ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
|
Бекітемін
Филология институтының директоры
____________________Б.Әбдіғазиұлы
«_____» _____________2015 ж.
|
«6D021400-Әдебиеттану» мамандығы бойынша
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Алматы, 2015
Қабылдау емтиханының бағдарламасы:
-
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы;
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы № 261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қатысты «Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты;
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі;
-
ҚР БжҒМ 2013 ж. 10 сәуіріндегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 158 бұйрығымен бекітілген «6D021400-Әдебиеттану» мамандығының үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды.
Құрастырушылар: п.ғ.д., профессор Шаханова Р.А., ф.ғ.к., доцент Айбергенова С.Т.
Филология мамандықтары кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды:№ ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі:
|
___________
|
Р.Ә.Шаханова
|
ФИ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
|
___________
|
Г.М. Кенжебаева
|
Қабылдау емтиханының бағдарламасы Филология институтының Ғылыми кеңесінде бекітілді: № ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.
6D021400-Әдебиеттану мамандығы
бойынша қабылдау емтиханының
БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама тақырыптары магистратурада кәсіби пәндердің міндетті компоненттеріне енетін «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері», «Салыстырмалы әдебиеттану» және «Әдебиеттанудың жаңа бағыттары» пәндерінің типтік бағдарламаларының негізінде жасалды. Бағдарлама тақырыптары міндетті пәндердің негізгі мазмұнын қамтиды, қазақ әдебиеттану ғылымының жаңа бағыттарын, қазақ әдебиетінің тарихын, әдебиет теориясын, қазіргі ғылыми парадигмасын тірек етіп алады. Әдебиеттану мамандығына келушілердің білім деңгейін және ғылыми дайындығын анықтауға мүмкіндік береді.
Әдебиеттанудың өзекті мәселелері
Әдебиеттану ғылымының басқа ғылым салалармен байланысы. Әдебиеттану ғылымының мақсат-міндеттері, салалары. Әдебиеттану ғылымының зерттеу нысанына, мақсат-міндеттеріне орай оның эстетика, тарих, философия, тіл, мәдениеттану т.б. ғылымдармен байланысы. Бұдан туындайтын мәселелер, олардың зерттелу жайы. Ғылыми таным және көркем таным ерекшеліктері. Өлеңтану – әдебиеттанудың бір құрамдас бөлігі. Қазақ өлеңтануының тарихына және қазіргі жай-күйлеріне шолу. А. Байтұрсыновтың, М. Әуезовтың, Ә. Тәжібаевтың және қазіргі зерттеушілер (С. Негимов, Қ.М. Жүсіпов, Б. Кәрібозұлы, Т. Шапаев т.б.) еңбектері. Өлеңтанудың аз, жеткіліксіз қарастырылған мәселелері (қазіргі қазақ өлеңіндегі түр, мазмұн, тұрғысындағы жаңалықтар. Буын, бунақтық өлшемдердің өзгерісі, өлең мәдениетінің тереңдеуі. Лирикадағы сюжет мәселесі т.б.).
Өнердегі көркем шарттылық мәселесі. Көркем шарттылық ұғымы. Бұл жөнінде түсінік-ұғымдар. Көркем шарттылық бейнелеу тәсілі, өнер заңдылығы екендігі. Көркем шарттылықтың ауыз әдебиетіндегі көріністері.
Әдеби процес. Әдеби бағыт, ағымдар. Әдеби процес-әдеби даму. Әдеби процестің, әдеби дамудың толыққандылығының көрінісі әдеби бағыт, ағымдардың молдығы екендігі. Әдеби бағыт-ағымдардың әдеби даму формалары екендігі. Әдеби бағыт, әдеби ағымдар жайлы пікірталастары. Қазақ әдебиеті тарихындағы әдеби бағыттар мен ағымдар, олардың арақатынасы. Зар заман ағымы. Әрбір әдеби бағыттың, әдеби ағымның өзіндің бағдарламасы, өзіндік өмір шындығын тану, бағалау, суреттеу ұстанымдары болатындығы. Көркем туындының шығармашылық тарихы. Шығармашылық процесс – жазушы лабораториясы- шығармашылық психологиясы мәселелері. Бұл мәселені қарастырудың бір өнімді жолы – көркем туындының шығармашылық жазылу тарихын зерттеу, қарастыру. Мәселенің орыс және қазақ әдебиеттану ғылымдарындағы жай-күйі, төл ғылымымызда кенжелеп келе жатқандығы. Шығармашылық тарихты зерттеудің маңыздылығы мен қажеттілігі. Жазушылық ізденіс соқпақтарын айқындауға, өмір шындығын өнер шындығына айналдырудағы қаламгер шеберлігін тануға т.б. мүмкіндік беретіндігі. Қазақ әдебиетінде шығармашылық тарихы зерттелеген туындылар тағылымы. Текстология– мәтінтану мәселелері
Фольклор – сөз өнерінің бір түрі. Фольклор мен әдебиет байланысы. «Фольклор» және «ауыз әдебиеті», «жазба әдебиет» ұғымдары. Фольклордың танымдық-эстетикалық қызметі, жанрлар жүйесі. Фольклортанудың негізгі теориялық-әдіснамалық проблемалары. Қазақ фольклортану ғылымының қалыптасып, дамуы. Фольклордың синкреттілігі. Фольклорлық проза. Эпос және оның түрлері. Фольклордағы қаһармандар жүйесі мен типтендіру. Фольклоға тән суреттеу тәсілдері.
Ежелгі дәуір әдебиеті. Ежелгі және Орта ғасыр әдеби мұраларына тән ортақ сипаттар. Орхон жазба ескерткіштерінің зерттелуі. Алтын Орда дәуірінің әдебиеті. Ежелгі дәуір әдеби ескерткіштерінің тақырыбы, сюжеті, құрылымы. Түркі халықтарына тән ортақ таным. Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілері. Мазмұны мен идеясы, құрылымы, көркемдік-эстетикалық мәні.
XY-XVIII ғасырлардағы әдебиет тарихы. Қазақ хандығы дәуірі әдебиетіндегі ақын-жыраулар шығармашылығы. Төл әдебиет бастауы. Жыраулар поэзиясы. Толғау, арнау жанрларының сипаты. Жыраулар поэзиясының көркемдігі. Мемлекеттік идеологияға қызмет.
XIX ғасыр әдебиетіне тән ерекшелік. ХІХ ғасырдың бірінші жарытысындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдайдың ықпалы. Ресейге қараған кезеңдегі әдебиеттің сипаты. «Зар заман» әдебиетінің мәні мен маңызы. Ақындар шығармашылығындағы пессимистік сарын. Өткен күнді, хандық дәуірді аңсау сарыны. Поэзия жанрының сипаты. Тақырып, идея, проблематика. Ақындық дәстүр, зар заман әдебиетінің сипаты. ХІХ ғасырдың екінші жарытысындағы сыншылдық сипат. Әдебиеттегі жаңа бағыттар. Абай шығармашылығы. Абай мұрасының зерттелу кезеңдері. Абайтануға байланысты зерттеулер.
XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы. Кезең әдебиетінде көрініс берген жетекші әдіс-ағымдар. Кеңестік қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі. Әдебиеттегі ағартушылық, азаттық идеясы (М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров, Б.Майлин, С.Сейфуллин). «Алаш» партиясы (1917 жыл, шілде) мен Алашорда үкіметінің (1917 жыл, желтоқсан) құрылуы. Баспасөздің («Еңбекші қазақ», «Қызыл Қазақстан», «Ақжол», «Шолпан») дамуы. Әдебиет пен мәдениеттің дамуына партиялық қадағалаудың күшеюі. Поэзияның дамуы. Көркем прозаның өрістеуі.
Отызыншы жылдардағы қазақ әдебиеті. Қазақстанның ғылымы мен мәдениетінің өркендеуі. Көркем әдебиетке қатысты партиялық қаулы-қарарлар. Эпикалық жанрдың өркендеуі. Театр мен драматургияның дамуы. Әдеби сын. ҚазАПП-тың қателері. Әдеби зерттеулер мен алғашқы оқулықтар. С.Сейфуллин «Қазақ әдебиеті» (1932), С.Мұқанов «XX ғасырдың қазақ әдебиеті» (1932), М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев «XIX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы» (1933) т.б. еңбектердегі әдебиеттің тарихын, ғылыми сипатын жүйелеудегі маңызы.
Соғыс кезіндегі қазақ әдебиеті (1941-1945). Әдебиетте Отан қорғау идеясының өрістеуі. Ел қорғау, жауынгер бейнесі, майдан мен тыл келбетін танытқан лирикалық шығармалар, үгіт, қаһармандық жырлары.
Соғыстан кейінгі дәуір әдебиеті (1946-1956). Жалпы сипаты. Әдебиет пен өнер, ғылым саласындағы ілгерілеулер. Ірі эпикалық шығармалардың («Абай», «Ботакөз», «Сырдария», «Қазақ солдаты», «Қарағанды», «Оянған өлке», «Өмір мектебі») тууы. Қазақ поэмасындағы идеялық-көркемдік ізденістер.
Жаңғыру кезіндегі қазақ әдебиеті (1956-1967). Қоғамдық-саяси саладағы өзгерістердің әдебиетке ықпалы. Қазақ қаламгерлерінің шығармашылық белсенділігінің артуы. Заман шындығын суреттеген прозалық туындылар. Тарихи романдардың жарық көруі. Әдеби процесс пен сын. Қаламгерлер шығармашылығының дербес зерттеле бастауы. Әдебиет тәжірибесін теориялық тұрғыда қорыту.
1968-1990 жылдардағы әдебиеттің дамуы. Социализм қайшылықтары мен қайта құру. Тарихи романның («Қаһар», «Алтын орда», «Аласапыран», «Үркер», «Елең-алаң») өрістеуі. Әдеби-көркем сын мен әдебиеттану. Әдеби сыншылдық ой-пікірлердің өрістеуі.
Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиет. Қазіргі қазақ әдебиетінің дамуы. Саяси-әлеуметтік өзгерістер және әдебиет. Жанрлардың дамуы. Прозадағы көркемдік ізденістер. Роман және эссе жанрының дамуы («Соңғы парыз», «Өмірзая», «Дарабоз», «Менің Әуезовім», «Мен», «Таңғажайып дүние»). Қазақ поэзиясында ұлттық сипаттың тереңдеуі. Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиетте жаңа бағыт, үрдістердің орнығуы. Әдебиеттану ғылымының дамуы.
Әдебиеттің теориялық мәселелері. Әдеби әдіс-тәсілдер. Әдебиеттегі ағымдар мен бағыттар. Әдебиеттану ғылымындағы мектептер. Классицизм әдебиеті. Романтизм әдебиеті. Реалистік әдебиет. Модернистік әдебиет. Көкем әдебиеттегі мазмұн мен пішін. Тақырып пен идея. Әдеби шығарма және автор. Автор мен нарратор. Шығармадағы характер мен конфликт. Характер және тип. Мінездеу және оның түрлері. Көркемдегіш-бейнелеуіш құралдар. Теоретик ғалымдар және олардың пікір-тұжырымдары. Аристотель: «Поэтика». Гегель: «Эстетика». Н.Буало. Баумгартен, Белинский, Чернышевский еңбектері. Қазақ әдебиеттанушылары, олардың еңбектері. Қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелері.
Қазақ әдебиетіндегі психологизм. Инфопоэтикалық бастау. Суреткер шығармашылығының макро және микро контексті. Суреткер шығармашылығындағы орыс әдебиетінің жанрлық эволюциясы. Көркем шығарма құрылымындағы жалпы теориялық поэтиканың және микропоэтиканың ерекшеліктері. Шығарма көркем бірлік ретінде. Сюжет және оның бағдарлануы. Баяндау поэтикасы. Уақыт және кеңістік. Кейіпкерлер жүйесі. Поэтика және бейнелілік. Шығарманың мотивтік құрылымы.
Салыстырмалы әдебиеттану (компаративистика). Салыстырмалы әдебиеттанудың даму бағыттары, басты филологиялық мектептер. Салыстырмалы-типологиялық байланыстың тарихи негізі. Әдіс, жанр, стиль. Образ теориясы, архетип, персонаж, типтік бейне. Көркем мәтін. Көркемдік әдіс синкретизмі. Көркем мәтін құрылымы, хронотоп, ұлттық таным және әлемдік қабылдау. Әдебиеттанудағы мифологиялық бағыт, неомифологизм, мифопоэтика.
Негізгі әдебиеттер:
1. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. А., 2004-2008
2. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. Екі томдық. А., 2008
3. Елеукенов Ш. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. Алматы, 1997.
4. Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. Астана, 2003.
5. Винокур Г. Филологические исследования. М., 2005
6. Потебня А. Эстетика и поэтика. М., 1998
7. Эпштейн М. Постмодерн в русской литературе. М., 2005
8. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987
9. Мировое литературоведение. 1-3 т. А., 2009
10. Хализев В. Теория литературы. М., 1999.
11. Кенжебаев Б. Шындық және шеберлік. Алматы, 1986.
12.Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. Алматы, 1979.
13. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 2005.
14. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. А., 2003
15. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1995
16. Нұрғали Р.Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Астана, 2003
17.Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. А., 1986
18.Қасқабасов С. Казахское несказочная проза. А., 1990
19. Сатпаева Ш. Қазахская литература и Восток. А., 2009.
20. Қасқабасов С. Жаназық. Астана, 2005.
21. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Алматы, 2002.
22. ХХІ ғасыр әдебиеті. Алматы, 2010.
23. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. А., 1996
24. Келімбетов Н. Жазба әдеби ескерткіштер. Астана, 2001
25.Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. А., 1995
26. Тюпа В. Введение в литературоведческий анализ. М., 2001
27. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. А., 2005
28. Серікқалдиев З. Сын кітабы. Алматы, 1997.
29. Талжанов С. Аударма және қазақ тілінің мәселелері. Алматы, 1974
30.Жетписбаева Б. Образные мифы Магжана Жумабаева. А., 2008
31. Қанарбаева Б. Қазақ әдебиетіндегі модернизм. А., 2011
32. Аймұхамбет Ж. Мифтің поэтикадағы қызметі. А., 2010
33. Жарылғапов Ж. Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер. Қ., 2009
34. Уақыт және қаламгер. 1-14 кітаптар. Алматы, 1973-1988
35. Әшімбаев С. Ақиқатқа іңкәрлік. Алматы, 1997.
36. Белый А. На рубеже двух столетий. Москва, 1989.
37. Елеукенов Ш.Мағжан. Алматы, 1995.
38. Затонский Д.В. Постмодернизм: гипотезы возникновения// Вопросы литературы. №2, Москва, 1996.
39. Сакулин П.Н. Филология и культурология. Москва, 1990.
40. Постмодернизм. Энциклопедия. Москва, 2007.
41. Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. Москва, 1975.
42. Бахтин М. Эстетика словесного творчества. Москва, 1979
43. Жирмунский В.М. Избранные труды. Теория литературы. Поэтика. Стилистика. Ленинград, 1977.
44. Веселовский А. Историческая поэтика. Москва, 1989.
45. Юнг К. Архетип и символ. Москва, 1991.
46. Фрейденберг О.М. Поэтика сюжета и жанра. Москва, 1997.
47. Теория литературы. В двух томах. Москва, 2004.
48. Смағұлов Ж. Ұлттық әдебиеттану әлемі. Қарағанды, 2005.
49. Қасқабасов С. Елзерде. Алматы, 2008
50. Қасқабасов С. Ой-өріс. Алматы, 2009
51. Қасқабасов С. Абай. Алматы, 2010.
52. Қасқабасов С. Алтын жылға. Алматы, 2010
53. Нұрғали Р. Драма өнері. Алматы, 2004.
54. Нұрғали Р. Толғауы тоқсан қызыл тіл. Алматы, 2010.
6D021400- ӘДЕБИЕТТАНУ
МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША PhD ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН
ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
-
Фольклортану және фольклорлық-әдеби байланыстар мәселесі.
-
Сөз өнерінің фольклорлық формалары. Фольклордың негізгі белгілері.
-
Фольклорлық жанрларды топтастыру қағидалары.
-
Фольклор поэтикасы ( сипаттама, нормативті, тарихи).
-
19 ғ. сыни реализм ( көркемдік ерекшеліктері, жанрлары мен стильдік белгілері.
-
1950-80 жж. ауыл прозасы, оның салалары, жанрлық ерекшеліктері, кейіпкерлер типологиясы.
-
Орыс әдебиеті мен қазақ әдебиетінің байланыстары.
-
Қазақ әдебиетінің жанрлық жүйесі.
-
Модернизм, постмодернизмнің қазақ әдебиетінде көрініс беруі.
-
Аударма – ұлттық әдебиет пен мәдениеттің өзара ықпалдасу құралы.
-
Қазақстандағы орыс және орыстілді әдебиет өкілдері.
-
Ұйқас – өлең түзудің дыбыстық элементі. Қазіргі жастар шығармашылығындағы соны ұйқастар.
-
Қазақ прозасының қайнар көзi әңгiме жанрының әдебиеттi дамытуға қосқан үлесiн анықтау.
-
Өлеңтанудың бір бөлімі – тармақ. Еркін және қатаң тармақтық формалар.
-
Қазақстандағы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әдеби үдеріс: кеңестік және посткеңестік үрдістер.
-
Роман, повесть, әңгіме жанрларының теориялық ұғымын, әдебиет тарихынан алар орнын, әдеби сынына қатысын талдап, түсінік беру.
-
Қазақстандағы қазіргі әдебиет: жанрлық және стильдік ағымдар.
-
М.Әуезов туындыларындағы философиялық мәселелер.
-
Лирикадағы сюжет мәселесі.
-
Реализм және романтизм. Заман шындығын суреттеген прозалық туындылар.
-
Прозалық шығармалардағы ауыл тақырыбы.
-
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақ әдебиетіндегі жастар шығармашылығындағы өлең құрылысындағы ерекшеліктер.
-
Әдебиет тарихы саласының мақсат-міндеттері.
-
Прозаның даму барасындағы әдеби шығармашылық байланыстар
-
Әдебиет туралы ғылым және оның салалары: әдебиет тарихы, әдебиет сыны және әдебиет теориясы.
-
Қ. Мұхаметжановтың драматургиясы. Жалпы драматургияның өзіндік ерекшеліктері.
-
Көркем әдебиеттегі психологизм.
-
Қ. Жұмалиев – әдебиет зерттеушісі. Теориялық тұжырымдары.
-
«Гүлстан бит Түрки». Көркемдік-идеялық мазмұны, құрылысы.
-
ХХ ғасыр басындағы алғашқы қазақ романы.
-
О. Сүлейменовтің шығармашылығындағы ұлттық сипат. «Азия» еңбегінде көтерілген мәселе, маңыздылығы.
-
Х. Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясы. Мазмұны. Тақырыбы.
-
Қазақ әдебиетіндегі нәзиралық шығармалар.
-
С. Ерубаевтың өмірі мен шығармашылығы және «Менің құрдастарым» романының маңыздылығы.
-
Қазіргі қазақ романы. Идеялық-көркемдік ізденістері.
-
С. Қирабаев – әдебиет зерттеушісі. Ғылыми мақалалары.
-
Н. Байғанин дастандары. Көркемдік ерекшеліктері.
-
Қазіргі қазақ поэмасы. Зерттелуі.
-
Б. Момышұлы шығармашылығы. Әскери тақырып және соғыс шындығы.
-
А. Байтұрсыновтың қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты теориялық еңбектері.
-
Д. Исабековтің повестері және заман шындығы.
-
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы қазақ прозасы.
-
Шәңгерей шығармашылығындағы дүниетаным, өмір, философиялық мәселелері.
-
М. Өтемісұлының жырларындағы ерлік, рух сарыны.
-
Қазіргі қазақ әңгімесі. Көркемдік-идеялық ізденістер.
-
М. Мақатаев шығармашылығы және ақын ізденістері.
-
Әдеби процес. Әдеби бағыт, ағымдар. Әдебиеттану ғылымындағы мектептер.
-
Әдеби процестiң бiрден-бiр қозғаушы көзi қазақ прозасының даму тарихына үлес қосқан жазушылар .
-
Жыраулық поэзия.Толғау, арнау жанрларының сипаты.
-
Ежелгі дәуір әдебиеті және тарих. Ескерткіштер. Ортақ сипаттары.
-
Иса Байзақовтың өмірі мен шығармашылығы.
-
«Құдатғу білік»: зерттелу тарихы және құрылымдық, мазмұндық ерекшеліктері.
-
Майдангер қаламгерлер шығармашылығы. Шығармалардағы патриотизм.
-
Әдебиет туралы ғылымның үш саласының өзара бірлік-байланысы.
-
Көркемдік әдіс, стиль, жанр мәселелері
-
Ә. Қоңыратбаев - әдебиеттанушы. Ш. Иманбаева туралы зерттеуі.
-
Қазақ әдебиетіндегі ежелгі дәуір туралы зерттеулер.
-
Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын
-
Көркем туындының құрылысы, сюжеті, тілі.
-
Әдеби әдіс-тәсілдер.
-
Әдебиет сынының объектісі - өз тұсындағы әдеби процесс екендігі, сынның әдеби-эстетикалық функциясы, міндеті, жанрлары.
-
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі сентиментализм.
-
Ә. Марғұлан шығармашылығы. Зерттеулері.
-
ХХ ғасыр басындағы қазақ драматургиясы.
-
Әдебиеттану ғылымының текстология, историография, библиография секілді жанама тараулары, олардың ғылымдық мәні.
-
1946 - 1960 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі поэзияның дамуы
-
Шал ақын шығармашылығындағы дәуір шындығы.
-
Қазақ әдебиетінде детективтік, фантастикалық жанрда жазылған шығармалар.
-
Ежелгі дәуір әдеби ескерткіштерінің тақырыбы, сюжеті, құрылымы. Түркі халықтарына тән ортақ таным.
-
Ә. Нәжмеденов поэзиясы. Ерекшелігі.Ителлектуалды поэзия.
-
Әдебиеттің эстетикалық мәні.
-
Қазақ тарихи романындағы М.Әуезов дәстүрі.
-
Фольклортанудың негізгі теориялық-әдіснамалық проблемалары. Қазақ фольклортану ғылымының қалыптасып, дамуы.
-
А. Сүлейменовтің драмалық шығармашылығы.
-
Х. Досмұхамедов – әдебиет зерттеушісі. Еңбектері.
-
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халық прозасы.
-
Ш. Уәлиханов – филолог. Тұжырымдары.
-
Т. Айбергеновтің сезім, азаматтық лирикасы.
-
М. Шахановтың поэзиясы. Балладалары. Поэзиялық қойылымдары.
-
Ағартушылық реализм.
-
О. Бөкеев әңгімелерінің өзіндік ерекшелігі.
-
М. Мағауин шығармашылығы. Әдебиет тарихына қосқан үлесі.
-
Б.Майлин «Майдан» пъесасы.
-
Қазіргі қазақ прозасындағы батырлар бейнесі.
-
М.Көпеев жырлары, зерттелуі.
-
Қазіргі қазақ драматургиясындағы жаңашылдық.
-
Қазақ прозасындағы Майлин дәстүрі.
-
Қазіргі әдеби процесс және әдеби сын.
-
М.Әуезов: өмірі мен шығармашылығы, зерттелуі.
90. Фольклор мен әдебиет: ортақ мәселелері мен өзгешеліктері.
91.Көркем бейне, оған қойылатын талаптар.
92. Көркем бейненің жасалуында қолданылатын негізгі суреттеу тәсілдері.
93.Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиет мәселелері.
94. Әдебиеттегі көркем шарттылық мәселесі. Көркем шарттылық ұғымы.
95. Шығармашылық тарихты зерттеудің маңыздылығы мен қажеттілігі.
96. ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі романтизм.
97. Фольклор мұралары мен әдебиет шығармаларының көркемөнерінің өзге салаларымен байланысы.
98.«Зар заман» әдебиетінің мәні мен маңызы. Ақындар шығармашылығындағы пессимистік сарын.
99. Поэзия жанрының сипаты. Тақырып, идея, проблематика.
100. Салыстырмалы-типологиялық байланыстың тарихи негізі. Әдіс, жанр, стиль. Образ теориясы, архетип, персонаж, типтік бейне. Көркем мәтін.
Достарыңызбен бөлісу: |