«Бекітемін» Қр бғМ вице-министрі Иманғалиев Е. Н



Дата07.07.2016
өлшемі63.9 Kb.
#182751
«Бекітемін»

ҚР БҒМ вице-министрі ____________ Иманғалиев Е.Н.

«___»___________2016 ж.


Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау бойынша

неміс тілі пәнінен тест спецификациясы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, Жалпы білім беру ұйымдарына білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына және Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары негізінде құрастырылған құжат.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес 2013 жылы Ұлттық тестілеу орталығында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған тест тапсырмаларының базасы қалыптастырылды.

Функционалдық сауаттылық бойынша әзірленген тест тапсырмаларының түрлері:

1) математикалық сауаттылық – адамның қоршаған әлемінде математиканың рөлін түсіну және анықтай алу, жақсы негізделген математикалық пайымдарды айта алу, жасампаз, қызығушы және ойлаушы азаматқа тән қазіргі кездегі және болашақтағы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттілігі;

2) жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (биология, химия, физика, география) – қоршаған ортаны, ондағы адамның қатысуымен туындайтын түрлі өзгерістерді түсініп, ғылыми әдіс-тәсілдер арқылы зерттеп, түрлі бақылаулар мен тәжірбиелер негізінде шешімін тапқан мәселелерді өмірлік жағдайларда жаратылыстану-ғылыми білімдері негізінде қолдана білу қабілеттілігі;

3) оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі) – мәтін мазмұнын көздеген мақсатына жету үшін қолдана білу, қоғамдық өмірге белсенді араласуы үшін білімі мен мүмкіндіктерін дамыту мақсатында жазбаша мәтіндерді түсіну, ұғыну қабілеттілігі.

Тест базасын қалыптастыру Ережесіне сәйкес барлық тест тапсырмалары екі сараптамадан және апробациядан өткізілді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған тест тапсырмаларының мазмұны халықаралық салыстырмалы (PISA, PIRLS т.б.) зерттеулерде қолданылатын тапсырмаларға ұқсас келеді.



1. Мақсаты: 9 сынып оқушыларының неміс тілі пәні бойынша дайындық деңгейі мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасқандығын бағалау.

2. Тест мазмұны. Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде – 21, екінші деңгейде – 12, үшінші деңгейде – 7 тапсырма.

Неміс тілі пәні бойынша тест тапсырмалары Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған оқу бағдарламасына сай құрастырылған.





Бөлім



Тақырып



Тақырыпша

01

Морфология

01

Етістік

01

Етістік. Етістіктің негізгі формалары. Әлді етістіктің негізгі формалары. Әлсіз етістіктің негізгі формалары. Етістіктің ережеге бағынбайтын түрінің негізгі формалары. Ырықсыз етістің шақ формалары. Осы шақ түрі. Жай өткен шақ түрі: Претеритумпассив. Күрделі өткен шақ түрі: Перфектпассив. Күрделі өткен шақ түрі: Плюсквамперфектпассив. Келер шақ. Көмекші етістіктер. Бұйрық рай. Партицип I, II. Партицип I-анықтауыш не пысықтауыш қызметінде. Партицип II-анықтауыш қызметінде. Инфинитив оралымдары. haben/sein+Infinitiv етістік тіркесі. Инфинитив оралымдары: um... zu+Infinitiv; ohne ...zu +Infinitiv; anstatt ... zu+ Infinitiv

02

Етістіктің меңгерілуі Табыс септігін меңгеретін етістіктер. Барыс септігін меңгеретін етістіктер. Табыс және барыс септігін меңгеретін етістіктер

03

Модаль етістіктер

02

Қызметтiк сөз таптары

01

Артикль. Белгілілік артиклінің қолданылуы Белгісіздік артиклінің қолданылуы Артикльдің қолданылмауы. Сұрау сөздер. Предлогтар. Барыс септігін қажет ететін предлогтар. Табыс септігін қажет ететін предлогтар. Барыс және табыс септігін қажет ететін предлогтар. Ілік септігін қажет ететін предлогтар

03

Зат есім

01

Зат есім. Род категориясы. Мужской род зат есімдері. Женский род зат есімдері. Средний род зат есімдері. Зат есімнің көпше түрінің жасалуы Зат есімнің көпше түрі. Зат есімнің септелуі. Зат есімнің әлді септелуі. Зат есімнің әлсіз септелуі. Женский род зат есімнің септелуі. Зат есімнің ерекше септелуі. Зат есімнің көпше түрде септелуі

04

Сын есім мен үстеу

01

Сын есім. Үстеу. Сын есімнің септелуі. Сын есімнің әлсіз септелуі. Сын есімнің әлді септелуі. Сын есімнің және үстеудің белгісіз артикльден, тәуелдік есімдіктерден және болымсыз есімдік «kein»-нен кейін септелуі

05

Есімдік

01

Есімдік. Жіктік есімдік. Тәуелдік есімдік. Сілтеу есімдік. Өздік есімдік. Морфология. Болымсыз есімдік. Қатыстық есімдік. Жақсыз есімдік «es» және белгісіздік есімдік «man»

06

Сан есім

01

Сан есім. Реттік, есептік, бөлшектік

02

Синтаксис

01

Сөйлем

01

Сөйлемдегі сөз тәртібі.

02

Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Мезгіл бағыныңқы сөйлем. Себеп бағыныңқы сөйлем. Мақсат бағыныңқы сөйлем. Толықтауыш бағыныңқы сөйлем. Анықтауыш бағыныңқы сөйлем

03

Лексика мен аударма

01

Лексика мен аударма

01

Лексикамен аударма

04

Мәтінмен жұмыс

01

Мәтінмен жұмыс

01

Мәтінмен жұмыс

02

Шағын диалог

05

Елтану

01

Елтану

01

Германия, неміс тілінде сөйлейтін елдер

02

Казахстан

3. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Морфология:

- лингвистикалық білімдерді сөзге, сөз табына қатысты қолдану;

- қатысты есімдіктердің септелуі;

- қатыстық есімдіктердің предлогпен қолданылуы;

- сөз тіркестерінің (аффиксация, күрделі сөздер, конверсия) негізгі әдіс-тәсілдері;

- өтілген грамматикалық көріністердің белгілері (етістіктің шақ формалары,ырықты және ырықсыз етістер,модальды етістіктер және оның эквиваленттері,артикльдер,зат есімдер, сын есім мен үстеудің салыстырмалы шырайлары, есімдік, сан есім (реттік, жинақтауыш), предлог.

Синтаксис:

- лингвистикалық білімдерді тілдік материалға қолдану;

- жай және күрделі сөйлемнің құрылымының өзгешеліктері;

- төл сөзді төлеу сөзге аударудың ережелері;

- етістіктің формалары(причастие және герундий);

Лексика мен аударма:

- өтілген лексикалық бірліктердің(сөз, сөз тіркестері) негізгі мағыналары;

- тілді оқытатын елдегі сөздік этикеттің негізгі шамалары. (репликалар, кең таралған лексикалар).

Мәтінмен жұмыс:

- түпнұсқа мәтіннің негізгі мазмұнын түсіне отырып оқу (тақырыпты анықтау,негізгі ойды белгілеу,басты фактілерді анықтау, мәтіндегі негізгі фактілердің логикалық тізбектілігі).

Елтану:


- оқып жатқан елді, олардың халқын,мемлекеттік құрылымын, мәдениетін сипаттау (оқылатын мәдени тақырып аясында).

4. Тапсырмалар формасы:

Тест бір дұрыс жауапты (берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау) 25 тапсырмадан және бір немесе бірнеше дұрыс жауапты 15 тапсырмадан тұрады. Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. Тест тапсырмасын толығымен орындау – 90 минут.

5. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған бір дұрыс жауапты тест тапсырмасы үшін оқушы 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл алады.

Дұрыс орындалған бір немесе бірнеше дұрыс жауапты тест тапсырмасы үшін оқушы 2 балл, бір қате үшін – 1 балл, екі және одан да көп қате үшін– 0 балл алады. Толық тест бойынша максималды балл – 55.

6. Тест тапсырмаларын апробациядан өткізу:

Тест тапсырмалары ҚР мектептерінің 9 сыныптарында апробациядан өтеді.




Ұлттық тестілеу орталығының директоры

Қ. Әбдиев




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет