қ.Аманжоловтың, Ә.Сәрсенбаевтың шығармалары.1946-1960 жылдардағы қазақ әдебиеті. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, А.Шамкенов, Ә.Ахметов, І.Мәмбетов, Т.Бердияров т.б. шығармалары.1960-1990 жылдардағы әдебиет. М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы, Т.Ахтанов, Қ.Қайсенов, Ә.Нұршайықов, М.Мағауин, Д.Исабеков, Ә.Кекілбаев шығармаларындағы жанрлық, стильдік ізденістер.20ғ. 90-жылдардағы қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктері. (Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті). Қазақстан Республикасындағы «Мәдени мұра» бағдарламасы және оның қазақ әдебиетін дамытудағы ықпалы.
Пайданылатын әдебиеттер:
1.Аханов .Тіл білімінің негіздері. А., 1993.
2.Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А.,1996.
3.Әуезов М. Әдебиет тарихы. – А., 1991.
4.Әшірбеков М. Сөздегі дыбыстардың қарм-қатынасы. –А., 1975.
5.Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ.К. Жалпы тіл білімі. А.,2004.
6.Қордабаев Т. Тіл білімінің мәселелері. – А., 1991.
7.Балақаев М.,Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А.,1974.
8.Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1982.
9.Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. – А., 1993.
10.Нұрғали Р. Әдебиет теориясы. Астана, 2003
11.Ысқақов А. Қазаіргі қазақ тілі. – А., 1971.
12.Хасенов К. Тіл білімі теориясы мен практикалық мәселелері. – А., 1992.
13.ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясы. – А., 1987
14. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. А.,1997.
15.Сүйіншәлиев ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – А., 1989
16.Сыдықов Қ. Көркемдік өрнектер. – А., 1992
6М021400 әдебиеттану мамандығына
магистратураға қабылдау емтиханының сұрақтары
-
Х. Ерғалиев шығармашылығы
-
«Қорқыт Ата» кітабы, тарихы мен зерттелуі.
-
Әдебиеттің ұлттық ерекшелігі, ұлттық характер туралы түсінік.
-
Т. Кәкішев – сыншы ғалым.
-
Ақтамберді жырау.
-
Қазіргі қазақ драматургиясындағы тартыс.
-
Шортанбай жырларының тақырыптық, көркемдік ерекшелігі.
-
«Қазақ солдаты» жазылу, жариялау тарихы.
-
Орхон-Енисей жазбалары туралы зерттеулер.
-
Қазтуғанның өмірі және шығармашылығы.
-
С. Торайғыровтың «Кедей» және «Адасқан өмір» поэмалары.
-
Қазақ әдебиеті пәнінің дәуірлеу мәселелері.
-
ХІХ ғасырдағы ағартушы демократтар әдебиет жайлы.
-
«Абай жолы» эпопеясы: Базаралы бейнесі.
-
Қазақ әдебиетіндегі романтизм. Тарихы, теориясы, зерттелуі.
-
Т. Айбергеновтің лирикалары.
-
Қазақ әдебиетіндегі ежелгі дәуір туралы түсінік.
-
С. Сейфуллиннің шығармашылық өнеріндегі дәстүр мен жаңашылдық.
-
Ә. Нұрпейісов «Соңғы парыз» дилогиясы.
-
Жыраулық поэзия туралы зерттеулер.
-
С. Мұқанов шығармашылығындағы заман шындығы.
-
Тоныкөк жәдігерлігі.
-
Абайдың аудармалары.
-
Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағымдардың басты бағыттары.
-
Ш. Қанайұлының жырлары.
-
«Өскен өркен» романы. Әлеуметтік өмір шындығы және көркемдік шешім.
-
«Күлтегін» жәдігерлігі. Мазмұны, құрылысы.
-
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.
-
З. Қабдоловтың шығармашылығы.
-
«Білге қаған» жәдігерлігі көркемдік идеясы. Мазмұны, құрылысы.
-
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.
-
Шалкиіз жырау өлеңдерінің басты тақырыптары және поэттикасы.
-
І.Есенберлиннің тарихи романдары: «Көшпенділер» трилогиясы.
-
«Әдеби мұра» туралы айтыстар.
-
Ж. Молдағалиевтің шығармашылығындағы азаматтық пафос және дәуір көріністері.
-
Қазақ әдебиетіндегі ежелгі түркі дәуірі (І-ХІІ)
-
Ғ. Мүсірепов – сөз зергері.
-
«Қисса сұл әнбие» мазмұны, құрылысы.
-
Орта ғасырлардағы қазақ әдебиеті
-
Ғ. Мұстафин шығармашылығындағы дәуір тынысы.
-
Ақындар айтысы, заман шындығы: «Жамбыл-Құлмамбет».
-
ХІІІ ғасырдағы қазақ әдебиеті.
-
Ә. Тәжібаев шығармашылығының басты салалары және негізгі
бағыттары.
-
«Оғыз наме». Көркемдік-идеялық мазмұны, құрылысы.
-
ХІХ ғасырдағы тарихи жырлар мәселелері.
-
Б. Майлин әңгімелерінің көркемдігі.
-
Шалгез өлеңдерінің ерекшелігі.
-
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиеті.
-
Әл-Фарабидің әдеби еңбектері.
-
Т. Ахтанов шығармашылығының негізгі арналары мен басты бағыттары.
-
ХІІІ ғасырдағы тарихи жырлар. Әдебиеттің эстетикалық мәні.
-
Доспанбет жырау шығармашылығы.
-
«Оянған өлке» және «Жат қолында» романдары.
-
Мифтер мен аңыздардың көркем әдебиеттегі қолданысы.
-
Жиенбет жырау жырлары еркшелігі.
-
Қ. Жұмаділовтің романдары.
-
Жастар поэзиясындағы қазіргі көркемдік-идеялық ізденістер.
-
Қ. Аманжолов: өмірі, шығармашылығы
-
«Құтты білік» мазмұндық-идеялық, құрылымдық ерекшеліктер.
-
Қазақ әдебиетіндегі поэма жанрының қалыптасу жолдары.
-
Бұхар жырау шығармашылығы. Зерттелуі.
-
Ә. Нұршайықов («Ақиқат пен аңыз»).
-
Қазіргі қазақ поэзиясындағы көркемдік ізденістер.
-
Махамбет ақындығы.
-
«Аққан жұлдыз» дилогиясы.
-
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиеті.
-
Махамбет жырларындағы Исатай тұлғасы.
-
М. Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» повесі.
-
Әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық.
-
А. Иассауи шығармашылығы. «Хикметтер» кітабының мәні.
-
«Абай жолы» – қазақ өмірінің энциклопедиясы.
-
Қазіргі қазақ әдебиеті (90-жылдар)
-
«Абай жолы» эпопеясындағы Құнанбай.
-
Көркем әдебиеттің қоғамдық сипаты.
-
Ғ. Ормановтің шығармашылығы.
-
Дулат Бабатайұлының «Еспембет» поэмасы.
-
Әдеби сын және халықтық эстетика.
-
Мұрат шығармашылығының негізгі бағыттары.
-
Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы.
-
Қазақ әдебиеті дамуындағы шығыс әдебиетінің әсері.
-
А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы.
-
«Махаббат-наме». Көркемдік-идеялық мазмұны. Құрылысы. Зерттелуі.
-
Қазақ әдебиетіндегі ағартушы-демократтық бағыт.
-
Ыбырай Алтынсарин – педагог жазушы.
-
Ф. Оңғарсынованың лирикасы.
-
«Батыр наме»: жанры, құрылымы, көркемдігі.
-
Қазақ әдебиетінің тарихи тақырыптары.
-
Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы.
-
«Қазақ солдаты» романы.
-
Қазақ әдебиетіндегі сын жанрының қалыптасу жолдары.
-
Б. Күлеев шығармашылығы.
-
Әдеби байланыстардың көркем дамуға ықпалы.
-
Тәкен Әлімқұлов шығармашылығы.
-
«Батыр Баян» поэмасындағы тартыстық сипаты.
-
Мемуарлық әдебиет туралы түсінік.
-
Е. Исмайылов – әдебиет сыншысы.
-
Ж. Аймауытовтың «Қартқожа» романы.
-
Әдеби байланыстар: Қазақ және татар әдебиеті.
-
Б.Кенжебаев – қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші.
-
ХХ ғасыр басындағы қазақ публицистикасы.
Достарыңызбен бөлісу: |