«Бекітемін» жшс «Ласточка» бөбекжай балабақшасы меңгерушісі Мергенбаева М. А. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары



бет1/36
Дата02.10.2023
өлшемі112.32 Kb.
#479538
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Перспективка қыркүйектен бастап


«Бекітемін»
ЖШС «Ласточка» бөбекжай балабақшасы меңгерушісі
__________ Мергенбаева М.А.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары
және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде
2023 - 2024 оқу жылына арналған
ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары


Ортаңғы «Балапан» тобы

«Ласточка» бөбекжай балабақшасы


Ортаңғы «Балапан» тобы
Балалардың жасы: 3 жастан.
Жоспардың құрылу кезеңі: қыркүйек айы, 2023-2024 оқу жылы.



Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Қыркүйек

Дене шынықтыру

- дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын ояту;
- негізгі қимыл түрлері: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру мен қағып алу, еңбектеу мен өрмелеуді орындаудың қарапайым дағдыларын жетілдіру;
- мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;
- қимылдарды белсенді орындауды дамыту және қимылдарды үйлестіру, дене жаттығуларына қызығушылыққа баулу;
- денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене сапаларын: ептілік пен шапшаңдықты дамыту;
- құрдастарымен қимылды ойындарды бірге ойнауға, өзара оң қарымқатынас жасауға баулу;
- спорттық жабдықтарды қолдануда қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Жүру. Бірқалыпты, аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, сапта бірбірден, екеуден (жұппен) жүру; әртүрлі бағытта: тура, шеңбер бойымен, «жыланша», шашырап, тапсырмаларды орындай отырып жүру: қол ұстасып, арқаннан ұстап, тоқтап, жартылай отырып, бұрылып, заттарды айналып жүру, еденге қойылған заттардан аттап жүру, жан-жаққа баяу айналу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет