Бекітемін ОӘКтөрағасы Б. Рскелдиев


Агрономияны ғылыми зерттеу әдістемесі



бет3/3
Дата13.06.2016
өлшемі344 Kb.
#133183
1   2   3

Агрономияны ғылыми зерттеу әдістемесі


Кредит көлемі –3 (1+2+0), ECTS – 5 кредит

Пререквизиттер- 65 кредит

Постреквизиттер- Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы, ауыл шаруашылық дақылдарының әдістемесі.

Оқытудың мақсаты: Агрономия салаларын жетік меңгере отырып, болашақта жүргізілетін іс-шаралаға агрономдық пән аралық байланыстарын жетілдіру

Қысқаша мазмұны: Бұл курста агрономия саласында ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуді, тәжірибе қою әдістерін меңгеру, сонымен қатар алынған нәтиже бойынша биометриялық өңдеу жасау, қорытындылар мен ұсыныстар шығаруды үйрену.

Күтілетін нәтижелер:Тәжірибе қоюды меңгеру, ғылыми жұмыстар жүргізу нәтижесі бойынша ғылыми мақалалар жариялап, дипломдық жұмыс жазу.

Білімі: Зерттеу жұмыстарын жасай білулері керек.

Икемділік: Тәжірибе жүргізуді ұйымдастыру және олардан нәтиже алу.

Дағды: Студенттер алған білімдері арқылы теориялық дайындығын шыңдап, білік пен дағыдыларын іс жүзінде пайдалана білу қажет

Құзіреттілігі: Өсімдік шаруашылығы бойынша барлық саланың ерекшеліктерін меңгере отырып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу мен олардан қорытындылар шығару.

Бағдарлама жетекшісі: профессор м.а. Сеилгазина С.М, аға оқытушы Мухаметжанова О.Т.

13

TBK 0313

Топырақты бонитировкалау және классификациялау.

Кредит көлемі – 3 (1+2+0), ECTS – 5 кредит

Пререквизиттер- 65 кредит

Постреквизиттер--«Агрохимия», «Өсімдік шаруашылығы», «Егіншілік», «Агрономия негіздері» «Өсімдікті қорғау»

Оқытудың мақсаты: Мамандарды дайындауда пәнді оқытудың максаты мен міндеттері топырақты тиімді пайдалану, құнарлылығын көтеру және оны қорғау жолдары.

Қысқаша мазмұны: 05080100 «Агрономия» мамандығының студенттеріне арналған «Топырақты бонитировкалау және классификациялау» пәні олар туралы жалпы мәліметтер оның геологиялық минерологиялық құрамы, топырақтың пайда болу құрылымы, құрамы ТМД-дан және Қазақстан топырақтарының негізгі типтерін және құнарлылығын көтеру жолдарын оқытады.

Дәрістер: Топырақты картаға тусіру, топырақ картасы және картографиялық негіз туралы жалпы тусінік.Топыракты зерттеу әдістері, топырақты далалық жағдайда картаға түсіру, топырақ картасын жасау кезендері және олардың мазмұны.Ірі масштабты топырак картасын жасаудағы дайындық кезең.Ірі масштабты топырақ картографиясының далалық кезеңі. Камералдық кезең

Ірі масштабты арнайы топырақ карталарын жасау. Қосымша картографиялық материалдарды (картограммаларды) жасау

Ертеректе жүргізілген ірі масштабты топырақ тексеру материалдарын түзету. Басқа масштабты топырақ карталарын жасау принциптері. Топырақ карталарын және басқа материалдарды ауыл шаруашылық өндірісінде қолдану.

Лабораториялық сабақтар: Ауыл шаруашылығының мұқтажына ірі масштабты топырақ карталарын пайдалану жолдары. Топырақтарды агроөндірістік топтарға бөлу. Егістік ауданын кеңейтуге қолайлы топырақтарды тауып бөлу. Ауыл шаруашылығына қолайлы жерлерді тиімді пайдалану үшін сапасына қарай бір топтан екінші топқа ауыстыру.Сортаңданған, кебірленген және эрозияға ұшыраған топырақтарды мелиорациялау жұмыстарының түрлері мен көлемін табу. Шаруашылық топырақтарын тиімді пайдалану және олардың құнарлығын көтеру шараларын аныктап кұрастыру. Әртүрлі масштабты топографиялық карталарда (1:10000, 1:25000, 1:50000) жұмыс маршруттарын жобалау, топырақ нұскаларын бөлу. Ірі масштабты топырақ картасын далалық кезең материалдарын қолдана отырып құрастыру және безендіру.

