Бекіту сұрақтары**
1. Үйренідің ең тиімді әдіс-тәсілдері қандай?
2. Оқытудың/оқудың негізгі мәселелерінің сипаттамасын беріңіз.
3. Сыни ойлау дегеніміз не?
4. Сыни ойлауды қалыптастыру мен дамыту қалай жүзеге асырылады?
Әдебиеттерге шолу
1. Әлімов А.Қ. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану – Алматы: «Жедел басу
баспаханасы», 2009-328б.
2. Әлімов Ә.Қ. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы.-Астана: «Назрбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰпедагогикалық шеберлік орталығы, 2014.-188б
3. Оқытудың интербелсенді әдістемесін колледждерде қолдану әдістемесі.- А.Әлімовтың
жетекшілігімен.-Алматы,2010.-95б.
1. Үйренідің ең тиімді әдіс-тәсілдері қандай?
Оқу/оқытудың кейбір тәсілдерін қолданғанда мәліметтің 24 сағат ішінде есте сақталуы (С.Сандерстің кестесі)
Сандерстің кестесі бойынша сабақта лекция мен мәтін (оқулық, кітап т.б) оқымай және видеоқұралдарды, көрнекіліктерді қолданбау керек пе? Өйткені олардың тиімділігі төмен ғой?
Оқушының оқуға деген ықылас-ынтасы, ниеті мен зауқы болмаса, оқу нәтижесінің мардымды болуы екіталай. Француз жазушысы Анатоль Франс кезінде «Тамақ зор тәбетпен ішкенде ғана сіңеді» деген екен. Оқу мотивациясы дегеніміз дәл осы сияқты білуге, білімге, үйренуге деген «тәбет». Мұнда басты мәселе оқушының «Мен»-імен яғни біілімге деген қатынасымен тікелей байланысты. Әр оқушының қызығушылығын оның мүдделері мен қажеттіліктеріне жүгіну арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Үйрену мен есте сақтаудың ең тиімді әрекеті – басқаларды үйрету!
Бұдан екі мыңдай жыл бұрын көне латындар «Docendo dіscіmus!» («Үйрете отырып
үйренемін!») деп бекер айтпаған болар.
Достарыңызбен бөлісу: |