«Бекітемін» ________________
Мектеп-лицей директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жақсылықова
Күні:
|
25. 09. 2020ж
|
Сыныбы: 9 «Г»
|
Қатысушы саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Тақырыбы:
|
«Тіл - халықтың рухани байлығы»
|
Өткізу формасы:
|
Сынып сағаты (онлайн)
|
Білімділік мақсаты:
|
Білімділік:Ана тілінің қадыр-қасиетін ұрпақ бойына дарыту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету
|
Тәрбиелік мақсаты:
|
Ана тілі туралы өлең, тақпақ, нақыл сөздерді оқыту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлықтарын дамыту.
Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтауға,туған тілді құрметтеуге баулу.
|
Құндылықтарды дарыту
|
- Тілге деген құрметті арттыру
- Ынтымақтастық
- Айналасындағларға деген құрмет
|
Күтілетін нәтиже:
|
Оқушылардың ана тіліне деген құрметі артады;
Әрбір мемлекеттің дамуында тілдің маңыздылығын түсінеді
|
Тәрбие сағатының өту барысы
|
Тәрбие сағатының жоспарлы кезеңдері (уақыты көрсетіледі)
|
Тәрбие сағатта орындалатын іс-әрекеттер
|
Ресурстар
|
Кіріспе
(3минут)
|
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдерме, Құрметті оқушылар!
Тыныштық сәті: Т– Әріпінен құралған ережеге бағынамыз!
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Татулық
|
Слайд 1
|
Негізгібөлім
(10 минут)
1.Ақын өлеңдерін жаттау, мәнерлеп оқу
|
Жанерке: С. Торайғыров «Қазақ тілі»
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, "құлыным", "жаным" деген
Сол тілменен бірінші білгізілген:
"Ана" деген сүйгендік сөз әм менен
Қылжықтап, алып қашып құрбы бөркін
Сол тілменен ойнадым далада еркін
Сол тілменен бірінші сыртқа шығып
Өмірде ен далада ұққан көркім.
Дархан: Оразақын Асқар «Ана тілі»
Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
Өлең-жырмен арайланса, тау күліп,
Ардақтымды жырлап өтем ән қылып.
Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын,
Жалғастырып жаза берем мәңгілік.
|
Ана тілі туралы тақпақтар мен өлеңдер - Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар - (bilim-all.kz)
|
Тіл туралы нақыл сөздер оқу
(5 минут)
|
Шетелдік философтар айтқан тіл туралы нақыл сөздер
Тілде тұтас ұрпақтың ғасырлық еңбегі бар. В.И.Даль
Көз – жанның айнасы, тіл – қоғамның айнасы. Жюль Ренар
Тіл – біреу, құлақ – екеу. Себебі көп тыңдап, сөзді шығармай сақтасын деп берілген. Джами
Тіл адамға ойын жасырып, сараптап айту үшін берілген болса, кей адамдарға оның қажеті де жоқ сияқты. А.В.Абакумов
Тілүйренуүшінқажеттілік не мәжбүрлікемес, шынайықызығушылықболуымаңызды. А.Б.Августин
Бойына білім тұнған тіл еш жерде мүдірмейді. Менандр
Тілі мәңгі жасаған халық өзі де өлмейді. Шыңғыс Айтматов
Шындықты қаласаң, тілің іркілмесін. Публий Сир
Ашулы тіл аңдамай айтады. Плутарх
Тілің басыңды сақтайды. Грасиан-и-Моралес
Барлық заманда шешендік өнері мен тіл байлығы қатар өмір сүріп келеді. А.П.Чехов
Тілдің басты артықшылығы – түсінікті болуында. Стендаль
Тілдің жүгенсіздігі өзіне балта боп тиеді. Қаншама адамды ренжітіп, сан мың адамның жүрегіне жара салады. Әлішер Науаи
|
https://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/40272
Слайд 2
|
Қорытынды
5 мин
|
Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.
Тіл тағдыры – ел тағдыры. Әрбір адам өз ана тілін білуге және мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті.
Тіліміздің туын әрқашан жоғары ұстайық!
Бабалардан қалған жалғыз байлығым,
Ана тілім биік туым, айбыным.
Арманға да айырбастай бермейтін.
Тілісің сен ішімдегі қайғының.
Жігіт бірде кедейленер байырда,
Ақ атымды, қанатымды қайырма.
Айырсаңда, қымбаттымнан талай бір,
О, тәңірім, тек тілімнен айырма!
(Тұманбай Молдағалиев)
|
Слайд 3
|
Кері байланыс
Рефлексия:
2 мин
|
|
Слайд 4
|
Достарыңызбен бөлісу: |