Күтілетін нәтижелер: топырақ-картогртаграфиялық материалдарды өндірістің мұқтажына дұрыс қолдану.

Білімі: Стереоскоппен жұмыс істеу, аэро- және космостық суреттерде, аймақтық дешифрлеу ерекшеліктерін табу.

Икемділік: топырақ карталары мен бонитировкасына және жерді экономикалық тұрғыдан бағалауға сүйене отырып шешу

Дағды: Тек жоғарыда көрсетілген шаралар арқылы шаруашылықтар жердің саны мен сапасы туралы мәліметтер ала алады.

Құзіреттілігі:ауылшаруашылық аймақтарға топырақ карталарын жасау және оларды оқтын-оқтын жанартып отыру шаруашылықта жүргізілетін химиялық, мелиорациялық жұмыстар мен топырақ қорғауда әрдайым қажет.

Бағдарлама жетекшісі:аға оқытушы Каламов Б.Х, доцент Лавриненко Г.Е.


14

SGCKSHC 0314

Жеміс көкөніс шаруашылығы

Кредит көлемі – 3 (1+1+1), ECTS – 5 кредит

Пререквизиттер- 65 кредит

Потреквизиттер- «Агрохимия», «Өсімдік шаруашылығы», «Егіншілік», «Агрономия негіздері» «Өсімдікті қорғау»

Оқытудың мақсаты: Студенттер қорғаулы жер маусымынан тыс уақытта көкөніс және басқада ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге пайдаланатын өсімдіктерге қолайлы жасанды микроклиматы бар арнаулы құрлыстар немесе жер телімін пәннің оқыту мақсаты болып табылады.

Қысқаша мазмұны: Ауыл шаруашылығында маңызды, көп сұранысқа ие, жеміс көкөністерді өсіріп, олардан мол өнім алу болып табылады.

Дәріс: Қорғаулы жер туралы түсінік, маңызы және олардың құрлыстарын жіктеу. Жылыжайлар. Жылытылған жер қыртысы. Жылтылмайтын жылы жер. Жылытылатын жылы жер. Қорғаулы жердің құрлыстарын салуға телім таңдау. Қорғаулы жер құрлысын жылыту. Көкөніс дақылдарын гидропонды жылыжайларда өсіру. Сортаңданумен күресу. Дақыл айналымы. Көшеттерді қысқы жылы жайларды өсіру. Ашық жер үшін көшеттерді көктемдік пленкалы жылыжайларда өсіру. Көшеттерді булы жайларда және салқын көшетханаларда өсіру.

Күтілетін нәтижелер: Көкөніс және жеміс дақылдарын өсіру технологиясын білуі қажет.

Білімі: Қорғаулы жер туралы түсінік, маңызы және олардың құрлыстарын жіктеу жолдарын іске асыра білу керек.

Икемділік: Студенттер алған білімдері арқылы теориялық дайындығын шыңдап, білік пен дағыдыларын іс жүзінде пайдалана білу қажет.

Дағды: Студенттер теориялық және практикалық білімдерін ұштастыруға дағдыланулары қажет.

Құзіреттілігі: Қорғаулы жердің негізхгі міндеті күзде қыста және көктемде көкөністер өндіру. Ашық жер үшін көкөніс дақылдарының көшеттерін өсіруді меңгерулері қажет.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Каламов Б.Х, аға оқытушы Мухаметжанова О.Т.


15

OASOSKOT 0315

Өсімдіктің ауыл шаруашылық сақтау және қайта өндіру технологиясы

Кредит көлемі – 3 (1+1+1), ECTS – 3 кредит

Пререквизиттер- 65 кредит

Постреквизиттер-Ауыл шаруашылық дақылдарының әдістемесі, өсімдік шаруашылығы.

Оқытудың мақсаты: Студенттерге өсімдік шаруашылығы өімдерін сақтаудың және өңдеудің бүгiнгi технологиясы туралы, қазiргi ғылыми жетiстiктерi мен жинақталған бiлiмге сүйене отырып ұғым беру және олардың теориялық дайындығын қалыптастыра білулері керек.

Қысқаша мазмұны: Ауыл шаруашылық өсімдіктерінен өндірілетін өнімге әсер ететін факторлар мен оларды сақтау және қайта өндіру технологияларының әдістерін меңгеру.

Дәрістер: Кiрiспе. Өсімдіктің ауыл шаруашылық сақтау және қайта өндіру технологиясы пәнінің мақсаты, кұрамы, зерттеу әдісі. Ауыл шаруашылыгы және онын егіншiлiктерi. Егiншiлiк туралы түсiнiк. Өсiмдiктердiң тiршiлiк факторлары. Жарық, жылу, су режимi. Ауыспалы егiс. Дақылдар ауысуының теориялық негіздері. Ауыспалы егiстерінің схемалары.Топырақ өңдеу, оның мақсаттары. Топырақтың технологиялық қасиеттері. Оңдеу әдістері. Топырақ өңдеу жүйелерi және оларды жiктеу.Өсімдіктердің қоректенуі және олардың түрлері. Тынайтқыштар қолдану, олардың түрлері, қасиеттері. Өсімдік қорғау. Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауырулары және олардан жүйелі қорғау шаралары.

Өсімдік шаруашылығы. Тұқымның сорттық және егістік сапасы. А/ш дақылдарының өсіру технологиясы.Астық (күріш, жугері, қара бидай, тары, қарақұмық,арпа т.б) дақылдарының халықшаруашылығындағы маңызы, өкілдері, жалпы сипаттамасы, егіс көлемі, өнімділігі, өсірілетін аудандары, сорттары, сақтау технологиясы.

Лабораториялық сабақтар: Тұқым үлгілерін сүрыптау үлгілері. 1000 тұқымның массасын анықтау.Топырақтың ылғалдылығын анықтау. Күтілетін нәтижелер:



Білімі: Студенттер нақтылы бір шаруашылықта негізгі өсірілетін дақылдың сақтау технологиясын жасап, әр түрлі типтегі (қоймалардың, жер төлелер) агротехникалык -экономикалық тұрғыдан бағалау керек. Қоршаған ортаны ластағыштардан қорғау шаралары жасалады.

1. Көкөніс дақылдарының сақтау технологиясы.

2. Дәнді масақты (бидай, сүлы, тары, карақүмык, күріш, дәндік жүгері) дақылдарының интенсивті сақтау технологиясы.

Икемділік: Қазақстанда ауыл шаруашылық өсімдік қоймалары мен жертөбелерін жобалауды және сақтауды, пайдалануды игеру.

Дағды: Ауылшаруашылық өсімдік өнімдерін сақтау, өндіру технологиясын жасай білуге дағдыландыру керек.

Құзіреттілігі: Картоп, көөкөніс және жемістер сақтау обьектісі ретінде. Оларды жинау, тасымалдау, сақтау кезінде ескерілетін физикалық қасиеттер, сусымалдылығы, қуыстылығы, механикалық төзімділігі, булануына тоқталу. Сақталу кезіндегі зиянкестер мен микроорганизмдердің әсерінен болатын шығындарды болдырмау жолдарын қарастыру. Ауыл шаруашылық жағдайларында пайдалану үшін ұсынылған қойма жобалары. Сақтау кезінде өнімді бақылау жүйесі. Картоп, көкөніс және жемісті сақтау стандарттары. Картоп, көкөніс және жеміс –жидек өнімдерін өңдеу. Қант қызылшасын сақтау және өндеу, құрама азық өндіру негіздері.өсімдік талшықтарын алғашқы өңдеу және сақтау негіздері, темекі өнімін алғашқы өңдеу негіздеріне студенттер құзіретті болулары керек.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушысы Мухаметжанова О.Т

аға оқытушы Байгаринова Р.М



Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралды







Бекітілді:

Декан ________ Токаев З.К

(қол)


Директор ДАВ ________

(қол) Смирнов М.Б


Кафедра меңгерушісі ________

(қол) Сеилгазина С.М




Хаттама № __ «__» ________ 20 _____жыл





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет