Бекітемін
ҰТО директоры
______________ Қ.C.Әбдиев
2015 ж.«______»_____________
«5В072100 - Oрганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығына арналған
«Көмірсутек шикізатын өңдеу технологиясы» пәні бойынша
Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тестіге «Көмірсутек шикізатын өңдеу технологиясы» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.
№
|
Тақырыптың мазмұны
|
Тапсырмалар саны
|
1
|
Мұнайды өңдеудің негізгі бағыттары және ғылыми негіздері. Көмірсутекті шикізаттарды алғашқы өңдеу технологиясы. Кіріспе. Отын өндірісінің даму тарихы. ҚР және шет елдерде мұнай мен газды өндіретін және өңдейтін негізгі аймақтар.
|
1
|
2
|
Көмірсутекті заттардың пайда болуының заманауй түсініктері, олардың құрамы мен қасиеті; мұнай, газ, көмірдің пайда болу заңдылықтары; мұнайдың химиялық және технология-лық классификациясы мен мұнай өнімдерінің тауарлық сипаттамалары;
|
1
|
3
|
Мұнай мен газды өңдеуге даярлау процестерінің технологиясы. Табиғи және ілеспе газдардың құрамы. Мұнайдағы қоспалар және олардың тасымалдау мен өңдеуге әсері. Газдарды кептіру және күкіртсіздендіру. Мұнайды газсыздандыру және тұрақтандыру. Мұнай кенішінде мұнайды жинау, сусыздандыру және тұзсыздандыру. Мұнайды сорттау. Женіл фракциялардың жоғалуымен күрес. Мұнай эмульсиясының түрлері және оларды бұзу әдістері. Мұнайды сусыздандыру және тұрақтандыру процесінің теориялық негіздері.
|
1
|
4
|
Мұнай көмірсутек шикізатын бөлу және алғашқы өңдеудің негізгі әдістері. Мұнай мен газды айдаудың теориялық негіздері.Біртіндеп және бір рет буландыру. Негізгі физикалық және физика-химиялық заңдылықтар. Мұнайды бір- және көпсатылы айдау әдістері. Вакуумда, қысым мен, су буының қатысуымен, буландырушы агентті қолдану арқылы айдау. Азеатропты және экстрактивті айдау. Негізгі физикалық және физика-химиялық заңдылықтар. Аталынған әдістердің қолдану аймақтары.
|
1
|
5
|
Мұнайды алғашқы айдау қондырғылардың сыныптамасы. Мұнайды алғашқы айдаудың бір- және көп сатылы құбырлы қондырғылары. Мұнайды атмосфералық және атмосфералы-вакуумды айдау қондырғыларының технологиялық схемасы. Мазутты вакуумды айдаудың технологиялық схемасы. Мұнайды алғашқы айдау қондырғыларының негізгі аппараттары жылу алмастырғыштар, пештер, колонналар, конденсатор суытқыштар, реакторлар, сепара торлар, газгольдерлер, электродегидраторлар, насостар.
|
1
|
6
|
Мұнай мен газды өңдеудің заманауй өндірістік қондырғылары; АҚ,ВҚ және АВҚ қондырғыла-рының түрлері мен қолданылуы; мұнайды алғашқы өңдеуге арналған ЭСТҚ-АҚ, ЭСТҚ-АВҚ құрама қондырғылары, алынған өнімдердің классификациясы мен тауарлық сипаты.
|
1
|
7
|
Көмірсутекті шикізаттарды терең өңдеу технологиясы. Көмірсутекті шикізаттарды өндіру және өңдеу технологиясының теориялық негіздері туралы негізгі ұғымдары; органикалық заттарды өңдеу процестерінің (термиялық крекинг, каталитика-лық крекинг, каталитикалық риформинг, гидро-гендеу және полимерлеу процестері) физика -химиялык негіздері.
Көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу процестерінің режимі мен жылулық қасиеттері;
|
1
|
8
|
Термиялық процестердің типтері мен мақсаты.Дистиллятты шикізаттың термиялық крекингі, мақсаты, негізгі факторлары, алынған өнімдердің қолданылуы; принципиалды технологиялық схемасы. Ауыр шикізатты висбрекингтеу қондырғысы;
|
1
|
9
|
Ауыр мұнай қалдықтарын кокстеу, негізгі факторлары, алынған өнімдердің қолданылуы, технология-лық схемаларының түрлері;
|
1
|
10
|
Мұнай шикізатын пиролиздеу қондырғысы, мақсаты; техникалық көміртекті өндіру; мұнай битумдарын өндіру;
|
1
|
11
|
Мұнай шикізатын өңдейтін гидрокаталитикалық процестер. Гидрокаталитикалық процестердің мақсаттары мен классифика-циясы: гидротазарту, гидрокрекинг. Гидрогенді процестердің реакциясының химизмі мен механизмі.Процестің катализаторлары және олардың әсер ету механизмі.
|
1
|
12
|
Каталитикалық крекинг процесінің технологиясы. Басқару негіздері. Принципиалды технологиялық схемасы, аппараттары мен жабдықтары, алынған өнімдердің қолданылуы.
|
1
|
13
|
Каталитикалық риформинг процесінің технологиясы, химизмі мен басқару негіздері, өндірістік қондырғылары.
бензиннің пентан-гексан фракциясын каталитикалық изомерлеу.
|
1
|
14
|
Гидрогендеу процестері: гидротазалау, гидро-крекинг. Гидрогендеу процестерінің химизмі мен механизмі, катализаторлар мен олардың әсер ету механизмі.
|
1
|
15
|
Мұнай өңдеудің көмірсутекті газдарын отын және мұнай химия синтезінің шикізаты ретінде өңдеу; газдарды ГФҚ және АГФҚ қондырғыла-рында бөлу; тар фракция-ларды қолдану.
|
1
|
16
|
Алкилдеу, изобутанды бутен-дермен күкірт қышқылды алкилдеу қондырғы-сының принципиалды схемасы; алкилат жоғары октанды бензиннің компоненті.
|
1
|
17
|
МӨЗ сипаттамалары мен классификациясы. Мұнайды тереңдете өңдеудің негізгі принциптері мен отынды бағыттағы МӨЗ ағындық схемасы.
|
1
|
|
Тестінің бір нұсқасында тапсырмалар саны
|
25
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест тапсырмалары студенттердің көмірсутекті шикізаттарды алғашқы және терең өңдеу технологиясы мен полимерлі материалдарды өндіру бойынша білімдерін анықтауға мүмкіндік береді.
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |