Бекітілген қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Қаржы-экономикалық бөлімі туралы ереж е



Дата17.07.2016
өлшемі83.85 Kb.
#204639
Қазақстан Республикасы

Президенті Іс басқарушысының

2011 жылғы «27» қазан

№ 15/203 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президенті

Іс басқармасының Қаржы-экономикалық бөлімі туралы

Е Р Е Ж Е

1. Жалпы ережелер
1. Қаржы-экономикалық бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» мемлекеттк мекемесінің (бұдан әрі – Президенттің Іс басқармасы) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Бөлімнің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы бекітеді.

4. Бөлім:

1) бюджеттік қаржыландыру;

2) стратегиялық жоспарлау;

3) экономикалық талдау;

4) қаржылық мониторинг секторларынан тұрады.


2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
5. Міндеті: Президент Іс басқармасының бес жылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспарын әзірлеу, стратегиялық жоспар көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру.

Функциялары:

1) Президент Іс басқармасының құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволық қарасты ұйымдарымен бірлесіп стратегиялық жоспардың жобасын әзірлейді;

2) мүдделі министрліктермен стратегиялық жоспардың жобасы келісуді және оны бекітуді қамтамасыз етеді;

3) тиісті қаржы жылына арналған стратегиялық жоспардың көрсеткіштерін орындау мақсатында операциялық жоспарды әзірлейді және оны бекітуді қамтамасыз етеді;

4) Президент Іс басқармасының Операциялық жоспарын іске асыру барысына талдау жүргізумен стратегиялық жоспардың іске асырылуына мониторинг жүргізуді жүзеге асырады;

5) құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық қарасты ұйымдардың деректері бойынша есептік кезеңде стратегиялық жоспарды іске асыру туралы операциялық есептілікті құрастырады және оны стратегиялық жоспарды бекіткен тұлғаға жолдайды;

6) қажет болған жағдайда, құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық қарасты ұйымдардың деректері бойынша республикалық бюджетті нақтылау кезінде стратегиялық жоспарға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

6. Міндеті: үш жылдық кезеңге бюджетті қалыптастыру.

Функциялары:

1) орта мерзімді кезеңге бюджеттік тапсырысты әзірлейді;

2) экономикалық негіздемені және Президенттің Іс басқармасының құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстволарымен және ведомстволық қарасты ұйымдарымен бірлесіп Президент Іс басқармасының міндеттерін орындауға байланысты орта мерзімді кезеңге республикалық бюджет шығыстарының көлемін қалыптастыруды дайындайды;

3) инвестициялық жобалардың тізбесін құрады және оларды республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемдерін, үш жылдық кезеңге жарғылық капиталды ұлғайтуға бағытталған инвестициялардың іске асырылуын тексереді;

4) бюджеттік тапсырыс бойынша тиісті қорытынды жасайды және оны құрылымдық бөлімшелерге келісуге жібереді, Іс басқармасының бюджеттік комиссиясында бюджеттік тапсырысқа қорытындыларды қарауды қамтамасыз етеді;

5) белгіленген тәртіппен бюджеттік тапсырысты бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органда келісуді қамтамасыз етеді.

7. Міндеті: бюджеттік мониторинг жүргізу және тиісті кезенде республиқалық бюджетті орындау.

Функциялары:

1) төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастырады, бекітілген жоспарларға өзгерістер енгізуді, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

2) Президент Іс басқармасының штат кестесін бекіту үшін оны дайындауға қатысады;

3) Президент Іс басқармасының құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп ведомстволық қарасты ұйымдардың еңбекақы қорын, лауазымды тұлғаларының еңбекақысын келісуге, тиісті өзгерістер енгізуге қатысады;

4) ведомстволық қарасты ұйымдарда мемлекеттің тапсырысын орындау есебіне ақылы қызметтер көрсетудің тарифтері мен бағаларын қарауға қатысады;



  1. бюджеттік мониторинг жүргізуді, республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін талдауды, бағалауды және күтілетін игеруді болжауды жүзеге асырады;

6) стратегиялық жоспардың көрсеткіштеріне сәйкес бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігін бағалауды қамтамасыз етеді;

7) құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына талдау жүргізеді, Президент Іс басқармасының бекітілген Стратегиялық жоспарына өзгерістер мен толықтыруылар енгізу жөніндегі ұсыныстарды дайындауға қатысады;

8) мемлекеттік сатып алудын жылдық жоспарын бекіту, сондай-ақ оған өзгістер мен толықтырулар енгізу сатысында кейінінен оған енгізу үшін мәліметті мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу мен бекітуге жауапты құрылымдық бөлімшеге уақтылы ұсынады;

9) қаржылық рәсімдерді жүргізу мәселелері жөніндегі директивтік құжаттарды, әдістемелік ңұсқаларды зерделейді, қорытады және ведомстволық қарасты мекемелер мен ұйымдарға жеткізеді;



  1. Бөлім құзыретіне кіретін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып аду шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізу мерзімі мен сапасын бақылауды жүзеге асырады;

  2. талап – арыз жұмысын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша жабдықтаушылардың (мердігерлердің) мендеттемелерді бұзуы туралы Заң бөліміне хабарлайды.

8. Міндеті: ведомстволық қарасты ұйымдардың қаржы-экономикалық қызметін жоспарлауды үйлестіру.

Функциялары:

1) ведомстволық қарасты ұйымдардың даму жоспарларының жобаларын қарайды және бекітеді (келіседі);

2) заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық қарасты ұйымдардың ұсынысы бойынша ведомстволық қарасты ұйымдардың даму жоспарларына түзетулер енгізеді;

3) ведомстволық қарасты ұйымдардың штат кестелерін қарайды және келіседі;

4) шаруашылық-есептік қызмет бойынша ведомстволық қарасты ұйымдар көрсететін жұмыстардың (қызметтердің) тарифтері мен бағаларын қарайды және келіседі;

5) қаржы-шаруашылық қызметті жоспарлау мен орындау мәселелері жөніндегі директивтік құжаттарды, әдістемелік нұсқаларды зерделейді, қорытады және ведомстволық қарасты мекемелер мен ұйымдарға жеткізеді.

9. Міндеті: ведомстволық қарасты ұйымдардың даму жоспарларын орындау жөніндегі жұмысты үйлестіру және негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу.

Функциялары:

1) тиісті кезеңге ведомстволық қарасты ұйымдардың даму жоспарларын орындау жөніндегі есептерді қарайды және бекітуге ұсынады;

2) ведомстволық қарасты ұйымдардың негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізеді;

3) кірістер мен шығыстардың жеке баптарына, сонымен қатар ведомстволық қарасты ұйымдардың тарифтік саясатына тақырыптық талдау жүргізеді;

4) ведомстволық қарасты ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметінің мәселелері бойынша талдамалық материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді.

10. Міндеті: ведомстволық қарасты ұйымдардың қызметіне қаржылық мониторинг және олардың қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу.

Функциялары:

1) ведомстволық қарасты ұйымдардың негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштеріне жедел қаржы мониторингісін іске асырады;

2) ведомстволық қарасты ұйымдардың қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізеді;

3) мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісін бөлу нормативтерін бекітуге қарастырады және дайындайды;

4) республикалық бюджеттің үлесіне мемлекеттік пкциялар пакетіне таза табыс және дивидендалар жартысын уақытында аударуға бақылауды іске асырады.

11. Құқығы және міндеттері:

1) Президент Іс басқармасының құрылымдық бөлімшелерінен, сондай-ак, ведомстволық қарасты ұйымдарынан Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты сұрату мен алу;

2) Бөлім құзыреті шегінде Президенттің Іс басқармасы жасайтын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттарын келісу (тиісті жылға бюджетте белгіленген сомадан аспайтын);

3) Президенттің Іс басқармасы өткізетін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу;

4) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бұйрықтардың, қаулылардың, баяндамалардың, талдамалық анықтамалардың жобаларын дайындауға қатысу;

5) Президент Іс басқармасының басшылығына қаржы-экономикалық мәселелер бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

6) кейінінен мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына оны бекәту сатысында енгізу, сондай-ақ өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін бюджеттік тапсырыстың жиынтық нысандары мен бекітілген қаржыландыру жоспарын мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу мен бекітуге жауапты құрылымдық бөлімшеге ұсынады;

7) Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылатуды жүзеге асыру;

8) еңбек және орындаушылық тәртіпті, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау, сондай-ақ, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негізгі міндеттерді орындау.


3. Қаржы-экономикалық бөлімінің қызметін ұйымдастыру
12. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

13. Бөлімді Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы қызметке тағайындайтын және одан босататын Бөлім меңгерушісі басқарады. 

14. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Бөлім меңгерушісінің орынбасары (орынбасарлары) болады.

15. Бөлім меңгерушісі Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.

16. Бөлім меңгерушісі Президент Іс басқармасының басшылығына Бөлімнің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар жасайды.

17. Осы мақсаттарда Бөлім меңгерушісі:

1) орынбасары (орынбасарлары) болған жағдайда, олардың міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2) Бөлім құрамындағы құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

18. Бөлім меңгерушісінің орынбасары (орынбасарлары):

1) өз өкілеттіктері шеңберінде Бөлім қызметін үйлестіреді;

2) Бөлім меңгерушісі болмаған кезде Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапты;

3) Бөлім басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

19. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Бөлім меңгерушісі, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын лауазымды тұлға қол қояды.



______________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет