Зерттеудің өзектілігі. Оқу барысында қол добы саласындағы болашақ маманға мынадай біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру қажет. 1. Қол добышыларды дайындаудағы спорттық машықтанудың ілімдік, әдістемелік және тәжірибелік негіздерін білу. 2. Дене жүктемелеріне бейімделу және жекелей ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі топтарындағы қол добышылардың спорттық дайындықтарын басқару әдістемелерін және құралдарын меңгеру. 3. Жарыс ережесін білу, төрешілік ету дағдыларын игеру. 4. Қол добы ойынының техника-тактикалық тәсілдерін игеру және төртінші курста жоғарғы шеберлікке жету. 5. Әртүрлі спорттық дәрежедегі спортшылар үшін машықтану процесін құру, үйрету әдістемесін игеру (микро-, мезо-, макроциклдерді құру). 6. Команданы басқару, ғылыми-зерттеу жұмыстарына байланысты және спорттық дайныдық деңгейін бақылауға байланысты дағдыларды игеру. Зертету объектісі. Бағдарлама студенттердің гандбол командаларының спорттық жаттығуын, қол добыды оқыту әдістемесі мен ілімін оқып-үйренуін, әртүрлі дене тәрбиесі мекемелерінде және спорттық қозғалыстарда өз бетінше жаттықтырушылық, оқытушылық ұйымдастыру жұмыстарын атқару үшін кәсіби-педагогикалық дағдыларды қалыптастыруды қарастырады. Қол добыдан оқу жұмыстары дәрістер, семинарлар, әдістемелік және тәжірибелік сабақтар, педагогикалық-ұйымдастыру тәжірибелері, спорттық шеберлікті көтеру сабақтары және студенттердің өзіндік жұмыстары түрінде өткізіледі. Ақпараттық және мәселелік дәрістерде қол добыдың даму тарихы, оның спорт және дене тәрбиесі жүйесіндегі алатын орны, қол добыдың техникасы мен тактикасы, оқыту әдістемесі, оқыту және жаттықтыру туралы негізгі мағлұматтар хабарланады. Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі тұрады.
Гандболдың даму тарихыДопты қолмен ойнайтын ойын туралы Гомердің «Одиссей» поэмасында да айтылады. Сондай-ақ орта ғасырдағы басқа да ақындардың туындыларында атап өтілген. Десек те, қазіргі гандбол ойынын ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында дат футболшылары ойлап тапқан. Дания футболшылары гандболды қыс мезгілдерінде ойнаған. Футболдан айырмашылығы: гандболды аяқпен емес, қолмен ойнайды және әрбір команданың сапында алты ойыншы, бір қақпашы болады. Халықаралық гандбол федерациясының бекітуінше, гандболдың нақты шыққан уақыты 1898 жыл. Себебі дәл осы жылы Данияның Ордруп қаласында қыздар гимназиясының оқытушысы Хольгер Нильсон өзінің сабақтарында гандбол атты ойынды енгізді . Кіші алаңда 7 адамнан командалар бір-біріне допты беріп және оны қақпаға салу арқылы жарысты. 1892ж. Чехославакияда гимнастика оқытушысы Вацлаф Карас «хазена» деген ойынды ойлап тапты. 1917 – 1919ж. Команда құрамы 11 адамнан гандбол ойыны құрылды. Екі ойыннан – футболдан және баскетболдан әйелдерге арналған жаңа ойын құрылды, бұл ойын дүние жүзінде кеңінен тарайды деп ешкім ойлаған жоқ. Бастапқыда алаңның арнайы белгісі болған жоқ. Алаң теңдей 4 бөлімге бөлінеді. Сол жақ алаңның ойыншылары оң жақ алаңға өтуге болмайды. Допты ұрып алып жүруге болмайды. Гандбол ойыны спорт ойындарынан қозғалмалы ойындарға көбінше ұқсас болды. 1907ж. Дене тәрбиесінің оқытушысы Антон Кристоф ойынның ережесін өзгертті. Алаңның әр зонасы 15 м. Үш зона – көк, ортаңғы, қызыл. Қорғаныс алаңында, шабуыл алаңында тек 3 ойыншы ғана ойнай алады. Команданың құрамы 7 адам. Гандбол ойыны Ресейге 1909 жылы келді. Харьков қаласында «Сокол» гимнастикалық қоғамында гимнастиканың оқытушысы Е.Ф. Малый гандбол ойынын гимнастика сабағында қолданды. 1923ж. Жарысудың жаңа ережелерін енгізді, «үш қадам» және «үш секунд» сияқты ережелер ойынның ары қарай дамуына көп әсерін тигізді. Бірінші рет ойыншы секіргенде қақпашының алаңына кіре алатын болды. Допты лақтырудың техникасы ӛсе бастады. Лақтырудың жаңа түрлері ӛсе бастады. Гандболда бірінші рет «қолды алға сілтеп» лақтыру тәсілі енгізіледі.
1925 – 1928ж. Л.П. Ордин және К.П. Тир техникаға, тактикаға және әдістемеге арналған нұсқау құрастырады. Бұл нұсқау 1925 – 1928ж. басылып шығарылды. 1926ж. Гаагада конгрессте арнайы комиссия құрылды, олардың міндеті ойынның дамуына көмек көрсету. Содан бері гандбол ойыны басқа спорт түрлерімен бірдей құқықта. 1928ж. Амстердамда халықаралық әуесқой Гандбол федерациясы құрылды. Бастапқыда оның құрамына 11 ел, екі жылдан кейін 20 ел кірді. 1936ж. Гандбол олимпиада спорт түрлерінің қатарына қосылды. 1938 ж. Германияда (әлем біріншілігі) 7х7 және 11х11 гандбол ойынының әйелдер және ерлер командасы арасында әлем біріншілігі болды. Екі чемпионатта да неміс командалары ұтты. Соғыс ұзақ уақытқа әлем спортының дамуын тоқтатты. Гандбол ойыны да дамуын тоқтатты. Әуесқой федерациясы да өзінің жұмысын доғарды. Соғыстан кейін 1996ж. Жаңа халықаралық гандбол федерациясы құрылды. 1948ж. Францияда әлем біріншілігінде 11х11 гандболдан ерлер арасында 12 команда қатысты. Швеция командасы жеңіске жетті. 1949ж. Будапештте әлем біріншілігінде әйелдер арасында Венгрия команасы біріншілігін өткізу керек деп шешті. Барлығы 7 ерлер және 3 әйелдер әлем чемпионаты 11х11 гандбол түрінен болды. 7х7 гандбол үлкен гандболмен қатар дамып отырды. 1934ж. бірінші Халықаралық ережелер қабылданды. Кіші гандболды скандинавтық спортшылар ерекше ұнатты. 1936ж. Дания командасы мен Швеция командасы кездесті. Дания командасы жеңді. 7х7 гандболынан әйелдер әлем біріншілігі 1957 ж. Югославияда ашық алаңда өтті. Чехославакия командасы жеңіске жетті. Бірінші КСРО чемпионаты 1956 ж, Вильнюсте болып өтті. 1958 ж. бастап КСРО халықаралық гандбол федерациясына мүше болды. Осы кезден бастап кеңестік гандболисттер барлық турнирлерде, әлем чемпионаттарына қатысты. 1936ж. Берлинде ХI Олимпиада турнирінде 6 ерлер командасы жарысты. Кейіңгі жылдарда гандболисттер олимпиадаға қатыса алған жоқ, гандбол ойыны олимпиада бағдарламасына қосылған жоқ. 1972ж. XX Олимпиада ойындарында Мюнхенде бағдарламаға ерлер командасы қосылды. 1976 ж. Монреалда ерлер және әйелдер командасы жарысты. XXI Олимпиадада КСРО әйелдер және ерлер құрама командалары олимпиада чемпиондары атағын алды. (1980ж. Москва)
Қазақстанда қол добынан алғашқы жарыстар 1925 жылдан бастап өтіп келеді. Ал ресми жарыстар 1959 жылдан бастап өтуде. Қол добынан Қазақстан Республикасы әйелдер құрамасы 2002 жылы Азия чемпионы және 14 - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Қазақстанға гандбол 1959 ж. келді. 11х11 және 7х7 түрі келді. 11х11 гандбол түрі футбол алаңында және қақпасында ойнады. Қорғаушылар тек қорғаныста және жартылай қорғаныста ойнады.7 метірдің орнына 11 метірлік айып добы болды. 1960 жылы гандболдың 7х7 түрінен Қазақстан біріншілігі болды. Қазақстандағы гандболдың әкесі деп Я.И. Василиевті санауға болады. Бірінші әйелдер және ерлер командасы қазақ дене шынықтыру институтында құрылды. Қазақстанда гандбол ойыны дамыған негізгі қалалар Қарағанды, Шымкент, Алматы басқа қалаларда гандбол ұзақ уақыт дамыған жоқ. Бірінші ерлер командасының ойыншылары: Ю.Н. Косолапов – команда капитаны, В.И Батвинкин, Г. Чищев, Сематюк: барлығы СССР спорт шеберлері. Әйелдер командасы: С. Лесицкая, Высоцкая, В.И Понамарева, С.Г. Егорова,Д.А. Сулейменова: барлығы КСРО спорт шебері. 1965ж.әйелдер командасы КСРО спорт шеберлігін орындады. 1966ж. ерлер командасы КСРО спорт шеберлігін орындады. 1966ж. әйелдер командасы жоғарғы лигаға келді, үлкен жетістіктерге жетті. Жоғарғы лигада әйелдер командасы 3 жыл ойнады 1969 ж. дейін, осы жылы ойыншылар ауысты. 1975 ж бірінші рет 5 Спартакиадаға қатысты.
Қол добынан Қазақстан Республикасы әйелдер құрамасы 2002 жылы Азия чемпионы және 14 - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Гандболдан әйелдер құрамасы отандық спорт тарихында тұңғыш рет жазғы олимпиада ойындарына 2008 жылы Бейжіңде қатысты. 12 команданың ішінен 10 орынды иеленді.