«Бекітемін» Пәні: Физика-11б Оқу ісінің меңгерушісі: Жанабаева С. Т



Дата11.04.2023
өлшемі34.43 Kb.
#472071
түріСабақ
Бекітемі3


«Бекітемін» Пәні: Физика-11б
Оқу ісінің меңгерушісі: Жанабаева С.Т
Каримова А.К

Бөлімі:

11.3.С Атомдық физика

Педагогтің аты-жөні:

Ергалиева Г

Күні:

21.02.2023

Сыныбы: 11б

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жарық қысымы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.8.1.7 - жарықтың кванттық теориясы негізінде жарық қысымының табиғатын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: Жарық қысымы толқындық теория тұрғысынан сипаттайды;
Көптеген оқушылар істей алады: Жарық қысымы кванттық теория тұрғысынан сипаттайды;
Кейбір оқушылар істей алады:Лебедев тәжірибесінің мәнін түсінеді;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин.
Өткенге шолу
5 мин

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.

Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу


Фотоэффект деп қандай құбылысты айтамыз?
Фотоэффектінің тәжірибелік заңдарын айтып беріңдер.
Фотоэффект үшін Эйнштейн теңдеуін жазыңдар.
Фотон деген не?
Фотонның импульсі, тыныштық массасы, энергиясы неге тең?

Оқушылар ауызша сұрақтарға жауап бере отырып өткен сабақта өтілген материалды еске түсіреді. Мұғалім дұрыс және бұрыс жауаптар бойынша оқушыларға кері байланыс береді



Дескриптор:
-фотоэффект құбылысын сипаттайды.
Жалпы балл -2

ДЭ, презентация
11 сынып оқулығы



Сабақтың ортасы.
Жеке жұмыс
10 мин

Білім дағдысы:Білу (G)
1 – тапсырма
Жаңа материалды игеру үшін оқушыларға:
1 жарық қысымын толқындық теория тұрғысынан
2- жарық қысымын кванттық теория тұрғысынан
түсіндіру үшін оқушылар берілген видео материалдар мен теориялық материалды қолданады. Қысқаша таныстырылым дайындайды.
Мұғалім таныстырылымнан кейін кемшіліктерін түзете отырып кері байланыс жасайды.

Әр оқушы жарық бөлшегінің қасиетіне байланысты таныстырылым жасайды

Дескриптор:
-Жарық қысымының қалай пайда болатынынбіледі.
-Ғалымдардың тәжірибесінен мысалдар келтіреді
-Жарық қысымын толқындық және кванттық теория тұрғысынан сипаттайды
Жалпы балл-2

ДЭ
Презентация
Оқулық 11-сынып.



Жеке жұмыс
«Кім жүйрік» әдісі
12 мин



Білім дағдысы: Қолдану (Р)
Белсенді оқыту: 2-тапсырма. «Кім жүйрік» әдісіЖарық қысымы формуласын қолданып есептер шығару.



Оқушылар жарық қысымына байланысты есептерді шығарады.

Дескриптор
-Жарық қысымының формуласын біледі.
-Жарық қысымының формуласын есептер шығаруды қолданады
Жалпы балл -4

ДК экраны
Презентация
11-сынып оқулығы.
ДМ қосымша 1



Жеке жұмыс
8 мин

Білім дағдысы: Қолдану (І)
Оқушыларға жарық қысымы тақырыбында сабақты қорытындылауға тест тапсырмасы беріледі.



Жарық қысымының табиғатына байланысты тестті жеке орындайды.

Жарық қысымын толқындық және кванттық теория тұрғысынан сипаттайды
Жалпы балл-2

ДК экраны
Презентация
11-сынып оқулығы.
ДМ қосымша 2



Сабақтың соңы.
Рефлексия
3 мин

Рефлексия: Сабақ соңында оқушылар сабақ бойы жасаған жұмыстары бойынша рефлексия жүргізеді. Өздерінің деңгейлерін стикер арқылы тілшеде көрсетіп, арттыру үшін не істеу керектігін жазады.
Үйге тапсырма: 33 жаттығу 199 бет

Оқушылар қиындық тудырған сұрақтарды стикерге жазады




С тикерлер


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет