Сабақтың басталуы
7 минут
Сабақтың ортасы
10 минут
5 минут
8 минут
10 минут
Сабақтың соңы
5 минут
|
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру
«Арқаға жазылған комплименттер»
2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
Ой шақыру
1.Жануарлардың мінез-құлықтары туралы не білесің?
2. «Жануарлардың тіршілігі» деген сөз тіркесін қалай түсінесің?
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Көтерілген мәселе мен негізгі ойды анықта. Сұрақтарға жауап бер.
1.Қазақ халқы бүркітті қалай қастерлеген?
2.Қазақ тілінде бүркітке қатысты қанша сөз бар?
3.Қыран бүркіт бейнеленген қандай затты білесіңдер?
4.Бүркітке қатысты есімдерді атай аласыңдар ма?
Тілдік бағдар
Синонимдер мен антонимдер
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Мысалы, елгезек бала – тілазар бала, шабан ат – жүрдек ат, іскер адам – олақ адам, жақсы мінез – жаман мінез, қисық ағаш – түзу ағаш, тату көрші – араз көрші, т.б. Тілімізде антоним сөздер мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда көп кездеседі. Мысалы, Ащы мен тұщыны татқан білер, алыс пен жақынды жортқан білер. Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір, т.б. Осы мысалдардағы ащы-тұщы, алыс-жақын, аз-көп сөздері – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы айтылған антоним сөздер.
Айтылуы, естілуі, жазылуы әр алуан, мағыналары бір-біріне жақын, жуық мәнді сөздер синонимдер деп аталады. Синонимге тән негізгі белгілер: 1) синоним сөздер әртүрлі дыбысталады; 2) синоним сөздердің мағынасы бір-біріне жақын болып келеді; 3) синоним сөздер бір сөз табынан болады. Мысалы, Апатты аймаққа көмекші, жәрдемші топ келді деген сөйлемдегі көмекші, жәрдемші сөзі бірінің орнына бірін ауыстырып қолдануға болатын, мағыналары бір-біріне жақын, бір сөз табынан болған синоним сөздер. Тілімізде синоним сөздер зат есімдерде, сын есімдерде, етістіктерде және үстеулерде кездеседі.
Кейбір сөздердің синонимдері тұрақты тіркес түрінде де кездеседі. Мысалы, сұлу, әдемі, көрікті сөзінің фразеологиялық синонимі үріп ауызға салғандай болса, алыс, қашық сөзінің тұрақты тіркес түріндегі синонимі ит арқасы қиянда, ит өлген жер.
3-тапсырма
Төмендегі сөздердің синонимдері мен антонимдерін тауып, қолданыстағы мағынасын сөйлеу жағдайына қарай түсіндір.
Алыс, бүгін, амандасу, тіл қату, қуану, көп.
|